Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11137 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 276 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шамкент қалаларының полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 16 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 бұйрығына
1-қосымша

"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 10 (он) жұмыс күн;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күн.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ол тұратын жері бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беру үшін лицензиялық алым төлейді:

      1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру кезінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта рәсімдегені үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

      2) меншік нысанына қарамастан Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшартының электрондық көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үй-жайды жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты, жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банк мекемесінің мөрімен куәландырған кепілдік келісімшартының көшірмесі);

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттан тұратын электрондық құжаттардың көшірмелері.

      Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы, прекурсорларының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қорытындысы, аумақтық ішкі істер органдарының келісім-хаты мен қызметкерлердің тиісті тексерісі туралы қорытындысы, наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екені туралы қорытындысы туралы мәліметтерді, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші,мемлекеттiк қызметтерді көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" берген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің осы түрімен айналысу тыйым салынған

      2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша жол бермейді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-50-68, 71-50-63, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
олардың прекурсорларының
айналымына байланысты
қызметке лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________

      ____________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________

      Телефондары _____________________________________________________________

      Факс_____________________________________________________________________

      Банк шоты________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ___________________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 бұйрығына
2-қосымша

"Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияны қайта рәсімдеу – 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Ескертпе: экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесіне қосылған тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ол тұратын жері бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беру үшін лицензиялық алым төлейді:

      1) құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру кезінде 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша оның өкілі) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      экспортқа және (немесе) импортқа лицензия алу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

      2) сыртқы сауда келісімшарттың (келісімнің) электрондық көшірмесі, оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір реттік лицензия үшін), егер сыртқы сауда келісімшарты (келісім) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      3) егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының электрондық көшірмесіне осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарында толық емес немесе шынайы емес мәліметтердің болуы;

      2) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданылуының тоқтатылуы немесе қысқартылуы;

      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      4) квотаның бітуі (лицензиялар квоталанатын тауарларға ресімделген жағдайда).

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдалған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-50-68, 71-50-63, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Құрамында есірткі құралдары,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорлар бар тауарлардың
  экспорты мен импортына
  лицензия беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  стандартына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия беру
туралы өтiнiш

1. № Өтiнiш

2. Қолдану кезеңi ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне

3. Лицензия типi |ЭКСПОРТ

4. Келiсiмшарт жылғы №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елi

8. Сатып алушының елi

9. Келiсiмшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтініш берушінің уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
телефоны (факс)
қолы және мөрi күнi


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін _________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)

  "Құрамында есірткі құралдары,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорлар бар тауарлардың
  экспорты мен импортына
  лицензия беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  стандартына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия беру туралы
өтiнiш

1. № өтiнiш

2. Қолдану кезеңi ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне

3. Лицензия типi | ИМПОРТ

4. Келiсiмшарт жылғы №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел

8. Сатушының елi

9. Келiсiмшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтініш берушінің уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
телефоны (факс)
қолы және мөрi
күнi


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін __________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 бұйрығына
3-қосымша

"Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат берген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.

      рұқсатты қайта ресімдеген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.";

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағыда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Ескертпе: есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету және транзиттеу транзиттеу тәртібі 2014 жылғы 30 маусымдағы № 217-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісіммен белгіленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасымалдығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылыды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының көшірмесі, не осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      3) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда шарттың көшірмесі;

      4) тұтынушымен қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты шарттың көшірмесі;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсатын қайта ресімдеу үшiн:

      1) ерікті нысанындағы өтiнiш;

      2) рұқсатты қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттар;

      портал арқылы жүгінген кезде:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының электрондық көшірмесі, не осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      3) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда келісімшартының (шарттың) электрондық көшірмесі;

      4) тұтынушымен қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда шарттың электрондық көшірмесі;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсатын қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) рұқсатты қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттiк қызметтерді көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз тасымалдағыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеуге рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) портал арқылы жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі нысан бойынша өтiнiшті;

      2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi (орыс тіліндегі аудармасымен);

      3) өтiнiш берушi елiнің мемлекеттiк органы олардың қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақыланатын заттардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліндегі аудармасымен);

      4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтарын көрсете отырып, транзитке жататын, бақыланатын заттардың (физикалық және құндық мәнде) атауы мен көлемiн;

      5) өтiнiш берушiнiң тарапынан бақыланатын заттарды транзиттеудi жүзеге асыру кезiнде ықтимал апаттан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi;

      6) соңғы жүк алушының бақыланатын заттарды пайдаланудың нақты мақсаты туралы өтiнiшi қоса берілетін Қазақстан Республикасында бақылауға алынған бақыланатын заттарды жеткізуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);

      7) мәлiмделген транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң ықтимал аварияның салдарын жоюға әзірлігі туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасын;

      8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда бақыланатын заттар бар жүк жөнелтушісінің осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелері туралы растамасын;

      9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң pacтамасын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды беру кезінде:

      көрсетілетін қызметті берушіде (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз тасымалдағыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      6) "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес квота жоқ (квоталанатын тауарларға есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсат рәсімделген жағдайда).

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдалған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәселелері бойынша жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-50-68, 71-50-63. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      Ескерту. 4-тарау 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      Ескерту. 4-тарау 15-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Есірткі құралдарын,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорларды әкелуге, әкетуге
  және транзиттеуге рұқсат беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшамның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлға ұйымының атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      телефоны)

      ____________________________________________________________________

      Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың

      прекурсорлары бар өнімді (керексіз сызылып тасталсын) мыналардан

      әкелуге (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын:_______________________

      ____________________________________________________________________

      (елдің, алушы (жөнелтуші) ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

Р/с

Тізім, кестесінің №, Ұстаным №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы болған кезде

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Бақыланатын заттарды әкелу (әкету) мақсаты: _________________________

      _____________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:__________________________________

      _____________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы_______________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Мөр 20___ жылғы "____"__________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)

  Есірткі құралдарын,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорларды әкелуге, әкетуге
  және транзиттеуге рұқсат беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшамның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2018 № 871 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Өтiнiш

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның, заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      Қазақстан Республикасы арқылы құрамында есірткі құралдары,

      психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар өнiмдердi

      транзиттеуге (керексiз сызып тасталсын) рұқсат беруiңiздi

      сұраймын:___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (экспортташының атауы, елдің атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (импорттаушының атауы, елдiң атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      _______________________________________________________________ үшін

      (елдiң, соңғы жүк алушы ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

Р/с

Тізім, кестесінің №, Ұстаным №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы болған кезде

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Көлiк түрi, бағыты __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi:

      1.1. Қазақстан Республикасының аумағына транзиттiк өнiмдердi әкелу

      кезiндегi кеден органының атауы:_____________________________________

      1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттiк өнiмдердi әкету

      кезiндегi кеден органының атауы:_____________________________________

      Қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзiмi______________________________

      Заңды тұлға басшысы__________________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Мөр 20___ жылғы "___" ____________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________________

      20__ж. "__"________ (қолы)