Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4847 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының»"Павлодарэнергосервис"» акционерлік қоғамының пайдасына шығарылған 2003 жылғы 4 қарашадағы шешімін орындау үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген резервінен 122200569,82 теңге (бір жүз жиырма екі миллион екі жүз мың бес жүз алпыс тоғыз теңге сексен екі тиын) бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі