Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 9-3/278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11065 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 15 наурыздағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _______________М. Құсайынов

      2015 жылғы 16 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-3/278 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым – ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;

      3) жеке кабинет – "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      4) есепке алу нөмірі – өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны;

      6) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға.

      3. Көрсетілетін қызметті алушыларды аккредиттеу Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      4. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуге арналған өтінім жолдайды.

      Аккредиттеуге арналған өтінімнің қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінімнің қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінген сәттен бастап 30 (отыз) минутты құрайды.

      8. Аккредиттеуге арналған өтінім "электрондық үкімет" веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ пайдалана отырып қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының "жеке кабинетінде" қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына аккредиттеуге арналған өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою арқылы аккредиттеуге арналған өтінімнің қабылданғанын растайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесі "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 17-01/207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10924 болып тіркелген) сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсына орналастырылады.

      9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      10. Мал шаруашылығы өнімі саласындағы көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есепке алу нөмірінің болуы қажет.

      11. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе техникалық істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші операторды дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аккредиттеуге арналған өтінім

      Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым

      ___________________________________ аккредиттеу жүргізуді сұраймын.

      (заңды тұлғаның атауы)

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      есепке алу нөмірі*________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты ( бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі

      ______________________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс):____________________________________________.

      2. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 5-тармағына сәйкес дайындаушы ұйым өткізетін немесе өткізуді жоспарлап отырған ауыл шаруашылығы өнімі туралы мәліметтер**:

Р/с

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

1

2

2


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат ___-де/-да қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20__ жылғы "__" __________ сағат ___-де/-да қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Ескертпе:

      * мал шаруашылығы өнімдерін дайындауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есепке алу нөмірі болуы қажет.

      ** алдыңғы аккредиттеу туралы мәліметтер Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін өзектендіру кезінде жойылады. Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесі өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда қайта аккредиттеу жүзеге асырылады.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

30 (отыз) минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізілгені туралы хабарлама

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті берушіде – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік органдардың https://gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында аккредиттеуге арналған өтінім береді.
Аккредиттеуге арналған өтінімнің қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосылғанын және ол көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлаймыз.