"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бұйрық жобасын жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интерент-ресурсына орнластыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитетіне (Лепеха И.В.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
____________ А.Қ. Даулбаев
2015 жылғы 2 желтоқсан
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсанда № бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 27.02.2026 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
3. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердіні мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9635 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 132 (2526); 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 133 (2527) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Автомобиль жолының учаскесін пайдаланудың тәуекел дәрежесі:
1) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда оннан астам дефекті болса, екі баллмен;
2) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда бестен онға дейін дефекті болса, үш баллмен;
3) егер дефектінің/дефектілердің болуы немесе ауқымы көлік құралының қозғалыс жылдамдығын төмендетуге әкеп соқпаса және жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал етпесе, төрт баллмен;
4) дефектілері жоқ жолдар бес баллмен бағаланады.";
4. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. "Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9737 болып тіркелген, 2014 жылы 14 қазанда "Әділет" ақапараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.
көрсетелген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасында,:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметтері мен пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің ақпараттық-талдау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Есепке алынған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы мәселелері бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖД) пробация қызметтері мен ішкі істер департаменттерінің қалалық, аудандық ішкі істер органдарының (басқармаларының) (бұдан әрі - ҚАІІБ(Б)) әкімшілік полиция бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің өзара іс-қимыл жасасуы:
1) оларға белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыс фактілері туралы ақпаратпен алмасу;
2) олардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру;
3) есепке алынған адамдарға қатысты профилактикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және кемінде тоқсанына бір рет өткізу;
4) бірлескен кеңестер өткізу арқылы жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Есепке алынған адамның мекенжайы аудан не облыс шегінен тыс кетуіне байланысты ауысқан жағдайда пробация қызметі хабарламаны жергілікті полиция қызметіне және ҚАІББ(Б) әкімшілік полиция инспекторына (ӘПБ) есептен алу үшін жолдайды";
8-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жергілікті полиция қызметіне учаскелік полиция және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларын хабардар ету үшін есепте тұрған және пробация қызметінің есебінен алынған есепте тұрған адамдардың тізімдерін жолдайды";
9-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жергілікті полиция қызметі мен АТБ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепте тұрған және есептен алынған есепте тұрған адамдардың саны бойынша салыстыра тексеру жүргізеді, олардың қорытындылары бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация, жергілікті полиция қызметі, ҚАІІБ(Б)-ның ӘПИ және АТБ арасында салыстыра тексеру актісін жасайды";
10-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады;";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. ҚАІІБ(Б) пробация қызметінің сұрау салуы бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы материалдардың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жасаған құқық бұзушылықтар фактілері туралы ай сайын хабардар етеді";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті полиция қызметі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды, сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке қойғаннан кейін:
1) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін пробация қызметіне оның келуін қамтамасыз етеді;
2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жолдайды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Пробация қызметі жергілікті полиция қызметінен әкімшілік қадағалау белгіленген және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға арналған соттың қаулысының көшірмесін алғаннан кейін өз есебіне қояды және мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) есепке алынған адамның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналастыру, тұрғылықты мекенжайының бар-жоғын айқындай отырып, оның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ берілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
2) адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жергілікті полиция қызметі пробация қызметіне сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың есептен шешілгендігі туралы хабарлама жолдайды.";
Көрсетілген қағиданың 1-қосымшасы осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын.
6. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамызында № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 қыркүйекте № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (27914) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасында:
5-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және учаскелік полиция инспекторларын хабардар болуын арттыру үшін пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар тізімін ай сайын жергілікті полиция қызметі бөліністеріне жолдайды;".
7. "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 қазанда № 9839 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 197 (28073) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасында:
6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен профилактикалық жұмыстың жүзеге асырылуын бақылау аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) ішкі істер органы (бұдан әрі - ҚАІІО) жергілікті полиция қызметінің бастығына және оның орынбасарына жүктеледі.
7. ҚАІІО-ның бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты хабарлама алған соң жергілікті полиция қызметінің бастығына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды тапсырады.
8. Учаскелік полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі – УПИ) мекемеден хабарлама алған сәттен бастап тәулік ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізу үшін тапсырма толтырады. Тапсырма жоспар "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына жолданады.";
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ҚАІІО-ның бастығы:
1) жергілікті полиция қызметінің бастығына:
профилактикалық есепке алуды және адамға арналған ақпараттық-іздеу картасын (бұдан әрі – Адам-АІК) ақпараттық-аналитикалық орталықтың (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөліністеріне, сондай-ақ ақпаратты кезекші бөлімге, арнайы мекемеге және полицияның кешенді күштеріне жіберуді;
қылмыстық-атқару жүйесі бөліністеріне хабарлауды;
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қасақана қылмыс жасауының әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеріс жүргізуді;
2) ҚАІІО криминалдық полиция бөлінісіне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жедел есепке алуды;
3) ҚАІІО-ның криминалдық полициясына, кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелеріне және полицияның кешенді күштеріне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылық және сотпен оларға жүктелген міндеттерді орындаудан жалтару фактілері туралы ҚАІІО-ның жергілікті полиция қызметінің бөліністеріне ақпарат ұсынуды тапсырады.";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін УПИ үш жұмыс күні ішінде ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес оларға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы енгізеді.
18. Тұрғылықты жерін тастап кетпеуге тыйым салуға қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.";
21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тұрғылықты жері бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріне келмеген не болмаған және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, УПИ бұл туралы ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баянатпен баяндайды және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүрген жері және келмеу себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.";
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған және міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы материалдарды және бақылау ісін қоса отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау мүмкіндігі туралы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді ұсынымды сотқа жолдайды.
23. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылау олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы оның өтінішіне сәйкес оған ҚАІІО қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат береді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғын үйіне әрбір келу нәтижелері бойынша учаскелік полиция инспекторы немесе оны тексеретін полиция қызметкері бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгі қояды.";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.
29. УПИ сот белгілеген міндеттерді бұзудың әрбір фактісі бойынша осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат толтырады және ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баяндайды.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жерінен ауданнан (қаладан, облыстан) тысқары шығуы туралы мәселелерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жазбаша арызының шығу себебін профилактикалық есепте тұрған кезеңдегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер көрсетілген учаскелік инспектордың баянаты негізінде ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, жергілікті полиция қызметі бөлінісінің қызметкері немесе УПИ келген адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген адамдарды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді, оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.";
8. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 13 қазанда № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ереже) 4 қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік пен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде әйелдерге қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасайтын ведомствосы болып табылады.".
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14-тармақ Функциялары:
1) әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;
1-1) жергілікті полиция қызметінің жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
3) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметімен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
5-1) ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуді жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді ұйымдастырады;
7) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды ұйымдастырады;
8) күзет қызметі субъектілерінен олардың "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпаратты сұратады;
9) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;
10) күдіктілер мен айыпталушыларды, сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды жүзеге асырады;
11) күзету халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындылар;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдар сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруді;
14) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды ескерту жөніндегі профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
15) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
16) белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;
17) жүргізушілер куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды, көлік құралдарын сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеуді жүзеге асырады;
18) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
19) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
20) жол жүрісін реттеуді қамтамасыз етеді;
21) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
22) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оны орындау үшін міндетті түрде ұйғарымдар береді;
23) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
24) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі уақытында көлік жүргізуге оқыту шеберлерінің тізілімін жүргізеді;
25) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
26) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;
27) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие және өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;
28) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдар шығарады, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
29) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
30) арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
31) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға қарсы іс-әрекеттері, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
32) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
33) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлыққа және уытқұмарлыққа шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдемдеседі және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;
34) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді, оларды ұстауды және арнайы медициналық мекемелерге жеткізуді жүзеге асырады;
35) өз құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
36) қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдіктілер мен айыптаушыларды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды, әкімшілік қамаудағыларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптаушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады";
37) жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге қатысады;
38) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
39) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
40) заңнамада бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есепке алуын жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактика шараларын жүргізеді;
41) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
42) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
43) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
44) төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлер мен жұмыскерлердің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
45) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;
46) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің және Үкімет актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
19-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Комитеттің қызметкерлерін белгіленген тәртіппен әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметтерінің жұмысына тексеріс жүргізуге және практикалық көмек көрсету, басқа да қызметтік мәселелер шешу үшін қызметтік іссапарларға жолдайды".
Нысан
20___ жылғы ______ тоқсанында пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдардың саны бойынша пробация, жергілікті полиция
қызметтерінің және АТБ арасындағы салыстыра тексеру
АКТІСІ
Жыл басынан бастап пробация қызметіне есепке қойылған адамдардың саны | Жыл басынан бастап есептен шығарылған адамдардың саны | Есеп беру кезеңінің соңында пробация қызметіне есепке алынған адамдар | |
Пробация қызметі | |||
ЖПҚ | |||
ААБ |
Салыстыра тексеру жүргізгендер:
Пробация қызметінің бастығы__________________________________________
(органның атауы)
___________________________________________________ ________
(атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда – Т.А.Ә.)) (қолы)
20__ жылғы "___" _____________
__________________Жергілікті полиция қызметінің бастығы
(ҚАІІБ(Б) атауы)
_______________________ ____________
(атағы, Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы "___" _____________________________ААБ бастығы
(ҚАІІБ(Б) атауы)
_______________________ _________________
(атағы, Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы "___" __________