Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2014 жылғы 16 шілдедегі | |
№ 147 қаулысымен | |
бекітілген |
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, ұйымның жұмыс тәртібі және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері айқындалады.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкiмші) – уәкiлеттi орган мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкiмшiлiк);
2) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан не уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;
3) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің не уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;
4) уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы
2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.
Уақытша әкiмшiлiк ұйымның лицензиядан айырылған күнінен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.
3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:
1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;
2) уәкілетті органның ұйымды лицензиясынан айыру туралы шешімінің күні және нөмірі;
3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;
4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, тегі, аты, болса әкесінің аты;
5) уәкілетті органның уақытша әкімшілікке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау туралы тапсырмалары көрсетіледі.
4. Уақытша әкімшіліктің құрамын уәкілетті орган ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай айқындайды.
Уақытша әкімшілік басшысы және мүшелері уақытша әкімшіліктің құрамына уәкілетті органның қызметкерін тағайындау жағдайын қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.
Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.
Көрсетілген кезеңде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдері сақталады.
Уақытша әкімшілік басшысы болып жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі бар адам тағайындалады.
Басшылықтың жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыруға көмек көрсететін уәкілетті орган қызметкерлерінің ұйымның үй-жайларына кіру және уақытша әкімшіліктің иелігіндегі құжаттарға қол жеткізу рұқсаты болады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.
3. Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
7. Лицензиядан айырылған және уақытша әкiмшiлiк тағайындалған күннен бастап "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-1-бабында, "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Сақтандыру туралы заң) 69-бабында көзделген салдар басталады.
8. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi орган оны тағайындаған күнi өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi. Уәкiлеттi органның Банктер туралы заңның 48-бабына және Сақтандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қабылданған ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн уақытша әкiмшiлiк дереу ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жібереді. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні ұйымда Банктер туралы заңның 62-бабына, Сақтандыру туралы заңның 55-1-бабына сәйкес тағайындалған ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік тағайындау туралы бұйрығы уақытша әкімшіліктің басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырылады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберіледі. Уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерін қол қойдырып тапсыруға және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкіндігі болмаған кезде уақытша әкімшілік бұл туралы акт жасайды және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
Ұйым басшысының (оның орнындағы адамның) болмағаны немесе оның уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерімен танысып шығудан бас тартуы, оның ішінде уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмін электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, уақытша әкімшілікке ұйымның үй-жайына кіруге, мүлкі мен құжаттамасын көруге кедергі жасамаса, уақытша әкімшілік уәкілетті органның оны тағайындау туралы шешімінде көрсетілген күні өз міндеттерін орындауға кіріседі.
Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) немесе өзге де адамдар уақытша әкімшілік жұмысына кедергі жасайтын болса, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көзделген іс-қимылдар жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшіліктің жұмысын басқарады және үйлестіреді, мүлкін сақтауды және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады, уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі.
Міндеттерді бөлуді уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығару және олардың өкілеттіктерін бекіту арқылы жүзеге асырады.
Уақытша әкімшілік басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін басшы уақытша әкімшілік мүшелерінің қатарынан тағайындаған оның орынбасары атқарады.
9-1. Ұйымның филиалдары не өкілдіктері болған кезде филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша уақытша әкімшіліктің басшысына есеп беретін уақытша әкімшілік бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) құрылады.
Бөлімшені уақытша әкімшіліктің басшысы уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкімшіліктің мүшелері қатарынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басқарады.
Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және өзіне уақытша әкімшіліктің басшысы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.
Бөлімше басшысы бөлімшенің жұмысын басқарады және үйлестіреді, ұйымның әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі мүлкінің және кепіл беруші ұйымның иелік етуіне берген кепіл мүліктің сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктерін жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Уақытша әкімшілік ұйым басшысынан (оның орнындағы адамнан) және ұйымның материалдық жауапты өзге адамдарынан ұйымның барлық мөрлерін (бар болса), мөртабандарын, клишелерін, кілттерін, пломбаларын және Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды дереу өткізуін талап етеді.
Уақытша әкімшілік ұйым басшысы (оның орнындағы адам) және ұйымның материалдық жауапты өзге адамдар мөрлерді (бар болса), мөртабандарды, клишелерді, кілттерді, пломбирлерді және Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды өткізбеген жағдайда Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес уақытша әкімшіліктің жұмысты жүзеге асыруына кедергі ету туралы актіні (бұдан әрі - кедергі ету туралы акт) жасайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қажетті мөрлердің, мөртабандардың, клишелердің, кілттердің және пломбирлердің телнұсқаларын дайындау бойынша шаралар қабылдайды.
Уақытша әкімшілік мөрдің телнұсқасын әзірлеген күннің алдындағы жұмыс күнінен кешіктірмей, мөрдің телнұсқасының және мөрдің телнұсқасы бедерлемесін әзірленгендігі туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс жасау мерзімі ішінде ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымның мүлкімен мәмілелер жасауға және орындауға, оның ішінде кез келген нысандағы кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, ұйымның міндеттемелерді орындауына, қарсы біртектес талаптарды есепке алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Уақытша әкімшілік шығындарды азайту мақсатында уәкілетті органға хабарлама жібере отырып, ұйымның мүлкін жалға береді.
Мүлікті жалға бергеннен түскен ақша ұйымның банктік шотына аударылады.
Уақытша әкімшілікпен жасалған жалға беру шартын жасау уақытша әкімшіліктің алғашқы талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті жалға беру (қосалқы жалдау) мүмкін еместігіне кедергі жасауға шектеулер қоюға жалға берушінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Уақытша әкімшілік жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, соның нәтижесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату қағидаларының 84-2, 84-3, 84-4, 84-5 және 84-6-тармақтарының талаптарына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ереженің 82-2, 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтарына сәйкес шарт жасалады.
Ұйымның бұрынғы қызметкерлері, ұйымның кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ ұйымның уақытша әкімшілігінің төрағасы, мүшелері және жұмысқа тартылған қызметкерлері тендерге қатысуға жіберілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Уақытша әкімшілік өзінің қызмет жасау мерзімі аралығында ұйымның барлық үй-жайына кедергісіз кіре алады, қызметтік үй-жайларды, байланыс құралдарын (автомобиль көлігі мен өзге де техникалық құралдар) (бұдан әрі – қызметті қамтамасыз ету құрал-жабдықтары) уақытша әкімшілік қызметін жүзеге асыруға арналған тиесілі ұйымдарды пайдалана алады.
Уәкілетті органның уәкілетті бөлімшесі ұйымның қызметті қамтамасыз ету құрал-жабдығының жоқтығынан немесе оларды пайдалану мүмкіндігі жоқтығынан уақытша әкімшіліктің кіріс және шығыс хат-хабарларын қабылдауды және жіберуді жүзеге асырады, сондай-ақ уақытша әкімшілік уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарға кіру рұқсатын ұсынады.
14. Уақытша әкімшілік ұйымның мүлкін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымның ақшасы бар болса:
1) үй-жайлардың, ғимараттардың, қақпалардың, металл шкафтардың, сейфтердің (бұдан әрі – арнайы құрылғылар) құлыптарын, кілттерін арнайы кіру құрылғыларын пайдалана отырып, ауыстыруды жүзеге асырады;
2) қажет болғанда күзет қызметін (ғимараттар, үй-жайлар, ұйымның мүлкі) көрсететін ұйыммен жасалған шартты бұзып, күзету қызметін ұсынатын басқа заңды тұлғалармен шарт жасайды.
Уақытша әкімшілік уәкілетті органға уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің электронды құжаттарды сақтау мен ұйымның автоматтандырылған жүйесіне кіру рұқсаты үшін пайдаланатын кілттер мен парольді ауыстыру жөніндегі өтінішпен хабарласады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні мынадай іс-қимылдарды атқарады:
1) ұйымның басшысына лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімін табыс етеді және лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесін ұйым клиенттерінің шолып шығуы үшін қол жетімді орынға орналастырады;
2) ұйымның басшысынан және өзге адамдардан ұйымды тіркеуге байланысты құжаттарды, ұйымға берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа заңды тұлғалардың құжаттамалық нысанда шығарған бағалы қағаздарын, ұйым меншік иесі болып табылатын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттарын, кіру кодын, ақпаратқа рұқсат беру мақсатындағы парольдерге байланысты барлық құжаттарды оларға дереу өткізуді талап етеді және оларды қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды;
3) ұйымның кассаларын, банкоматтарын, оның филиалдарындағы, өкілдіктеріндегі және өзге де бөлімшелеріндегі бар барлық ақшаны және өзге құндылықтарды тексеруді (ревизияны) бастайды және оны үш жұмыс күні ішінде аяқтайды;
4) ұйымда банктік шоттардың болуын анықтайды және банктерді лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімін, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тек уақытша әкімшілік жүргізетіндігін және банктік шоттар бойынша үзінді көшірмелер ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;
5) осының алдында ұйымның атынан берілген сенімхаттарды жояды, сондай-ақ бұл туралы сенімхатта көрсетілген заңды және жеке тұлғаларды хабардар етеді;
6) Банктер туралы заңның 48-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен, Сақтандыру туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 6) тармақшасымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
7) уақытша әкімшілік тағайындалған күні электронды түрде бар автоматтандырылған жүйенің есепті деректерін жеке электронды тасымалдағышқа көшірме (резервтік көшірме) жасай отырып, бухгалтерлік ақпаратты басып шығаруды жүзеге асырады (банктер үшін - баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - бас бухгалтерлік кітап). Электронды түрдегі осы ақпарат болмаған кезде осы аталған күнгі қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады.
16. Уақытша әкімшілік мынадай іс-қимылдарды орындайды:
1) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;
2) тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
банктің корреспонденттік шоттары бар банктерге және уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының (бұдан әрі – № 207 қағидалар) талаптарына сәйкес ресімделген қолтаңбалар мен мөр бедерінің (бар болса) үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;
ұйымның бухгалтерлік есеп деректерімен банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды салыстырып тексереді және салыстырып тексеру қорытындысы бойынша акт жасайды;
уақытша әкімшілік жасамаған ұйымның мүлікті айыру бойынша мәмілені тіркеуге, сондай-ақ ұйым кепіл ұстаушы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілеу мақсатында тіркеуші органдарды, орталық депозитарийді және қор биржасын уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерімен хабардар етеді;
3) уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарының кем дегенде екеуінде орыс және мемлекеттік тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы ұйымның акционерлерін, кредиторларын және дебиторларын хабардар етеді;
4) активтерге, міндеттемелерге (баланстық және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді, Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүліктер мен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды;
5) толық материалдық жауапкершілігі бар, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізетін адамдардың және автоматтандырылған ақпараттық жүйеге рұқсаты бар адамдардың ұйымның қаржылық және өзге де есептілігін жасау бойынша аясын анықтайды;
6) ұйымның активтерін анықтайды;
7) ұйымның мүлкіне ауыртпалық қойған органдарға орындалған міндеттемелер бойынша ауыртпалықты алып тастау туралы өтінішхат береді;
8) қолма-қол ақшаны ұйымның банктік шотына одан әрі есепке алу үшін қолма-қол ақшаның инкассациясын ұйымдастырады;
9) уақытша әкімшілік жұмыс істеген кезеңде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттігі жоқ болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын тоқтатады;
10) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды тартады;
11) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарттарын бұзады;
12) егер олардың іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) ұйымға зиян келтірілген болса, ұйымның атынан соттарға шағым түсіреді, оның ішінде ұйымның органдары мүшелерін, бас бухгалтерін және өзге тұлғаларын жауапкершілікке тартады;
13) өз функцияларын жүзеге асыру барысында үшінші тұлғалардың қылмыстық белгісі бар іс-әрекет жасағаны анықталса, құқық қорғау органдарына және уәкілетті органға ақпарат жібереді;
14) ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу аяқталған соң уақытша әкімшілік тарату комиссиясына уақытша әкімшіліктің жұмысты орындау туралы есебін бекітуге уәкілетті органға ұсынады;
15) мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша сыйақы есептеуді тоқтатады және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша провизиялар құрады;
16) Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін кредиторлармен және дебиторлармен жұмыс жүргізеді;
17) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымда көзделген барлық қосымша төлемдер мен жеңілдіктердің күшін жояды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.17. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-қимылдарды орындайды:
1) тағайындалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;
2) тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұйымның шоттары ашылған шетелдік банктерге уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес нотариалды куәландырылған, аударылған және апостильденген, қолтаңбалардың үлгілері бар құжаттарды жібереді;
3) лицензиядан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5770 тiркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 қаулысымен бекiтiлген Банктiк операцияларды жүргiзуге берiлген лицензиядан айырылған банктiң активтерiн және мiндеттемелерiн бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу ережесiнде белгiленген тәртiпте банктiң активтерiн және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн бөлiгiмен не толық көлемде бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
4) тағайындалған күнiнен бастап 30 (отыз) жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлуі тиіс депозиттер туралы және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен келiсiлген нысандар бойынша оларға есептелген сыйақы сомасы жөніндегі ақпаратты береді;
5) банкке келiп түсетiн ақшаның, оның iшiнде қарыз алушылардың бұрын берiлген кредиттер бойынша қайтарғанын, қарыздар бойынша сыйақы мен өзге де кiрiстердi, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, банктiң аванстық төлемдерiнiң қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмiлелерден болған кiрiстердiң есепке жазылуын бақылайды;
6) "Мерзiмiнде төленбеген төлем құжаттары" шоттары бойынша картотекадан төлем құжаттарын қайтарады;
7) банктің клиенттеріне банктің сейфтік ұяшықтарында орналастырылған мүліктерін қайтарады;
8) № 207 қағидаларда айқындалған тәртіппен банк клиенттерінің ағымдағы шоттарын жабады;
9) банктің банк шоттарын салыстырып тексереді, шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттардан ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттарға аударады және шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттарды жабады;
10) егер Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, ұйымда белгіленген тарифтер мен мөлшерлемелерге сәйкес ұйымның қызметі үшін ақы алады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгi мынадай iс-әрекеттер жасайды:
1) уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешімін және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiн Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына жібереді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 қаулысымен бекітілген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14787 тiркелген Сақтандыру портфелін беру қағидаларында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген тәртiппен сақтандыру портфелiн беру туралы шешiм қабылдайды;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын және мүлкін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан уақытша әкімшіліктің басшысына қабылдау-өткізу жиынтықты актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тiзiлiмiн ұсынады;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерiнiң бланкiлерiн және сақтандыру агенттерiндегi қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;
5) орналастырылған сақтандыру резервтерi мен кiрiстерiнiң қайтарылуын, оның iшiнде сақтандыру сыйлықақылары мен өзге де кiрiстердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерiн, дебиторлық берешегiн, тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келiп түсетiн барлық қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның есепке жазылуын бақылайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.18-1. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін қалыптастырады және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына береді;";
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асырғаны туралы хабарлама жариялайды. Сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдердің жүзеге асырылғаны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының барлық аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын екі баспа басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 3-тарау 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Егер ұйымның басшылары және қызметкерлері немесе олардың тапсыруы бойынша әрекет ететін өзге адамдардың заңсыз әрекет жасауы немесе әрекет етпеуі арқылы уақытша әкімшілік оған жүктелген қызметтерді толық немесе ішінара жүзеге асыра алмайтын жағдайлар жасаса, уақытша әкімшілік кедергі ету туралы актіні жасайды.
Кедергі ету туралы акт кедергі ету фактісі анықталған күні жасалады және оған уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері қол қояды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Уақытша әкімшілік кедергі ету туралы акт жасау күні 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес кедергі ету туралы актіні әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.
Өңірде уақытша әкімшілік мүшесі жасаған және қол қойған кедергі ету туралы актінің көшірмесі уақытша әкімшіліктің басшысына жіберіледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Уақытша әкімшіліктің шығыстарын жүзеге асыру, уәкілетті органға ақпарат ұсыну
21. Лицензиядан айырған және уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап ұйым Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қаржылық қызметті, оның ішінде бар шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес уақытша әкімшіліктің шығыстары Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Шығыстар сметасы жоспарланатын ай сайынғы шығындарға сүйене отырып жасалады және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей түсіндірме жазбамен бірге уәкілетті органға ұсынылады.
Бұдан кейін шығыстар сметасы ай сайынғы негізде жоспарланатын кезеңнің алдында айдың жетісі күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылады.
Филиалдық желісі бар ұйымда уақытша әкімшіліктің басшысы уақытша әкімшілік бөлімшелерінің шығыстар сметасын жасау бойынша қызметін үйлестіреді және шығыстарды уақытша әкімшілік бөлімшелері бойынша бөлігінде шығыстардың шоғырландырылған сметасының жасалуын қамтамасыз етеді.
23. Уақытша әкімшілік, уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын жасау, қарау және бақылау кезінде шығыстардың нақтылығы, негізділігі, мақсатқа сәйкестігі және шынайылығы қағидаттарын басшылыққа алады.
Шығыстардың нақтылығы қағидаты, шығыстар сметасын жасау кезінде ұйымның нақты қаржылық жағдайына, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлеміне сүйену қажеттігін білдіреді.
Шығыстардың негізділігі қағидаты уақытша әкімшіліктің қызметін жүзеге асырудың белгілі бір кезеңіндегі болжанатын шығындардың объективті қажеттілігін ұғыну қажет.
Мақсатқа сәйкестігі қағидаты уақытша әкімшілік жасайтын шығындар алдыға қойған мақсатқа сәйкестігін білдіреді, яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Шығыстардың шынайылығы қағидаты уақытша әкімшіліктің жасалған (жоспарланған) шығындарының құжаттық расталуын білдіреді.
24. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасымен көзделген ақшаның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Ұйымның нақты қаржылық жағдайын негізге және уақытша әкімшілік орындайтын жұмысты есепке ала отырып бекітілген шығыстар сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, олар сондай-ақ сметаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.
Егер уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаған болса және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттігі бар болса, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңдегі тарату шығыстары сметасына енгізілуі тиіс.
25. Шығындар сметасында шығындардың мынадай баптары көзделеді:
1) еңбекке ақы төлеу шығындары;
2) бюджетке аударым жасау;
3) әкімшілік шығындары;
4) тауар-материалдық құндылықтар иелену бойынша шығындар;
5) іссапар шығындары;
6) қате нұсқаулар бойынша келіп түскен ақшаны қайтару бойынша шығындар;
7) банктің активтер және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру бойынша операцияларды жүргізуге шығындар;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығындары;
9) күтпеген шығындар.
Екінші бап бойынша үнемдеу есебінен шығындардың бір бабы бойынша артық шығындануға рұқсат етілмейді.
26. Еңбекке ақы төлеу шығыстары ұйымның бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ұйым қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығындарын көздейді.
Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, ақылы қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу талаптарын өзгертуді уақытша әкімшілік 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.
28. Әкімшілік шығыстар уақытша басқару шығынының негізгі бөлігін білдіреді. Осы шығыстар:
жасалған шарттардың талаптары (көлікті күзету, мүлікті бағалау және т.б.);
заңнама талаптары (жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды төлеу - салық заңнамасына сәйкес);
құжаттамалық расталған алдыңғы кезеңдегі және айдан айға қайталанып тұратын шығыстар (шот-фактуралар негізіндегі коммуналдық қызметтер) ескеріле отырып, жоспарлануы тиіс.
29. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Қаржы ұйымының қаражатын үнемдеу мақсатында уақытша әкімшілік Қағидалардың 25-тармағында көзделген шығыстарды қысқарту бойынша шараларды қабылдайды.
31. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Уақытша әкімшілік сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.
Жанар-жағар май материалдарының мақсатты әрі орынды пайдаланылуына бақылау болмаған кезде уақытша әкімшілік бақылау жүйесін әзірлеуі (жол парақтарын және талондарын жүргізуі) не жанар-жағар май материалдарын тұтыну лимиттерін белгілеуі қажет.
33. Уақытша әкімшілік басшыларының және мүшелерінің, ұйым қызметкерлерінің іссапарларға шығу шығыстары сметада көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Осы шығыстар:
1) іссапарда болғанда күнтізбелік күнге, оның ішінде жолдағы уақытқа тәуліктік;
2) тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша шығындарды;
3) іссапар орнына және одан кері көлік шығыстарын құрайды.
Қызметкерлер мәселені қашықтықтан шешу (байланысты пайдаланумен) немесе адамдарды жергілікті жерлерде тарту мүмкін болмаған жағдайда іссапарға жіберіледі.
34. Қате көрсетілу бойынша келіп түскен ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
35. Болжанбаған шығыстар уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, Қағидалардың 25- тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделмеген, мөлшері банк үшін – 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жоспарланбаған шығындарын білдіреді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Уақытша әкімшілік жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге де растаушы құжаттарды ұсыну арқылы растайды.
37. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады.
5. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия),
ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеу, қабылдау-өткізу
38. Ревизия сақтау орындарындағы (кассалардағы, банкоматтардағы, қоймалардағы, жеке материалды жауапты тұлғалардағы (сейфтердегі және құндылықтарды сақтаудың басқа орындарындағы) барлық банкноталарды, монеталарды, қатаң есептегі бланктерді, өзге құндылықтарды және құжаттарды тексерумен жүргізіледі. Ревизияның нәтижелері актімен ресімделеді.
Қолма-қол ақшаның және (немесе) құндылықтардың кем шығуы расталғанда материалды жауапты тұлға уақытша әкімшіліктің басшысына түсіндірме жазба ұсынады.
Қолма-қол ақшаның кем шығуы жөніндегі бұзушылық фактісі анықталғанда материалды жауапты тұлға ревизия нәтижелері бойынша акті ресімдеу күні құралған қолма-қол ақшаның кем шығуын өтейді.
Материалды жауапты тұлға қолма-қол ақшаның кем шығу сомасын өтей алмаған (өтеуден бас тартқан) жағдайда осы факті бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына немесе сотқа тапсырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Ұйымның бас офисінде, филиалдарында және өзге құрылымдық бөлімшелерінде қолма-қол ақшаны және өзге құндылықтарды тапсыруға уәкілетті тұлғалар болмаған кезде және (немесе) оларға кілттер (кіру кодтары) болмағанда уақытша әкімшілік акт жасайды және құндылықтарды сақтаудың көрсетілген орындарын ашу мақсатында ұйымның уақытша әкімшілігінің мүшелерінен, ұйым қызметкерлерінен комиссия құрады.
40. Ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оған уақытша әкімшіліктің мүшелері, басшысы, бас бухгалтер және ұйымның қызметкерлері кіреді. Түгендеу комиссиясының құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді.
Уақытша әкімшілік түгендеу басталған күннен бастап бір ай бойы түгендеуді жүргізуді. Түгендеуді жүргізу мерзімі жұмыстың сипаты мен көлемі ескеріле отырып, уәкілетті органның келісімімен ұзартылады.
41. Уақытша әкімшілік түгендеуді жүргізу алдында:
1) бөлек кіретін және шығатын есіктері бар қосалқы үй-жайларды, жертөлелерді және мүлікті сақтаудың басқа да орындарын пломбалайды;
2) түгендеу кезінде соңғы кіріс және шығыс құжаттарын немесе түгендеуге жататын мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.
42. Уақытша әкімішілік түгендеуді жүргізу кезінде уақытша әкімшіліктің басшысымен бекітілген түгендеу тізімдемелерінің нысандарын басшылыққа алады. Түгендеу нәтижелері түгендеу тізімдемелерімен ресімделеді, олар екі данада жасалады және оған түгендеу комиссиясының мүшелері мен материалды жауапты тұлғалар қол қояды.
43. Түгендеу нәтижелері бойынша уақытша әкімшілік ұйымның мүлкі мен құжаттарын түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, оларды қабылдайды, ал ұйымның басшысы, бас бухгалтері және қызметкерлері тапсырады.
Ұйымның бұрынғы басшылығынан уақытша әкімшілік басшысына ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу 3 (үш) данада жасалатын қабылдап-өткізу актісімен ресімделеді. Бір қабылдап-өткізу актісі уәкілетті органға жіберіледі.
Ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу актісі ұйымның бұрынғы басшылығына актіні алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын қол қою мерзімімен жіберіледі.
Ұйымның бұрынғы басшылығы қабылдап-өткізу актісіне қол қоймаған жағдайда бұл туралы белгі қойылады және Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес кедергі ету туралы акті жасалады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және ұйымның өзге де қызметкерлері мүлікті, бухгалтерлік және өзге де құжаттаманы толық көлемде бермесе, уақытша әкімшілік басшысы уақытша басқарушыға берілмеген мүлікті және құжаттарды көрсете отырып олардың жоқ екендігі туралы акт жасайды.
45. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және өзге де қызметкерлері ұйымның мүлкі мен құжаттарын беруден бас тартса, уақытша әкімшілік басшысы қарсылық білдіргендігі туралы акт жасайды.
46. Түгендеу өткізу және ұйымның мүлкі мен құжаттарын ұйымның бұрынғы басшылығынан қабылдап-өткізу аяқталғаннан кейін ұйымның мүлкі мен құжаттары табылған жағдайда уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің және ұйым қызметкерлерінің қатысуымен олардың анықталған орнын және анықталу себебін, олардың сақталу жағдайын, тізімдемесінің болуын, жүйеге келтірілгендігі, сақталу талаптарын көрсете отырып мүлік пен құжаттардың анықталғандығы туралы акт жасайды.
6. Уақытша әкімшілік қызметінің аяқталуы
47. Уақытша әкімшіліктің қызметі уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап тоқтатылады.
48. Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап өз өкiлеттiгiнен босайды және Банктер туралы заңда, Сақтандыру туралы заңда белгiленген мерзiмдерде және тәртiпте мүлiк пен құжаттарды (ұйымның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасын, мөрлерiн (бар болса), мөртабандарын, материалдық құндылықтарын және өзге де мүлкiн) тарату комиссиясының төрағасына табыстауды қамтамасыз етедi.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
______________________________ жылғы ______ айындағы___
______________________________________
ұйымның атауы
№ | Шығыстар атауының баптары | Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 |
1 | Қызметкерлерге еңбекақы төлеу | |
1.1 | Уақытша әкімшілік басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін ұйымның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу | |
1.1.1 | Лауазымдық еңбекақы | |
1.1.2 | Табыс салығы | |
1.1.3 | Міндетті зейнетақы жарналары | |
1.2 | Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу | |
2 | Бюджетке аударымдар | |
2.1 | Салықтар | |
2.2 | Төлемдер | |
2.3 | Өзге де салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | |
3 | Әкімшілік шығыстар | |
3.1 | Қызметтік және шаруашылық қажеттікке арналған көлікті жалдау қызметтері | |
3.2 | Байланыс қызметтері (телекоммуникация шығыстары, телефон, телеграф пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесу, почта және анықтама қызметтерінің қызмет көрсету шығыстары) | |
3.3 | Үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілге қойылған мүлікті) күзету және сигнализация қызметтері | |
3.4 | Көлікті күзету қызметі | |
3.5 | Көліктерге арналған тұрақтар ұсыну қызметі | |
3.6 | Көлік тіркеу қызметі | |
3.7 | Көлікті техникалық бақылаудан өткізу қызметі | |
3.8 | Көлікті сақтандыру қызметі | |
3.9 | Коммуналдық қызметтер | |
3.10 | Мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды және тауар-материалдық құндылықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық сервистік қызмет көрсету (тексеру), демонтаж жұмыстары | |
3.11 | Үй-жайды жалдау | |
3.12 | Тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметі | |
3.13 | Мүлікті бағалау қызметі | |
3.14 | Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметі | |
3.15 | Жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметі | |
3.16 | Сантехникалық жұмыстар | |
3.17 | Мүлікті сақтау қызметі | |
3.18 | Құжаттарды нотариалды куәландыру және аппостильдеу қызметі | |
3.19 | Мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметі | |
3.20 | Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметі | |
3.21 | Инкассациялау қызметі | |
3.22 | Сараптама өткізу қызметі | |
3.23 | Бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету | |
3.24 | Құжаттарды аудару қызметі | |
3.25 | Телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру | |
3.26 | Орталық депозитарий қызметі | |
3.27 | Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметі | |
3.28 | Банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жүзеге асырылған ақша аударымы және төлемі бойынша қызмет | |
3.29 | Жеке сот орындаушыларының қызметі | |
3.30 | Қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметі | |
3.31 | Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар | |
4 | Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары | |
4.1 | Офистік жабдықты жұмыс күйінде ұстауға арналған шығыстар | |
4.2 | Көлік құралдарын ұстауға арналған шығыстар | |
4.3 | Үй-жайларды ұстауға арналған шығыстар | |
4.4 | Қағаз және бланк өнімдер сатып алуға арналған шығыстар | |
4.5. | Кеңсе тауарларын сатып алуға арналған шығыстар | |
4.6 | Жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығыстар | |
5 | Іссапар шығыстары | |
6 | Жаңылыс нұсқау бойынша келіп түскен ақшаны қайтару шығыстары | |
7 | Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізуге арналған банк шығыстары | |
8 | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық көлемде сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығыстары | |
9 | Кездейсоқ шығыстар | |
Айына жиынтығы |
Бас бухгалтер ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса) (қолы)
Орындаушы _____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса) (қолы)
Телефон нөмірі __________________________________________________________________Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2014 жылғы 16 шілдедегі | |
№ 147 қаулысына | |
қосымша |
Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 115 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 192 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1557)), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылы № 9 жарияланған).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген).
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамыздағы № 14 және "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 тіркелген).
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7661 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 516-521 (27594) жарияланған).
12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) жарияланған).