Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 шілдеде № 9609 тіркелді

Қолданыстағы

     РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
      «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық реси жариялауға жатады және 2014 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр
полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
1-қосымша

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары

      1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі -  Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерін (бұдан әрі - кәсіптік бірлестіктер) аккредиттеуден өткізу тәртібін белгілейді.
      2. Кәсіптік бірлестіктер көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіптік бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.
      3. Кәсіптік бірлестіктер уәкілетті орган олардың заңды құқықтарын ресми тануы мақсатында Заңға сәйкес аккредиттеуден өтеді.
      4. Аккредиттеу үшін кәсіптік бірлестіктер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) қағаз тасымалдағыштарда:
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      құрылтай құжаттардың, жарғының және мемлекеттік тіркелгенін және бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      2) қағаз және электрондық тасымалдағыштарда:
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының, кәсіптік бірлестіктер мүшелерінің тізбесін;
      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынады.
      5. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган кәсіптік ұйымды аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды.
      6. Кәсіптік бірлестіктердің құжаттарын қарау (өтінішті қабылдаған сәттен бастап) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      7. Егер:
      1) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса және құжаттарды ресімдеу осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
      2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталса, кәсіптік бірлестікті аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тарту туралы шешім шығарылады.
      Кәсіптік бірлестік көрсетілген заң бұзушылықтарды жойған жағдайда аккредиттеу туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
      8. Атауы (оның ішінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны), орналасқан жері өзгерген жағдайда кәсіптік бірлестік он күндік мерзімде бұл туралы құрылымдық бөлініске хабарлайды және оған тиісті мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      9. Кәсіптік бірлестік аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:
      1) нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында және Кәсіптік бірлестіктердің және Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында жариялау;
      2) уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтініш беру қажет.
      10. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
      11. Аккредиттеу туралы куәлік өз әрекетін мынадай:
      1) заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған, жеке кәсіпкер банкротқа ұшыраған;
      2) аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берілген;
      3) уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін тоқтатқан себептер жойылмаған;
      4) аккредиттеу туралы куәліктің әрекеті бірнеше рет тоқтатылған (соңғы он екі айдың ішінде екі рет) жағдайларда тоқтатылады.
      12. Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін тоқтату кәсіптік бірлестік уәкілетті органның белгіленген мерзімде заңдылықты бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымын орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда жүзеге асырылады.
      13. Кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңында көзделген міндеттерді орындамағаны туралы жазбаша ұйғарымды уәкілетті органның лауазымды адамы береді.
      14. Кәсіптік бірлестік:
      1) аккредиттеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде біліктілік комиссиясын құрмаса;
      2) күнтізбелік он екі айда орташа санынан он пайыз, бірақ кәсіптік бірлестіктің мүшелері – көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі бес оқу ұйымы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен осындай кәсіптік бірлестіктің тарапынан өтініш болмай алынып тасталса;
      3) бір жыл ішінде жүйелі түрде (екі рет қатарынан) осы қағидаларды бұзса;
      4) өзі және өзінің қызметі туралы уәкілетті органға көрінеу жалған ақпарат ұсынса;
      5) уәкілетті органның ұйғарымы шығарылған себеп үш ай ішінде жойылмаса, аккредиттеу туралы куәліктен айырылады.
      15. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде кәсіптік бірлестік аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті органға қайтарады.
      16. Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлік аккредиттеуді куәландыратын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган жүргізетін кәсіптік ұйымдар тізіліміне міндетті тіркеуге жатады.
      17. Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлік әрекет ету мерзімі шектеусіз беріледі.
      18. Кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындауды, есепке алуды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау жөніндегі кәсіптік
бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша


нысан


___________________________
(уәкілетті органға)

Өтініш

      Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін ___________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
(кәсіптік ұйымның толық атауы)
      аккредиттеуді сұраймын.
      Орналасқан жері: __________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Кәсіптік бірлестіктің басшысы _______________________________________________
                                                (қолы) (Т.А.Ә.(болған жағдайда))
      М.О.                                                 _______________________
(күні)
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау жөніндегі кәсіптік
бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаларына 2-қосымша


нысан

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының, кәсіптік бірлестіктер мүшелерінің тізбесі

      Мүшелері _________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
(көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің
атауы көрсетіледі)
 
 

р/с №

Оқу ұйымының атауы

Заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікке кірген күні

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікке мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі және атауы

Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда), біліктілік куәлігінің нөмірі

Оқұ ұйымы басшысының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікке мүшелігін растайтын қолы

1

2

3

4

5

6

7

   

      Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің басшысы ________________________________________________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.(болған жағдайда)
      М.О.                                                       ____________________
(күні)
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау жөніндегі кәсіптік
бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаларына 3-қосымша


нысан

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің құрылымы және жұмыс органдарының бар-жоғы туралы мәліметтер

      Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің құрылымы (бөлімдер, топтар және т.б.)
 
 

Бөлімнің, топтың және т.б. атауы

Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Лауазымның атауы

Байланыс телефоны





















   

       Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің басшысы ________________________________________________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
      М.О.                         __                        __________________________
(күні)
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау жөніндегі кәсіптік
бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаларына 4-қосымша


нысан


Бекітемін:
Қазақстан Республикасы ІІМ
ӘПК лауазымды адамы
____________________________
20__жылғы «___»_______

Қорытынды

      Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
(ұйымның атауы мен заңды мекенжайы)
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келеді (келмейді) және Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер тізіліміне енгізуге жатады (жатпайды).
      20__жылғы «___»_________ № _____ аккредиттеу туралы куәлік берілді.
      (Аккредиттеу туралы куәлік беруден мына себептерге байланысты бас тартылды:_______________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________________)
      М.О.                                                 Қазақстан Республикасы ІІМ
ӘПК лауазымды адамы
________________
(қолы)
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау жөніндегі кәсіптік
бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаларына 5-қосымша


нысан

Аккредиттеу туралы куәлік № ____

      Осы куәлік ________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
(көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің
толық атауы)
      _______________________________________________________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________________________________________________
(орналасқан жері, БСН)
      _____________________________________________________________________________________________________ берілді.
      Куәлік мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
      Куәлікті берген орган _______________________________________________________
      __________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
      Негіздеме: ________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
      20___ жылғы « ___» ________ № ____ бұйрығы.
      ___________________________________
(уәкілетті органның басшысы, ҚОЛЫ)
      М.О.
      Берілген күні 20__жылғы «___» _______
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау жөніндегі кәсіптік
бірлестіктерді аккредиттеу
қағидаларына 6-қосымша
нысан


Бекітемін
Қазақстан Республикасы ІІМ
ӘПК лауазымды адамы
____________________________
20__жылғы «___»_______

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің тізілімі
 

№ р/с

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің атауы, заңды мекенжайы

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік мүшелерінің саны

Аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі

Куәлікті берген күн

Аккредиттеу туралы куәлікті алған жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7








   

       М.О. Қазақстан Республикасы ІІМ
ӘПК лауазымды адамы
____________________
(қолы)
 


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
2-қосымша

Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Қағидалар «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі біліктілік комиссиясын (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Комиссияны оның құрылтайшысы болып табылатын, саны кемінде он заңды тұлға мен жеке кәсіпкерден тұратын аккредиттелген Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік (бұдан әрі – Кәсіптік бірлестік) құрады. Комиссия Кәсіптік бірлестік аккредиттеу туралы куәлік алған күннен бастап алты ай ішінде құрылады.
      3. Комиссия Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жүргізуге кандидаттарды даярлаумен және оқытумен айналысуға ниет білдірген адамдарға «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.
      4. Комиссия мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ереженің (жарғының) негізінде әрекет етеді.
      5. Комиссия филиалдар мен өкілдіктер құра алмайды.
      6. Кәсіптік бірлестік оның мүшелері болып табылатын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының (бұдан әрі – оқу ұйымы), жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайына құрылып жатқан Комиссияның құрамына қосу үшін кандидатуралар ұсыну туралы сұрау салу жібереді.
      Комиссияның құрамына қосу үшін оқу ұйымдары ұсынған кандидатуралардың қатарынан Кәсіпкерлік бірлестіктің басқару органы Комиссияны қалыптастырады.
      Комиссияның құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.
      7. Уәкілетті орган сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссияның құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі туралы Кәсіптік бірлестікке жазбаша хабарлайды.
      8. Комиссияның төрағасын оның құрамы қалыптасқаннан кейін Комиссия мүшелері сайлайды.
      Комиссияның төрағасы болып оның мүшелері қатарынан оқу ұйымдарының көп дауыс жинаған өкілі үш жыл мерзімге сайланады. Бір және сол адам екі рет қатарынан төраға болып сайлана алмайды.
      9. Комиссияның отырыстары Комиссия төрағасы жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
      Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 51 пайызы болған кезде ғана Комиссия отырысы заңды деп есептеледі. Комиссияның шешімдері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      10. Комиссияның кезектен тыс отырыстары Комиссия төрағасының немесе Комиссияның кем дегенде үш мүшесінің талабы бойынша өткізіледі.
      11. Қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.
      Іс жүргізуді, хаттамалар дайындауды Комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
      12. Комиссия мүшесі кезекті отырыстарға (кем дегенде үш кезекті) жүйелі түрде қатыспаған жағдайда Комиссия төрағасы Кәсіптік бірлестіктің басқару органына және (немесе) уәкілетті органға оқу ұйымының өкілін Комиссияның құрамынан шығару және оны алмастыру туралы ұсыныс енгізеді.
      13. Уәкілетті орган Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін тоқтату туралы шешім шығарған күннен бастап Комиссия өз қызметін тоқтатады.
      Комиссия өз қызметін Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы қайта берілген куәлікке сәйкес не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жаңғыртады.
      14. Оқу ұйымының өкілі - Комиссияның мүшесі Кәсіптік бірлестіктің құрамынан шыққан немесе уәкілетті органның өкілі жұмыстан босатылған кезде Кәсіптік бірлестіктің басқару органы немесе уәкілетті орган Комиссияның құрамына тиісті өзгерістер енгізеді.
      15. Комиссия:
      1) біліктілік емтиханын қабылдау процесін ұйымдастырады;
      2) аттестаттаудан өткізу орны мен уақыты туралы оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарға уақтылы хабарлайды;
      3) біліктілік емтиханын өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етеді;
      4) отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның өкіліне Комиссияның отырысын өткізу орны мен уақыты туралы хабарлайды;
      5) оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
      6) біліктілік емтихандарын өткізу күндерін бекітеді;
      7) оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттауға құжаттар қабылдайды;
      8) біліктілік емтихандарының нәтижелерін қарау арқылы оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттаудан өткізеді;
      9) біліктілік куәліктерін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссияның «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беру туралы шешімін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және Кәсіптік бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
      10) кандидаттарды аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын көрсетіп, «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерін береді;
      11) шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсетіп, отырыс хаттамасын және «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігі берілген адамдар Комиссияға ұсынған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынады.
      16. «Оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіптік бірлестіктерге хабарлайды.
      Біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға үш жыл өткен соң ғана жіберіледі.
 


Біліктілік комиссиясын
қалыптастыру және оның
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына қосымша


нысан

   

Қазақстан Республикасы
БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ №______

«Оқытушы» («Өндірістік оқыту шебері», «Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері»)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(Комиссияның атауы)
 

20__жылғы «_____» ____________

шешімімен_____________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
«Оқытушы» («Өндірістік оқыту шебері», «Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері») біліктілігі берілді.
Берілді: 20__жылғы «___»______.
Жарамды: 20__жылғы «___»______.
Төраға______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
М.О _______________
(қолы)
 

   


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
3-қосымша

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары

      1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) біліктілік куәлігін алу үшін шарттарды айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аттестаттау – біліктілік емтихандарын қабылдау арқылы Біліктілік комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) білімдері мен дағдыларын айқандау рәсімі;
      2) біліктілік емтиханы (бұдан әрі – емтихан) – модульдік тапсырманы шешу арқылы кандидаттардың білімдері мен дағдыларын тексеру нысаны;
      3) модульдік тапсырма – теориялық сұрақтар мен тестілерді көздейтін, кем дегенде екі тапсырмадан тұратын тапсырмалар көлемі.
      3. Аттестаттауға жоғары техникалық немесе орта техникалық білімі, сабақ өткізу санатында жүргізуші куәлігі, кем дегенде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.
      4. Кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарларына сәйкес жылына кемінде екі рет өткізіледі.
      5. Аттестаттаудан өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында, Кәсіптік бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында жарияланады және белгіленген аттестаттаудан өткізу күніне дейін екі айдан кешіктірмей кандидаттарға хабарланады.
      6. Аттестаттауға тіркеу үшін кандидат Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жоғары техникалық немесе орта техникалық білімін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086е нысаны бойынша медициналық анықтама;
      5) жүргізуші куәлігінің көшірмесі.
      7. Құжаттардың Комиссияға келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және кіріс нөмірімен бірге кандидаттың өтінішіне қойылады.
      8. Емтихандар тапсыруға тіркелген кандидаттардың тізімдері Комиссия төрағасының (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасарының) өкімімен бекітіледі. Емтиханға жіберу туралы шешім емтихан өткізер алдында екі аптадан кешіктірмей ауызша немесе жазбаша нысанда кандидаттың назарына жеткізіледі.
      9. Аттестаттауды табысты аяқтаған кандидаттарға біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, Комиссияның шешімімен «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі беріледі.
      10. Аттестаттаудан өткізу осы Қағидаларға және Комиссия бекітетін оқытушыға, өндірістік оқыту шеберіне, білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберіне кандидаттарды аттестаттау бағдарламасына (бұдан әрі - аттестаттау бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Емтихандарды өткізу үшін Комиссия:
      1) мемлекеттік және орыс тілдерінде модульдік тапсырмаларды қалыптастырады;
      2) емтихандар өткізуді ұйымдастырады;
      3) кандидаттардың емтихан жұмыстарын тексеруді және бағалауды жүргізеді.
      12. Емтихандар Комиссиялар бекіткен кестелер бойынша өткізіледі. Емтихандарды өткізу кестесі мен орны кандидаттарға бірінші емтихан басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын хабарланады.
      13. Емтихан жазбаша түрде модульдік тапсырманы орындау арқылы өткізіледі.
      14. Модульдік тапсырма, кандидаттың қалауы бойынша, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі және орындалады.
      15. Модульдік тапсырмалар салынған конверттерді Комиссияның төрағасы (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасары) кандидаттар мен Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтихан басталғанға дейін жиырма минут бұрын ашады.
      16. «Оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерін беруді Комиссия кандидатты аттестаттау жүзеге асырылған бағдарламаға сәйкес жүзеге асырады.
      17. Жоғалған біліктілік куәлігін қалпына келтіру алдыңғы аттестаттау нәтижелерінің негізінде жоғалған біліктілік куәлігінің жарамдылық мерзіміне беріледі.
      18. Біліктілік куәлігінің қолданылу мерзімі – бес жыл.
      19. Емтиханның нәтижесі 100-балдық жүйе бойынша бағаланады (елу балл теориялық сұрақтар үшін және елу балл тест үшін).
      Орындалған модульдік тапсырма үшін жетпіс бес және одан жоғары балл жинаған кандидат біліктілік емтиханын табысты тапсырған болып есептеледі.
      20. Әрбір емтихан жұмысын Комиссияның кем дегенде екі мүшесі бір-біріне қарамастан, жеке-жеке тексереді, нәтижесінде екі нәтиженің орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Нәтижелердің айырмашылығы он баллдан көп болған кезде және нақтылауды талап ететін жағдайларда емтихан жұмысын Комиссия мүшелерінің ішінен үшінші тәуелсіз маман тексереді. Мұндай жағдайларда үш бағаның орташа арифметикалық бағасы қорытынды нәтижені құрайды.
      21. Барлық емтихандар бойынша бағалау рәсімі аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірмей, Комиссия мүшелерінің көп дауыс беруімен бағаларды бекіту туралы шешім қабылданады, ол хаттамаға енгізіледі және оған Комиссияның отырысқа қатысушы барлық мүшелері әр парағына қол қояды.
      Емтиханның нәтижелері жұмыстардың бағалары жазбаша түрде бекітілгеннен кейін келесі күні кандидаттарға хабарланады.
      22. Әрбір кандидаттың жеке нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның емтихан карточкасына енгізіледі, ол кандидаттың басқа құжаттарымен бірге тігіледі. Орындалған модульдік тапсырмалар, бағаларына қарамастан, кандидаттарға қайтарылмайды.
      23. Аттестаттау нәтижелері хаттамаға енгізіледі, оған Төраға (ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасары) және Комиссияның аттесаттауға қатысқан басқа да мүшелері қол қояды.
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау бойынша оқытушы,
өндірістік оқыту шебері және
білім беру процесі кезінде
жүргізуге оқыту шебері болуға
кандидаттарды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына 1-қосымша


нысан


Кәсіптік бірлестіктің
___________________________
(кәсіптік бірлестіктің атауы)
Біліктілік комиссиясына
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


_____________________тұратын
(тұратын жерінің мекенжайы)


Жеке куәлігі ________________
(нөмірі, кім,қашан берді, ЖСН)
____________________________
(байланыс телефонының нөмірі)

ӨТІНІШ

      Маған «____» санатындағы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша __________________________ біліктілік куәлігін алуға біліктілік
(оқытушы, шебер)
      емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Аттестаттаудан өткізу күні мен орны туралы ақпаратты мына ____________________________________________бойынша хабарлауды сұраймын.
(тел., эл.пошта мекенжайы, пошта мекенжайы)
      Өтінішке:
      ____________________
      ____________________
      ____________________
      ____________________
      ____________________
      ____________________қоса беремін.
      Қолы:_________________ Күні 20__жылғы «___» _______
 


Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау бойынша оқытушы,
өндірістік оқыту шебері және
білім беру процесі кезінде
жүргізуге оқыту шебері болуға
кандидаттарды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына 2-қосымша


нысан

Емтихан карточкасы

      ____________ қаласы Емтиханды өткізу күні 20__жылғы «___»_______
      Кәсіптік бірлестіктің атауы____________________________________________
      Емтихан тапсырушының Т.А.Ә (болған жағдайда)_________________________
      Туған күні ____________ ЖСН _________________________________________
      Біліктілік атауы ______________________________________________________
      Модульдік тапсырманың нөмірі: ______________
 
 

№ р/с

Пәннің атауы

Сұрақтар

Емтихан нәтижесі
(балл)

1


1.


2.


2


1.


2.


3


1.


2.


4


1.


2.


5


1.


2.


6

Теориялық емтихан бойынша жалпы балл саны:


7

Тестілеу бойынша жалпы балл саны:


8

Біліктілік емтиханы бойынша қорытынды балл саны:


   

       Қолдар: Емтихан тапсырушы: _______________________
      Комиссия төрағасы: ________________________
      Комиссия мүшелері : 1._______________________
      2. _______________________