«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 7 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-3/271 бұйрығымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға
есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) жыл сайын ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қажетті ақпаратты қоса бере отырып, алдағы қаржы жылына арналған субсидиялау сомасына деген болжамды қажеттілікті ұсынады.
Субсидиялауды тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) жүзеге асырады.
3. Субсидиялар төлеу күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жүргізіледі.
4. Егер дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізгеннен түскен кірісі, тиісті есептік жыл үшін жиынтық жылдық кірістің 90 пайызынан кем болса және (немесе) тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасынан субсидиялар сомасы көбірек болса, дайындаушы ұйым субсидиялар шегінде алынған қаржы құралдарын республикалық бюджет кірісіне 206108 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» бюджеттік сыныптама кодына қайтаруды жүргізеді. Қағидалардың осы тармағын қолдану мақсатында есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті және қосымша декларациялар ескеріледі.
5. Дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кірістері жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын қамтитыны туралы жалған ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары дайындаушы ұйымды тексеруді аяқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарды жазбаша түрде хабардар етеді.
6. Субсидиялар шеңберінде алынған ақша қаражатын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру басқармаға жүктеледі.
2. Субсидиялар алушылар
7. Субсидиялар Заңның 6-бабы 1 тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес бекітілген, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) аккредиттеген дайындаушы ұйымдарға төленеді.
3. Субсидиялар алу шарттары
8. Субсидиялар алу шарттары мыналар болып табылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру қосылған құн салығы және корпоративтік кіріс салығы есептік жыл үшін декларациялар тапсыру жөніндегі салықтық міндеттеме орындалғаннан және бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы толықтай төленгеннен кейін жүргізіледі;
2) дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабының 5-тармағына көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кірісі жылдық (есептік жыл үшін) жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құрауы тиіс;
3) өтінімде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағы негізінде ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтердің мемлекеттік кіріс органдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен сәйкестігі.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
9. Субсидиялар дайындаушы ұйымдарға тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша төленеді.
Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларация бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығының сомасынан төмен қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген қосылған құн салығының сомасына тең болады.
Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығы сомасына тең болады.
5. Субсидияларды төлеу тәртібі
10. Дайындаушы ұйымдардың өтінімдерін басқарма жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылдайды.
11. Басқарма бір жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік кіріс органдарын (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары) өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
12. Мемлекеттік кіріс органдары басқарманың өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
13. Басқарма дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағы негізінде ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып-тексеруді жүргізеді және субсидиялар төлеу (сәйкес келген жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды.
14. Субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
15. Субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде басқарма дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аударады немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады.
6. Субсидиялау бойынша есептілік
16. Басқарма жыл сайын 1 шілдеге дейін Министрлікке осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдарға төленген субсидиялар сомалары туралы есеп ұсынады.
17. Министрлік «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 583-бабы 7-2-тармағына сәйкес белгіленетін тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның қосылған құн салығы сомасына бюджеттік қаражат есебінен алған субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
______жыл үшін есептелген шекте бюджетке төленген қосылған
құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған
өтінім
Кімге:_______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Кімнен:______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінімді берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кіріс
органдарында тіркелген орны:_________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінім берушінің БСН |
ЖСК |
БСК |
Өтінім берушінің есептік шоты |
Банктің немесе ұлттық почта операторының деректемелері: |
БСН |
ЖСК |
БСК |
теңге
1 |
Есептік жыл үшін декларациялар бойынша ҚҚС төлеуге есептелген сома |
|
2 |
Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы |
|
3 |
Есептік жыл үшін жиынтық жылдық кіріс сомасы |
|
4 |
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе бойынша есептік жыл үшін өнім өткізуден түскен кіріс сомасы |
|
5 |
Жиынтық жылдық кірістің жалпы сомасындағы тізбе бойынша өнім өткізуден түскен кірістің үлес салмағы (кемінде 90%) |
|
6 |
Дайындаушы ұйымның шотына аударуға жататын субсидиялар сомасы |
|
7 |
Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы хабарламалар деректемелері |
Өнімді өткізуге арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттар тізілімі өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметті ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған ақша қаражатын қайтарып беруге міндеттенеміз.
Субсидиялар алу мақсатында дайындаушы ұйымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдары алған барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың пайдалануына рұқсат етеміз.
Дайындаушы ұйым басшысының
Т.А.Ә. және қолы
______________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Т.А.Ә. және қолы
_______________________________________________________________
Өтінімнің қабылданған күні «____»_____________20__ж.
Есептелген шекте бюджетке
төленген қосылған құн салығының
сомасы мөлшерінде субсидиялар
аударуға арналған өтінімге
қосымша
Нысан
Өнімді өткізуге арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттар тізілімі
Р/с |
Тауарлық-көліктік жүкқұжат нөмірі |
Толтырылған күні |
Алушының атауы |
Тауардың атауы |
Саны |
Бағасы |
Сомасы |
ҚҚС сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Дайындаушы ұйым басшысының
Т.А.Ә. және қолы
______________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Т.А.Ә. және қолы
_______________________________________________________________
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін
сатып алу жөніндегі мәліметтер
_____________________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
Р/с |
Жеткізуші атауы |
Өнімнің атауы |
Саны |
Бағасы |
Сомасы |
ҚҚС сомасы |
Жиыны |
Дайындаушы ұйым басшысының
Т.А.Ә. және қолы
______________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Т.А.Ә. және қолы
_______________________________________________________________
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 3-қосымша
Нысан
20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін
өткізу жөніндегі мәліметтер
_____________________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
Р/с |
Өнімді алушының атауы |
Өнімнің атауы |
Саны |
Өткізу бағасы |
Сомасы |
ҚҚС сомасы |
Жиыны |
Дайындаушы ұйым басшысының
Т.А.Ә. және қолы
______________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Т.А.Ә. және қолы
_______________________________________________________________
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
Нысан
_______ жыл үшін дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кіріс органының атауы)
теңге
Р/с |
Дайындаушы ұйымның атауы |
БСН |
Жылдық жиынтық табыс сомасы |
Декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасы |
Декларациялар бойынша есептелген шекте төленген ҚҚС сомасы |
Басшы (Т.А.Ә.)
(қолы)
мөр орны
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Дайындаушы ұйымдарға төленген субсидиялар сомалары туралы есеп
20__ ж. «____» ___________
Мемлекеттік органның атауы ____________________________________
Субсидиялар атауы _____________________________________________
Есеп кезеңі ___________________________________________________
Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ______________
_______________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
_______________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)
теңге
Р/с |
Дайындаушы ұйымның атауы |
Заңды мекенжайы |
Төленген субсидия сомасы |
Жиыны |
Әкім ________________ ____________ мөр орны
(Т.А.Ә.) (қолы)
Бірінші басшы – төменде тұрған
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі __________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)