Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә.Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 8 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 20 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
_________ Б. Жақсалиев
2015 жылғы 9 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығымен бекітілген |
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) оларда жұмыстарға тартылатын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) қауіпті өндірістік объектілерін сәйкестендіру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 70-бабымен айқындалған белгілері бойынша сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа объектілері, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілетін өнеркәсіп салалары мен қызмет түрлерінің объектілері жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. Заңның 71-бабының 2-тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылатын қауіпті техникалық құрылғылар қауіпті техникалық құрылғының паспортында көрсетілген параметрлер мен техникалық сипаттамалар бойынша сәйкестендіріледі.
4. Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіруді ұйым дербес жүзеге асырады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібі
5. Заңның 70-бабымен көзделген қауіпті заттардың көрсеткіштері оның жобалық мәндері болып табылады.
6. Сәйкестендіру процесінде орналасқан орны мен пайдалану жағдайларына қарамастан, жобалық құжаттама талдауы негізінде ұйымның барлық қауіпті өндірістік объектілері анықталады.
7. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне он бес жұмыс күні ішінде ақпарат ұсынады.
8. Сәйкестендірілген қауіпті өндірістік объектілерде ұйым қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына 1-қосымша |
Қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілетін өнеркәсіп салаларының объектілері мен қызмет түрлері
Р/с № | Объектінің атауы | Объектінің шекаралары | Сәйкестендіру ерекшеліктері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Өнеркәсіптің тау-кен саласының қауіпті өндірістік объектілері | |||
Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | жер асты тәсілімен өңдеу кеніші | тау-кен иелігінің шекаралары | тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды, жер асты жағдайындағы жұмыстарды жүргізу белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | ашық тәсілмен өңдеу кеніші | ||
3 | шахта | ||
4 | карьер | ||
5 | көмір тілігі | ||
6 | шахта құрылыс, тау-кен күрделі құрылыс учаскесі | ||
7 | үймелік ерітінділеу учаскесі (алаңы) | жер иелігінің шекаралары | тау-кен, бұрғылау жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізу, минералды шикізатты қайта өңдеу мен улы және аса улы заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
8 | геологиялық барлау жұмыстары учаскесі (партия) | қауіпті аймақ шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстарын жүргізу белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері | |||
1 | көмір шахтасы | тау-кендік бөлу шекаралары | тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды, жер асты жағдайындағы жұмыстарды жүргізу белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | қатты пайдалы қазбаларды байыту фабрикасы (учаске, цех) | жер иелігінің шекаралары | минералды шикізатты қайта өңдеу, улы және аса улы заттарды сақтау мен пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | уату-сұрыптау фабрикасы (учаске, цех, кешен) | ||
3 | байыту өнімдерін кесектеу, агломерациялау, брикеттеу бойынша фабрика (учаске, цех) | ||
Қалдық және шөгінді шаруашылығының қауіпті өндірістік объектілері | |||
1 | қалдық қоймасы | жер иелігінің шекаралары | қоршаған орта үшін қауіп туғызатын заттардың сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | шөгінді қоймасы | ||
2. Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері | |||
1 | барлау және пайдалану ұңғымаларының құрылысы (бұрғылау), жөндеу объектілері | тау-кен иелігінің шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстарын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | бұрғылау қондырғысы (қалқыма және бұрғылау кемелерін қосқанда) | бұрғылау қондырғысы шекаралары | |
3 | ұңғымалар қоры | тау-кен иелігінің шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар және минералды шикізатты қайта өңдеу, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
4 | мұнай дайындау қондырғысы | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, қайта өңдеу, өндіру, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5 | сорғы станциясы | ||
6 | мұнай дайындау және жинау алаңы | ||
7 | төгу-құю терминалы (эстакада) | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, пайда болу, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
8 | газды жүктеу бойынша учаске (алаң) | ||
9 | резервуарлық парк | жер иелігінің шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
10 | кәсіптік, кәсіпаралық құбыржолдар | жер иелігінің шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
11 | құрылыс объектілері мен(немесе) мұнай-газ құрылыстарының технологиялық және ілеспе объектілерін пайдалану | мұнай-газ құрылыстарын салу және пайдалану шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар мен минералды шикізатты қайта өңдеу және жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттар өндірісі, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
3. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | барлау және пайдалану ұңғымаларының құрылыс (бұрғылау), жөндеу объектілері | тау-кен иелігінің шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстарын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | Қалқыма бұрғылау қондырғылары және бұрғылау кемелері | бұрғылау қондырғысы шекаралары | |
3 | ұңғымалар қоры | тау-кен иелігінің шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар және минералды шикізатты қайта өңдеу, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
4 | мұнай дайындау қондырғысы | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, қайта өңдеу, өндіру, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, қайта өңдеу, өндіру, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5 | сорғы станциясы | ||
6 | мұнай дайындау және жинау алаңы | ||
7 | төгу-құю терминалы (эстакада) | ||
8 | газды жүктеу бойынша учаске (алаң) | ||
9 | резервуарлық парк | жер иелігінің шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
10 | кәсіптік, кәсіпаралық құбыржолдар | жер иелігінің шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
11 | құрылыс объектілері мен(немесе) мұнай-газ құрылыстарының технологиялық және ілеспе объектілерін пайдалану | мұнай-газ құрылыстарын салу және пайдалану шекаралары | геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар мен минералды шикізатты қайта өңдеу және жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттар өндірісі, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
4. Газдарды дайындау мен қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | газ дайындау қондырғысы | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | сорғы, компрессор станциясы | ||
3 | төгу-құю терминалы алаңы (эстакада) | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, пайда болу, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
4 | резервуар паркі | жер иелігінің шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5 | газ өңдеуші кешен цехы, қондырғысы | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
6 | кәсіптік, кәсіпаралық, технологиялық құбыржолдары | жер иелігінің шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларының және мұнай базалары мен жанар-жағар май құю станцияларының қауіпті өндірістік объектілері | |||
1 | мұнай-химия және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру зауыты (цех, учаске) | жер иелігінің шекаралары | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттар өндірісі, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | технологиялық құбыржолдар | қауіпті аймақ шекаралары | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
3 | ауа бөлгіш қондырғылар алаңы | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану және пайда болу белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
4 | шикізат, жартылай өнім және дайын өнім қоймалары | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
5 | мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау бойынша мұнай базасы (қойма, парк, кешен) | тұтанатын және улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
6 | резервуарлар мен төгу-құю құрылғылары | ||
7 | жанар-жағармай құю станциясы (стационарлық, жылжымалы және контейнерлік) | ||
6. Өнеркәсіптің химия салаларының қауіпті өндірістік объектілері | |||
1 | қауіпті заттар өндіру зауыты (цех, учаске) | жер иелігінің шекаралары | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | қауіпті заттарды төгу-құю учаскелері | қауіпті аймақ шекаралары | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
3 | шикізат, жартылай өнім және дайын өнім қоймалары | ||
4 | технологиялық құбыржолдар және арматура | ||
5 | қауіпті заттар қоймалары | улы және аса улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
6 | су дайындау жүйесінің алаңы (цех, учаске) | ||
7 | ауа бөлгіш қондырғылар алаңы | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
8 | аммиакты жүйелер және тоңазытқыш қондырғылар | жанатын, улы және аса улы заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
9 | химиялық зертханалар | тұтанатын, жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
7. Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | элеватор | қауіпті аймақ шекаралары | тұтанатын, жарылатын, жанатын заттардың пайда болу (жарылыс қауіпті шаң, аэрозольдер) белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | қабылдау-тазалау (кептіру-тазалау) мұнарасы | ||
3 | өсімдік шикізатын өнеркәсіптік қайта өңдеу комбинаты (агрегатты қондырғылар цехы) | ||
8. Өнеркәсіптің металлургия саласының қауіпті өндірістік объектілері | |||
Қара металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | құю цехы (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | қара металдар және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру, сондай-ақ тұтанатын, улы және аса улы заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | пирометаллургиялық өндіріс цехы (учаске) | ||
3 | шойын өндіру бойынша домналық цех | ||
4 | болат өндіру бойынша мартен цехы (учаске) | ||
5 | болат өндіру бойынша конвертерлік цех (учаске) | ||
6 | электр-болат балқыту цехы (учаске) | ||
7 | илек өндірісі бойынша цех | тұтанатын, улы және аса улы заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
8 | құбыр өндірісі бойынша цех | ||
9 | металданған шекемтастар және брикеттер өндірісі бойынша цех | ||
10 | болат сымды өндіріс цехы | ||
11 | ферроқорытпалар және от тіреулер өндірісі бойынша цех (учаске) | қара металдар және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру, сондай-ақ тұтанатын, улы және аса улы заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
12 | агломерат өндіру бойынша агломерациялық цех (учаске) | ||
Түсті металдар және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | құю цехы (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | түсті металдар және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру, сондай-ақ тұтанатын, улы және аса улы заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | гидрометаллургиялық өндіріс цехы (учаске) | ||
3 | алюминий, магний, мыс және мырыш электролизінің цехы (учаске) | ||
4 | кристаллды кремний өндірісінің цехы (учаске) | ||
5 | өндіріс және электротермиялық силумин цехы (учаске) | ||
6 | сазбалшық өндіру цехы (учаске) | ||
7 | мыс, никель, кобальт мырыш және қорғасын өндірісі бойынша балқыту цехы (учаске) | ||
8 | титан, қалайы, сүрме өндірісі бойынша цех (учаске) | ||
9 | мырыш, қорғасын, мыс және сынап өндірісі бойынша цех (учаске) | ||
10 | жерде сирек кездесетін металдар, материалдар өндірісі бойынша цех (учаске) | ||
11 | металдар және осы металдар негізіндегі қорытпалардан жасалған ұнтақтар (опалар) алу бойынша өндіріс цехы | ||
қауіпті заттар өндіру және тұтанатын заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |||
12 | қышқыл шаруашылығының учаскесі | тұтанатын, жанатын және тотықтандыратын заттарды пайдалану мен сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
Бағалы металдар балқыламаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | алтын, күміс өндірісінің цехы (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | бағалы металдар балқыламаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру, улы және аса улы заттарды өндіру, сондай-ақ тұтанатын заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | гидрометаллургиялық өндіріс цехы (учаске) | ||
3 | пирометаллургиялық өндіріс цехы (учаске) | ||
4 | құю цехы (учаске) | ||
Кокс-химиялық, көмекші өндірістердің қауіпті өндірістік объектілері | |||
1 | сутекті станция алаңы | қауіпті аймақ шекаралары | тұтанатын, улы және аса улы заттарды пайдалану және сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | газ цехының алаңы (учаске) | ||
3 | газ тазалау қондырғысының учаскесі | ||
4 | люнкериттер мен экзотермиялық қоспалар өндіру цехы (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын заттарды өндіру, тұтанатын және тотықтандыратын пайдалану және сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5 | кокс цехы | қауіпті аймақ шекаралары | тұтанатын, улы және аса улы заттарды өндіру және сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
6 | коксты пісіру цехы | ||
7 | химиялық өнімдерді ұстап қалу цехы | ||
8 | шайыр өңдеу цехы | ||
9 | шикі бензолды ректификациялау цехы | ||
10 | бензол қоймасы | ||
11 | пиридин және хинолин негіздерін ректификациялау цехы (бөлімше) | ||
12 | ауа бөлгіш станциялар учаскесі (қондырғысы) | қауіпті аймақ шекаралары | тұтанатын, улы және аса улы заттарды өндіру және сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
13 | хлор қоймасы | улы және аса улы заттарды сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
14 | аммиак қоймасы | ||
15 | аммиак құбыры | ||
16 | қалдық және шөгінді шаруашылығы | жер иелігінің шекаралары | қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттарды сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
9. Жарылыс жұмыстары жүргізілетін қауіпті өндірістік объектілер | |||
1 | пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу бойынша объекті (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | жарылыс жұмыстарын жүргізу, жарылғыш заттарды өндіру және қолдану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | құрылыс, төтенше жағдайларды жою объектілері (учаске) | ||
3 | жарылғыш материалдар қоймасы (сақтау орны) | жарылғыш заттарды сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
4 | жарылғыш материалдарды әзірлеу (дайындау) цехы, учаскесі, пункті | жарылғыш заттарды өндіру және сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
5 | жарылғыш материалдарды тиеу-түсіру алаңы | жарылғыш заттарды тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
6 | жарылғыш материалдарды сынау және жою полигоны | жарылғыш заттарды қолдану және жою белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
10. Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қауіпті өндірістік объектілер | |||
Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу | |||
1 | уран шахтасы | тау-кен иелігінің шекаралары | иондаушы сәулелену көздерін пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу белгілері, сондай-ақ таукен жұмыстарын жүргізу белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | уран карьері | ||
3 | уранды жерастылық ұңғымалау, үймелік ерітінділеу полигоны | тау-кен және жер иелігінің шекаралары | иондаушы сәулелену көздерін пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу белгілері, таукен және бұрғылау жұмыстарын жүргізу, улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
4 | уран қайта өңдеу және байыту зауыты (цех, учаске) | жер иелігінің шекаралары | иондаушы сәулелену көздерін пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, сондай-ақ жаратын, жанатын, тотықтандырылатын және улы заттарды сақтау мен тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5 | қалдық және шөгінді шаруашылығы | иондайтын сәулелену көздерін және қоршаған орта үшін қауіп туғызатын заттарды сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
Иондаушы сәулелену көздерін пайдалану | |||
1 | радиобелсенді қалдықтарды сақтау/көму пункттері | жер иелігінің шекаралары | иондаушы сәулелену көздерін және қоршаған орта үшін қауіп туғызатын заттарды сақтау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | барлық түрдегі ядролық қондырғылар | иондаушы сәулелену көздерінің өндірісі, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
3 | иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын өндіріс объектілері | ||
Бериллий өндірісі, оның қосылыстары және олардан жасалған бұйымдар | |||
1 | өндіріс цехы (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | улы және аса улы заттарды өндіру мен сақтау, тұтанатын заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
Фторлы сутекті қышқылдарды өндіру | |||
1 | өндіріс цехы (учаске) | қауіпті аймақ шекаралары | улы және аса улы заттарды өндіру мен сақтау, тотықтандыратын заттарды пайдалану белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
11. Магистральды құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қызмет түрі | |||
1 | сорғы, компрессорлық станция | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
2 | төгу-құю терминалы (эстакада) | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, пайда болу, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
3 | резервуарлық парк | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі | |
4 | газдың жер асты қоймасы | қауіпті аймақ контуры | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
5 | құрылыс объектілері және (немесе) технологиялық және мұнай газ құрылыстарының ілеспе объектілерін пайдалану | мұнай-газ құрылыстарын салу және пайдалану шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттар өндірісі, пайдалану, қайта өңдеу, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
6 | газ бөлу, газ толтыру станциялары | қауіпті аймақ шекаралары | жанатын, тотықтандыратын, улы және аса улы заттарды пайдалану, пайда болу, сақтау, тасымалдау белгілері бойынша сәйкестендіріледі |
7 | магистральды мұнай құбырларының, өнім құбырларының, газ құбырларының желілік бөлігі |
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына 2-қосымша |
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру бойынша ақпарат ұсыну нысаны
р/с № | Қауіпті өндірістік объектінің атауы | Өнеркәсіп саласы және қызмет түрі | Қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшелігі | Объектінің орналасқан орны (мекенжайы) | Заңды, жеке тұлғаның толық атауы | БСН, ЖСН | Заңды, жеке тұлғаның мекенжайы, басшысының аты-жөні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
_____________ ___________________
(қолы) (басшының аты-жөні)