Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 17) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 15 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 13 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ В. Школьник
2015 жылғы 13 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен бекітілген |
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
3. Осы Қағидалардың қолданысы қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
4. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) рұқсат - лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;
3) жарылғыш зат - белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
4) жарылғыш зат негізіндегі бұйым - өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы массасы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
6. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) келесі құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;
жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы] басшысына |
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні] |
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
________________________________________________________________________________
(қызмет түрін көрсету)
_____________________________________________________________________ мақсатында
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау: ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)
Жарылыс материалдарын сақтау орны: ________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________ | |
[Тегі, аты, әкесінің аты | |
(болған жағдайда), электрондық | |
цифрлық қолтаңбасы] |
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не болмаса "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда; |
10 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
Берілген күні: [Күні] | ||||
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
| ||||
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Күні: [Берілген күні] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
| ||||