Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15176 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6) "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 10690 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу өтінішті уәкілетті органда тіркеген сәттен бастап он жұмыс күн ішінде жүргізіледі.".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9.Мыналар:

      1) уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі нормативтік, техникалық және жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;

      2) уәкілетті органның аумақтық бөліністері – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын, сондай-ақ осы автомобиль жолдарындағы жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;

      3) жоғары тұрған уәкілетті органның нұсқауы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөліністері – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келіседі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әзірлеуші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама жазбаша бас тарту алынған күннен бастап екі айдан кешіктірмей қайта келісуге жолданады. Қайта келісу өтініш уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.".

      7) "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 3 наурызда № 13373 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:

      26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІД-нің ЖПҚ "Бүркіт" базасына ҚАІІб(Б) ЖПҚ-дан тапсырма алған күннен бастап екі тәулік ішінде оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды енгізеді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. ҚАЖД тоқсан сайын аумақтылығы бойынша ІІД Көші-қон полициясы басқармасына (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың тізімін жолдайды.

      Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар босаған кезде ҚАЖД мерзімі аяқталуына байланысты босатылғанға дейін алты ай бұрын, ал оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген кезде – сотталғанның өтінішхат берген сәтінен бастап үш тәулік ішінде ІІД КҚПБ-ны ақпараттандырады.".

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.