Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11234 тіркелді.

Жаңартылған

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.04.2020 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиялары туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 4 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 10 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 28 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 355 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының
адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі
біліктілік комиссиялары туралы ереже

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құруды және оның қызметін регламенттейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір кейінгі бес жыл аяқталғанда жүргізіледі;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына біліктілік деңгейін анықтау жөнінде жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша кәсібі дипломдар беріледі.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) iшкi су көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.

      5. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының ішкі су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттілігін айқындау болып табылады.

      6. Комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып жүзеге асырады.

      7. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан құралады, аумақтық бөлімше басшысы немесе басшысының орынбасары (бұдан әрі - комиссия төрағасы) төрағалық етеді, мемлекеттік ұйымның және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен, су көлігінде қауіпсіздікке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкерлерінен, сондай-ақ су көлігі саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тәжірибелі мамандардан (капитандар, командирлер, кеме жүргізушілері, механик-тәлімгерлер, механиктер, электрмеханиктер және кеме иесінің өкілдері), келісім бойынша тұратын комиссия (бұдан әрі - комиссия төрағасы) мүшелері қатысады.

      8. Комиссияның құрамы аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      9. Хаттаманы жасау үшін комиссияның отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы қатысады.

      10. Комиссияның хатшысы диплом беру және аттестаттауды дайындау бойынша мынадай ұйымдастырушылық іс-шараларды:

      1) кандидаттарға қажетті құжаттарды дайындауды;

      2) кандидаттардың тізімін дайындауды;

      3) диплом беру және аттестаттауды жүргізу кестелерін әзірлеуді;

      4) диплом беру және аттестаттауды жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды;

      5) кандидаттармен диплом беру және аттестаттау жүргізу мерзімі мен орнын келісуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкері болып табылады.

      11. Комиссияның функциялары:

      1) кемелердің командалық құрамының адамдары лауазымдарына үміткер адамдарды тыңдау;

      2) кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қорытындылары бойынша шешім қабылдау.

      Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қорытындылары бойынша шешім көрсетіледі.

      Хаттамаға командалық құрамының адамдары лауазымдарына үміткер адамдарды тыңдауға қатысқан комиссия төрағасы және комиссия мүшелері қол қояды.

      12. Комиссия төрағасы комиссия хатшысы ұсынылған құжаттар пакеттерінің негізінде үміткерлер тізімін бекітеді, диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі мен орнын белгілейді.

      13. Комиссия хатшысы кандидаттарды жазбаша түрде пошта арқылы диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі туралы оның басталуына дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабарлайды.

      14. Комиссия шешімі, егер отырысқа комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса және ол үшін олардың елу пайызынан астамы дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 355 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.04.2020 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау және "Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру", "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.

      Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электрмеханиктерге және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом алған адамдарға кәсіби диплом беріледі.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру тәртібі

      4. Осы Қағидалардың 6-тармағында аталған құжаттарды кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясына (бұдан әрі - комиссия) ұсына отырып, осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруіне рұқсат етіледі.

      5. "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      8. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      9. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданылады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      14. Кәсіби дипломды алу үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал кәсіби дипломның телнұсқасын алу екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      15. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті және құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

      17. Портал арқылы келіп түскен ұсынылған құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы еркін нысанда дәлелді жауап жібереді.

      17-1. Осы Қағидалардың "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кәсіби диплом немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптарына (бұдан әрі - Рұқсат беру талаптары) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және диплом алған орны мен уақыты туралы хабарламаны пошта арқылы жолдайды, ал портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілген хабарламаны "жеке кабинетіне" жібереді.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші дипломнан өткені туралы хабарламаны жібергеннен кейін сегіз жұмыс күні ішінде емтихан өткізуге дайындықпен айналысады және хабарламада белгіленген мерзімде емтихан өткізуді ұйымдастырады.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы диплом алу бойынша емтиханды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші "Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша кәсіби дипломды ресімдейді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияның мекенжайын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

      21. Диплом беруден өткен адамдарға берілген кәсіби дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.

      22. Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) диплом беруді өткізуге дайындау;

      2) диплом беруге жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссия өткізетін әңгімелесу;

      3) комиссия шешімін шығару.

      23. Комиссия диплом берілуі тиіс адамның қатысуымен диплом беруді өткізеді. Диплом беру кезінде комиссия кандидатқа өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрақтар қояды. Диплом берілетін адамға кемінде он сұрақ қойылады.

      24. Адам диплом беруге келмеген жағдайда, комиссия қайта диплом беру туралы шешім қабылдайды.

      25. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом бере отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайта диплом беруге жатады.

      26. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берілген жағдайда, комиссия диплом алатын адамның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта диплом беру туралы шешім қабылдайды.

      27. Диплом беру кезінде қанағаттанғысыз білім көрсеткен кандидаттар емтихандарға бір айдан кейін ғана жіберіледі.

      28. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілген дипломдарды беру туралы комиссия шешімі жазылады.

      29. Кемелердің командалық құрамының мүшелері екінші сабақтас мамандық бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін, сондай-ақ өздігінен жүретін кемелердің командалық құрамына жататын лауазымдарда ішкі су жолдарында тиісті жүзу өтілі бар болған кезде тиісті сабақтас мамандыққа диплом беруден өтеді.

      30. Жүрдек кемелердің командалық құрамының кәсіби дипломы бар адамдары басқа кемелерге жұмысқа ауысу үшін капитан, 1-2-топтағы кемелер механигі немесе капитанның аға көмекшісі және 3-5-топтағы кемелер механигінің бірінші көмекшісі лауазымындағы жұмысы үшін диплом беруден өтеді.

      31. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарында жұмыс істеу үшін кеме механиктері, электрмеханиктер мен олардың көмекшілері кәсіби дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командалық лауазымда жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.

      32. Жүрдек кемелердің командалық құрамының механикалық мамандығы бар адамдары (немесе кеме жүргізушісі және кеме механигі лауазымдарын қоса атқаратын) механикалық мамандық бойынша дипломдары болған және ішкі суда жүзу кемелерінде жұмыс істейтін адамдар ретінде кезекті диплом беруден өткен кезде ғана жұмысқа жіберіледі.

      33. Біліміне сәйкес диплом беруге:

      1) кемелерге және барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына тиісті мамандық бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;

      2) кемелерге және 1-3-топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына, 2-топтағы жолаушылар кемелерінің капитандарының, кемелердің барлық түрлерінің капитандары мен 3-топтағы бірінші штурмандарының лауазымдарынан басқа тиісті мамандығы бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;

      3) кемелерге және 1-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының барлық кеме жүргізуші, механик, электр-механик (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа) лауазымындағы; 2 және 3-топтағы кемелерге үшінші штурман, механиктің үшінші көмекшісі, электр-механиктің екінші көмекшісі; орта кәсіптік оқу орындарын күндізгі немесе сырттай бөлімінің 3-курсын, ішкі жүзу кеме командалық құрамын даярлау бойынша курстарды аяқтаған адамдар, 2 және 3-топтағы кемелердің капитан көмекшісі, жүк және сүйреу кемелері механигінің екінші көмекшісі, бірінші көмекшісі лауазымына;

      4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғары немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.

      34. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден:

      1) диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.

      35. Кәсіби диплом жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған (физикалық тозуы, бүлінуі)жағдайда кәсіби дипломның телнұсқасы беріледі.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау тәртібі

      37. Осы Қағидалардың 39-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға жіберіледі.

      38. "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      39. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы немесе кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген құжаттарды жолдайды:

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      41. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      42. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады.

      43. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      44. Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын алу екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      45. Портал арқылы келіп түскен құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қарау туралы еркін нысандағы дәлелді бас тарту жолдайды.

      45-1. Осы Қағидалар "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Ескерту. Қағида 45-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      46. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптарына (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары)сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" аттестаттаудан өту орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.

      47. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудан өткені туралы хабарламаны жібергеннен кейін он бір жұмыс күні ішінде емтихан өткізуге дайындықпен айналысады және хабарламада белгіленген мерзімде емтихан өткізуді ұйымдастырады.

      48. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау бойынша емтиханды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы ресімдейді.

      49. Анықтаманың телнұсқасын беру құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Порталда жүргізіледі.

      50. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда кемелердің тобы мен қуаты, аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.

      51. Өздігінен жүретін кемелерде капитандар, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ капитандардың, капитандардың көмекшілерінің, командирлер мен олардың көмекшілерінің лауазымын қоса атқаратын кемелер мен су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер мен олардың көмекшілері лауазымын атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.

      52. Аттестаттау үш түрге бөлінеді:

      1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;

      2) олардың кінәсі бойынша авариялық көлік оқиғаларына жол берген кемелердің командалық құрамының адамдары үшін ғана қолданылатын кезектен тыс;

      3) кемелерге басқа, теңіз бассейндерін қоса алғанда, жұмысқа келген адамдар үшін, сондай-ақ ұзақ үзілістен (бес жылдан астам) кейін кемелердің командалық құрамына қайтып келген адамдар үшін қолданылатын арнайы.

      53. Кезекті аттестаттау жылы тиісті мамандық бойынша оқу орындарын аяқтаған адамдар, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткендер аттестаттаудан босатылады.

      54. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттауды өткізуге дайындық;

      2) аттестаттауға жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссия өткізетін әңгімелесу;

      3) комиссия шешімін шығару.

      55. Комиссия аттестаттауды аттестатталатын адамның қатысуымен өткізеді. Аттестаттауды өткізген кезде комиссия кандидатқа өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрақтар қояды. Аттестатталатын адамға кемінде он сұрақ қойылады.

      56. Егер адам аттестаттауға келмеген жағдайда, комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.

      57. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайта аттестаттауға жатауы;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      58. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берген жағдайда, комиссия аттестатталатын адамның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.

      59. Аттестаттаудан өтпеген адам осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қайта аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

      60. Қайта аттестаттау кезінде аттестаттаудан өтпеген адамға комиссия атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіндігі туралы шешім қабылдайды.

      61. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссияның құрамына кіретін кемелердің командалық құрамының аттестаттаудан өтетін адамы өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

      62. Комиссияның шешімі бір данада жасалған хаттамамен ресімделеді, ол аумақтық бөлімшеде сақталады.

      Аттестаттаудан өткен адам комиссия шешімімен танысады.

      Аттестаттаудан өткен командалық құрамның адамдарына кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама беріледі.

      63. Аттестатталушы адамның оның білімін бағалау бойынша емтихан комиссиясының мүшелерімен келіспеушіліктері болған жағдайда аттестатталушы адам уәкілетті органға аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібінің бұзылғаны және (немесе) аттестаттаудың нәтижелерімен келіспеуі туралы жазбаша апелляциялық өтініш (бұдан әрі - аппеляция) бере алады.

      64. Апелляция оны уәкілетті органға берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

      65. Аттестатталушы адам апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғанынан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адам нәтижелерді жариялаған күні өзінің емтихан жұмысымен таныса алады.

      66. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалауына талдау жүргізеді.

      67. Апелляцияны қарау барысында аттестатталушы адамның білімін тексеру бойынша бағаның дұрыстығы тексеріледі.

      68. Уәкілетті орган аппеляцияны қарау кезінде аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тартады және аттестаттауда алған бағасын растайды не аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырады және оң баға қояды.

      69. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.

      70. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның жеке карточкасына жазады.

      Аттестатталушы адам апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген кезде комиссия шешіміне сот тәртібімен шағымдануына болады.

      71. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден:

      1) аттестатталатын адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) аттестатталатын адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар мен Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.

      72. Кемелердің командалық құрамының адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған (физикалық тозуы, бүлінуі) жағдайда кемелердің командалық құрамының адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы беріледі.

      73. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      75. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      76. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      77. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
облысы (қаласы)
Кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
жөніндегі комиссияның
төрағасына
____________________________
____________________________
(Т.А.Ә., ЖСН)

Өтініш

      Сізден мені [Лауазымы] [Тобы] мамандығы бойынша кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізуге жіберуіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. __________________________________________________________;

      2. __________________________________________________________;

      3. __________________________________________________________;

      4. __________________________________________________________;

      5. __________________________________________________________;

      6. ...

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. "____" __________ ________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
облысы (қаласы)
Кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
жөніндегі комиссияның
төрағасына
____________________________
____________________________
(Т.А.Ә., ЖСН)

Өтініш

      Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Дипломның нөмірі] [Дипломның берілген күні]

      дипломның телнұсқасын___________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      байланысты беруіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. __________________________________________________________;

      2. __________________________________________________________;

      3. ...

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер

      көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. "____" __________ ________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша

"Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Кәсіби диплом;
2) Кәсіби дипломның телнұсқасы.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер бойынша:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2. "Электрондық үкіметінің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Кәсіби дипломды беру мерзімі – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
2) Кәсіби дипломның телнұсқасын беру мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
"электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін сұрау салуда көрсетілген Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы бойынша алады.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі ––Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) кәсіби диплом:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжат (диплом);
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет;
2) кәсіби дипломның телнұсқасы:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет.
"Электрондық үкіметінің" веб-порталына:
1) кәсіби диплом:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесі;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
073/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
2) кәсіби дипломның телнұсқасы:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметінің" веб-порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не алушы ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетіледі) "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________;

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      ______________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.______________ Телефон:__________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__ жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
облысы (қаласы)
Кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды
аттестаттау жөніндегі
комиссияның
төрағасына
____________________________
____________________________
  (Т.А.Ә., ЖСН)

Өтініш

      Сізден мені [Лауазым] [Топтар] лауазымына кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізуге жіберуіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. __________________________________________________________;

      2. __________________________________________________________;

      3. __________________________________________________________;

      4....

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. "____" __________ _________________________ (өтініш берушінің қолы)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
облысы (қаласы)
Кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды
аттестаттау жөніндегі
комиссияның
төрағасына
____________________________
____________________________
(Т.А.Ә., ЖСН)

Өтініш

      Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Анықтаманың нөмірі] [Анықтама берілген күн]

      кемелердің командалық құрамы адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын:

      ________________________________________________________________________________

      (себебін көрсету: жоғалу, жарамсыз, табиғи тозуы, бүлінуі)

      ________________________________________________________________________________

      байланысты беруіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. __________________________________________________________;

      2....

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер

      көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін. 20___ж. "____" __________ ____________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
7-қосымша

"Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама;
2) Аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер бойынша:
"электрондық үкіметінің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру мерзімі – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
2) Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
"электрондық үкіметінің" веб-порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"Электрондық үкіметінің" веб-порталы:
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дипломның электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);
2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқа:
жоғалу немесе бүліну мән-жайлары мен себептері көрсетілген осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оның құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметінің" веб-порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын
кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом
беру және оларды аттестаттау
қағидаларына
8-қосымша

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде

      мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының

      адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы №___

АНЫҚТАМА

      _________________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә.)

      Туған күні ______________________________________________________________________

      Білімі___________________________________________________________________________

      Диплом (диплом беру кезінде берілген) №____________________________________________

      (кім және қашан берген)

      ________________________________________________________________________________

      Лауазымы _______________________________________________________________________

      Аттестаттау хаттамасының №____ және күні _________________________________________

      Анықтаманың қолданылу мерзімі ___________________________________________________

      Осы анықтама ___________________________________________________________________

      Көлік комитетінің аумақтық органымен берілді.

      Көлік комитетінің аумақтық органының басшысы______________________________________

      (қолы) Т.А.Ә.

      М.О.

      20__ жылғы "____" _______________

      (күні)            (айы)