Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 қыркүйекте № 9737 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 24-бабының 14-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (Б.Б. Бисенқұловқа) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 517 бұйрығымен бекітілген

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметтері мен пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің ақпараттық-талдау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған жүкті әйелдер, сондай-ақ жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлер және шартты түрде сотталғандар (бұдан әрі – есепке алынған адамдар) тұрады.

      Қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдарға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларға сотталғандар жатады.

      3. Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) пробация қызметтерінің және қалалық, аудандық (басқармалар) бөлімдерінің полиция бөліністерінің (бұдан әрі - ҚАПб(Б)), Полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД) өзара іс-қимыл жасасуы:

      1) оларға белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыс фактілері туралы ақпаратпен алмасу;

      2) олардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру;

      3) есепке алынған адамдарға қатысты профилактикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және кемінде тоқсанына бір рет өткізу;

      4) бірлескен кеңестер өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Пробация қызметі мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Аумақтық пробация қызметі сот шешімі келіп түскен немесе ол өзгерген күнінен бастап бір тәулік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті" БАЖ) енгізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығуға тыйым салуға тапсырма (бұдан әрі - тапсырма) толтырады. Тапсырма сотталғанның жеке немесе бақылау ісіне тіркеледі және бір жұмыс күні ішінде сот шешімі немесе есептен алу негізінде "Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті" БАЖ-да оның қолданылу ету мерзімі түзетіледі.

      Орнатылған "Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті" БАЖ болмаған кезде аумақтық пробация қызметі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың интранет-порталындағы электрондық пошта арқылы тапсырманы "Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті" БАЖ-ға енгізу үшін ҚАЖД-ның Пробация қызметіне басшылық ету бөліміне (бөлімшесіне, тобына) (бұдан әрі - ПҚББ) жолдайды.

      Ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-і күніне аумақтық пробация қызметі ПҚББ-ға қойылған тапсырмалар саны және олардың түзетулері туралы мәліметтерді жолдайды.

      Аумақтық пробация қызметі есепте тұрған адамды есепке қойған сәттен бастап Ақпараттық-аналитикалық бөлімшелеріне (бұдан әрі - ААБ) ұсынумен, оларды Біріктірілген деректер банкіне (бұдан әрі - БДБ) енгізу үшін адамға қатысты ақпараттық-іздеу карточкасын (ТҒ-АІК) толтырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бас бостандығын шектеуге сотталған, сондай-ақ шартты сотталғандар санаттары бойынша есепте тұрған адамдарға БДБ "Есепке алынған элемент" есебіне қою немесе түзетулер енгізу кезінде ПД Ақпараттық-аналитикалық орталығы (бұдан әрі -ПД ААО) БДБ-ның бастамашылық хабарламаларын өңдеу бойынша Web-жүйесі арқылы "ТЖ-билеттері" және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар" есептері бойынша сәйкестіктер анықтайды.

      ПД ААО қызметтері Web-жүйесі арқылы хабарлау "Мәлімет үшін" - "ҚАЖ" - "мүдделі қызметтерін хабарлау" - шешімін қабылдаған жағдайда бір тәулік ішінде бастамашылық хабарламаларды өңдеу бойынша есепке алынған адам есепте тұрған ҚАЖД-ға хабарлама жолдайды.

      Бастамашылық хабарламаларды өңдеу бойынша Web-жүйесінде тіркелген ҚАЖД-ның жауапты қызметкері электрондық хабарламаны алғаннан кейін "назарға алынды" шешімін қабылдайды, одан кейін хабарламаны есепке алынған адам есепте тұрған аумақтық пробация қызметіне одан әрі орындау үшін жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Пробация қызметі анықталған сәйкестіктер бойынша хабарламаны алғаннан кейін:

      1) сотталғанды пробация қызметіне шақырады немесе тұрғылықты жеріне барады және одан жол берілген құқық бұзушылықтың себептері туралы жазбаша түсініктеме алады;

      2) сотталғанмен жазаны өтеудің тәртiбi мен шарттарын сақтаудың, қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол туралы еркін нысанда анықтама жасалады;

      3) сотталғанға жазасын өзгерту немесе күшін жою мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту беріледі, материал одан әрі сотқа жіберіледі.

      7. Есепке алынған адамның мекенжайы аудан немесе облыс шегінен тыс кетуіне байланысты ауысқан жағдайда пробация қызметі хабарламаны жергілікті полиция қызметіне және ҚАПб(Б) АТБ-ға есептен алу үшін жолдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Аумақтық пробация қызметтері ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей:

      1) жергілікті полиция қызметіне учаскелік полиция және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды хабардар ету үшін есепте тұрған және пробация қызметінің есебінен алынған есепте тұрған адамдардың тізімдерін жолдайды

      2) ҚАПб(Б) есепте тұрған адамдарды бақылаудың жай-күйі туралы ақпаратпен алмасады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аумақтық пробация қызметтері тоқсан сайын:

      1) ҚАПб(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі, сондай-ақ орын алған проблемалар туралы ақпаратты ҚАЖД-ға ұсынады;

      2) есепке алынған адамдарды ішкі істер органдарының қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ақпараттық жүйелері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      3) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және учаскелік полиция инспекторларымен бірыңғай анықтама жасай отырып, бірлескен тексерісті жүзеге асырады;

      4) жергілікті полиция қызметі және ҚАПб(Б) ААб-мен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепте тұрған және есептен алынған есепте тұрған адамдардың саны бойынша салыстыра тексеру жүргізеді, олардың нәтижелері аумақтық бөліністері бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация, жергілікті полиция қызметі және ҚАПб(Б)-мен ААб-нің арасында салыстыра тексеру актісін жасайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. ҚАЖД пробация қызметінің бөлімдері тоқсан сайын:

      1) ПД бастығының орынбасарына өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) ПД-мен, ҚАПб(Б)-мен өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі және бар проблемалар туралы ақпарат жолдайды;

      3) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517; өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі); 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. ҚАЖД пробация қызметі бөлімдері жартыжылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша ҚАПб(Б) мен пробация қызметтерінің өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі және бар проблемалар туралы мәліметті жалпылап, оларды ҚАЖ комитетіне жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ҚАПб(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелері тоқсан сайын ПД басшылығын, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі, Криминалдық полиция, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармаларының өкілдерін шақыра отырып, ҚАЖД басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ҚАЖД пробация қызметі бөлімдері құқық бұзушылықтар профилактикасы саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өңірлік бағдарламалық құжаттарына ұсыныстар енгізеді.

      15. ҚАПб(Б) пробация қызметінің сұрау салуы бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы материалдардың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жасаған құқық бұзушылықтар фактілері туралы ай сайын хабардар етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Аумақтық пробация қызметтері бір жұмыс күні ішінде ПҚББ-ға оларға есепте тұрған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауының фактілері туралы баянатпен баяндайды.

      ПҚББ бір жұмыс күні ішінде есепте тұрған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтаған кезде, ал ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша ДП-мен бірлесіп, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізу үшін баянатпен ҚАЖД басшылығына баяндайды.

      Қызметтік тергеу қорытындысын тағайындау күнінен бастап бір ай ішінде ҚАЖД басшылығы, ал ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ПД басшылығымен бірлесіп бекітеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Әкімшілік қадағалау белгіленген, сондай-ақ мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметімен және полиция бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Полиция бөліністері мен пробация қызметтерінің пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.

      20. Аумақтық ҚАПб(Б) және пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелері ҚАПб(Б) жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция, ҚАПб(Б) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері өкілдерінің қатысуымен, басшылығының жанындағы жедел кеңестерде тоқсан сайын қаралады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары:

      1) пробация қызметінен хабарлама алғаннан кейін оларды есепке алынған адамдар тізіміне қосады;

      2) кәмелетке толмаған есепке алынғандардың, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған әйелдердің, сондай-ақ жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу кезінде пробация қызметінің қызметкерлеріне жәрдем көрсетеді;

      3) пробация қызметінің қызметкерлерімен кемінде тоқсанына бір рет бірлескен анықтама жасай отырып, есепке алынған адамдарды тұрғылықты жері бойынша бірлесіп тексеруді жүзеге асырады.

      22. Пробация қызметінің есебінде тұрған есепке алынған адамдардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған кезде ҚАПб(Б)-нің жедел кезекшілері тәуліктік мерзімде пробация қызметін ақпараттандырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Пробация қызметтерінің
есебінде тұрған адамдардың
мінез-құлқына бақылау
жасаужөніндегі пробация
қызметтері мен полиция
бөлімшелерінің өзара іс-қимыл
жасасу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
____________________________
____________________________

ТАПСЫРМА

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу

      Тапсырма негіздемесі: Қазақстан Республикасы ҚАК 11-бабы, "Шетелдiктердiң

      құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы

      Тапсырманың жарамдылық мерзімі І_І_І І_І_І І_І_І_І_І дейін (мерзімнің аяқталуы)

      (күні) (айы) (жылы)

      Тегі кириллица_____________________________________________________________

      латынша __________________________________________________________________

      Аты кириллица __________________________ фотоның

      латынша ___________________________________ орны

      Әкесінің аты (ол болған жағдайда) кириллица ___________________________________

      латынша __________________________________________________________________

      Туған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І (күні) (айы) (жылы)

      Жынысы ________________________________________________________________________

      Азаматтығы _____________________________________________________________________

      Ұлты ___________________________________________________________________________

      Туған жері ______________________________________________________________________

      (облысы, елді мекен)

      Тұрғылықты жері ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Адам туралы қосымша деректер: ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Табылған жағдайда кімге хабарлау керек _____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жұмыстан тыс уақытта: ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бастамашы:______________________________________________________________________

      (мемлекеттік орган)

      _______________________________________________________________________ (бөлімше)

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні) (телефоны)

      Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І

      (күні) (айы) (жылы)

  Пробация қызметтерінің
есебінде тұрған адамдардың
мінез-құлқына бақылау жасау
жөніндегі пробация қызметтері
мен полиция бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидасына
2-қосымша

20___ жылғы ______ тоқсанында пробация қызметінің есебінде тұрған бас
бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталған адамдар және ҚР ІІМ АТО-нан
хабарламалар алған адамдар туралы
МӘЛІМЕТТЕР

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Пробация қызметтерінің
есебінде тұрған адамдардың
мінез-құлқына бақылау жасау
жөніндегі пробация қызметтері
мен полиция бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

20___ жылғы ______ тоқсан ішіндегі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация, жергілікті полиция қызметтерінің және ҚАПб(Б)ААО арасындағы салыстыра тексеру
АКТІСІ

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517; жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.


Жыл басынан бастап пробация қызметіне есепке қойылған адамдардың саны

Жыл басынан бастап есептен шығарылған адамдардың саны

Есеп беру кезеңінің соңында пробация қызметіне есепке алынған адамдар саны

Пробация қызметі




ЖПҚ




ААО




      Салыстыра тексеруді жүргізгендер:

      Пробация қызметінің бастығы

      __________________________________

      (органның атауы)

      _________________________ __________________

      (атағы, тегі, аты-жөні)      (қолы)

      20__ жылғы "___" __________

      __________________ жергілікті полиция қызметінің бастығы

      (ҚАІІб(Б) атауы)

      _______________________ ____________

      (атағы, Т.А.Ә.)            (қолы)

      20__ жылғы "___"___________

      __________________ААО бастығы (инспекторы)

      (ҚАПб(Б) атауы)

      _______________________ _________________

      (атағы, Т.А.Ә.)            (қолы)

      20__ жылғы "___" __________