Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте № 3366 тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Есіл таңы" № 37 (490) газетінде, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Ишим" № 38 (8778) газетінде жарияланған) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 252 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Әбішев