Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 мамырда № 7661 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.06.28 № 269-ө-м (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 459-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7358 тіркелген және 2012 жылғы 7 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 6-7 (26825-26826), «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 7 қаңтардағы № 5-8 (27079) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (Ш.С.Жақытова) осы бұйрықтың:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова