Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11008 тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-3/271 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.12.2018 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасы немесе Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын адам;

      2) өтінім – дайындаушы ұйымның есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС мөлшерінде субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;

      3) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – САЖ) – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      7) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2019 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) жыл сайын 1 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қажетті ақпаратты қоса бере отырып, алдағы қаржы жылына арналған субсидиялау сомаларына деген болжамды қажеттілікті ұсынады.

      Басқарма ағымдағы жылы субсидиялауды алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырады.

      4. Басқарма ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде веб-порталда Қаржыландыру жоспарын орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алушылар

      5. Субсидиялар Заңның 6-бабы 1- тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес бекітілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) аккредиттеген дайындаушы ұйымдарға төленеді.

3-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) ҚҚС бойынша және корпоративтік табыс салығы бойынша есептік жыл үшін декларациялар тапсыру жөніндегі салықтық міндеттеме орындалғаннан және бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы толықтай төленгеннен кейін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру;

      "Электрондық үкімет" веб-порталының және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде дайындаушы ұйымдардың ауыл шаруашылығы өнімін өткізгенін растау (дайындаушы ұйымның өткен жылы берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) немесе дайындаушы ұйымның өткен жылы берілген тиісті шот-фактурасының болуы, сканерленген электрондық көшірмесі САЖ-да орналастырылады;

      4) Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен жылдық жиынтық кірістің (есептік жылға) кемінде 90 пайызын құрайтын жылдық жиынтық кіріс сомасы, алдыңғы жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген және есепке жазылған ҚҚС сомасы, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде алдыңғы жылға есептелген ҚҚС шегінде төленген ҚҚС сомасы жөніндегі немесе мемлекеттік кіріс органдарының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның сұрау салуымен субсидияларды аударуға арналған өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде мемлекеттік кірістер органдары ұсынған мәліметтерді растау.

      Осы тармақтың 4-тармақшасының талабы 2018 жылғы төртінші тоқсаннан басталған өтінімдерге қолданылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2019 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      7. Дайындаушы ұйымдарға субсидиялар тиісті алдыңғы жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы бойынша төленеді.

      Субсидияларды есептеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын ескере отырып, өтінімге қосымшаға сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.

      8. Егер, дайындаушы ұйым өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан жоғары болса, субсидиялар мөлшері барынша жол берілетін құнды пайдалана отырып есептеледі.

      9. Егер, дайындаушы ұйым өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан төмен болса, субсидиялар мөлшері өнімнің нақты құнын пайдалана отырып есептеледі.

      Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасынан төмен ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген ҚҚС сомасына тең болады.

      10. Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасына тең болады.

5-тарау. Субсидияларды төлеу және субсидиялар шегінде алынған қаржы құралдарын қайтару тәртібі

      11. Өтінім қабылдау дайындаушы ұйымның орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша есептік жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

      12. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – Жеке кабинет) қолжетімділік беру үшін:

      1) дайындаушы ұйымның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;

      2) басқарма жыл сайын көрсетілетін қызметті жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзекті етілген тізімдерін жібереді.

      13. Дайындаушы ұйым Жеке кабинетте тіркелуі үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) заңды тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының немесе Жеке кабинетте тіркелуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы.

      2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      3) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері;

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дайындаушы ұйым бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      14. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған дайындаушы ұйымның ЭЦҚ-сы қойылу жолымен тіркеледі және басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Егер, басқарма төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде қателер анықталса, дайындаушы ұйым себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      15. Басқарма өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама дайындаушы ұйымның субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелген жағдайда дайындаушы ұйымның Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      16. Басқарма:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      17. Басқарма осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтінім қабылданғаны расталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

      Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде
бюджетке төленген қосылған
құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2019 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кімге: ______________________________________________________________

                  (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Кімнен: _____________________________________________________________

                  (дайындаушы ұйымның атауы)

      Өтінім берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кірістер органдарында тіркеліп есепке алынған орны:__________________________________________

      _______________________________________

      ______ жыл үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім

      Маған _____ жыл үшін есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде ________теңге көлемінде субсидия төлеуді сұраймын.

      1. Дайындаушы ұйымның деректері:

      Атауы ___________________________________________________________

      БСН _____________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________

      мекенжайы ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________

      2. Дайындаушы ұйымның екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері

      БСН ________________________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________________

      Банк деректемелері: __________________________________________________

      Банктің атауы: _______________________________________________________

      БСК ________________________________________________________________

      ЖСК _______________________________________________________________

      "3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйым арасындағы сатып алу-сату шарты жөніндегі мәліметтер:

Р/с №

Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы

Шарттың нөмірі

Шарттың жасалған күні

Бағасы (теңге)

Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының орналасқан жерінің мекенжайы

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Өнім көлемі, килограмм

Төлеу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









      4. Дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілгенін растайтын шот-фактуралары туралы мәліметтер:

      шот-фактура нөмірі______________________________________________

      берілген күні___________________________________________________

      ауыл шаруашылығы өнімінің атауы ________________________________

      өлшем бірлігі __________________________________________________

      ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі _______________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге) __________________________________________

      бүкіл өткізу құны (теңге)__________________________________________

      5. Салық декларациясынан алынған мәліметтер

  (теңге)

1.

Есептік жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасы


2.

Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы


3.

Есептік жыл үшін жылдық жиынтық кіріс сомасы


4.

Есептік жыл үшін "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнімдерді өткізуден түскен кіріс сомасы


5.

Тізбе бойынша өнімдерді өткізуден түскен кірістің жылдық жиынтық кірістің жалпы сомасындағы үлес салмағы (кемінде 90 %)


6.

Дайындаушы ұйымның шотына аударылатын субсидиялар сомасы


7.

Мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы деректемелері


      Субсидиялар сомаларының есептеулері осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидиялар сомалары есептеулерінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруға міндеттенеміз.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Басқарма 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭСҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Есептелген қосылған құн
салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы
сомасы мөлшерінде
субсидиялар аударуға арналған
өтінімге қосымша
  Нысан

_____ жыл үшін субсидиялар сомаларының есептемесі

  (теңге)

Р/с №

Шот-фактураның нөмірі

Толтырылған күні

Алушының атауы

Тауардың атауы

Саны (көлемі)

Тауар бірлігінің ҚҚС-сыз бағасы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







      кестенің жалғасы

Тауардың ҚҚС-сыз құны

ҚҚС сомасы

Өнім бірлігінің ҚҚС-сыз барынша жол берілетін құны

Өткізудің барынша жол берілетін құны бойынша ҚҚС-сыз сомасы

ҚҚС сомасы

Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы*

8

9

10

11

12

13

8-баған= 6-баған х
7-баған

9-баған =
8-баған х 12%


11-баған =
6-баған х
10-баған

12-баған =
11-баған х 12%

1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-баған;
2) егер 7-баған 10-бағаннан кем болса, 13-баған= 9-баған













      Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары ескеріле отырып, салық төлеушінің жеке шоты бойынша есептік жылға есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауға тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес мәліметтер).

  Есептелген қосылған құн
салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы
сомасы мөлшерінде
субсидиялар аударуға арналған
өтінімге қосымша
  Нысан

Дайындаушы ұйымның _____ жыл бойынша мәліметтері

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

  (тенге)

Дайындаушы ұйымның атауы

БСН

Салықтық есептілік деректері бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы

_____ жыл үшін жеке шот бойынша есептелген және төлеуге жатқызылған ҚҚС сомасы

_____ жыл үшін (жеке шот бойынша) есептелген шекте төленген ҚҚС сомасы



















      Басшы ____________________________________ __________

                        (Т.А.Ә. (бар болса))                   (қолы)


  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген қосылған
құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы
сомасын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілген құны

  (теңге)

Тауардың атауы

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышының кодтары

Өлшем бірлігі

Барынша жол берілген құны

1

2

3

4

5

1.

Тірі ірі қара мал


килограмм

471

2.

Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар

014310

килограмм

554

3.

Тірі түйелер және түйе тектестер

014410

килограмм

534

4.

Тірі қойлар мен ешкілер

014511, 014512

килограмм

480

5.

Тірі шошқалар

014610

килограмм

394

6.

Тірі үй құсы

01471

килограмм

266

7.

Тауықтың жаңа қабықты жұмыртқасы

014721

ондық

148

8.

Ірі қара малдың жас немесе салқындатылған еті

101111

килограмм

1 079

9.

Қойлардың, ешкілердің жас немесе салқындатылған еті

101113, 101114

килограмм

1 072

10.

Шошқалардың жас немесе салқындатылған еті

101112

килограмм

846

11.

Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе салқындатылған еті

101115

килограмм

1 240

12.

Сүтті табындағы ірі қара малдың шикі сүті

014120

литр

78

13.

Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті

101210

килограмм

504

14.

Картоп

011351

килограмм

55

15.

Сәбіз

011341

килограмм

62

16.

Қырыққабат

011312

килограмм

51

17.

Баялды

011333

килограмм

70

18.

Қызанақ

011334

килограмм

135

19.

Қияр

011332

килограмм

99

20.

Сарымсақ

011342

килограмм

420

21.

Пияз

011343

килограмм

38

22.

Қант қызылшасы

011371

килограмм

12

23.

Алма

012410

килограмм

182

24.

Алмұрт

012421

килограмм

249

25.

Айва

012422

килограмм

450

26.

Өрік

012423

килограмм

211

27.

Шие

012424

килограмм

242

28.

Шабдалы

012425

килограмм

259

29.

Қара өрік

012427

килограмм

202

30.

Түтілген жүн

101141

тонна

300 000

31.

Ірі қара малдың терісі, иленбеген былғарысы

101142

бірлік

2 700

32.

Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі, иленбеген былғарысы

101142

бірлік

2 500