БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) өндіріс тоқтатылған (таратылған), болмаған жағдайда немесе жұмыс өндірісінің бекітілген жоспарына сәйкес құрылыс үшін талап етілетін мерзімде жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы отандық тауар өндірушілерді жазбаша растай отырып, өндіріс көлемі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қажетті қажеттілігін жаппайтын болса, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құндық көрсеткіштерден аспаған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушінің келісімі бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық өндірушіге ауыстыруды жүргізеді, бұл ретте құрылыс/жаңғырту/реконструкциялау мерзімі мынадай объектілер үшін:
6 айдан аспайтын - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей;
6 айдан 1 жылға дейінгі - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей;
1 жылдан астам - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілерге жүгінуге тиіс.
Отандық тауар өндірушімен жазбаша растау ұсыну регламенті тапсырыс беруші (мердігер) өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды. Отандық тауар өндірушімен жазбаша растау мерзімінде ұсынылмаған жағдайда тапсырыс беруші (мердігер) тиісті растаусыз ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді;";
көрсетілген бұйрыққа 3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.04.2026 № 161 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.04.2026 № 161 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
Тапсырыс беруші:
_____________________________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Мердігер:
_____________________________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Құрылыс:
_____________________________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Объект:
_____________________________________________________________________
(атауы)
_______________ № _______Мердігерлік шарт (келісімшарт)
Орындалған жұмыстар актісі ____________(жылы, айы) ________ жұмыстары үшін
Негіздеме:
20___ жылғы ағымдағы бағада жасал(ды)ған тенге
Нөмірі | Норматив позициясының шифры | Жұмыстар мен шығындардың атауы, өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі | Саны | Бірліктің құны | ||
Реттік саны | Смета бойынша | Барлығы | Машиналарды пайдалану | ||||
құрылысшы жұмысшылардың жалақысы | машинистердің жалақысы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Орындалған жұмыстар | Үстеме шығыстар | ҮШ жэне СП құнының жиынтығы, теңге | Жасалған елі | ||
Барлығы | Машиналарды пайдалану | Материалдар | сметалық пайда | ||
құрылысшы жұмысшылардың жалақысы | машинистердің жалақысы | жабдық, жиһаз, мүкәммал | |||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Тапсырды (Мердігер) | Қабылдады (Тапсырыс беруші) | |
_______________________________ |
__________________________ | |
_________________________________ |
___________________________ |
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ______________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер немесе авторлық қадағалау
сарапшысы(лары): _________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)
Ескертпе:
1. Нысан ресурстық әдісті пайдалану арқылы құрылған сметалар бойынша орындалған жұмыстар актілері үшін қолданылады.
2. 14-бағанда, орындалған жұмыстардың актісінде бөлек жолақта ескерілген сол материалдық ресурстар және жабдықтардың мәліметі көрсетіледі.
Орындалған жұмыстар актісіне Материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомості
___________________________________________________
(ғимараттың, үйдің, объектінің, құрылыстың атауы)
Негізі:
Орындалған жұмыстар актісі__________________
Р/с № | Ресурстар кодтары | Ресурстар атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Тауардың шығу тегі (қазақстандық / шетелдік) | СТ-KZ Сертификаты (болған жағдайда) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Материалдар (ранжирленген тәртіппен)
Жабдық (ранжирленген тәртіппен)