Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 шілдеде № 9609 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
1-қосымша

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
2-қосымша

Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі біліктілік комиссиясын (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Комиссияны конкурсты жеңіп алған Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік (бұдан әрі – Кәсіптік бірлестік) құрады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Комиссия Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жүргізуге кандидаттарды даярлаумен және оқытумен айналысуға ниет білдірген адамдарға "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.

      4. Комиссия мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ереженің (жарғының) негізінде әрекет етеді.

      5. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кәсіптік бірлестік оның мүшелері болып табылатын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының (бұдан әрі – оқу ұйымы), жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайына құрылып жатқан Комиссияның құрамына қосу үшін кандидатуралар ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      Комиссияның құрамына қосу үшін оқу ұйымдары ұсынған кандидатуралардың қатарынан Кәсіпкерлік бірлестіктің басқару органы Комиссияны қалыптастырады.

      Комиссияның құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.

      7. Уәкілетті орган сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссияның құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі туралы Кәсіптік бірлестікке жазбаша хабарлайды.

      8. Комиссияның төрағасын оның құрамы қалыптасқаннан кейін Комиссия мүшелері сайлайды. Комиссияның төрағасы болып оқу ұйымдарының мүшелері қатарынан олардың көп дауыс жинаған өкілі сайланады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссияның отырыстары Комиссия төрағасы жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 51 пайызы болған кезде ғана Комиссия отырысы заңды деп есептеледі. Комиссияның шешімдері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Комиссияның кезектен тыс отырыстары Комиссия төрағасының немесе Комиссияның кем дегенде үш мүшесінің талабы бойынша өткізіледі.

      11. Қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.

      Іс жүргізуді, хаттамалар дайындауды Комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.

      12. Комиссия мүшесі кезекті отырыстарға (кем дегенде үш кезекті) жүйелі түрде қатыспаған жағдайда Комиссия төрағасы Кәсіптік бірлестіктің басқару органына және (немесе) уәкілетті органға оқу ұйымының өкілін Комиссияның құрамынан шығару және оны алмастыру туралы ұсыныс енгізеді.

      13. Кәсіптік бірлестіктің қызметі тоқтаған күннен бастап Комиссия өз қызметін тоқтатады.

      Комиссия өз қызметін Кәсіптік бірлестік өз қызметін қайта бастаған күннен бастап не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жаңғыртады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Оқу ұйымының өкілі - Комиссияның мүшесі Кәсіптік бірлестіктің құрамынан шыққан немесе уәкілетті органның өкілі жұмыстан босатылған кезде Кәсіптік бірлестіктің басқару органы немесе уәкілетті орган Комиссияның құрамына тиісті өзгерістер енгізеді.

      15. Комиссия:

      1) біліктілік емтиханын қабылдау процесін ұйымдастырады;

      2) аттестаттаудан өткізу орны мен уақыты туралы оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарға уақтылы хабарлайды;

      3) біліктілік емтиханын өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етеді;

      4) Комиссияның отырысын өткізу орны мен уақыты туралы уәкілетті органның өкіліне отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды;

      5) оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;

      6) біліктілік емтихандарын өткізу күндерін бекітеді;

      7) оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттауға құжаттар қабылдайды;

      8) біліктілік емтихандарының нәтижелерін қарау арқылы оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттаудан өткізеді;

      9) біліктілік куәлігін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссияның "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігін беру туралы шешімін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және Кәсіптік бірлестік пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Кандидаттарды аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) көрсетіп, "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерін береді;

      10) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрықтарымен.

      16. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіптік бірлестіктерге хабарлайды.

      Біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға үш жыл өткен соң ғана жіберіледі.


  Біліктілік комиссиясын
қалыптастыру және оның
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы
БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ №______

"Оқытушы" ("Өндірістік оқыту шебері", "Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту
шебері")
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(Комиссияның атауы)
20__жылғы "_____" ____________
шешімімен_____________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
"Оқытушы" ("Өндірістік оқыту шебері", "Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту
шебері") біліктілігі берілді.
Берілді: 20__жылғы "___"______
Жарамды: 20__жылғы "___"______
Төраға______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
М.О _______________
(қолы)
 

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
3-қосымша

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары

      1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) біліктілік куәлігін алу үшін шарттарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестаттау – біліктілік емтихандарын қабылдау арқылы Біліктілік комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) білімдері мен дағдыларын айқандау рәсімі;

      2) біліктілік емтиханы (бұдан әрі – емтихан) – модульдік тапсырманы шешу және тестілеуден өткізу арқылы кандидаттардың білімдері мен дағдыларын тексеру нысаны;

      3) модульдік тапсырма – теориялық сұрақтар мен тестілерді көздейтін, кем дегенде екі тапсырмадан тұратын тапсырмалар көлемі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аттестаттауға жоғары техникалық немесе орта техникалық білімі, сабақ өткізу санатында жүргізуші куәлігі, кем дегенде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.

      4. Кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарларына сәйкес жылына кемінде екі рет өткізіледі.

      5. Аттестаттаудан өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында, Кәсіптік бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында жарияланады және белгіленген аттестаттаудан өткізу күніне дейін екі айдан кешіктірмей кандидаттарға хабарланады.

      6. Аттестаттауға тіркеу үшін кандидат Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жоғары техникалық немесе орта техникалық білімін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086е нысаны бойынша медициналық анықтама;

      5) жүргізуші куәлігінің көшірмесі.

      7. Құжаттардың Комиссияға келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және кіріс нөмірімен бірге кандидаттың өтінішіне қойылады.

      8. Емтихандар тапсыруға тіркелген кандидаттардың тізімдері Комиссия төрағасының (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасарының) өкімімен бекітіледі. Емтиханға жіберу туралы шешім емтихан өткізер алдында екі аптадан кешіктірмей ауызша немесе жазбаша нысанда кандидаттың назарына жеткізіледі.

      9. Аттестаттауды табысты аяқтаған кандидаттарға біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, Комиссияның шешімімен "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі беріледі.

      10. Аттестаттаудан өткізу осы Қағидаларға және Комиссия бекітетін оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттау бағдарламасына (бұдан әрі - аттестаттау бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Емтихандарды өткізу үшін Комиссия:

      1) мемлекеттік және орыс тілдерінде модульдік тапсырмаларды қалыптастырады;

      2) емтихандар өткізуді ұйымдастырады;

      3) кандидаттардың емтихан жұмыстарын тексеруді және бағалауды жүргізеді.

      12. Емтихандар Комиссиялар бекіткен кестелер бойынша өткізіледі. Емтихандарды өткізу кестесі мен орны кандидаттарға бірінші емтихан басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын хабарланады.

      13. Емтихан екі кезеңмен:

      1) жазбаша түрде модульдік тапсырманы орындау арқылы;

      2) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі (емтихан тапсырушының таңдауы бойынша) емтихан сұрақтарының автоматтандырылған базасын пайдаланып, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақталған автоматтандырылған жүйелерді қолдану арқылы тестілеу өткізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Модульдік тапсырма, кандидаттың қалауы бойынша, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі және орындалады.

      15. Модульдік тапсырмалар салынған конверттерді Комиссияның төрағасы (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасары) кандидаттар мен Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтихан басталғанға дейін жиырма минут бұрын ашады.

      16. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерін беруді Комиссия кандидатты аттестаттау жүзеге асырылған бағдарламаға сәйкес жүзеге асырады.

      17. Жоғалған біліктілік куәлігін қалпына келтіру алдыңғы аттестаттау нәтижелерінің негізінде жоғалған біліктілік куәлігінің жарамдылық мерзіміне беріледі.

      18. Біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі – бес жыл.

      19. Емтиханның нәтижесі 100-балдық жүйе бойынша бағаланады (бірінші кезең – модульдік тапсырманың теориялық сұрақтары үшін елу балл және екінші кезең – тестілеу үшін елу балл).

      Орындалған модульдік тапсырма үшін жалпы жетпіс бес және одан жоғары балл жинаған кандидат біліктілік емтиханын табысты тапсырған болып есептеледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2016 № 573 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Әрбір емтихан жұмысын Комиссияның кем дегенде екі мүшесі бір-біріне қарамастан, жеке-жеке тексереді, нәтижесінде екі нәтиженің орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Нәтижелердің айырмашылығы он баллдан көп болған кезде және нақтылауды талап ететін жағдайларда емтихан жұмысын Комиссия мүшелерінің ішінен үшінші тәуелсіз маман тексереді. Мұндай жағдайларда үш бағаның орташа арифметикалық бағасы қорытынды нәтижені құрайды.

      21. Барлық емтихандар бойынша бағалау рәсімі аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірмей, Комиссия мүшелерінің көп дауыс беруімен бағаларды бекіту туралы шешім қабылданады, ол хаттамаға енгізіледі және оған Комиссияның отырысқа қатысушы барлық мүшелері әр парағына қол қояды.

      Емтиханның нәтижелері жұмыстардың бағалары жазбаша түрде бекітілгеннен кейін келесі күні кандидаттарға хабарланады.

      22. Әрбір кандидаттың жеке нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның емтихан карточкасына енгізіледі, ол кандидаттың басқа құжаттарымен бірге тігіледі. Орындалған модульдік тапсырмалар, бағаларына қарамастан, кандидаттарға қайтарылмайды.

      23. Аттестаттау нәтижелері хаттамаға енгізіледі, оған Төраға (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасары) және Комиссияның аттесаттауға қатысқан басқа да мүшелері қол қояды.


  Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау бойынша оқытушы,
өндірістік оқыту шебері және
білім беру процесі кезінде
жүргізуге оқыту шебері болуға
кандидаттарды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  Кәсіптік бірлестіктің
___________________________
(кәсіптік бірлестіктің атауы)
Біліктілік комиссиясына
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) тұратын
(тұратын жерінің мекенжайы)
Жеке куәлігі ________________
(нөмірі, кім,қашан берді, ЖСН)
____________________________
(байланыс телефонының нөмірі)

ӨТІНІШ

      Маған "____" санатындағы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша
__________________________ біліктілік куәлігін алуға біліктілік
      (оқытушы, шебер)
      емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Аттестаттаудан өткізу күні мен орны туралы ақпаратты мына __________________________
      _____________________________ бойынша хабарлауды сұраймын.
      (тел., эл.пошта мекенжайы, пошта мекенжайы)
      Өтінішке:
      ____________________
      ____________________
      ____________________
      ____________________
      ____________________
      ____________________қоса беремін.
      Қолы:_________________ Күні 20__жылғы "___" _______

  Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау бойынша оқытушы,
өндірістік оқыту шебері және
білім беру процесі кезінде
жүргізуге оқыту шебері болуға
кандидаттарды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына 2-қосымша
  нысан

Емтихан карточкасы

      ____________ қаласы Емтиханды өткізу күні 20__жылғы "___"_______

      Кәсіптік бірлестіктің атауы____________________________________________

      Емтихан тапсырушының Т.А.Ә (болған жағдайда)_________________________

      Туған күні ____________ ЖСН _________________________________________

      Біліктілік атауы ______________________________________________________

      Модульдік тапсырманың нөмірі: ______________

№ р/с

Пәннің атауы

Сұрақтар

Емтихан нәтижесі
(балл)

1


1.


2.


2


1.


2.


3


1.


2.


4


1.


2.


5


1.


2.


6

Теориялық емтихан бойынша жалпы балл саны:


7

Тестілеу бойынша жалпы балл саны:


8

Біліктілік емтиханы бойынша қорытынды балл саны:



      Қолдар: Емтихан тапсырушы: _______________________

      Комиссия төрағасы: ________________________

      Комиссия мүшелері :

      1._______________________

      2. _______________________