Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 ақпанда № 10293 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың және Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 12 қаңтар

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндентін атқарушы
Ж. Қасымбек
2014 жылғы 26 желтоқсан 

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2014 жылғы 29 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 943 бұйрығымен бекітілген

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2016 № 1113 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.09.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.06.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с

Біліктілік талаптар мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Барлық кіші қызмет түрлері үшін

1

Заңды тұлғаның мәртебесі

"е-лицензиялау" МДБ-ны пайдалана отырып тексеріледі

2

Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі қызметтік үй-жайлар

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы

"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші алады

3

Прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, сату, бөлу, пайдалану, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдарының қорытындысы

"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші алады

4.

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорларының айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайту талаптарына сәйкес келетін есірткі құралдарын және (немесе) психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау үшін тағайындалған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде арнайы жабдықталған үй-жайлар

Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлінісінің келісім-хаты

Техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлінісінің келісім-хатымен расталады

5

"Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес есірткі құралдарымен және прекурсорлар мен жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлер

Қызметкерлер тізімі:
1) ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы белгісі;
2) наркология лық және жүйке аурулары диспансерлері нің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екені туралы белгісі

Қызметкерлер арасында қызметкер лерді тексергені туралы және нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік аурулары мен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдар дың жоқ екені туралы мәліметтерді ақпаратта ндыру объектілерінің ақпарат тық өзара іс-қимылы арқылы тексереді

6

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларын сақтау үшін арналған үй-жайды күзету

Меншік нысанына қарамастан Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларын сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшарты

Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады

6-1

Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жүктерді тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендірілген күзет немесе басқа да күзет қызметі жүзеге асырады.

Күзет қызметін көрсету бойынша келісімшарт

Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады

Есірткі құралдарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою

7

Есірткі құралдарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамала ры) туралы мәліметтерді ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру

8

Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру үшін арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамала ры) туралы мәліметтерді ақпараттан дыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ның заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымай тын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады

Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою

9

Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу, жою, өндіру үшін арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымай тын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары) туралы мәліметтерді ақпараттан дыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымай тын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

9-1

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрам және автомобиль көлік құралы

Меншік құқығын растайтын құжаттар, мүліктік жалдау (жалға беру) келісімшарты бойынша бөтеннің мүлкін уақытша иелену және пайдалану

Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады

Құрамында есірткі құралдары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

10

Құрамында есірткі құралдары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары) туралы мәліметтерді ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

11

Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларының айналымына байланысты қызметтер

12

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, өткізумен, пайдаланумен, жоюмен байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде

Осы біліктілік талаптарының 4,5,6-тармақтары және есірткі құралдары ның, психотроп тық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бойынша құжаттар ұсынылады

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес

13

Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2016 № 1113 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 6-жолдарда көрсетілген талаптар теміржол және автомобиль көлігімен жүк тасымалдаушыларға қолданылмайды