Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11137 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 16 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 бұйрығына
1-қосымша

"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижені беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Қызмет беруші ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті алушы лицензияны, лицензияны қайта ресімдеуді қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:

      1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру кезінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-дан артық емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.

      Мемлекеттік қызметтерді алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

      2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша лицензиардың аумақтық бөлінісінің келісім-хаты;

      4) қызметкерлердің тиісті тексерісі туралы ішкі істер органдарының қорытындысы;

      5) наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екені туралы белгісі;

      6) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшарты;

      7) жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттар.

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ерік нысандағы өтініш;

      2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

      2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша лицензиардың аумақтық бөлінісінің электрондық келісім-хатының көшірмесі;

      4) қызметкерлердің тиісті тексерісі туралы ішкі істер органдары қорытындысының электрондық көшірмесі;

      5) наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екені туралы қорытындысының электрондық көшірмесі;

      6) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшартының электрондық көшірмесі;

      7) жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттардың электрондық көшірмесі.

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған электрондық құжаттардың көшірмелерін;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдардың қорытындысы туралы мәлімет, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия туралы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы, өндірістік-техникалық базаның меншік құқығын растайтын құжаттар туралы қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтерді көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды беру кезінде:

      көрсетілетін қызметті берушіде (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз тасымалдағыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің осы түрімен айналысу тыйым салынған

      2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша жол бермейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-50-68, 71-50-63, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Есірткі құралдары, психотроптық заттар
мен олардың прекурсорларының айналымына
байланысты қызметке лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған
заңды тұлғаның өтiнiші

      _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық

      атауы көрсетiлсiн)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасымалдағышта ______ (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)

      нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ___________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және

      (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі

      дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы _______________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 бұйрығына
2-қосымша

"Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      лицензияны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттiк қызметтiң нысаны – электрондық/қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты және (немесе) импортына лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны, лицензияны қайта ресімдеу қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:

      1) тауарлардың экспорты және (немесе) импортына лицензия беру кезінде қызметтің осы түрiмен айналысу құқығына лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) АЕК құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады олар көрсетілетін қызметті алушыға төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.

      Мемлекеттік қызметтерді алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

      2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      экспортқа және (немесе) импортқа лицензия алу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) сыртқы сауда келісімшартының (келісімнің), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бірреттік лицензия үшін), егер сыртқы сауда келісімшарты (келісім) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі.

      экспортқа және (немесе) импортқа лицензияның телнұсқасын алу үшін қайта ресімдеу үшiн:

      1) ерікті нысанындағы өтiнiш;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның қайта ресімдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      экспортқа және (немесе) импортқа лицензия алу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) сыртқы сауда келісімшартының (келісімнің), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір реттік лицензия үшін), егер сыртқы сауда келісімшарты (келісім) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын құжаттың көшірмесі.

      экспортқа және (немесе) импортқа лицензияның телнұсқасын алу үшін қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      Салық органдарында есепке қою туралы, мемлекеттік ақпарат жүйелерде қамтылған есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру туралы мәліметті қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерде қамтылған "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтерді көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз тасымалдағыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарында толық емес немесе шынайы емес мәліметтердің болуы;

      2) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданылуының тоқтатылуы немесе қысқартылуы;

      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      4) квотаның бітуі (лицензиялар квоталанатын тауарларға ресімделген жағдайда).

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдалған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де
талаптар,

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-50-68, 71-50-63, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық
заттар мен олардың прекурсорлары бар
тауарларды экспорты мен импортына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия беру
туралы өтiнiш

1. № Өтiнiш

2. Қолдану кезеңi ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне

3. Лицензия типi |ЭКСПОРТ

4. Келiсiмшарт жылғы №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елi

8. Сатып алушының елi

9. Келiсiмшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтініш берушінің уәкiлеттi адамы

Т.А.Ә.

лауазымы

телефоны (факс)

қолы және мөрi күнi


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін _________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)

  "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық
заттар мен олардың прекурсорлары бар
тауарларды экспорты мен импортына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      Нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия беру туралы
өтiнiш

1. № өтiнiш

2. Қолдану кезеңi ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне

3. Лицензия типi | ИМПОРТ

4. Келiсiмшарт жылғы №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел

8. Сатушының елi

9. Келiсiмшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтініш берушінің уәкiлеттi адамы

Т.А.Ә.

лауазымы

телефоны (факс)

қолы және мөрi

күнi


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін __________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 бұйрығына
3-қосымша

"Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрстілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсат беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей.

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсатты қайта ресімдеу кезінде – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Қызмет беруші ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру болып табылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының көшірмесі, егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе немесе осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      3) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда келісімшартының (шарттың) көшірмесін;

      4) комиссия келісімшартының көшірмесі (егер қызмет алушы ретінде делдал шықса);

      5) тұтынушымен жасалған бақыланатын заттарға қатысты келісімшарттың (шарттың) көшірмесін;

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеуге рұқсатты қайта ресімдеу үшін:

      1) ерікті нысандағы өтініш;

      2) рұқсатты қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттар;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының транзиттеуге рұқсат алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі нысан бойынша өтiнiшті;

      2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліндегі аудармасымен);

      3) өтiнiш берушi елiнің мемлекеттiк органы олардың қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақыланатын заттардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліндегі аудармасымен);

      4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтарын көрсете отырып, транзитке жататын, бақыланатын заттардың (физикалық және құндық мәнде) атауы мен көлемiн;

      5) өтiнiш берушiнiң тарапынан бақыланатын заттарды транзиттеудi жүзеге асыру кезiнде ықтимал апаттан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi;

      6) түпкілікті жүк алушының бақыланатын заттарды пайдаланудың нақты мақсаты туралы өтiнiшi қоса берілетін бақылауға жататын бақыланатын заттарды жеткізуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);

      7) мәлiмделген транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң ықтимал аварияның салдарын жоюға әзірлігі туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасын;

      8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда бақыланатын заттар бар жүк жөнелтушісінің осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелері туралы растамасын;

      9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң pacтамасын ұсынады.

      Қағаз тасымалдағышта өтінішті қабылдауды растау құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіне белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдалған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету қызметтің ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәселелері бойынша жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-50-68, 71-50-63. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар
мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және
транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлға ұйымының атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      телефоны)

      ____________________________________________________________________

      Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың

      прекурсорлары бар өнімді (керексіз сызылып тасталсын) мыналардан

      әкелуге (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын:_______________________

      ____________________________________________________________________

      (елдің, алушы (жөнелтуші) ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

Р/с

Тізім, кестесінің №, Ұстаным №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы болған кезде

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Бақыланатын заттарды әкелу (әкету) мақсаты: _________________________

      _____________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:__________________________________

      _____________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы_______________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Мөр 20___ жылғы "____"__________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)

  "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар
мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және
транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Өтiнiш

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның, заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      Қазақстан Республикасы арқылы құрамында есірткі құралдары,

      психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар өнiмдердi

      транзиттеуге (керексiз сызып тасталсын) рұқсат беруiңiздi

      сұраймын:___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (экспортташының атауы, елдің атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (импорттаушының атауы, елдiң атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      _______________________________________________________________ үшін

      (елдiң, соңғы жүк алушы ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

Р/с

Тізім, кестесінің №, Ұстаным №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы болған кезде

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Көлiк түрi, бағыты __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi:

      1.1. Қазақстан Республикасының аумағына транзиттiк өнiмдердi әкелу

      кезiндегi кеден органының атауы:_____________________________________

      1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттiк өнiмдердi әкету

      кезiндегi кеден органының атауы:_____________________________________

      Қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзiмi______________________________

      Заңды тұлға басшысы__________________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Мөр 20___ жылғы "___" ____________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)