"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 816 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2017 жылғы 27 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 10 мамыр
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 53 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы бұйрықтардың тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 27 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларында:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-1) куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;".
3. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.