Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10622 тіркелді

Қолданыстағы

      Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрi

      Е. Досаев ______________

      2015 жылғы 23 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 118 бұйрығымен
бекітілген

Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ;

      2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – осы Қағидаларға сәйкес есеп айырысу-қаржы орталығы өздігінен белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын есеп айырысу-қаржы орталығының сатуына арналған тариф;

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – есеп айырысу-қаржы орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген баға белгілеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      6) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) операциялық шығындар – есеп айырысу-қаржы орталығының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      8) техникалық экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектіcін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасы деңгейінен аспайтын тариф;

      9) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен есеп айырысу-қаржы орталығының сатып алуына арналған тариф;

      10) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі.

2. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібі

      3. Шартты тұтынушылар жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай есеп айырысу-қаржы орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдайды.

      4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай есеп айырысу-қаржы орталығына айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдайды.

      5. Жүйелік оператор жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай есеп айырысу-қаржы орталығына айларға бөле отырып шартты тұынушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерінен электр энергиясын сатып алудың болжамдық көлемдері туралы ақпарат жолдайды.

      6. Уәкілетті орган жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай есеп айырысу-қаржы орталығына жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, алдағы жылы болжамдық іске қосу мерзімі көрсетіліп, пайдалануға беру жоспарланып отырған объектілер мен алдағы жылы аталған объектілердің электр энергиясын өндірудегі болжамдық көлемі туралы ақпарат жолдайды.

      7. Есеп айырысу-қаржы орталығы жыл сайын ағымдағы жылдың отызыншы желтоқсанына дейін алынған болжамды деректер негізінде:

      1) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын болжамды жиынтық өндіруінің алдағы есепті жылға арналған есебін;

      2) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындардағы әрбір шартты тұтынушының болжамды үлесінің алдағы есепті жылға арналған есебін;

      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, алдағы жылға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есебін;

      4) электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында есеп айырысу-қаржы орталығының шығындарын одан әрі пропорционалды бөлу мақсатында тиісті электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында алдағы жылға шартты тұтынушылардың желісіне босатуға жоспарланған электр энергиясын болжамды көлемдерінің ара қатынасы есебін жүзеге асырады.

      8. Есеп айырысу-қаржы орталығы болжамдалған жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей есепті жылға арналған электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті шартты тұтынушылардың назарына өзінің интернет-ресурсында жариялау жолымен жеткізеді.

      9. Тұтыну аймағына байланысты болжамдалған жылға арналған жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі Қағидалардың 7-тармағында көзделген есептерге сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТZi= (ОЗЕҚОбалтір)/Vсп

      мұнда:

      TZi – Zi тұтыну аймағы үшін есептелген жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі;

      ОЗЕҚО – Zi тұтыну аймағына жататын, осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес есептелген есеп айырысу-қаржы орталығының жылдық операциялық шығындарының үлесі;

      Збал – Zi тұтыну аймағына жататын, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жұмсалатын шығындар;

      Zi – тұтыну аймағы;

      Зтір – есеп айырысу-қаржы орталығының Zi тұтыну аймағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары, ол былайша құрылады:

      уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын бекітілген босату тарифі жоқ жаңадан іске қосылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның тіркелген тарифі бойынша немесе (не);

      уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын босату тарифі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның ТЭН-дегі тарифі бойынша;

      Зтір = (Зтір.гидро*Vп+1+…+Зтір.гидро*Vп+Nтір.жел*Vп+1+…+Зтір.жел*Vп+N+ Зтір.күн*Vп+1+…+Зтір.күн*Vп+Nтір.био*Vп+1+…+Зтір.био*Vп+N)+(З.тэн.гидро1*Vп+1+…+ З.тэн.гидроN*Vп+Nтэо.жел1*Vп+1+…+Зтэн.желN*Vп+Nтэо.күн1*Vп+1+…+Зтэн.күнN*Vп+N+ Зтэо.биогаз1*Vп+1+…+ Зтэн.биогазN*Vп+N), мұндағы

      Зтір гидро – шағын ГЭС үшін тіркелген тариф;

      Зтір.жел – жел электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтір.күн– күн электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтір.био – биогазды электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтэн.гидро1 – 1-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.гидроN – N-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.жел1 – 1-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.желN – N-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.күн1 – 1-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.күнN – N-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.био1 – 1-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.биоN – N-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Vп+1 – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 1-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vп+N – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын N-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vп – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын әрбір объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vсп – Zi тұтыну аймағындағы шартты тұтынушыларға сатылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясының жылдық жиынтық көлемі.

      10. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф есеп айырысу деректерінің өзгеруіне қарай ай сайын түзетілуі тиіс.

      11. Шартты тұтынушылар ай сайын есеп айырысу-қаржы орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдау туралы ақпарат береді.

      12. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ай сайын есеп айырысу-қаржы орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.

      13. Есеп айырысу-қаржы орталығы алынған ақпарат негізінде ай сайын есепті айдың онына дейін ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңде қалған жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифке түзету енгізеді және түзету енгізілген тариф бекітілген сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде түзету енгізілген тарифті өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      14. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті құру кезінде өзіндік құнында мынадай шығындар есепке алынады:

      1) есеп айырысу-қаржы орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу шығындары;

      2) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жұмсалған шығындар;

      3) есеп айырысу-қаржы орталығының операциялық шығындары.

      15. Есеп айырысу-қаржы орталығының операциялық шығындары "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Заңының 7-2-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалып жыл сайын есептеледі және есеп айырысу-қаржы орталығы ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанына дейінгі мерзімде алдағы жылға бекітеді.

      16. Есеп айырысу-қаржы орталығының электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімдеуін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары есеп айырысу-қаржы орталығының жыл сайынғы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу және оны шартты тұтынушыларға сату көлемі негізінде жүйелік оператордың тарифі бойынша есептеледі.