Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 қыркүйекте № 9737 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 24-бабының 14-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (Б.Б. Бисенқұловқа) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2014 жылғы 18 тамыздағы 
№ 517 бұйрығымен бекітілген

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына
бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция
бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметтері мен пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің, ақпараттық-талдау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.
      2. Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған жүкті әйелдер, сондай-ақ жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлер және шартты түрде сотталғандар (бұдан әрі – есепке алынған адамдар) тұрады.
      Қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдарға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларға сотталғандар жатады.
      3. Есепке алынған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы мәселелері бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖД) пробация қызметтері мен ішкі істер департаменттерінің қалалық, аудандық ішкі істер органдарының (басқармаларының) (бұдан әрі - ҚАІІБ(Б)) әкімшілік полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасуы:
      1) оларға белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыс фактілері туралы ақпаратпен алмасу;
      2) олардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру;
      3) есепке алынған адамдарға қатысты профилактикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және кемінде тоқсанына бір рет өткізу;
      4) бірлескен кеңестер өткізу арқылы жүзеге асырылады.
 

2. Пробация қызметі мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      4. Аумақтық пробация қызметі сот үкімі, қаулысы келіп түскен күннен бастап бір тәулік мерзімде тұлғаға қатысты ақпараттық-іздеу карточкасын (ТҒ-АІК) толтыра отырып және Ақпараттық-аналитикалық орталығының (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөлімшелеріне ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіпте Біріктірілген деректер банкіне (бұдан әрі – БДБ) енгізу үшін есепке алынған адамдарды есепке қоюды жүзеге асырады, ал сот үкімі, қаулысы келіп түскен күннен бастап бір тәулік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» БАЖ) енгізу үшін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығуға тыйым салуға тапсырма толтырады. Тапсырма Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметіне басшылық ету бөліміне (бөлімшесіне, тобына) (бұдан әрі - ПҚББ) «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» БАЖ-ға енгізу үшін жолданады. Орнатылған «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» БАЖ базасы болған жағдайда аумақтық пробация қызметі тапсырманы дербес қояды, кейіннен есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне ПҚББ-не есебін ұсынады.
      Тұрғылықты жері өзгерген, есептен шығарылған, пробациялық бақылау мерзімі ұзартылған жағдайда БДБ-ға түзетулер енгізу үшін ААБ-ның аумақтық бөлімшелеріне ақпарат ұсынылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.
      5. Бас бостандығын шектеуге сотталған, сондай-ақ шартты сотталғандар санаттары бойынша есепте тұрған адамдарға БДБ «Есепке алынған элемент» есебіне қою немесе тузету енгізу кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы (бұдан әрі – ІІМ-нің ААО) БДБ-ның «Бастамашылық сұрау салу» кіші жүйесі арқылы «ТЖ-билеттері» және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар» есептері бойынша сәйкестіктер анықталады.
      «Ақпарат көзіне хабарлау» шешімі қабылданған жағдайда ІІМ ААО бір тәулік ішінде есепке алынған адам есепте тұрған ҚАЖД-ға хабарлама жолдайды.
      Сол күні ҚАЖД хабарламаны есепке алынған адам есепте тұрған аумақтық пробация қызметіне одан әрі орындау үшін жолдайды.
      6. Пробация қызметі анықталған сәйкестіктер бойынша хабарламаны алғаннан кейін:
      1) сотталғанды пробация қызметіне шақырады немесе тұрғылықты жеріне барады және одан жол берілген құқық бұзушылықтың себептері туралы жазбаша түсініктеме алады;
      2) сотталғанмен жазаны өтеудің тәртiбi мен шарттарын сақтаудың, қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол туралы еркін нысанда анықтама жасалады;
      3) сотталғанға жазасын өзгерту немесе күшін жою мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту беріледі, материал одан әрі сотқа жіберіледі.
      7. Есепке алынған адамның мекенжайы аудан не облыс шегінен тыс кетуіне байланысты ауысқан жағдайда пробация қызметі хабарламаны ҚАІББ(б) әкімшілік полиция бөлімдеріне (бөлімше, топ) (бұдан әрі - ӘПБ) есептен алу үшін жолдайды.
      8. Аумақтық пробация қызметтері ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей:
      1) ІІД ҚАІІБ(Б) ӘПБ-не кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және учаскелік полиция инспекторларын хабардар ету үшін есепте тұрған және пробация қызметінің есебінен алынған есепте тұрған адамдардың тізімдерін жолдайды;
      2) ҚАІІБ(Б) есепте тұрған адамдарды бақылаудың жай-күйі туралы ақпаратпен алмасады.
      9. Аумақтық пробация қызметтері тоқсан сайын:
      1) ҚАІІБ(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі, сондай-ақ орын алған проблемалар туралы ақпаратты ҚАЖД-ға ұсынады;
      2) есепке алынған адамдарды ішкі істер органдарының қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) ақпараттық жүйелері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
      3) кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі және учаскелік полиция инспекторларымен бірыңғай анықтама жасай отырып, бірлесіп тексеруді жүзеге асырады;
      4) ӘПБ және АТБ-мен осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепте тұрған және есептен алынған есепте тұрған адамдардың саны бойынша салыстыра тексеру жүргізеді, олардың қорытындылары бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация қызметтерінің ҚАІІБ(Б) әкімшілік полиция бөлімшелерімен салыстыра тексеру актісін жасайды.
      10. ҚАЖД пробация қызметінің бөлімдері тоқсан сайын:
      1) ІІД Әкімшілік полиция басқармасына өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) ІІД, ҚАІІБ(Б) өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі мен орын алған проблемалар туралы ақпарат жолдайды;
      3) есепті кезеңнен кейінге айдың 1-күнінен кешіктірмей ҚАЖ комитетінің Пробация қызметіне басшылық ету басқармасына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталған адамдар және ҚР ІІМ ААО-нан хабарламалар алған адамдар туралы мәліметтер (бұдан әрі - Мәлімет) жолдайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.
      11. ҚАЖ комитетінің пробация қызметі есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ІІМ ААО Мәлімет ұсынады.
      12. ҚАЖД пробация қызметі бөлімдері жартыжылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша ҚАІІБ(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі мен орын алған проблемалар туралы мәліметті жалпылап, ҚАЖ комитетіне жолдайды.
      13. ҚАІІБ(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін тоқсан сайын ІІД басшылығын шақыра отырып, ҚАЖД басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қарастырады.
      14. ҚАЖД пробация қызметі бөлімдері құқық бұзушылықтар профилактикасы саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өңірлік бағдарламалық құжаттарына ұсыныстар енгізеді.
      15. Пробация қызметінің сұрау салуы бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы материалдардың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ ҚАІІБ(Б) ӘПБ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жасаған құқық бұзушылықтар фактілері туралы ай сайын хабардар етеді.
      16. Есепте тұрған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша ПҚББ, ал ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша ҚАІІб(Б)-нің полиция бөлімшелерімен бірлесіп осы қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша қызметтік тергеу жүргізеді. Ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін қызметтік тергеу қорытындысын ҚАЖД және ІІД басшылығы бекітеді.
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.

3. Әкімшілік қадағалау белгіленген, сондай-ақ мерзімінен бұрын шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметі
мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      17. ҚАІІБ(Б) ӘПБ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамды, сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке қойғаннан кейін:
      1) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін пробация қызметіне оның келуін қамтамасыз етеді;
      2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жолдайды.
      18. Пробация қызметі, ҚАІІБ (Б) ӘПБ-ден сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген және мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға арналған соттың қаулы көшірмесін алғаннан кейін өз есебіне қояды және мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) есепке алынған адамның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналастыру, тұрғылықты мекенжайының бар-жоғын айқындай отырып, оның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ берілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.
      2) адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.
      19. ӘПБ қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, сондай-ақ оған қатысты сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды есептен шығару туралы пробация қызметіне хабарлама жолдайды.
      Ескерту. Қағида 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.

4. Полиция бөлімшелері мен пробация қызметтерінің пробация
қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың арасында құқық
бұзушылықтар профилактикасы бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.

      20. Аумақтық ҚАІІб(Б) және пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелері ҚАІІб(Б) басшылығының жанындағы жедел кеңестерде тоқсан сайын қаралады.
      21. Учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары:
      1) пробация қызметінен хабарлама алғаннан кейін оларды есепке алынған адамдар тізіміне қосады;
      2) кәмелетке толмаған есепке алынғандардың, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған әйелдердің, сондай-ақ жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу кезінде пробация қызметінің қызметкерлеріне жәрдем көрсетеді;
      3) пробация қызметінің қызметкерлерімен кемінде тоқсанына бір рет бірлескен анықтама жасай отырып, есепке алынған адамдарды тұрғылықты жері бойынша бірлесіп тексеруді жүзеге асырады.
      22. Пробация қызметінің есебінде тұрған есепке алынған адамдардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған жағдайда ҚАІІб(Б)-нің жедел кезекшілері тәуліктік мерзімде пробация қызметін ақпараттандырады.

Пробация қызметтерінің  
есебінде тұрған адамдардың
мінез-құлқына бақылау жасау
жөніндегі пробация қызметтері
мен полиция бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасасу   
қағидасына         
1-қосымша         

      Нысан

20___ жылғы ______ тоқсанында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың
саны бойынша пробация қызметтерінің ҚАІІБ(Б) әкімшілік полиция бөлімшелерімен
салыстыра тексеру АКТІСІ
 


Жыл басынан бастап пробация қызметіне есепке қойылған адамдардың саны

Жыл басынан бастап есептен шығарылған адамдардың саны

Есеп беру кезеңінің соңында пробация қызметіне есепке алынған адамдар

Пробация қызметі




ӘПБ




ААБ





       Салыстыра тексеру жүргізгендер:
      Пробация қызметінің бастығы__________________________________
      (органның атауы)
      ___________________________________________                   ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда – Т.А.Ә.))                         (қолы)
      20__ жылғы «___» __________
      ___________________ӘПБ бастығы
      (ҚАІІБ(Б) атауы)
      _______________________                                ________________
      (атағы, Т.А.Ә.)                                            (қолы)
      20__ жылғы «___» __________
      ___________________ААБ бастығы
      (ҚАІІБ(Б) атауы)
      _______________________                                _________________
      (атағы, Т.А.Ә.)                                      (қолы)
      20__ жылғы «___» __________
 

Пробация қызметтерінің  
есебінде тұрған адамдардың
мінез-құлқына бақылау жасау
жөніндегі пробация қызметтері
мен полиция бөлімшелерінің 
өзара іс-қимыл жасасу   
қағидасына         
2-қосымша          

Нысан

20___ жылғы ______ тоқсанында пробация қызметінің есебінде тұрған бас
бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталған адамдар және ҚР ІІМ АТО-нан
хабарламалар алған адамдар туралы
МӘЛІМЕТТЕР
 

Атауы

Шартты сотталғандар

Бас бостандығын шектеу

БДБ «Бастамалық сұраулар» кіші жүйесінің анықталған сәйкестіктері бойынша ІІМ ААО-дан келіп түскен хабарламалардың саны



оның ішінде

әкімшілік құқық бұзушылықтар



оның ішінде бір жыл ішінде қайталанған



ТЖ- билеттері



оның ішінде бір жыл ішінде қайталанған



барлық тәртіп бұзушылықтар фактілері бойынша соттарға жолданған материалдар



оның ішінде

шартты сотталғандарға қатысты сынақ мерзімін ұзартуға



жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру




       Пробация қызметінің бастығы
      __________________________________
      (органның атауы)                 
      _________________________             __________________
      (атағы, Т.А.Ә.)                               (қолы)
      20__ жылғы «___» __________

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған 
адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау 
жөніндегі пробация қызметтері мен полиция
бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу  
қағидасына 3-қосымша         

Нысан

Бекітемін
____________________________________
____________________________________

Тапсырма

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.06.2015 № 517 бұйрығымен.

Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу
Тапсырма негізі: 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-атқару кодексiнің 11-бабы, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы
Тапсырманың жарамдылық мерзімі І_І_І І_І_І І_І_І_І_І дейін (мерзімнің
аяқталуы)                      (күні) (айы)  (жылы)
Тегі кириллица__________________________________________
      латынша __________________________________________
Аты кириллица ___________________________________             фотоның
      латынша ___________________________________              орны
Әкесінің аты кириллица _________________________________
      латынша __________________________________________
Туған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І
           (күні)   (айы)      (жылы)
Жыныс _______________
Азаматтығы __________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
                             (облысы, елді мекені)
Туған жері __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Адам туралы қосымша деректер: _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Табылған жағдайда кімге хабарлау керек ______________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыстан тыс уақытта: _______________________________________________
_____________________________________________________________________

Бастамашы:___________________________________________________________
                         (мемлекеттік орган)
_____________________________________________________________________
                             (бөлімше)
_____________________________________________________________________
                            (лауазымы)
_____________________________________________________________________
          (қолы)       (тегі, аты-жөні)       (телефоны)

Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І
                (күні)  (айы)       (жылы)