РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.01.2021 № 7 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.09.2017 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
2. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9052 болып тіркелген, "Әділет" интернет-ресурсында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мыналарды:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 95) және 96) тармақшаларын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 97) және 98) тармақшаларын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындайтын қатынастарға қолданылады.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 30 маусым арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 26), 27), 28) және 29) тармақшалары мен 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 93), 94), 95) және 96) тармақшаларын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.04.2015 № 290 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Ескерту. 1-140-қосымшалардың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.01.2021 № 7 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.