Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10622 тіркелді.

Жаңартылған

      Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрi

      Е. Досаев ______________

      2015 жылғы 23 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 118 бұйрығымен
бекітілген

Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2017 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ;

      2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – осы Қағидаларға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      6) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) операциялық шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      8) техникалық экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектіcін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасы деңгейінен аспайтын тариф;

      9) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      10) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;

      12) резервтік қор – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және кассалық алшақтықтарды және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар алдындағы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген, шартты тұтынушыларға берілген электр энергиясы үшін олардың тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын берешекті жабуға ғана пайдаланылады.

      13) аукциондық баға – аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;

      14) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы.

      Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар мен терминдер жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібі

      3. Шартты тұтынушылар және басым шартты тұтынушылар жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдайды.

      4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын бірінші қарашаға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдайды.

      5. Жүйелік оператор жыл сайын бірінші қарашаға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына айларға бөле отырып шартты тұынушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерінен электр энергиясын сатып алудың болжамдық көлемдері туралы ақпарат жолдайды.

      6. Уәкілетті орган жыл сайын бірінші қарашаға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына объектілерді пайдалануға берудің болжамды күнін және осы объектілердің алдағы жылы электр энергиясын өндірудегі болжамдық көлемін көрсете отырып, алдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер туралы ақпарат жолдайды.

      7. Қаржы-есеп айырысу орталығы жыл сайын ағымдағы жылдың отызыншы желтоқсанына дейін алынған болжамды деректер негізінде:

      1) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын болжамды жиынтық өндіруінің алдағы есепті жылға арналған есебін;

      2) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындардағы әрбір шартты тұтынушының және басым шартты тұтынушылардың болжамды үлесінің алдағы есепті жылға арналған есебін;

      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, алдағы жылға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есебін;

      4) электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында қаржы-есеп айырысу орталығының шығындарын одан әрі пропорционалды бөлу мақсатында тиісті электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында алдағы жылға шартты тұтынушылардың және басым шартты тұтынушылардың желісіне босатуға жоспарланған электр энергиясын болжамды көлемдерінің ара қатынасы есебін жүзеге асырады.

      8. Қаржы-есеп айырысу орталығы болжамды жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловат-сағатына шаққандағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар туралы ақпаратты, сондай-ақ есепті жылға арналған электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті жариялайды.

      9. Тұтыну аймағына байланысты болжамды жылға арналған жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі Қағидалардың 7-тармағында көзделген есептерге сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТZi = (ОЗҚЕОбал+ ЗРҚэ)/Vжиынт , мұндағы:

      TZi – Zi тұтыну аймағы үшін есептелген жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі;

      ОЗҚЕО – Zi тұтыну аймағына жататын қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары;

      Збал – Zi тұтыну аймағына жататын, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар;

      ЗРҚ – Zi тұтыну аймағына жататын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес анықталатын, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      Zi – тұтыну аймағы;

      Зэ – Zi тұтыну аймағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын қаржы-есеп айырысу орталығының жылдық шығындары, ол былайша қалыптастырылады:

      уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде бекітілген босату тарифі жоқ жаңадан іске қосылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның тіркелген тарифі бойынша не (немесе);

      жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымның аукциондық бағасы бойынша не (немесе);

      уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде босату тарифі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның ТЭН-дегі тарифі бойынша;

      Зэ=(Зтір.гидро*Vп+1+…+Зтір.гидро*Vп+Nтір.жел*Vп+1+…+Зтір.жел*Vп+Nтір.күн*Vп+1+…+Зтір.күн*Vп+Nтір.био*Vп+1+…+Зтір.био*Vп+N)+(Заукц.гидро*Vп+1+…+Заукц.гидро*Vп+Nаукц.жел*Vп+1+…+Заукц.жел*Vп+Nаукц.күн*Vп+1+…+Заукц.күн*Vп+Nаукц.био*Vп+1+…+Заукц.био*Vп+N)+(З.тэн.гидро1*Vп+1+…+З.тэн.гидроN*Vп+Nтэо.жел1*Vп+1+…+Зтэн.желN*Vп+Nтэо.күн1*Vп+1+…+Зтэн.күнN*Vп+Nтэо.биогаз1*Vп+1+…+Зтэн.биогазN*Vп+N), мұндағы:

      Зтір гидро – шағын ГЭС үшін тіркелген тариф;

      Зтір.жел – жел электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтір.күн– күн электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтір.био – биогазды электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Заукц.гидро – ГЭС үшін аукциондық баға;

      Заукц.ветро – жел электр станциялары үшін аукциондық баға;

      Заукц.солнце – күн электр станциялары үшін аукциондық баға;

      Заукц.био – биогазды электр станциялары үшін аукциондық баға;

      Зтэн.гидро1 – 1-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.гидроN – N-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.жел1 – 1-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.желN – N-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.күн1 – 1-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.күнN – N-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.био1 – 1-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.биоN – N-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Vп+1 – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 1-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vп+N – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын N-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vп – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын әрбір объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vжиынт – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін, Zi тұтыну аймағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алатын электр энергиясының жылдық жиынтық көлемі.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларымен белгіленген тәртіпте жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф есеп айырысу деректерінің өзгеруіне қарай түзетілуі тиіс.

      11. Шартты тұтынушылар және басым шартты тұтынушылар ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдау туралы ақпарат береді.

      12. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын, алдағы айға арналған және ағымдағы жылдың соңына дейін айларға бөлінген оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.

      13. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифке түзету енгізген жағдайда қаржы-есеп айырысу орталығы түзетілген тариф бекітілген күннен бастап он күн ішінде түзетілген тарифті өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      14. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау кезінде өзіндік құнында мынадай шығындар есепке алынады:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу шығындары;

      2) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жұмсалған шығындар;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары;

      4) резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар.

      15. Қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары жыл сайын есептеледі және оны қаржы-есеп айырысу орталығы ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанына дейінгі мерзімде алдағы жылға бекітеді.

      16. Қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары қаржы-есеп айырысу орталығының жыл сайынғы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген электр энергиясын сатып алуы және оны шартты тұтынушыларға сатуының көлемі негізінде жүйелік оператордың тарифі бойынша есептеледі.