"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген |
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобалау объектілерінің күрделілігін анықтау үшін критерийлерді белгілейді.
Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік (мемлекетаралық) техникалық регламенттер мен нормаларға сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар тапсырыс берушілер, құрылыс жобаларын әзірлеушілер, сараптау ұйымдары және жобалауға арналған тапсырманы жасауға, техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қажеті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) жинау мен ресімдеу бойынша жобалауға дейінгі рәсімдерді жүргізуге қатысушылар үшін басшылық құжат болып табылады.
3. Қағидаларда белгіленген критерийлер бойынша жобаланған ғимараттар мен құрылыстар бір мезгілде техникалық жағынан күрделі, сондай-ақ технологиялық жағынан күрделі болуы мүмкін.
Өндірістік мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілер бір мезгілде "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген белгілер бойынша әлеуетті қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылуы мүмкін.
4. Функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілігіне қарамастан техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге мыналар жатады:
1) өндірістік немесе тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы бірегей объектілер, оларды жобалау және салу үшін мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген және арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) әзірлеу, келісу мен бекіту талап етіледі;
2) азаматтық қорғаныстың ғимараттары мен құрылыстарының кешені (коммуникацияларды қоса алғанда);
3) ғарыш инфрақұрылымы объектілері, оның ішінде:
іске қосу кешендері, басқарудың, ақпарат алмасудың және өңдеудің жерүсті кешендері;
антенналық кешендер, обсерваториялар;
тәжірибелік өндірістер және ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар;
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты объектілер.
2-тарау. Өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағынан күрделілігін айқындау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Жобаланған объектінің техникалық жағынан күрделілігі мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерде көзделген, ықтимал сейсмикалық қауіпті, өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларды, сондай-ақ объектінің орналасқан жерінің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, есептер, жүктемелер және әсерлер бойынша негізгі ережелерді айқындайтын негіздер мен құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша оның жауапкершілік деңгейіне байланысты белгіленеді.
6. Ғимараттар мен құрылыстардың ықтимал экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдармен сипатталатын, жалпы объекті конструкциясының немесе негізгі элементтерінің (жекелеген бұйымдардың) тіреу қабілетін толық немесе ішінара жоғалуға алып келетін жауапкершілік дәрежесін есептеу үшін ғимараттар мен құрылыстардың мынадай жауапкершілік деңгейлері белгіленеді:
бірінші – жоғары;
екінші – қалыпты;
үшінші – төмендетілген.
7. Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, жауапкершілігі бірінші (күшейтілген) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады.
Өндірістік мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) (бұдан әрі – №353 бұйрық) сәйкес, солай деп сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер де жатады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Техникалық жағынан күрделі объектілерге жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жауапкершілігі екінші (қалапты) деңгейдегі объектілер жатпайды.
9. Жаңа объектілерді және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруды, қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, жобаланған объектінің жауапкершілік деңгейін төменде көрсетілген параметрлер бойынша тапсырыс беруші айқындайды:
1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:
өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
осы Қағидаларда көрсетілмеген, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және № 353 бұйрыққа сәйкес солай деп сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер;
атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);
қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және одан жоғары жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;
домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) және одан астам түтін мұржалары;
аралығы 100 м (метр) және одан астам, биіктігі 50 м (метр) және одан биік және (немесе) жүк көтергіштігі 32 тонна және одан астам крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;
геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымда 480-нен артық адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері, сондай-ақ 50-ден астам төсек орынға арналған стационарлары бар аурухана ғимараттары;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 500-ден астам адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 1200-ден астам адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
200 және одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;
жобалау құжаттамасында мынадай сипаттамалардың кемінде біреуі:
тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар қоспағанда, биіктігі 50 м (метр) астам;
өндіріс объектілерін қоспағанда аралығы 50 м (метр) астам;
15 м (метр) асатын консольдің болуы көзделген конструктивті шешімдері және (немесе) конструкциялары бірегей құрылыс объектілері;
жердің жоспарлау белгісінен 10 м (метр) астам төмен жерасты бөлігін немесе жерасты қабатының санын екіден астам тереңдету;
оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттері ескеріле отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялар мен конструкциялық жүйелердің болуы;
тергеу изоляторларын, түзеу колонияларын, түрмелерді қоса алғанда, инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері және басқа да объектілері) бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;
өзге құрылыстар:
сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) және одан астам мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
I және II сыныпты гидротехникалық құрылыстар;
жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін, I, II және III санаттағы жерасты мұнай, мұнай өнімдері және газ қоймалары;
қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) жоғары газ тарату желілерінің объектілері;
I және II сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;
топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);
өнімділігі тәулігіне 10 000 м3 (тәулігіне текше метр) және одан астам сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;
диаметрі 800 мм (миллиметр) және одан жоғары магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
биіктігі 100 м (метр) және одан биік теледидар мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;
кернеуі 220 кВ (кило Вольт) астам электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
Iа санатты автомобиль жолдары (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 және одан астам) және олардағы құрылыстар;
елді мекендер шегіндегі магистральдық жүрдек қозғалыс жолдары, жалпықалалық маңызы бар магистральдық үздiксіз қозғалыс көшелері және олардағы құрылыстар;
бірыңғай кешен ретінде салынатын магистральдық теміржолдар;
барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) және одан астам көпір құрылыстары;
теміржол және автомобиль жолдары тоннельдері;
метрополитендер;
әуежайлар, ұшу-қону жолақтары және өзге де авиациялық инфрақұрылым объектілері;
спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;
ғарыш айлақтарын қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілері; ұшыру кешендері және тасымалдағыш зымырандарды іске қосу қондырғылары; ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері; команда беру-өлшеу кешендері; ақпаратты қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер; ғарышты зерттеудің ғылыми-экспериментальдық базасы; антенналық кешендер; обсерваториялар; тәжірибелік өндірістер; ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар; объектілердің қауіпсіздігі мен инженерлік-техникалық беріктігін қамтамасыз етуге байланысты ғимараттар мен құрылыстар;
азаматтық қорғаныс объектілері;
көлемі жылына 100 мың және одан астам тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
қауіптілігі I, II және III сыныпты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар;
2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:
өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;
домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі түтін мұржалары;
өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан жоғары және алаңы 2000 шаршы метрден жоғары қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін, сақтау қоймалары) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі, биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан (қоса алғанда) 32 тоннаға дейінгі крандары бар өндіріс объектілері (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа да өнеркәсіп салаларының объектілері);
элеваторлар;
сақтау көлемі 500 т (тонна) (қоса алғанда) астам астық қоймалары;
сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал басының саны 1500-ден (қоса алғанда) астам мал шаруашылығы кешендері мен фермалар, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-нан астам (қоса алғанда) шошқа шаруашылығы);
мал басы саны жылына 6 млн. бастан (жылына млн. бас) (қоса алғанда) асатын құс фермалары мен кешендері;
алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) астам (қоса алғанда) жылыжай кешендері;
көлемі 5 т/сағ. (сағатына тонна) (қоса алғанда) астам құрама жем заводтары мен цехтар;
ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;
ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;
кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда) күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 3 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;
сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
оқушылар саны 600 астам орта мектеп (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары (қоса алғанда);
бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;
вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан асатын (қоса алғанда) тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;
өзге құрылыстар:
сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
III және IV сыныпты гидротехникалық құрылыстар;
жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың IIIб және IIIв санатындағы жерасты қоймалары;
қысымы 1,2 МПа (МегаПаскаль) дейінгі (қоса алғанда) өндірістік мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
қысымы 0,3 МПа-дан (МегаПаскаль) 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;
топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);
өнімділігі тәуілігіне 500 м3 (текше метрден) 10 000 м3 (текше метрге) дейін (тәуілігіне текше метр) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;
траншеясыз әдіспен орындау кезінде шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен су жинау құрылыстары;
шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) бастап (қоса алғанда) 800 мм (миллиметр) дейінгі магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
тұрғындар саны 500 адамнан жоғары (қоса алғанда) жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) және одан жоғары, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) жоғары сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;
магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі телевизиялық мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;
кернеуі 35 кВ бастап 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
Iа (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 кем), Iб, II, III санаттарындағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) дейінгі көпір құрылыстары;
9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалық және ауылдық елді мекендердегі көшелер мен жолдар, өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);
жекелеген жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;
көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
қауіптілігі IV сыныпты утты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму полигондары;
3) техникалық жағынан күрделілерге жатпайтын жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:
өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан кем (қоса алғанда) және алаңы 2000 шаршы метрден кем (қоса алғанда) қоймалар, тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден кем, биіктігі 12 метрден кем және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі крандары бар өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа өнеркәсіп салаларының объектілері);
сақтау көлемі кемінде 500 т (тонна) астық қоймасы;
сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал шаруашылығы кешендері мал басының саны 1500 басқа дейінгі мал шаруашылығы фермалары, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-ға дейінгі шошқа шаруашылығы;
мал басы саны жылына 6 млн. басқа (жылына миллион бас) дейінгі құс фермалары мен кешендері;
алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) дейінгі жылыжай кешендері;
көлемі 5 т/сағ-қа (сағатына тонна) дейінгі құрама жем зауыттары мен цехтар;
ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;
ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;
бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан асатын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;
жайылымдарды суландыру жүйесі;
кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейін (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 МВт (Мега Ватт) кем күн энергиясы пайдалану бойынша объектілер;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
геологиялық (гидрогеологиялық және инженерлі) және сейсмикалық жағдайларға қарамастан, жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үйлер;
жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандарға арналған әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымына 50-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
сыйымдылығы 50 орынға дейінгі қоса алғанда қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
жоғары және орта арнайы оқу орындарының ғимараттары;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
50-ге дейін (қоса алғанда) жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
сыйымдылығы 50 балаға дейін (қоса алғанда) мектеп-интернаттарының, балалар демалыс лагерьлерінің демалу корпустарының ғимараттары;
сыйымдылығы кемінде 600 оқушы жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;
бір мезгілде 10 бірліктен аспайтын (қоса алғанда) көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда), жер астындағы биіктігі 2 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтары;
вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан аспайтын тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;
жалпы ауданы 20 шаршы метрден асатын дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;
өзге құрылыстар:
0,3 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) қысыммен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
өнімділігі тәулігіне 500 м3 дейін (тәуілігіне текше метр) (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;
траншеясыз тәсілмен орындау кезіндегі шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;
шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су жинау ұңғымаларын мен құрылыстарын жайластыру;
шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
тұрғындар саны 500 адамнан аспайтын жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) кем, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) кем (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері;
кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейін (қоса алғанда) электр беру желілері мен өзге де электр желілік шаруашылық объектілері;
кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт (Киловатт) асатын электрмен жабдықтау желілерін салуды;
байланыс желісінің аймақтық және жергілікті желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;
IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
4) жауапкершілігі III (төмендетілген) деңгейдегі объектілер:
екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер;
жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
алаңішілік байланыс желілері;
жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыру;
бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын (қоса алғанда) балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;
контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар);
өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар;
маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары;
автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждар;
желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеу;
шағын сәулет нысандары және аумақты қоршау;
ашық спорт алаңдары, тротуарлар, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеу;
технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеу және ауыстыру;
инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғау;
жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар);
тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан учаске беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт (Киловатт) дейінгі электрмен жабдықтау желілері;
әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт дабылы жүйесі;
аулалық үлгідегі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және су бұру желілері;
жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілері және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2021 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Салынуы көзделген объектінің жауапкершілік деңгейін жобаны жобалау процесінде есептер, жүктемелер және әсер етулер бойынша негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленетін, сондай-ақ:
1) жобаланған объектінің функционалдық мақсатын, сондай-ақ болашақ пайдалану барысында технологиялық процестерге байланысты, объекті мен оның бөліктерінің конструктивтік схемаларына жүктемелер мен әсерлерді;
2) қолданылатын тіреу және қоршау конструкцияларының ерекшеліктерін;
3) қабаттар (конструкциялық қатарлар) санын;
4) құрылыс салынатын жердің сейсмикалық қауіптілігі немесе өзге де ерекше жағдайлары;
5) жел немесе қар жүктемесі және басқа да табиғи құбылыстар сияқты өзге де сыртқы әсерлерді ескере отырып жүргізілген конструкцияларды (конструктивтік схемаларды) есептеудің нәтижелері бойынша, негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша әзірлеуші (бас жобалаушы) нақтылайды.
Белгіленген жауапкершілік деңгейі ғимараттың немесе құрылыстың техникалық сипаттамалары ретінде (жалпы түсіндірме жазба және жобалау құжаттамасының тиісті бөлімдерінде) жобаның материалдарында тіркеледі.
Жаңа ғимараттар мен құрылыстар кешенін салуды көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі жауапкершілік деңгейі неғұрлым жоғары ғимарат (құрылыс) бойынша белгіленеді.
Қолданыстағы объектілер кешенінің аумағында ғимараттарды (құрылыстарды) кеңейтуді, реконструкциялауды көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі жауапкершілік деңгейі неғұрлым жоғары ғимарат (құрылыс) бойынша белгіленеді.
Қолданыстағы объектілер кешенінің аумағында жаңа ғимараттарды (құрылыстарды) салуға немесе оларды модернизациялауды, күрделі жөндеуді көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде, егер тапсырыс беруші және бас жобалаушы көрсетілген құрылыс объектісі кешеннің басқа объектілерімен техникалық және технологиялық тұрғыдан байланысты емес дербес ғимарат ретінде қарастырылады деп белгілесе, жауапкершілік деңгейі оның функционалдық мақсаты мен өзге ерекшеліктері ескеріле отырып, дербес ғимарат (құрылыс) үшін сияқты белгіленеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.12.2016 № 517 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Жобаланған кәсіпорындардың, өндірістік кешендердің (кешеннің құрамындағы қосалқы мақсаттағы объектілерді қоса алғанда) және инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымдардың желілік құрылыстарының технологиялық жағынан күрделілігі берілген:
1) жобаланған объектінің функционалдық мақсатына;
2) өндірістік қуаттың көрсеткіштеріне (пайдалану жүктемесіне, өткізу қабілеттілігіне, сыйымдылығына және өзге де негізгі параметрлер мен сипаттамаларға);
3) желілік құрылыстардың санаттарына (сыныптарына, топтарына, разрядтарына), оның ұзындығына;
4) объектінің орналасқан жерінің немесе желілік құрылыстардың (трассалардың) әрбір учаскелерінің табиғи-климаттық жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып, объектінің конструкцияларына жүктемелерге және сыртқы әсерлерге, ықтимал сейсмикалық қауіптілікке немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайларға байланысты айқындалады.
12. Өндірістік мақсаттағы объектілерді, сондай-ақ өзге де өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кешендерді технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың негізгі критерийлері жобаланған кәсіпорындарда және өнеркәсіптік кешендерде бір немесе бірнеше мынадай белгілердің болуы болып табылады:
1) қауіпті техникалық құрылғылармен жабдықталатын немесе "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген қауіпті өндірістік объектілердің өзге де белгілері бар өнеркәсіптің әртүрлі саласының объектілері;
2) атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды сақтау пункттері, қоймалар);
3) қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және жоғары жылу-энергетикалық объектілер;
4) домен пештерінің орталық тораптары;
5) биіктігі 100 және оданда жоғары метрлік әртүрлі мақсаттағы кәсіпорындар мен мұнаралық (мачталық) құрылыстардың түтін құбырлары;
6) аралығы 100 м (метр) және одан көп, биіктігі 50 м (метр) және (немесе) одан биік өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
7) сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) және одан көп мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
8) мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың жобалау және құрылыс салу саласындағы мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленетін, I, II, IIIа, IIIб және III санаттағы жерасты қоймалары;
9) I және II сыныптағы кешенді су шаруашылығы мақсатындағы каналдарды қоса алғанда, I, II, III және IV сыныптағы негізгі гидротехникалық құрылыстар және олардағы құрылыстар;
10) кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда) күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілері.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жеке тапсырыс бойынша жобаланған инженерлік инфрақұрылымдардың технологиялық жағынан күрделі объектілеріне:
1) газдың немесе мұнай өнімдерінің I, II, III және IV сыныпты магистральдық құбырлары;
2) қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) астам табиғи газды немесе қысымы 1,6 МПа (Мега Паскаль) астам сұйытылған көмірсутекті газды сақтау үшін пайдаланылатын газ тарату жүйелерінің құрылыстары;
3) шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) астам кәріздік коллекторларды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау (топтық су тартқыштарды қоса алғанда) және су бұру желілері және олардағы қосалқы құрылыстар;
4) өнімділігі 10 000 т/м3 (тәуілігіне текше метр) астам су құбырлары, кәріздік тазарту құрылыстары және бас тоғандар, өнімділігіне қарамастан өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту құрылыстары, әрекет ету сенімділігі 1-ші санаттағы су құбырлары және сорғы станциялары;
5) шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) астам магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы қосалқы құрылыстар;
6) кернеуі 110 кВ (кило Вольт) астам әуе және кабельдік электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Жеке тапсырыс бойынша жобаланған инженерлік инфрақұрылымдардың технологиялық жағынан күрделі объектілеріне:
1) магистральдық кабельдік байланыс желілері;
2) елді мекендерді және ортақ пайдаланудағы учаскелерде құрылыс салынған аудандарды сыртқы (көшелік) электрмен жарықтандыру;
3) елді мекендердегі орамішілік тарату байланыс желілері (телефондандыру, кабельді теледидар);
4) елді мекендері сумен жабдықтау және су бұру схемаларына сәйкес құбырдың шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі орамішілік су құбыры және кәріз желілерін қоса алғанда;
5) өнімділігі тәулігіне 10 мың м3 (текше метр) кем тазарту құрылыстары, жерүсті ағынды сулардың және дренаждың сорғы станциялары, су құбырлары, кәріздік тазарту құрылыстары және бас тоғандар, әсер ету сенімділігі II және III санаттағы су құбырлары және кәріздік сорғы станциялары;
6) кернеуі 110 кВ (кило Вольт) дейінгі әуе және кабельдік электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілерін қоса алғанда жатпайды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.11.2015 № 685 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2021 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.15. Көліктік инфрақұрылымдардың технологиялық жағынан күрделі объектілеріне:
1) ортақ пайдаланудағы I-a, I-б автомобиль жолдары, сондай-ақ II және III санаттағы олардағы құрылыстар;
2) елді мекендердегі жүрдек және реттелетін қозғалыстың магистральдық автомобиль жолдары, үздiксiз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері және олардағы құрылыстар;
3) инфрақұрылым объектілері бар I, II, III және IV санаттағы магистральдық темір жолдар, сондай-ақ санаты жоқ жүрдек және ерекше жүк тиелген темір жолдар;
4) қосалқы объектілері бар станция ішінде қосатын және кіреберіс темір жолдар;
5) барлық санаттағы автомобиль жолдарындағы және темір жолдардағы тоннельдер мен көпір құрылыстары;
6) метрополитендер құрылыстарының кешені;
7) аэродромдар және әуежайлар, оның ішінде ұшу-қону жолақтары және алаңдары, әуе көліктері инфрақұрылымдарының өзге де объектілері;
спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары жатады.
16. Көліктік инфрақұрылымдардың технологиялық жағынан күрделі объектілеріне:
осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілмеген елді мекендердің көшелері, өтпе жолдары мен жолдары;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);
көпір құрылыстары – жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ велосипедтерді, жеңіл моторлы және жүк көліктерін қоса алғанда, көлік құралдарының жеңіл түрлері жүруге арналған өткелдер жатпайды.
4-тарау. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жобаланған ғимараттар мен құрылыстардың технологиялық жағынан күрделілігі объектінің функционалдық мақсатына, жобалау қуатының берілген параметрлеріне (сыйымдылығына, өткізу қабілеттілігіне), пайдалану үдерістерінің күрделілігіне және (немесе) олардың технологиялық жағынан жарақтануына қойылатын дәрежелерге байланысты айқындалады.
18. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілерге:
1) қоғамдық ғимараттар:
қауіпсіздік және лаңкестікке қарсы күрес іс-шаралары үшін арнайы құрылғыларды талап ететін республикалық және облыстық басқарманың әкімшілік органдары;
арнайы жасанды микроклимат құрылғылары мен қорғау іс-шараларын талап ететін республикалық маңызы бар мұражай, мемлекеттік мұрағаттар, ұлттық және мәдени құндылықтар қоймалары;
2) құрылыс алаңында сейсмикалық және өзге де ерекше геологиялық, гидрогеологиялық немесе геотехникалық жағдайлардың болуына қарамастан, биіктігі 10 жерүсті қабат және одан асатын көп функционалды көп қабатты кешендер;
3) арнайы техникалық шешімдерді талап ететін, объектінің биіктігіне байланысты адам тұру үшін қосымша қауіпті жоятын биіктігі 12-ден асатын жерүсті қабаты бар тұрғын ғимараттар;
4) нөмірлер саны 70-тен асатын және жалпы сыйымдылығы 100-ден астам адам тұруға арналған жерүсті қабаты 9-дан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
5) денсаулық сақтау объектілері:
ауысымына 480 және одан көп адам қабылдайтын стационары жоқ емханалар (амбулаториялар);
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалар, мамандандырылған стационарлар мен диспансерлер, сондай-ақ 100 және одан көп төсектік көп бейінді стационарлар;
100 және одан көп төсектік сауықтыру орталықтары;
6) бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден жоғары (қоса алғанда) адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
7) 200 және одан астам жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары, сондай-ақ сыйымдылығы 200 отыратын орыннан асатын жеке тұрған бір және екі қабатты қоғамдық тамақтану объектілерінің ғимараттары;
8) жоғары және орта арнайы оқу орындарының кешендері (жеке тұрған спорт кешендерін, тамақтану блоктарын, тұрғын қалашықтарды және жатақханалар корпустарын қоспағанда кампустар):
биіктігі 9 және одан көп жерүсті қабатындағы әкімшілік корпустар:
биіктігі 9 және одан көп жерүсті қабатты оқу, оқу-зертханалық корпустар және шеберханалар;
9) сыйымдылығы 600 және одан астам оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер);
10) орын саны 95 және одан астам балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру объектілері;
11) сыйымдылығы 100 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
12) инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері, ғибадат құрылыстары және өзге де объектілері) бар тергеу изоляторларын, түзету колонияларын, түрмелерді қоса алғанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;
13) көліктік инфракұрылымның азаматтық объектілері:
өткізу қабілеті тәулігіне 150 және одан көп жолаушыны қоса алғандағы темір жол вокзалдары;
өткізу қабілеті тәулігіне 100 және одан көп жолаушыны қоса алғандағы автовокзалдар (автостанциялар);
өткізу қабілеті сағатына 100 және одан көп әуе жолаушысын қоса алғандағы, адамдарға қызмет көрсетуге арналған қалалық аэровокзалдар және әуежайлардың жолаушылар терминалдары;
100 және одан көп адамды қоса алғандағы күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдары (жүзу айлақтарын және дебаркадерлерді қоспағанда);
14) өртке қарсы қызмет органдарының объектілері:
қалалар мен кәсіпорындарды күзету үшін 6, 8, 10, 12 автомобильге арналған I және III үлгідегі тиісінше орталық өрт деполары;
қалалар мен кәсіпорындарды күзету үшін 2, 4, 6 автомобильге арналған II және IV үлгідегі тиісінше өрт деполары жатады;
15) бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден жоғары (қоса алғанда) адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.07.2016 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілерге осы Қағидалардың 18-тармағына енгізілмеген объектілер де жатады, бірақ олардың берілген параметрлері осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген критерийлерден жоғары болып табылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілерге мынадай ғимараттар мен құрылыстар және олардың кешендері:
1) құрылыс ауданындағы сейсмикалық және өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық жағдайлардың болуына қарамастан, биіктігі 9-ға дейінгі (қоса алғанда) жерүсті қабаты бар аз қабатты және орташа қабатты тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және жатақханалар;
2) нөмірлер саны 70-тен аспайтын және жалпы сыйымдылығы 100-ден аспайтын адам тұруға арналған жерүсті қабаты 9-ға дейінгі (қоса алғанда) қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
3) сыйымдылығы 600-ден кем оқушы және биіктігі 3 жерүсті қабатынан аспайтын, сондай-ақ қолданыстағы құрылыстың тығыз орналасқан учаскелері үшін 4 жерүсті қабатынан аспайтын жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер);
4) 95-тен кем емес орындық және биіктігі 3 жерүсті қабатынан аспайтын мектепке дейінгі білім беру объектілері;
сыйымдылығы 100 баладан аспайтын және биіктігі 3 жерүсті қабатынан аспайтын жеке тұрған мектеп-инернаттарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің жатын корпустары;
6) емдеу-профилактикалық мекемелер:
ақылы балалар ауруханаларын қоса алғанда, биіктігі 5 жерүсті қабатынан аспайтын, сыйымдылығы 100 төсектен кем көп функционалды
(оның ішінде аналарымен бірге 3 жасқа дейінгі балаларға арналған) ауруханалар;
сыйымдылығы 100 төсектен аспайтын, биіктігі 2 жерүсті қабатынан аспайтын жеті жасқа дейінгі балаларға арналған балалар ауруханалары (балаларға арналған бөлімдердің корпустары) және ақылы балаларға арналған психиатрлық бөлімшелердің палаталары;
ауысымына 480-ге дейінгі адамды қоса алғанда қабылдайтын, биіктігі 5 жерүсті қабатынан аспайтын емханалар;
бір - екі қабатты жеке тұрған алғашқы медициналық қызмет көрсету пункттері;
7) бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ге дейін адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
8) бір мезгілде 400-ден астам адам бола алатын және биіктігі 5 жерүсті қабатынан аспайтын көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқарушы және мәдени-ағарту ғимараттары;
9) бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ге дейін адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
10) бір мезгілде 150 адамнан астам келушілерге және қызмет көрсететін персоналға арналған монша-кір жуу, сауықтыру және дене шынықтыру, сондай-ақ спорт-ойын-сауық кешендерінің жеке тұрған бір және екі қабатты ғимараттары және жабық құрылыстары;
11) жұмыс орнының саны 200-ден кем шағын кәсіпкерлік субъектілерінің халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуіне арналған өндірістік процестері бар жеке тұрған бір және екі қабатты ғимараттар;
12) сыйымдылығы 200-ді қоса алғандағы отыратын орыннан аспайтын жеке тұрған бір және екі қабатты қоғамдық тамақтану объектілері;
13) сауда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын бөлшек сауда кәсіпорындарының бір және екі қабатты ғимараттары және сауда орындарының саны 300 бірліктен аспайтын жабық базарлар;
14) биіктігі 3 жерүсті қабатынан аспайтын көліктік инфрақұрылымның азаматтық объектілері:
өткізу қабілеті тәулігіне 150 жолаушыдан аспайтын темір жол вокзалдары;
өткізу қабілеті тәулігіне 100 жолаушыдан аспайтын автовокзалдар (автостанциялар);
өткізу қабілеті сағатына 100 адамнан аспайтын әуе жолаушыларына, адамдарға қызмет көрсетуге арналған қалалық аэровокзалдар және әуежайлардың жолаушылар терминалдары;
100 аспайтын адам бола алатын күту залы бар теңіз және өзен вокзалдары (жүзу айлақтарын және дебаркадерлерді қоспағанда);
15) жеке тұрған:
шағын елді мекендерді (қалаларды қоспағанда) күзету үшін 2, 4 автомобильге арналған V үлгідегі өрт депосы;
бір мезгілде көлік құралдарының 10 бірлігіне дейін (қоса алғанда) қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар);
жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда), жер астындағы биіктігі 2 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтар;
16) жек тұрған шаруашылық үй-жайлары (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап етпейтін қоймалар және сақтау қоймалары), сондай-ақ құрылыс салған және пайдаланған кезде арнайы жобалау шешімдері мен өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ аэрацияның, ылғалдылықтың, температуралық режимнің нормативтік деңгейін қолдау жөніндегі ерекше шарттарды, дірілді шектеуді және өзге де арнайы нормативтік талаптарды талап етпейтін қоймалар (сақтау қоймалары) үй-жайлары бар жапсарлас салынған (жапсарлас-жанастыра салынған) азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстар;
17) мыналарды:
аумақты инженерлік дайындауды;
электрмен жабдықтауды және сыртқы электрмен жарықтандыруды;
жергілікті сумен жабдықтау (оның ішінде суару желілерін) және су бұру жүйелерін;
шағын сәулеттік нысандарды және сәндік-көркемдік құрылыс элементтерін;
өткелдердің жол жабындарын және жаяу жүргіншілер жолдарын;
балаларға арналған ойын алаңдарын және аттракциондарды;
тұрақ құрылыстарын және су құрылыстарын қоса алғанда, елді мекендерде құрылыс салынатын аумақты абаттандыру және көгалдандыру жатпайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.07.2016 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.12.2016 № 517 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Технологиялық жағынан күрделілік деңгейі монументтік құрылыстарға жататын объектілер, сондай-ақ мемориалдық сипаттағы өзге де объектілер үшін белгіленбейді.