БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 148 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пробация қызметінің негізгі міндеттері:
1) қоғамдық жұмысқа және түзеу жұмыстарына тарту, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаларды орындау;
2) шартты түрде және тұрғылықты жері бойынша бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамдардың мiнез-құлқына пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
3) жазаны өтеу кейiнге қалдырылған сотталған жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларын жалғыз тәрбиелейтін ер адамдардың мiнез-құлқына бақылауды жүзеге асыру;
4) күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік наградалар мен оларға қоса берілген құжаттарды алып қою;
6) прокуратура бөліністерімен, жергілікті әскери басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, соттармен және қоғамдық бірлестіктермен, сотталғандар оқитын немесе жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
7) түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы;
қоғамдық жұмыстардан қасақана жалтарған жағдайда қоғамдық жұмыстарға тартуды қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы;
бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы;
еңбекке қабілеттігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату туралы;
қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынып жүрген және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;
бас бостандығын шектеуге және түзеу жұмыстарына сотталғандарды жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату туралы;
шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы;
бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жою туралы;
қамауда ұсталған мерзiмді есепке алу туралы;
жазаны орындауды кейінге қалдыруды жою туралы;
керi күшi бар не жасалған іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын қылмыстық заңның шығуы, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету туралы;
ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып немесе қолданбай жазадан босату туралы;
түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын мөлшерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес төмендету туралы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 476-бабына сәйкес сотқа ұсыным енгізеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Пробация қызметі үкiмді орындауға алған кезінде:
1) үкімнің (қаулының) көшірмесін қосымшаларымен бірге келіп түскен күні кiрiс құжаттарының журналына тiркейдi, ал содан кейін сотталған адамның деректерiн екі жұмыс күні ішінде ОАДБ-ға және нөмiрленiп, бауланып, мөр басылған сотталғандарды (қоғамдық жұмысқа, түзеу жұмыстарына, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, шартты түрде сотталған адамдарға, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған жүктi әйелдердге және жас балалары бар әйелдерге және жас балаларды жалғыз тәрбиелейтін ерлерге, бас бостандығын шектеуге) және сотқа дейінгі пробацияға жататын адамдарды есепке алу журналына осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша енгiзедi.
Сотталған адамдардың тұрғылықты жерінің өзгеруiне байланысты басқа Пробация қызметтерінен және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен келген жеке және бақылау iстерін де осындай тәртiппен, оның ішінде ОАДБ-ға мәліметтер енгізу арқылы тiркейдi;
2) сотталғанды есепке қойған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үкімді шығарған сотқа сот шешімінің орындауға қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды;
3) сотталғанды есепке қойған сәттен бастап бір тәулік мерзімде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-мерзімдік карточка толтырады, оны Пробация қызметінің тиісті картотекасына салады;
4) үкімнің көшірмесін тіркегеннен кейін қосымша:
қоғамдық жұмыстарға сотталғандарға - осы Қағидаларға 16, 17 және 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу карточкасын (ол есепке алу картотекасына салынады), жеке ісін және тіркеу парағын;
түзеу жұмыстарына сотталғандарға - осы Қағидаларға 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тіркеу парағын, есепке алу карточкасын және жеке ісін;
бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталғандарға – осы Қағидаларға 18, 21-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тіркеу парағын және жеке ісін;
белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталғандарға - осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ісін;
шартты түрде сотталғандарға – осы Қағидаларға 18 және 23-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тіркеу парағын, бақылау ісін;
жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге және жас балаларды жалғыз тәрбиелейтін ер адамдарға – осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау ісін толтырады;
сотқа дейінгі пробацияға жататын адамдарға – осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жинақтау ісін бастайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жеке, бақылау, жинақтау істерінің, есепке алу карточкасының және бақылау-мерзімдік карточканың реттік нөмірлері сотталғандарды есепке алу журналында тіркелген үкімдердің нөміріне сәйкес беріледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сотталған адамның жеке, бақылау және жинақтау істері екі бөлімнен тұрады:
бірінші бөлімге есепке қою үшiн негiз болатын материалдар (үкім, ұйғарым, қаулы, заңды күшіне ену туралы анықтама), хабарламалардың көшірмелері, тіркеу парағы және істі зерделеу бойынша тексерушілердің белгілеулеріне арналған жеке парақ тігіледі;
екінші бөлімге жазаны орындау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысты сипаттамалық материалдар тігіледі. Барлық құжаттар хронологиялық ретпен тігіліп, нөмірленіп, тізімдемеге енгізілуі тиіс.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Пробация қызметі пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде:
1) сотталғанның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын анықтайды;
2) сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ оның тіркелу үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
3) сотталғанға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.";
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Пробация қызметi пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:
1) денсаулық жағдайын, бiлiм деңгейiн және жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді;
2) сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
3) ҚР ҚАК-тің 22-бабына сәйкес сот жүктеген мiндеттердi орындау тәртiбiн, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбiн түсiндiредi.
Бұдан кейін, осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде сотталған адамнан қолхат алынады, ол шартты түрде сотталған адамның бақылау ісіне тігіледі.";
81-1-тармақ алып тасталсын;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Пробация қызметінің қызметкері сот жүктеген міндеттерді шартты түрде сотталған адамның қалай орындайтынын бақылайды.";
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"93. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамға қатысты қолданылады.";
94-тармақ алып тасталсын;
94-1-тармақ алып тасталсын;
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау ҚР ҚК-нің 44-бабына және ҚР ҚАК-тің 69-бабына сәйкес белгіленеді.";
96-тармақ алып тасталсын;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Күдіктінің, айыпталушының немесе оның адвокаты, заңды өкілі пробация қызметіне оны күдікті, айыпталушы ретінде тану туралы қаулысы көшірмесімен келген жағдайда, Пробация қызметінің қызметкері:
1) өзіне қатысты пробация қолданылатын адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын анықтайды;
2) ҚР ҚАК-тің 22-бабына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек алуды түсіндіреді;
3) күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асырады.";
көрсетілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 9, 10, 12, 13, 24 және 41-1-қосымшалар алып тасталсын.
2. "Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9737 болып тіркелген):
3-тарау алып тасталсын.
3. "Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14876 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1) пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
2) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері туралы ақпарат;
4) сотқа дейінгі пробация – сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы пайдаланылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын (пенитенциарлық) қылмыстық-атқару жүйесінің органы;
2) сотқа дейінгі пробация – сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке ерекшеліктері туралы ақпарат пайдаланылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға қатысты пробация қызметінің қызметкері әзірлейтін сотқа дейінгі баяндама оның жеке басының ерекшеліктері, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау туралы сотқа хабар беру үшін күдікті, айыпталушы адам туралы материалдарды жинауды көздейді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау, сондай-ақ пробация қызметінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан сұралатын мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпараттар негізінде дайындалады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау үшін пробация қызметі мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сотталғандығы туралы деректерді және жұмыс немесе оқу орнынан күдіктіні, айыпталушыны сипаттайтын мәліметтерді сұратады және пайдаланады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды күдіктінің, айыпталушының тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны тоқтатады.";
Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 148 бұйрығымен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне қосымша нысан |
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама
Кіріспе бөлігі _______________________________________________________________________
(сотқа дейінгі баяндаманы жасау уақыты, күні, орны)
_______________________________________________________________________
(cотқа дейінгі баяндаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні,
айы, жылы және туған жері)
_______________________________________________________________________
Сипаттау бөлігі
_______________________________________________________________________
(азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері,
соттылығының бар-жоғы, сипаттайтын деректер)
Әлеуметтік мінездеме
__________________________________________________________________
Өмір сүру жағдайлары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Отбасылық қарым-қатынастары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жұмыс (оқу) орны бойынша тағы әріптестермен қарым-қатынастары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Достарымен және таныстарымен қарым-қатынастары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін бағалау
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қылмыстық өткені

Қылмыс жасағанға дейінгі мінез-құлқы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін
факторлар
Оң факторлар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Теріс факторлар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар және күдіктіні, айыпталушыны қоғамға
қайта кіріктіру)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Ұсынымдық бөлігі

(адамға жазаны тағайындау және оны орындау кезінде пайдалануға ұсынылатын
міндеттер мен шектеулердің үлгі тізбесі)
Күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі баяндаманы пробация қызметінің бастығы
(аға инспекторы, инспекторы) жасады
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(пробация қызметінің атауы)
________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20___ж. "____" ____________
Таныстырылды қолы _________ (күдіктінің, айыпталушының аты-жөні)
қолы _________ (күдіктінің, айыпталушының заңды өкілінің аты-жөні)