"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзге

Қазақстан Республиксы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12344 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Жаңа объектілерді және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық жағынан қайта жарақтандыруды, қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, жобаланған объектінің жауапкершілік деңгейін төменде көрсетілген параметрлер бойынша тапсырыс беруші айқындайды:
      1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:
      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:
      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында белгіленген белгілері бар қауіпті өндірістік объектілер және «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) сәйкес, солай деп сәйкестендірілетін объектілер;
      атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);
      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және одан жоғары жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;
      домен пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) және одан биік түтін құбырлары;
      аралығы 100 м (метр) және одан көп, биіктігі 50 м (метр) және одан биік және (немесе) 32 тонна және одан көп жүк көтеру крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
      өзге құрылыстар:
      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) және одан көп мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
      I және II сыныпты гидротехникалық құрылыстар;
      мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін, I, II және III санаттағы жерасты қоймалары;
      газдың, мұнай өнімдерінің I және II сыныптағы магистральдық құбырлары;
      I және II сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдерінің құбырлары;
      қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) асатын газ тарату станцияларының объектілері;
      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), сондай-ақ өнімділігі тәулігіне 10 000 м3 (текше метр) және одан көп сорғы станциялары мен бас тоғандар;
      диаметрі 800 мм (миллиметр) және одан жоғары магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
      биіктігі 100 м (метр) және одан биік теледидар мұнаралары және байланыстың антенналық-мачталық құрылыстары;
      кернеуі 220 кВ (кило Вольт) астам электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
      Іа автомобиль жолдары (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 және одан көп) және олардағы құрылыстар;
      елді мекендер шегіндегі жүрдек қозғалыстың магистральдық жолдары, үздіксіз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері және олардағы құрылыстар;
      бірыңғай кешен ретінде салынатын магистральдық темір жолдар;
      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) және одан көп көпір құрылыстары;
      темір жолдың және автомобиль жолының тоннельдері;
      метрополитендер;
      әуежайлар, ұшу-кону жолақтары және авиациялық инфрақұрылымның өзге де объектілері;
      спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;
      ғарыш айлақтарын қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілері; ұшыру кешендері және тасымалдағыш зымырандарды іске қосу қондырғылары; ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері; команда беру-өлшеу кешендері; ақпаратты қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер; ғарышты зерттеудің ғылыми-экспериментальдық базасы; антенналық кешендер; обсерваториялар; тәжірибелік өндірістер; ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар; қауіпсіздікті және объектілердің инженерлік-техникалық беріктігін қамтамасыз етуге байланысты ғимараттар мен құрылыстар;
      азаматтық қорғаныс объектілері;
      көлемі жылына 100 мың және одан көп тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондары;
      қауіптілігі I, II және III сыныпты улы өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар;
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
      жасанды микроклиматтың арнайы құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін республикалық басқармалардың әкімшілік органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ететін объектілер;
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі 25 қабат және одан асатын тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, оның ішінде әкімшілік ғимараттар;
      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабат және одан асатын тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, оның әкімшілік ғимараттары;
      ауысымда 480-нен 1600-ға дейін адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50-ден асатын төсектік стационарлар;
      бір мезгілде (сыйымдылығы) 500-ден астам адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, сауда-ойын-сауық объектілері және жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
      200 және одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) аудандар үшін өрт депосының кешендері;
      бірегей конструктивтік схемалары немесе конструкциялары бар объектілер;
      бірегей конструктивтік схемалары немесе конструкциялары бар құрылыс объектілеріне жобалау құжаттамасында мынадай сипаттамалардың кемінде біреуі көзделген объектілер жатады:
      биіктігі 50 м (метр) астам;
      аралығы 50 м (метр) астам;
      15 м (метр) асатын консолдың болуы;
      жердің жоспарланған белгісінен 10 м (метр) астам төмен жерасты бөлігін тереңдету немесе жерасты қабатының санын екі қабаттан арттыру;
      оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттерді ескере отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялары және конструкциялық жүйелердің болуы;
      2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:
      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:
      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар және сақтау қоймалары) қоса алғанда, өнеркәсіп объектілері (өнеркәсіп саласының машина жасау, көліктік, құрастырушы, өңдеуші, жеңіл және т.б. объектілері);
      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;
      агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары (сүт, ет өнімдерін өндіру жөніндегі мал шаруашылығы кешендері), жылыжай комбинаттары;
      домен пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі түтін құбырлары;
      аралығы 100 м (метр) дейінгі, биіктігі 50 м (метр) дейінгі және (немесе) 32 тоннаға дейінгі жүк көтеру крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
      өзге құрылыстар:
      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
      III және IV сыныптағы гидротехникалық құрылыстар;
      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың ІІІб және ІІІв санаттағы жерасты қоймалары;
      газдың, мұнай өнімдерінің III және IV сыныпты магистральдық құбырлары;
      III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдерінің құбырлары;
      қысымы 0,3 МПа (Мега Паскаль) бастап 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) газ тарату станциялары (қоса алғанда);
      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), сондай-ақ өнімділігі тәулігіне 10 000 м3 (текше метр) кем сорғы станциялары мен бас тоғандар;
      траншеясыз әдіспен орындау кезінде 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен коллекторлар;
      диаметрі 350 мм (миллиметр) бастап 800 мм (миллиметр) дейінгі магистральдық және одан тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
      магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі теледидар мұнаралары және байланыстың антенналық-мачталық құрылыстары;
      кернеуі 35 кВ бастап 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
      Iб, II, III санаттардағы автомобиль жолдары (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 кем) және олардағы құрылыстар;
      9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалық және ауылдық елді мекендердегі көшелер мен жолдар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);
      жеке жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық темір жол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;
      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) дейінгі көпір құрылыстары;
      көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
      қауіптілігі IV сыныпты улы өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму полигондары;
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі 4 қабаттан 25 қабатқа дейінгі тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, сондай-ақ биіктігі 3 қабаттан 25 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі тұрғын және көп функционалды ғимараттар, оның ішінде әкімшілік ғимараттар;
      бір мезгілде (сыйымдылығы) 50-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, сауда-ойын-сауық объектілері және жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
      сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
      жоғары және орта оқу орындарының, мектептердің, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің ғимараттары;
      сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
      ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
      50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
      тергеу изоляторларын, түзету колонияларын, түрмелерді қоса алғанда, инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері, ғибадат кұрылыстары және өзге де объектілері) бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;
      қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін өрт депосының кешендері;
      бір мезгілде көлік құралдарының 10 бірлігіне қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ сыйымдылығы 15-тен артық жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтар;
      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсектік стационарлар;
      3) техникалық жағынан күрделіге жатпайтын жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
      сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы аудандарда (аймақтарда) салынып жатқандарды қоспағанда, жер үстіндегі биіктігі 3 қабаттан аспайтын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үйлер;
      келушілерді (көрермендер, клиенттер, науқастар, жолаушылар, сатып алушылар, қонақүйде тұратындар және тағы сол сияқты), сондай-ақ оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер мен персоналды қоса алғанда, ішкі үй-жайларында бір мезгілде 50-ден аспайтын адам болатын, жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
      бір мезгілде саны 10 бірліктен аспайтын көлік құралына қызмет көрсететін жеке тұрған бір қабатты автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ сыйымдылығы 15 автомобильден аспайтын жер үсті немесе жер асты гараж-тұрақтар;
      вахталық кенттердегі жер үстіндегі биіктігі 3 қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттар және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;
      өзге құрылыстар:
      IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) және одан кем электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
      жеке тұрғын үй кешендері үшін тұрғындарының саны 500 адамнан аспайтын, жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) кем, диаметрі 300 мм (миллиметр) (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері;
      траншеясыз әдіспен орындау кезіндегі 500 мм (миллиметр) дейінгі топтық су құбырлары мен коллекторлары;
      диаметрі 350 мм (миллиметр) дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
      аймақтық және жергілікті байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;
      шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су құбыры ұңғымаларын жайластыру және олардағы құрылыстар;
      қысымы 0,3 МПа (Мега Паскаль) дейінгі газ тарату станцияларының объектілері;
      сыйымдылығы 50 орынға дейінгі қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
      4) жауапкершілігі III (төмендетілген) деңгейдегі объектілер:
      алаңішілік байланыс желілері;
      қолданыстағы инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін жеке аулалық учаскелердің аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық жапсарлас құрылыстар және абаттандыру;
      контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары үшін құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
      уақытша, маусымдық және қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (парниктер, павильондар, шағын қоймалар, байланыс, жарықтандыру тіректері, қоршаулар және сол сияқты құрылыстар);
      әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішіндегі автоматты күзет-өрт дабыл және тарту-шығару желдеткіш жүйелері;
      аулалық үлгідегі тұрғын үйлердің сумен жабдықтау және су бұру желілері;
      қысымы 0,005 МПа (Мега Паскаль) дейінгі газ тарату станциялары, оның ішінде аз қабатты және көп қабатты тұрғын үйлерді (жеке тұрғын үйді қоса алғанда) газдандырудың тұрмыстық мақсаттағы алаңішілік желілері және үйішілік газбен жабдықтау жүйелері.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жеке тапсырыс бойынша жобаланған инженерлік инфрақұрылымдардың технологиялық жағынан күрделі объектілеріне:
      1) газдың немесе мұнай өнімдерінің I, II, III және IV сыныпты магистральдық құбырлары;
      2) қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) астам табиғи газды немесе қысымы 1,6 МПа (Мега Паскаль) астам сұйытылған көмірсутекті газды сақтау үшін пайдаланылатын газ тарату жүйелерінің құрылыстары;
      3) диаметрі 500 мм (миллиметр) астам кәріздік коллекторларды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау (топтық су тартқыштарды қоса алғанда) және су бұру желілері және олардағы қосалқы құрылыстар;
      4) өнімділігі 10 000 т/м3 астам су құбырлары, кәріздік тазарту құрылыстары және бас тоғандар, өнімділігіне қарамастан өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту құрылыстары, әрекет ету сенімділігі 1-ші санаттағы су құбырлары және сорғы станциялары;
      5) диаметрі 500 мм (миллиметр) астам магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы қосалқы құрылыстар;
      6) кернеуі 110 кВ (кило Вольт) астам әуе және кабельдік электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері жатады.»;
      14-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) елді мекендері сумен жабдықтау және су бұру схемаларына сәйкес құбырдың диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі орамішілік су құбыры және кәріз желілерін қоса алғанда;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кернеуі ПОкВ (кило Вольт) дейінгі әуе және кабельдік электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілерін қоса алғанда.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілерге:
      1) қоғамдық ғимараттар:
      қауіпсіздік және лаңкестікке қарсы күрес іс-шаралары үшін арнайы құрылғыларды талап ететін республикалық және облыстық басқарманың әкімшілік органдары;
      арнайы жасанды микроклимат құрылғылары мен қорғау іс-шараларын талап ететін республикалық маңызы бар мұражай, мемлекеттік мұрағаттар, ұлттық және мәдени құндылықтар қоймалары;
      2) құрылыс алаңында сейсмикалық және өзге де ерекше геологиялық, гидрогеологиялық немесе геотехникалық жағдайлардың болуына қарамастан, биіктігі 10 жерүсті қабат және одан асатын көп функционалды көп қабатты кешендер;
      3) арнайы техникалық шешімдерді талап ететін, объектінің биіктігіне байланысты адам тұру үшін қосымша қауіпті жоятын биіктігі 12-ден асатын жерүсті қабаты бар тұрғын ғимараттар;
      4) нөмірлер саны 70-тен асатын және жалпы сыйымдылығы 100-ден астам адам тұруға арналған жерүсті қабаты 9-дан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
      5) денсаулық сақтау объектілері:
      ауысымына 480 және одан көп адам қабылдайтын стационары жоқ емханалар (амбулаториялар);
      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалар, мамандандырылған стационарлар мен диспансерлер, сондай-ақ 100 және одан көп төсектік көп бейінді стационарлар;
      100 және одан көп төсектік сауықтыру орталықтары;
      6) бір мезгілде 1000 және одан көп адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері, ғибадат ғимараттары, жабық спорттық-ойын-сауық ғимараттары және ашық құрылыстар;
      7) 200 және одан астам жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары, сондай-ақ сыйымдылығы 200 отыратын орыннан асатын жеке тұрған бір және екі қабатты қоғамдық тамақтану объектілерінің ғимараттары;
      8) жоғары және орта арнайы оқу орындарының кешендері (жеке тұрған спорт кешендерін, тамақтану блоктарын, тұрғын қалашықтарды және жатақханалар корпустарын қоспағанда кампустар):
      биіктігі 9 және одан көп жерүсті қабатындағы әкімшілік корпустар:
      биіктігі 9 және одан көп жерүсті қабатты оқу, оқу-зертханалық корпустар және шеберханалар;
      9) сыйымдылығы 600 және одан астам оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер);
      10) орын саны 95 және одан астам балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру объектілері;
      11) сыйымдылығы 100 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
      12) инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері, ғибадат құрылыстары және өзге де объектілері) бар тергеу изоляторларын, түзету колонияларын, түрмелерді қоса алғанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;
      13) көліктік инфракұрылымның азаматтық объектілері:
      өткізу қабілеті тәулігіне 150 және одан көп жолаушыны қоса алғандағы темір жол вокзалдары;
      өткізу қабілеті тәулігіне 100 және одан көп жолаушыны қоса алғандағы автовокзалдар (автостанциялар);
      өткізу қабілеті сағатына 100 және одан көп әуе жолаушысын қоса алғандағы, адамдарға қызмет көрсетуге арналған қалалық аэровокзалдар және әуежайлардың жолаушылар терминалдары;
      100 және одан көп адамды қоса алғандағы күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдары (жүзу айлақтарын және дебаркадерлерді қоспағанда);
      14) өртке қарсы қызмет органдарының объектілері:
      қалалар мен кәсіпорындарды күзету үшін 6, 8, 10, 12 автомобильге арналған I және III үлгідегі тиісінше орталық өрт деполары;
      қалалар мен кәсіпорындарды күзету үшін 2, 4, 6 автомобильге арналған II және IV үлгідегі тиісінше өрт деполары жатады.»;
      20-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құрылыс ауданындағы сейсмикалық және өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық жағдайлардың болуына қарамастан, биіктігі 9-ға дейінгі (қоса алғанда) жерүсті қабаты бар аз қабатты және орташа қабатты тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және жатақханалар;
      2) нөмірлер саны 70-тен аспайтын және жалпы сыйымдылығы 100-ден аспайтын адам тұруға арналған жерүсті қабаты 9-ға дейінгі (қоса алғанда) қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) емдеу-профилактикалық мекемелер:
      ақылы балалар ауруханаларын қоса алғанда, биіктігі 5 жерүсті қабатынан аспайтын, сыйымдылығы 100 төсектен кем көп функционалды (оның ішінде аналарымен бірге 3 жасқа дейінгі балаларға арналған) ауруханалар;
      сыйымдылығы 100 төсектен аспайтын, биіктігі 2 жерүсті қабатынан аспайтын жеті жасқа дейінгі балаларға арналған балалар ауруханалары (балаларға арналған бөлімдердің корпустары) және ақылы балаларға арналған психиатрлық бөлімшелердің палаталары;
      ауысымына 480-ге дейінгі адамды қоса алғанда қабылдайтын, биіктігі 5 жерүсті қабатынан аспайтын емханалар;
      бір - екі қабатты жеке тұрған алғашқы медициналық қызмет көрсету пункттері;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) сыйымдылығы 1000 адамнан аспайтын залы бар спорт-ойын-сауық және жабық құрылыстар;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) сыйымдылығы 200-ді қоса алғандағы отыратын орыннан аспайтын жеке тұрған бір және екі қабатты қоғамдық тамақтану объектілері;».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның көшірмесінің жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е.Досаев