"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушы | С.Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 1 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталарды бөлу тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;
2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары;
3) жануарлар дүниесі объектілерін үшін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;
4) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті – жануарлар дүниесі объектілерін олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;
5) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның 29-бабы 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленетін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 03.05.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі"
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша есептік деректер негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.
Жауапты қызметкер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 № 18-04/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттер бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде аң аулау объектілері болып табылатын, жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.
13. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
14. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген), жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес анықталады.
15. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.
16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.
Ғылыми мақсаттарда жануарлар түрлерін алу квотасын бөлу резервтік қордағы аңшылық шаруашылықтар аумағында есептік деректердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
27. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 № 18-04/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 1-қосымша |
"Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталарды бөлу кезінде мыналарды ұсыну қажет: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға арналған өтінім. Көрсетілетін қызметті алушы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есептік деректер негізінде өтінімді ұсынады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті берушіл мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Жануарлар түрлерін алып қоюға мәлімделген квота "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген, аң аулау нысаны болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюды белгіленген нормаларына сәйкес болуы тиіс. |
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім
Аңшылық шаруашылығының атауы | Жануардың түрі | Үстіміздегі жылғы (дарақтар) саны | Бекітілген (дарақтар) алып қою квотасы | Сұралып отырған алу квотасы (дарақтар) |
Оның ішінде | ||
аталықтары | ұрғашылары | төлі | |||||
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн "__"___________20___жыл.
__________________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы,
мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) |
|
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға арналған өтінім
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 № 18-04/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама
Құрметті _____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталар сізге осы Қағидада айқындалған тәртіппен жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде бөлінетінін және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда___________________________________
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мекенжайы және ресми сайты)
____________________________________________________________
жүгінуді сұраймыз.
____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Байланыс телефондары: _______________________________________
Күні 20 ____ жылғы " _" ______________.
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.