«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі –
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі) ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 28 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында:
1-қосымшасында:
Ескертпеде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Секторлар бойынша экономикалық қызметті бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелік бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелері бойынша) дербес қабылдайды және қаржы есепшоттарының қажетті жиынтығын жүргізумен ерекшеленеді. Әрбір жеке мекемелік бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түріне сәйкес тұтастай бір экономика секторына қатысы бар. Жіктеу принциптері экономиканың қызметтің негiзгi түріне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелік бiрлiктерден тұратынын негізге алады.»;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мекемелік бiрлiк активтерге ие болатын, өзіне міндеттемелер қабылдайтын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналысатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi.»;
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3» коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтерді басқару сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелік бiрлiктi бiлдiредi. Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар «Орталық (ұлттық) банктер» экономика секторына есепке алынады. Барлық басқа халықаралық ұйымдар «Орталық Үкімет» деген экономика секторына есепке алынады.»;
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұдан басқа осы топқа қызметі негiзгi қызметінен кiрiс табуды көздемейтін, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуімен қатаң шектелген, екiншi кезектегі (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады.»;
отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Үй шаруашылығы» секторы («9» коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкін (түгелдей немесе ішінара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтің (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бір түрлерін бірге пайдаланатын жеке тұлғалардың (отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелік бiрлiктердi бiлдiредi. Осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кіреді.»;
отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкін болмаса, «7» секторының кодын белгілей отырып, экономиканың бір секторына – мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар жатқызады.»;
2-қосымшасында:
Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
«9 - Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер» бөлімінде:
914, 915, 916, 917 және 918-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
914 |
Мемлекеттік кіріс органдары тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер |
915 |
Мемлекеттік кіріс органдары тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар |
916 |
Мемлекеттік кіріс органдары тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар |
917 |
Салық төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер |
918 |
Салық төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде өсімпұлдар |
»;
962-код мынадай редакцияда жазылсын:
«
962 |
Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген, қосылған құн салығын қайтару |
»;
964, 965, 966 және 967-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
964 |
Мемлекеттік кіріс органдары тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу |
965 |
Мемлекеттік кіріс органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар |
966 |
Мемлекеттік кіріс органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар |
967 |
Мемлекеттік кіріс органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар |
»;
976-код мынадай редакцияда жазылсын:
«
976 |
Бір мемлекеттік кіріс органынан басқа мемлекеттік кіріс органына есепке алу |
»;
980-бөлімшесі және 981, 982, 983, 984, 985, 986, 987, 988, 989-кодтар алып тасталсын;
995-код мынадай редакцияда жазылсын:
«
995 |
Мемлекеттік кіріс органдары салған әкімшілік айыппұлдар |
»;
Ескертпеде:
4-бөлімінің – «Қарыздар» бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, қарызды өтеуге сондай-ақ өзге де ілеспе төлемдерді (оның ішінде: қызмет көрсететін банкке комиссиялық сыйақы) қамтиды.»;
9-бөлім - «Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу» мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бөлім - «Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу»
Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару бойынша (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) кодтары кіреді.
911-код 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді аударған кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша, салық төлеу мерзімдері өзгергенде (ұзартылғанда), камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша төленетін сомалар жатпайды.
912-код салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдердің мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
913-код 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын; салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
914-код мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомаларын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады.
915-код мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
916-код мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін салынатын (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындарды қоспағанда), салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде салынған айыппұл сомалары жатпайды.
917-код төлеу мерзімі өзгертілген (ұзартылған) салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады.
918-код салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
919-код салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдардың сомалары төленген кезде қойылады. Оған салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын, 2014 жылғы
5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.
921-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті және өзге төлемдердің (өсімпұлды қоспағанда) сомаларын аударған кезде қойылады.
922-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген, салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
923-код ұсынылмаған Тауарлар әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш бойынша өсімпұл аударған кезде қойылады.
924-код қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған, мемлекеттік кіріс органдары тексеру жүргізу кезінде расталмаған сомасына есептелген өсімпұлды аудару кезінде қойылады.
961-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу кезінде қойылады.
962-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
963-код Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
964-код мемлекеттік кіріс органдары тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу кезінде қойылады.
965-код мемлекеттік кіріс органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына бюджеттен өсімпұл төлеу кезінде қойылады.
966-код мемлекеттік кіріс органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл төлеу кезінде қойылады.
967-код салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар төлеу кезінде қойылады.
968-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдардың артық немесе қателесіп төленген сомасын қайтару кезінде қойылады.
969-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу кезінде қойылады.
971-код бюджеттен артық (қателесіп) төленген салық сомаларын, басқа да міндетті және өзге төлемдерді салық төлеушінің банк шотына қайтару кезінде қойылады.
972-код нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
973-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы
1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу кезінде қойылады.
974-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы
1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару кезінде қойылады.
975-код бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салық сомалары мен бюджетке өзге міндеттемелерді бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына аударған кезде қойылады.
976-код салықтар, бюджетке басқа да міндетті және өзге төлемдерді басқа мемлекеттік кіріс органдарына қате есептеген кезде, басқа мемлекеттік кіріс органдарына артық немесе қате төленген салықты және төлемді аударған кезде қойылады.
977-код нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу кезінде қойылады.
978-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша төленген айыппұл сомасын қайтару кезінде қойылады.
979-код басқа да төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алулар және басқалары) және заемдарды қайтару үшін қойылады.
991-код жеке тұлғалар - азаматтар салықтар сомаларын, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын қоспағанда) аудару кезінде қойылады.
992-код жеке тұлғалар - азаматтар бюджетке міндеттемелерді уақтылы өтемегені үшін есептелген өсімпұл сомаларын төлеу кезінде қойылады.
993-код жеке тұлғалар - азаматтар 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.
994-код жеке тұлғалар - азаматтар өткен жылдары толық төленбеген салықтарды өтеу кезінде қойылады.
995-код әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кіріс органдары салған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.
996-код тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
997-код резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.
998-код пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.»;
3-қосымшада:
Мәліметтерді толтыру жөніндегі түсініктемелерде:
2-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшаның сегізінші абзацы алып тасталсын:
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«01 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ақша аудару жүйелері арқылы жіберген төлем;
02 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ақша аудару жүйелері арқылы жіберген төлем;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ақша төлемі және аударымдарын жүзеге асыру тәсілінің белгісі ақша төлемін және аударымдарын жүзеге асырудың мынадай қолданылған тәсілдеріне байланысты айқындалады:
01 - төлем тапсырмасын ұсыну (клиенттердің және қаржы ұйымының төлем тапсырмалары, сондай-ақ бағалы қағаздар үшін есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бастама жасаған төлем тапсырмалары орындалған жағдайда көрсетіледі);
02 - төлемдік талап-тапсырманы ұсыну;
03, 04, 05, 07, және 09 – операциялар түрлердің кодтарды қою «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) белгіленген талаптарына сәйкес қолданылады;
06 - тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектерді, жол чектерін беру (чек ұстаушыға тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектер төленген жағдайда, сондай-ақ, қолма-қол ақша алуға арналған чектерді қоспағанда, жол чектері төленуге қабылданған жағдайда көрсетіледі);
08 - төлем хабарламасын ұсыну;
10 - атқару парақтарының негізінде инкассалық өкімді ұсыну;
11 - банк шотын тікелей дебеттеу (банк шотын тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға ақша жіберушінің алдын ала келісімі болған жағдайда банк шотын тікелей дебеттеу шартына, банк заемы шартына, банк шоты шартына және басқа құжаттарға сәйкес жүзеге асырылған төлемдер орындалған жағдайда көрсетіледі);
12 - төлем ордерін ұсыну;
17 - почталық ақша аударымдары;
18 - банкоматтар арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
19 - ақша төлемі немесе аударымдарын жүзеге асырудың өзге де тәсілдері.».
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы наурыз-сәуірде, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 62 (1091) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредит беру, кепіл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың, оларға қосымша келісімдердің және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың үлгі нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгі нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты жасалатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрі - шарттардың түпнұсқалары) банктің заң қызметі басшысының (банктің филиалында - банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және қарыз алушы - заңды тұлғаның мөрімен және банктің мөрімен (ол болған кезде) расталады.»;
8-тармақта
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр бедері (бар болса) бар құжат, сондай-ақ қарыз алушы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте аталған құжаттар бар болғанда – банк олардың қайта беруді талап етпейді);»;
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) банктің уәкілетті органының арнайы есепке алу журналында тіркелген (нөмірі және шешімді қабылдау күні бойынша) кредит беруді (төлем карточкалары бойынша кредиттік лимитті белгілеу) мақұлдау жөніндегі банктің уәкілетті органының шешімінің тігілген, мөр басылған (ол болған кезде), әр парағы нөмірленген және электрондық түрде қайталанған көшірмесі немесе үзінді-көшірме;»;
9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр бедері (ол болған кезде) бар құжат, сондай-ақ қарыз алушы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте аталған құжаттар бар болғанда – банк олардың қайта беруді талап етпейді);».
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылы № 16 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
9-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіпте қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) жіберіледі.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарызды өтеу кестесінен басқа қарыз алушы – жеке тұлғаның арасында жасалатын шартқа осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған қол қойылған және банктің мөрі (ол болған кезде) басылған жадынама қоса беріледі.»;
қосымша Тізбенің 16-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
10. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7995 тіркелген, 2012 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 778-784 (27855) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларында:
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды межелі жерге жеткізгеннен кейін клиент инкассация қызметінің келу карточкасына алып келу жұмысын жүзеге асырғаны туралы қол қояды, оны заңды тұлға-клиенттің мөрін қоя отырып (бар болса), заңды тұлға-клиент кассирінің және бас бухгалтерінің (басшысының) қойған қолымен растайды. Банкке келгеннен кейін инкассаторлар бригадасының жетекшісі инкассация қызметінің басшысына келу карточкасын көрсетеді.»;
3-қосымша Тізбенің 17-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
8-қосымша Тізбенің 18-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7989 тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 771-775 (27847) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз тасымалдауыштағы Есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) бекітіледі және екінші деңгейдегі банкте бес жыл бойы сақталады. Есепте түзетулер мен тазартулар болмауы тиіс.»;
қосымша Тізбенің 19-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 431-432 (27894) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Қолма-қол ақшаны қабылдау ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлға) белгілеген лауазымды тұлға (тұлғалар), кассир және қолма-қол ақшаны енгізген тұлға қол қойған кіріс касса ордері (бұдан әрі - кіріс ордері) бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны енгізген тұлғаға лауазымды тұлға және кассир қол қойған, ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылған түбіртек (кіріс ордерінің жыртпа бөлігі) беріледі.»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Қолма-қол ақшамен есептеуді жүзеге асыру үшін ұйым әр касса үшін жеке касса кітабын жүргізеді. Кассалық кітаптар нөмірленеді, тігіледі және ұйымның мөрімен (ол болған кезде) бекітіледі. Касса кітабындағы парақтар саны ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы тұлғаның) және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.».
14. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде, 2014 жылғы 27 қарашада «Заң газеті» газетінде № 180 (2574) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тіркеуші инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады:
жарғының көшірмесі;
инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;
пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
инвестициялық пай қоры ережелерінің көшірмесі;
инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде), мынадай мәліметтер:
тіркеушінің атауы;
инвестициялық пай қорының атауы;
құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;
басқарушы компания өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар;
жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде), мынадай мәліметтер:
тіркеушінің атауы;
инвестициялық пай қорының атауы;
басқарушы компанияның атауы;
инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
кастодиан өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар.»;
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде) құжатта мынадай мәліметтер болады:
тіркеушінің атауы;
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлға өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.»;
34-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) расталады, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында растауын тіркеушіге жіберу жолымен растайды.»;
35-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды және эмитенттің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның мөр таңбасы (ол болған кезде) бар құжатта немесе мәміле тарабы болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариалды куәландырылған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.»;
89-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұйрықтардағы қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері, заңды тұлға мөрінің таңбасы (ол болған кезде) бар құжатта немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес келмегенде;».
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
6-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
7-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
8-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
9-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
10-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
11-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
12-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
13-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
14-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
15-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
16-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
«Банктік заем шартының міндетті
талаптарының тізбесін бекіту және
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын
жүргізу ережесін бекіту туралы»
2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына
қосымша
Нысан
Қарыз алушы жеке тұлғаға арналған
банктік қарыз шарты бойынша жадынама1
___ жылғы ____________ (күні, айы, жылы) № ___________
_____________ жылғы жағдай бойынша (күні, айы, жылы)
1 |
Жалпы сомасы және қарыз валютасы |
|
2 |
Қарыз мерзімі |
|
3 |
Төлемдер саны |
|
4 |
Сыйақы мөлшерлемесінің түрі (белгіленген немесе құбылмалы), жылдық пайыздармен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері |
|
5 |
Дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері |
|
6 |
Өтеуге жалпы сома |
|
7 |
Сыйақының жиынтық сомасы (осы жадынаманың 6 және 1-тармақтарында көрсетілген сомалардың айырмашылығы ретінде есептеледі) |
|
8 |
Негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері |
|
9 |
Сақтандыру шарттарының мерзімін ұзарту мерзімі |
|
10 |
Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатты пайдаланбағаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені үшін және сол сияқты) |
а)___________________________ |
11 |
Банк өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, банк мөрі (бол болған кезде) |
|
12 |
Қарыз алушы ____ жылғы ______№ ___________ (күні, айы, жылы) банктік қарыз шартының талаптарымен танысқан |
|
13 |
Қарыз алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы |
|
14 |
Күні |
_________________________
1 Осы Жадынаманың және _____жылғы ____________ (күні, айы, жылы) № ___________ банктік қарыз шартының мәтіні арасында алшақтықтар немесе қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда шарттың мәтініне басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
17-қосымша
Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Сенімхат
Осы сенiмхат __________________________________________________
(кiм бергенi көрсетілсін)
______________________________________________________ инкассаторына
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
банкпен жасалған шартқа сәйкес ұйымдардан ақшалай түсім салынған пломбаланған сөмкелерді алуға берілді.
Қазақстан Республикасының _________________ облысы ____________ ауданында әрбір жекелеген жағдайда жеке куәлігін, __________ қолы қойылған, банктің мөрімен расталған келу карточкасын міндетті түрде көрсете отырып, _____ жылғы «___» ________________ дейін қолданылады.
(күні цифрмен, айы жазбаша)
Өз қолымен жазылады ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________ расталады.
(қолы)
Басшы _________________________________
Бас бухгалтер _________________________
Мөр орны (бар болса)
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
18-қосымша
Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау
қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Инкассация қызметі жеткізетін құндылықтар кiтабы
Күні |
Бағыт нөмірі (күні) |
Бригаданың құрамы (тегі және инициалдары) |
Ұйымның атауы (мекенжайы) (касса бөлімшесінің басшысы толтырады) |
Жеткізілетін қолма-қол ақша сомасы (касса бөлімшесінің басшысы толтырады) |
Инкассаторлардың құндылықтарды қабылдағаны туралы белгі |
Ұйымның құндылықтарды жеткізуі туралы белгісі (қолы, мөрі) |
Касса бөлімшесі басшысының қабылданбаған сөмкелерді қабылдағаны туралы белгі |
Инкассация қызметі басшысының тапсырманы орындағаны туралы белгісі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
19-қосымша
Екінші деңгейдегі банктердің
тазартылған құйма алтынмен
және күміспен жүргізілетін
экспорттық операциялар жөніндегі
есептілікті беру нысандары,
мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулыққа қосымша
Нысан
________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің толық атауы)
тазартылған құйма алтынмен және күміспен
экспорттық операциялары бойынша
20___ жылғы ____________ *
есебі
(айы)
Тауардың толық атауы |
Импортердің елі |
Құймалар саны |
Салмағы (унция) |
Химиялық таза массасы (унция) |
Сатылған сомасы** |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Тазартылған алтын |
|||||
Тазартылған күміс |
* Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады.
** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.
Бірінші басшы (ол жоқ болғанда
- оның орнындағы тұлға) _______________ күні ________________
Бас бухгалтер _________________________ күні ________________
Орындаушы _____________________________ күні _______)________
Телефоны ______________________________
Мөр орны (бар болса)
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
20-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.