Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10865 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы С.Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 1 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-04/149 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің арасында бөлу тәртібін белгілейді.

      2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да жануарларын қоспағанда, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      3. Балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін алып қою квоталарын бөлу өтінілген квота және рейтингтік бағалау қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.

      4. Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын басқа да жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлуді жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Аңшылық шаруашылығы субъектісі алдағы жылдың 1 қазанына дейін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есепке алу деректерінің негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алу квотасын алуға аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша өтінім береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі - аңшылар қауымдастығы) ағымдағы жылдың 15 ақпанынан келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге арналған жануарлар дүниесі объектілерін алуға арналған лимиттердің негізінде Заңның 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу квоталарын бөлуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1250 қаулысымен бекітілген нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.

      8. Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аңшылар қауымдастығы берілген өтінімдерді ескере отырып, аңшылық шаруашылығы субъектілері арасында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қою квоталарын бөлуді жүзеге асырады.

      9. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.

      10. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.

3-тарау. Балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу квоталарын бөлу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі - балықшылар қауымдастығы) бөледі.

      12. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды жібереді:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын алуға арналған өтінім (бұдан әрі - балық ресурстарын алуға арналған өтінім);

      өтінім берілген күнге дейінгі бір айдан кешіктірілмей алынған, аумақтық көліктік бақылау органының балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы анықтамасы.

      Балық аулаушылар қауымдастығы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) балық ресурстарын алуға арналған өтінімнің 2 және 4-тармақтары бойынша мәліметтер беру туралы жазбаша сұраным жібереді.

      Аумақтық бөлімше сұратылған ақпаратты сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Балық аулау қауымдастығы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді Заңының 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес бекітілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырады.

      14 Балық аулау қауымдастығы уәкілетті орган балық аулау лимиттерін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде балық ресурстарын алып қою өтінімдерін қарастырады, сондай-ақ әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 10% шегінде эксперементальды, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу, бақылау мақсаттарында аулау, су айдындарын балықтандыру бойынша өсімін молайту мақсатында квота белгілейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бір балық шаруашылығы субъектісінің атына толықтай тіркелген балық шаруашылығы су айдындарында рейтингтік бағалау есебі жүргізілмейді.

      16. Егер осы балық шаруашылығы су айдынында балық аулаудың лимиті берілген өтінімдердің жиынтық көлемінен асқан жағдайда балықшылар қауымдастығы, осы балық шаруашылығы су айдынында балық аулаудың лимиті берілген өтінімдердің жиынтық көлемінен аспаған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рейтингтік бағалау парағы (бұдан әрі – есептеу парағы) негізінде балық аулау объектілері болып табылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөледі. Бұл ретте балық ресурстарын алып қою өтінімдері өтінім берілген квотаға сәйкес қанағаттандырылады.

      Ескертпе: Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын бөлу үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады.

      17. Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы келесідей анықталады:

      1) 100 пайызға теңестірілген және балық шаруашылығы субъектісінің көрсеткіші бойынша пайыздық маңыздылыққа бөлінген ең жоғары бағалау көрсеткіші;

      2) ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 20 баллдық жүйемен ең жоғарғы баға қойылады;

      3) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі – Р) есептеу парағының 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (20 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.

      18. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталарын бөлу нәтижесі бойынша балық аулау лимитінің түрлік құрамының пайыздық арасалмағындағы рейтингте балық шаруашылығы субъектілері жинаған баллдар нәтижесінде пропорционалдық тұрғыдан бөлінеді.

      Ескерту. 18-тармақтың орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, ал қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары әрбір балық шаруашылығы субъектілері келесі формула бойынша анықталады

      Л = К х Р

      мұнда:

      Л - бөлінетін квота;

      К - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың коэффициенті;

      Р - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті.

      20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (бұдан әрі - К) формуласы бойынша есептеледі,

      К = У/С

      мұнда:

      У - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиті;

      С - балық шаруашылығы субъектілерінің рейтингтік коэффициентерінің сомасы.

      21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын бөлу қорытындылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулау лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде шығарылады және тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Егер, балық шаруашылығы субъектісінің ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін балық ресурсы және басқа да су жануарларын аулауға лимиттердің игерілмеген 25%-дық бөлігіне жануарлар дүниесін пайдалану туралы шешім болмаған жағдайда, балықшылар қауымдастығы квотаның қалған бөлігін қосымша өтінім бойынша, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінеді.

      23. Игерілмеген квотаның бөлігін алу үшін балық шаруашылығының мүдделі субъектісі балық аулау қауымдастығына тиісті жылдың 10 тамызына дейін балық ресурстарын алып қою өтініміне сәйкес қосымша өтінімді береді.

  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім

Аңшылық шаруашылығының атауы

Жануардың түрі

Ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны

Алып қоюдың бекітілген нормативі

Алып қоюға (дарақтарды) сұратылған квота

Соның ішінде (тұяқтылар үшін)

аталығы

аналығы

төлдері

















































      Берілген күні

      Мөрдің орны

      ______________________________________________________________

      (аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда))

      қолы _____________

  Жануарлар дүниесі объектілерін
алып қою квоталарын бөлу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық
ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын алуға арналған өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің

      атауы __________________________________________________________________________

      Жергілікті атқарушы органмен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған

      ______ жылғы "___" _____________ № ______шарт.

      Өткен жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға (балық жіберуге) жұмсалған

      қаражат көлемі _____________мың теңге.

      Жылына ______ тонна балық ресурстарын өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтың болуы.

      Өткен жылы бөлінген квотаның нақты игерілгені ________________ тонна.

      Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын аулау және басқа да су

      жануарларын олжалау құралдарының саны, сүзекі ____ дана, құрма ау ____ дана.

      Балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген балық аулау флоты, өздігінен

      жүретін (40 ат күшінен жоғары) ______ бірлік, шағын көлемді _______ бірлік.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__" ___________

      ________________________________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субъектісі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Мөр (бар болса) орны

      Қолы_____________

  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

      Балық шаруашылығы субъектісі _______________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі _________________

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Пайыздық жоғарғы бағалау көрсеткіші

Өтінімге сәйкес көрсеткіш саны

20 балдық жүйе бойынша баға

Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы

1

2

3

4

5

6

1.

Балық өсімін молайту іс-шараларына алдыңғы жылы жұмсалған қаражат көлемі, мың теңгемен

20




2.

Көліктік (балық аулайтын) флоттың болуы, оның ішінде:

20




1) өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары (бірлік)

13




2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар (бірлік)

7




3.

Балық пен басқа да су жануарларға алып қоюға бөлінген квотаның игерілуі (тонна)

20




4.

Балық аулайтын құралдардың бар-жоғы

20




1) сүзекі

10




2) құрма ау

6




3) ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарына арналған торлы дорба

4




5.

Балық ресурстарын және балық өнімдерін өңдейтін технологиялық жабдықтар (тонна/жылына).

20




Қорытынды

100




  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу қорытындылары

№ р/с

Балық шаруашылығы субъектісі

Рейтингтік коэффициенті (Р)

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (К)

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасы
(Л = Р х К)

1.





Қорытынды: