Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 тамызда № 19258 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басқарма – облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы;

      2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;

      3) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес басқарма айқындайтын, иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      4) нақты сатып алу бағасы – бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар нақты төлеген орташа баға;

      5) өтінім – өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін шикізат сатып алуға арналған субсидияларды алуға электрондық өтінім;

      6) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;

      7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау талаптарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялау жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

      11) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шикізат сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС –Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) www.stat.gov.kz ресми сайтында орналастырылатын "Бағалар және тарифтер" бөлімінің "Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы" статистикалық бюллетені бойынша ҚР ҰЭМ СК қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, алдыңғы жылға ресми статистикалық ақпарат;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Ш өңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім Комиссия төрағасының хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындау үшін есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша төмендейді:

      Нсуб. қысқарт = Цн.сат – Цсат

      мұнда:

      Нсуб.қысқарт. - өнім бірлігіне субсидиялардың төмендетілген нормативі, теңге/килограмм;

      Цн.сат - нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Цсат - сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Басқарма субсидияға арналған жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады.

      Бұл ретте, Басқарма бөлінген бюджеттік қаражатты субсидияланатын өнімнің бағыттары бойынша бөледі және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады. Бағыттардың бірі бойынша өтінім болмаған жағдайда, бюджеттік қаражатты субсидияланатын өнімнің бағыттары арасында бір жыл ішінде қайта бөлуге жол беріледі.

      14. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған кезде төленеді:

      1) өңдеуші кәсіпорындардың "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға өтінім беруі.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялау жүйесінде тіркелуі;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) немесе ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген тиісті шот-фактурасының болуы, оның сканерленген көшірмесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

      Осы тармақтың 3-тармақшасының талабы 2018 жылғы төртінші тоқсаннан басталған өтінімдерге қолданылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2 осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 16 тамыздағы
№ 299 бұйрығына
1-қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      Кімге: __________________________________________________ басқармасына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      Кімнен: _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт* өндіру үшін _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға _________________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)

      .

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға және шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін:

      атауы _______________________________________________________________

      БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________________

      мекенжайы:__________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________

      ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ______________________________________________________________

      кім берді____________________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________________

      мекенжайы:_________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _____________________________________________________

      хабарламаның берілген күні ____________________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейлі банктегі немесе ұлттық почта

      операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)__________

      Кбе (бенефициар коды) ________________________________________________

      Банк немесе почта операторының деректемелері: __________________________

      Банктің немесе почта операторының aтауы:_______________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) _______________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ________________________________________

      БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)______________________________________

      Кбе (бенефициар коды) ________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды

      (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге

Құны, теңге

Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Барлығы (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      4. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімнің атауы

Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі, килограмм

Субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм

Қысқартылған субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

















      Ескертпе:

      *Бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.

      ** Әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "___" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Басқарма 20__ жылғы "___" ________ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭСҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 16 тамыздағы
№ 299 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.