«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы жүйелік оператор болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов