Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10715 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі –
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі) ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 25 ақпандағы  
№ 28 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы наурыз-сәуірде, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 62 (1091) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кредит беру, кепіл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың, оларға қосымша келісімдердің және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың үлгі нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгі нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты жасалатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрі - шарттардың түпнұсқалары) банктің заң қызметі басшысының (банктің филиалында - банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және қарыз алушы - заңды тұлғаның мөрімен және банктің мөрімен (ол болған кезде) расталады.»;
      8-тармақта
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр бедері (бар болса) бар құжат, сондай-ақ қарыз алушы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте аталған құжаттар бар болғанда – банк олардың қайта беруді талап етпейді);»;
      11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) банктің уәкілетті органының арнайы есепке алу журналында тіркелген (нөмірі және шешімді қабылдау күні бойынша) кредит беруді (төлем карточкалары бойынша кредиттік лимитті белгілеу) мақұлдау жөніндегі банктің уәкілетті органының шешімінің тігілген, мөр басылған (ол болған кезде), әр парағы нөмірленген және электрондық түрде қайталанған көшірмесі немесе үзінді-көшірме;»;
      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр бедері (ол болған кезде) бар құжат, сондай-ақ қарыз алушы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте аталған құжаттар бар болғанда – банк олардың қайта беруді талап етпейді);».
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылы № 16 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      9-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіпте қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) жіберіледі.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарызды өтеу кестесінен басқа қарыз алушы – жеке тұлғаның арасында жасалатын шартқа осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған қол қойылған және банктің мөрі (ол болған кезде) басылған жадынама қоса беріледі.»;
      қосымша Тізбенің 16-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      10. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.01.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7995 тіркелген, 2012 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 778-784 (27855) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларында:
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды межелі жерге жеткізгеннен кейін клиент инкассация қызметінің келу карточкасына алып келу жұмысын жүзеге асырғаны туралы қол қояды, оны заңды тұлға-клиенттің мөрін қоя отырып (бар болса), заңды тұлға-клиент кассирінің және бас бухгалтерінің (басшысының) қойған қолымен растайды. Банкке келгеннен кейін инкассаторлар бригадасының жетекшісі инкассация қызметінің басшысына келу карточкасын көрсетеді.»;
      3-қосымша Тізбенің 17-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      8-қосымша Тізбенің 18-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7989 тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 771-775 (27847) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қағаз тасымалдауыштағы Есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) бекітіледі және екінші деңгейдегі банкте бес жыл бойы сақталады. Есепте түзетулер мен тазартулар болмауы тиіс.»;
      қосымша Тізбенің 19-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 431-432 (27894) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Қолма-қол ақшаны қабылдау ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлға) белгілеген лауазымды тұлға (тұлғалар), кассир және қолма-қол ақшаны енгізген тұлға қол қойған кіріс касса ордері (бұдан әрі - кіріс ордері) бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны енгізген тұлғаға лауазымды тұлға және кассир қол қойған, ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылған түбіртек (кіріс ордерінің жыртпа бөлігі) беріледі.»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Қолма-қол ақшамен есептеуді жүзеге асыру үшін ұйым әр касса үшін жеке касса кітабын жүргізеді. Кассалық кітаптар нөмірленеді, тігіледі және ұйымның мөрімен (ол болған кезде) бекітіледі. Касса кітабындағы парақтар саны ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы тұлғаның) және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.».
      14. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде, 2014 жылғы 27 қарашада «Заң газеті» газетінде № 180 (2574) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тіркеуші инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады:
      жарғының көшірмесі;
      инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;
      пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      инвестициялық пай қоры ережелерінің көшірмесі;
      инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде), мынадай мәліметтер:
      тіркеушінің атауы;
      инвестициялық пай қорының атауы;
      құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;
      басқарушы компания өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар;
      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде), мынадай мәліметтер:
      тіркеушінің атауы;
      инвестициялық пай қорының атауы;
      басқарушы компанияның атауы;
      инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
      кастодиан өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар.»;
      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде) құжатта мынадай мәліметтер болады:
      тіркеушінің атауы;
      заңды тұлғаның атауы;
      заңды тұлға өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.»;
      34-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.
      Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) расталады, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында растауын тіркеушіге жіберу жолымен растайды.»;
      35-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды және эмитенттің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.»;
      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның мөр таңбасы (ол болған кезде) бар құжатта немесе мәміле тарабы болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариалды куәландырылған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.»;
      89-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бұйрықтардағы қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері, заңды тұлға мөрінің таңбасы (ол болған кезде) бар құжатта немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес келмегенде;».

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
1-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
2-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
3-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
4-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
5-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
6-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
7-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
8-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
9-қосымша         

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
10-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
11-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
12-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
13-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
14-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
15-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
16-қосымша       

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын  
және қаржы ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі Басқармасының    
«Банктік заем шартының міндетті     
талаптарының тізбесін бекіту және    
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын  
және қаржы ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау агенттігі Басқармасының   
«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын   
жүргізу ережесін бекіту туралы»    
2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына 
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына
қосымша                

Нысан

Қарыз алушы жеке тұлғаға арналған
банктік қарыз шарты бойынша жадынама1

___ жылғы ____________ (күні, айы, жылы) № ___________
_____________ жылғы жағдай бойынша (күні, айы, жылы)

1

Жалпы сомасы және қарыз валютасы


2

Қарыз мерзімі


3

Төлемдер саны


4

Сыйақы мөлшерлемесінің түрі (белгіленген немесе құбылмалы), жылдық пайыздармен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


5

Дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


6

Өтеуге жалпы сома


7

Сыйақының жиынтық сомасы (осы жадынаманың 6 және 1-тармақтарында көрсетілген сомалардың айырмашылығы ретінде есептеледі)


8

Негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері


9

Сақтандыру шарттарының мерзімін ұзарту мерзімі


10

Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатты пайдаланбағаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені үшін және сол сияқты)

а)___________________________
   (айыппұлдың, өсімпұлдың
  атауы, олардың мөлшерлері)
б)___________________________
   (айыппұлдың, өсімпұлдың
  атауы, олардың мөлшерлері)
в)___________________________
   (айыппұлдың, өсімпұлдың
  атауы, олардың мөлшерлері)

11

Банк өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, банк мөрі (бол болған кезде)


12

Қарыз алушы ____ жылғы ______№ ___________ (күні, айы, жылы) банктік қарыз шартының талаптарымен танысқан

13

Қарыз алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы


14

Күні


_________________________
      1 Осы Жадынаманың және _____жылғы ____________ (күні, айы, жылы) № ___________ банктік қарыз шартының мәтіні арасында алшақтықтар немесе қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда шарттың мәтініне басымдық беріледі.

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
17-қосымша       

Банкноттарды, монеталарды және 
құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау 
қағидаларына 3-қосымша    

Нысан

Сенімхат

      Осы сенiмхат __________________________________________________
                             (кiм бергенi көрсетілсін)
______________________________________________________ инкассаторына
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
банкпен жасалған шартқа сәйкес ұйымдардан ақшалай түсім салынған пломбаланған сөмкелерді алуға берілді.
      Қазақстан Республикасының _________________ облысы ____________ ауданында әрбір жекелеген жағдайда жеке куәлігін, __________ қолы қойылған, банктің мөрімен расталған келу карточкасын міндетті түрде көрсете отырып, _____ жылғы «___» ________________ дейін қолданылады.
                        (күні цифрмен, айы жазбаша)

      Өз қолымен жазылады ___________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________ расталады.
        (қолы)

      Басшы _________________________________
      Бас бухгалтер _________________________

      Мөр орны (бар болса)

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
18-қосымша       

Банкноттарды, монеталарды және 
құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау 
қағидаларына 8-қосымша    

Нысан

Инкассация қызметі жеткізетін құндылықтар кiтабы

Күні

Бағыт нөмірі (күні)

Бригаданың құрамы (тегі және инициалдары)

Ұйымның атауы (мекенжайы) (касса бөлімшесінің басшысы толтырады)

Жеткізілетін қолма-қол ақша сомасы (касса бөлімшесінің басшысы толтырады)

Инкассаторлардың құндылықтарды қабылдағаны туралы белгі

Ұйымның құндылықтарды жеткізуі туралы белгісі (қолы, мөрі)

Касса бөлімшесі басшысының қабылданбаған сөмкелерді қабылдағаны туралы белгі

Инкассация қызметі басшысының тапсырманы орындағаны туралы белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
19-қосымша       

Екінші деңгейдегі банктердің 
тазартылған құйма алтынмен  
және күміспен жүргізілетін  
экспорттық операциялар жөніндегі
есептілікті беру нысандары, 
мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулыққа қосымша    

Нысан

________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің толық атауы)
тазартылған құйма алтынмен және күміспен
экспорттық операциялары бойынша
20___ жылғы ____________ *
есебі

(айы)

Тауардың толық атауы

Импортердің елі

Құймалар саны

Салмағы (унция)

Химиялық таза массасы (унция)

Сатылған сомасы**

1

2

3

4

5

6

Тазартылған алтын






Тазартылған күміс






      * Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады.
      ** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.

      Бірінші басшы (ол жоқ болғанда
      - оның орнындағы тұлға) _______________ күні ________________
      Бас бухгалтер _________________________ күні ________________
      Орындаушы _____________________________ күні _______)________
      Телефоны ______________________________
      Мөр орны (бар болса)

Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызмет үшін 
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша   
Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін  
нормативтік құқықтық   
актілерінің тізбесіне   
20-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.