ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге белгіленетін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған лимиттердің және аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады, ол жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның 29-бабы 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алу, аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша есептік деректер негізінде ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін;
2) ағымдағы жылғы 10 маусымға дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алу.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.
Жауапты қызметкер 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Осы Қағидалардың Стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдер қабылдайды:
1) аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квотасын бөледі;
2) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.".
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Ережеге 4-қосымша алынып тасталсын;
осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 24 мамырдағы № 182 Бұйрығына 1-қосымша Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 1-қосымша |
"Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі (қатынау арнасы) | "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-7 (жеті) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталарды бөлу кезінде мыналарды ұсыну қажет: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Бұйрығына 2-қосымша Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 3-қосымша |
Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға арналған өтінім
Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы ____________________________________________________
Ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған ______ жылғы "___" _____________ № ______шарт.
Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін балықтарды және басқа да су жануарларын алып коюға бөлінген квоталарды игеру_____ тонна
Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін балық ресурстарын молайту (балықтандыру), оның ішінде:
Бір жазғы (миллион дана), оның ішінде:
_____0,05-ке дейін, _______0,05-тен 0,1-ге дейін, _________0,1-ден жоғары;
Дернәсілдермен (миллион дана), оның ішінде:
_________3-ке дейін, _______3-тен жоғары.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__"____________________________
(балық шаруашылығы субъектісі басшысының аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қолы_____________ Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Бұйрығына 3-қосымша Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Балық шаруашылығы субъектісі _________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі_____________
№ | Көрсеткіштің атауы | Пайыздық жоғарғы бағалау көрсеткіші | Өтінімге сәйкес көрсеткіш саны | 20 балдық жүйе бойынша баға | Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 |
Өткен жылдың | 70 | |||
Бір жазғы (миллион дана), оның ішінде: | 50 | ||||
0,05-ке дейін | 10 | ||||
0,05-тен 0,1-ге дейін | 15 | ||||
0,1-ден жоғары | 25 | ||||
Дернәсілдермен (миллион дана), оның ішінде: | 20 | ||||
3-ке дейін | 5 | ||||
3-тен жоғары | 15 | ||||
2 |
Өткен жылдың | 30 | |||
Барлығы: | 100 |