Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11008 тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-3/271 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға
есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) жыл сайын ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қажетті ақпаратты қоса бере отырып, алдағы қаржы жылына арналған субсидиялау сомасына деген болжамды қажеттілікті ұсынады.

      Субсидиялауды тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) жүзеге асырады.

      3. Субсидиялар төлеу күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жүргізіледі.

      4. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Субсидиялар алушылар

      7. Субсидиялар Заңның 6-бабы 1 тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес бекітілген, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) аккредиттеген дайындаушы ұйымдарға төленеді.

3. Субсидиялар алу шарттары

      8. Субсидиялар алу шарттары мыналар болып табылады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру қосылған құн салығы және корпоративтік кіріс салығы есептік жыл үшін декларациялар тапсыру жөніндегі салықтық міндеттеме орындалғаннан және бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы толықтай төленгеннен кейін жүргізіледі;

      2) дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабының 5-тармағына көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кірісі жылдық (есептік жыл үшін) жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құрауы тиіс;

      3) өтінімде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағы негізінде ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтердің мемлекеттік кіріс органдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен сәйкестігі.

4. Субсидияларды есептеу тәртібі

      9. Субсидиялар дайындаушы ұйымдарға тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша төленеді.

      Субсидияларды есептеуді өтінім қосымшасына сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.

      Дайындаушы ұйым өнімді өткізгенде осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан асырған жағдайда, субсидия мөлшері барынша рұқсат етілген құн бойынша есептеледі.

      Егер өткізілген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан төмен болса, субсидия мөлшері нақты құн бойынша есептеледі.

      Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығының сомасынан төмен қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген қосылған құн салығының сомасына тең болады.

      Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығы сомасына тең болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Субсидияларды төлеу тәртібі және субсидия аясында алынған қаржы құралдарын қайтару

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Дайындаушы ұйымдардың өтінімдерін басқарма жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылдайды.

      11. Басқарма бір жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік кіріс органдарын (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары) өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      12. Мемлекеттік кіріс органдары басқарманың өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді ұсынады.

      13. Басқарма дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді. Өтінімге қосымшамен берілген субсидия сомасын есептеуді жасау дұрыстығын тексереді және субсидиялар төлеу (мәліметтер сәйкес келген және есептеу дұрыс болған жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (мәліметтер және есептеулер сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.

      15. Субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде басқарма дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аударады немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады.

      15-1. Дайындаушы ұйым субсидия беру үшін белгіленген шарттарды орындамаған жағдайда, Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес субсидия аясында алынған ақшалай қаражат қайтаруға жатады:

      1) егер дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізгеннен түскен кірісі тиісті есептік жылдың жиынтық жылдық кірісінің 90 пайызынан кем болса және (немесе) субсидиялар сомасы тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасынан көбірек болса;

      2) дайындаушы ұйымның өтінімде дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі кірісі жиынтық жылдық кірісінен 90 пайыздан кем емес болған жағдайда, қаржылық бақылау органдары дайындаушы ұйымды тексеруді аяқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарды жазбаша түрде хабардар етеді.

      Осы тармақты қолдану мақсатында есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша барлық кезекті және қосымша декларациялар ескеріледі.

      Субсидиялар шеңберінде алынған ақша қаражатын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру басқармаға жүктеледі.

      Субсидиялар шегінде алынған ақшалай қаражатты дайындаушы ұйым он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет кірісіне 206108 "Өзге де салықтық емес түсімдер" бюджеттік сыныптама кодына қайтаруды жүргізеді".

      Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Субсидиялау бойынша есептілік

      16. Басқарма жыл сайын 1 шілдеге дейін Министрлікке осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдарға төленген субсидиялар сомалары туралы есеп ұсынады.

      17. Министрлік "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 583-бабы 7-2-тармағына сәйкес белгіленетін тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның қосылған құн салығы сомасына бюджеттік қаражат есебінен алған субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынады.

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

______жылға есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кімге:_________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Кімнен:________________________________________________________

      (дайындаушы ұйымның атауы)

      Өтінімді берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелген орны:___________________________________

      _______________________________________________________________

Дайындаушы ұйымның деректері:

БСН


ЖСК


БСК


Өтінім берушінің есептік шоты (жиырма мәнді)


Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:

Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


БСН


ЖСК


БСК



      (теңге)

1.

Есептік жыл үшін декларациялар бойынша ҚҚС төлеуге есептелген сома


2.

Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы


3.

Есептік жыл үшін жиынтық жылдық кіріс сомасы


4.

Есептік жыл үшін "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнім өткізуден түскен кіріс сомасы


5.

Жиынтық жылдық кірістің жалпы сомасындағы тізбе бойынша өнім өткізуден түскен кірістің үлес салмағы (кемінде 90%)


6.

Дайындаушы ұйымның шотына аударуға жататын субсидиялар сомасы


7.

Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы хабарламалар деректемелері



      Субсидиялар сомасын есептеу осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз. Дұрыс емес мәліметті ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидия сомасының есебі сәйкессіздігі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған ақшалай қаражатты қайтаруды жүргізуге міндеттенеміз.

      Субсидиялар алу мақсатында дайындаушы ұйымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдары алған барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың пайдалануына рұқсат етеміз.

      Дайындаушы ұйым басшысының

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы

      __________________________________________________ мөр орны

      Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы

      __________________________________________________

      Өтінім қабылданған күн 20__жылғы "____"___________

  Есептелген шекте бюджетке төленген
қосылған құн салығының сомасы
мөлшерінде субсидиялар аударуға
арналған өтінімге қосымша

      Нысан

_____ жылға субсидиялар сомасын есептеу

      (теңге)

Тауарлық-көліктік жүкқұжат нөмірі

Толтырылған күні

Алушының атауы

Тауардың атауы

Саны (көлемі)

Тауар бірлігінің ҚҚС-сіз бағасы

Тауардың ҚҚС-сіз құны

ҚҚС сомасы

Өнім бірлігінің ҚҚС-сіз барынша рұқсат етілген құны

Өткізудің барынша рұқсат етілген құны бойынша ҚҚС-сіз сомасы

ҚҚС сомасы

Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13








8-баған= 6-баған* 7-бағанға

9-баған = 8- баған *12%


11-баған = 6-баған *10- бағанға

12-баған =11-баған * 12%

1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-бағанға;

2) егер 7-баған 10-бағаннан кем болса, 13-баған=9-бағанға



































































      Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы, есептік жылға есептелген салық төлеушінің жеке шоты бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауы тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер).

      Дайындаушы ұйым басшысының

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы

      __________________________________________________ мөр орны

      Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы

      __________________________________________________

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін
сатып алу жөніндегі мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (дайындаушы ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

Р/с

Жеткізуші атауы

Өнімнің атауы

Саны

(көлемі)

Бағасы

(теңге)

Сомасы

(теңге)

ҚҚС сомасы

(теңге)





































Жиыны







      Дайындаушы ұйым басшысының

      Т.А.Ә. және қолы

      ______________________________________________________ мөр орны

      Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің

      Т.А.Ә. және қолы

      _______________________________________________________________

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін
өткізу жөніндегі мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (дайындаушы ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

Р/с

Өнімді алушының атауы

Өнімнің атауы

Саны

(көлемі)

Өткізу бағасы

(теңге)

Сомасы

(теңге)

ҚҚС сомасы

(теңге)





































Жиыны







      Дайындаушы ұйым басшысының

      Т.А.Ә. және қолы

      ______________________________________________________ мөр орны

      Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің

      Т.А.Ә. және қолы

      _______________________________________________________________

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

_______ жыл үшін дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________

      (Мемлекеттік кіріс органының атауы)

      (теңге)

Дайындаушы ұйымның атауы

БСН

Салықтық есеп деректері бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы

_______ жыл үшін жеке шот бойынша төлеуге есептелген және саналған ҚҚС сомасы

____ жыл үшін есептелген шегінде төленген (жеке шот бойынша) ҚҚС сомасы




















      Басшы _____________________________ _____________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      мөр орны

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
4-1-қосымша

Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігіне барынша рұқсат етілген құн

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (теңге)

Тауардың атауы

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы кодтары

Өлшем бірлігі

Барынша рұқсат етілгенқұны

1

2

3

4

5

1.

Тірі ірі қара мал

килограмм

471

2.

Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар

014310

килограмм

554

3.

Тірі түйелер және түйе тектілер

014410

килограмм

534

4.

Тірі қойлар мен ешкілер

014511,

014512

килограмм

480

5.

Тірі шошқалар

014610

килограмм

394

6.

Тірі үй құсы

01471

килограмм

266

7.

Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы

014721

ондық

148

8.

Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті

101111

килограмм

1 079

9.

Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті

101113,

101114

килограмм

1 072

10.

Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті

101112

килограмм

846

11.

Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті

101115

килограмм

1 240

12.

Сауын ірі қара малдың шикі сүті

014120

литр

78

13.

Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті

101210

килограмм

504

14.

Картоп

011351

килограмм

55

15.

Сәбіз

011341

килограмм

62

16.

Қырыққабат

011312

килограмм

51

17.

Баклажан

011333

килограмм

70

18.

Қызанақ

011334

килограмм

135

19.

Қияр

011332

килограмм

99

20.

Сарымсақ

011342

килограмм

420

21.

Пияз

011343

килограмм

38

22.

Қант қызылшасы

011371

килограмм

12

23.

Алма

012410

килограмм

182

24.

Алмұрт

012421

килограмм

249

25.

Айва

012422

килограмм

450

26.

Өрік

012423

килограмм

211

27.

Шие

012424

килограмм

242

28.

Шабдалы

012425

килограмм

259

29.

Қара өрік

012427

килограмм

202

30.

Түтілген жүн

101141

тонна

300 000

31.

Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы

101142

бірлік

2 700

32.

Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы

101142

бірлік

2 500

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Дайындаушы ұйымдарға төленген субсидиялар сомалары туралы есеп

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жыл "____" ___________

      Мемлекеттік органның атауы __________________________________

      Субсидиялар атауы ___________________________________________

      Есеп кезеңі _________________________________________________

      Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ____________

      _____________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарламаның атауы)

      _____________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарламаның коды (кіші бағдарламаның))

      (теңге)

Дайындаушы ұйымның атауы

БСН

Заңды мекенжайы

Төленген субсидия сомасы

















ЖИЫНЫ:



      Әкім ______________________________ __________ мөр орны

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

      Бірінші басшы – төменде

      тұрған Бюджеттің бюджеттік

      бағдарламаларының әкімшісі __________________________ ________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)