"Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11720 тіркелді

        Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Кодексінің 24-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9737 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» № 238 (28461); 2014 жылғы 4 желтоқсанда «Казахстанская правда» № 238 (27859) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аумақтық пробация қызметі сот үкімі, қаулысы келіп түскен күннен бастап бір тәулік мерзімде тұлғаға қатысты ақпараттық-іздеу карточкасын (ТҒ-АІК) толтыра отырып және Ақпараттық-аналитикалық орталығының (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөлімшелеріне ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіпте Біріктірілген деректер банкіне (бұдан әрі – БДБ) енгізу үшін есепке алынған адамдарды есепке қоюды жүзеге асырады, ал сот үкімі, қаулысы келіп түскен күннен бастап бір тәулік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» БАЖ) енгізу үшін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығуға тыйым салуға тапсырма толтырады. Тапсырма Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметіне басшылық ету бөліміне (бөлімшесіне, тобына) (бұдан әрі - ПҚББ) «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» БАЖ-ға енгізу үшін жолданады. Орнатылған «Бүркіт-мемлекеттік органдар клиенті» БАЖ базасы болған жағдайда аумақтық пробация қызметі тапсырманы дербес қояды, кейіннен есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне ПҚББ-не есебін ұсынады.
      Тұрғылықты жері өзгерген, есептен шығарылған, пробациялық бақылау мерзімі ұзартылған жағдайда БДБ-ға түзетулер енгізу үшін ААБ-ның аумақтық бөлімшелеріне ақпарат ұсынылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚАЖД пробация қызметінің бөлімдері тоқсан сайын:
      1) ІІД Әкімшілік полиция басқармасына өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) ІІД, ҚАІІБ(Б) өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйі мен орын алған проблемалар туралы ақпарат жолдайды;
      3) есепті кезеңнен кейінге айдың 1-күнінен кешіктірмей ҚАЖ комитетінің Пробация қызметіне басшылық ету басқармасына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталған адамдар және ҚР ІІМ ААО-нан хабарламалар алған адамдар туралы мәліметтер (бұдан әрі - Мәлімет) жолдайды.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Есепте тұрған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша ПҚББ, ал ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша ҚАІІб(Б)-нің полиция бөлімшелерімен бірлесіп осы қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша қызметтік тергеу жүргізеді. Ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін қызметтік тергеу қорытындысын ҚАЖД және ІІД басшылығы бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
      «19. ӘПБ қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, сондай-ақ оған қатысты сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды есептен шығару туралы пробация қызметіне хабарлама жолдайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
      «4. Полиция бөлімшелері мен пробация қызметтерінің пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі.
      20. Аумақтық ҚАІІб(Б) және пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелері ҚАІІб(Б) басшылығының жанындағы жедел кеңестерде тоқсан сайын қаралады.
      21. Учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары:
      1) пробация қызметінен хабарлама алғаннан кейін оларды есепке алынған адамдар тізіміне қосады;
      2) кәмелетке толмаған есепке алынғандардың, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған әйелдердің, сондай-ақ жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу кезінде пробация қызметінің қызметкерлеріне жәрдем көрсетеді;
      3) пробация қызметінің қызметкерлерімен кемінде тоқсанына бір рет бірлескен анықтама жасай отырып, есепке алынған адамдарды тұрғылықты жері бойынша бірлесіп тексеруді жүзеге асырады.
      22. Пробация қызметінің есебінде тұрған есепке алынған адамдардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған жағдайда ҚАІІб(Б)-нің жедел кезекшілері тәуліктік мерзімде пробация қызметін ақпараттандырады.»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын:
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 9 маусымдағы 
№ 517 бұйрығына 1-қосымша

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған 
адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау 
жөніндегі пробация қызметтері мен полиция
бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу  
қағидасына 3-қосымша         

Нысан

Бекітемін
____________________________________
____________________________________

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу
Тапсырма негізі: 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-атқару кодексiнің 11-бабы, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы
Тапсырманың жарамдылық мерзімі І_І_І І_І_І І_І_І_І_І дейін (мерзімнің
аяқталуы)                      (күні) (айы)  (жылы)
Тегі кириллица__________________________________________
      латынша __________________________________________
Аты кириллица ___________________________________             фотоның
      латынша ___________________________________              орны
Әкесінің аты кириллица _________________________________
      латынша __________________________________________
Туған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І
           (күні)   (айы)      (жылы)
Жыныс _______________
Азаматтығы __________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
                             (облысы, елді мекені)
Туған жері __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Адам туралы қосымша деректер: _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Табылған жағдайда кімге хабарлау керек ______________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыстан тыс уақытта: _______________________________________________
_____________________________________________________________________

Бастамашы:___________________________________________________________
                         (мемлекеттік орган)
_____________________________________________________________________
                             (бөлімше)
_____________________________________________________________________
                            (лауазымы)
_____________________________________________________________________
          (қолы)       (тегі, аты-жөні)       (телефоны)

Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І
                (күні)  (айы)       (жылы)