Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда № 20561 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 17) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234
бұйрығына 1-қосымша

"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.

      4. "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияға қызметтің келесі кіші түрлері кіреді:

      1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

      2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

      3) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;

      4) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;

      5) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

      6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) лицензия - лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      3) рұқсат беру бақылауы - рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған рұқсат беру органдарының қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;

      4) біліктілік талаптары - өтініш беруші мен лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде де, оның жарамдылық уақытының бүкіл кезеңі ішінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

      5) жарылғыш зат - белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;

      6) жарылғыш зат негізіндегі бұйым - өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы;

      7) пиротехникалық бұйым - пиротехникалық құрамның жануын (жарылысын) қолдана отырып, қажетті әсер алуға арналған бұйым. Пиротехникалық құрамдардың қасиеттеріне және олардың химиялық түрленуі кезінде өтетін процестердің сипатына байланысты пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар тағайындалуы бойынша тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға және техникалық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар сақтау процесінде техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану кезінде энергия шығынын жүргізуді талап етпейді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      7. Заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) келелесіні жолдайды:

      1) лицензия алу үшін:

      осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

      жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің толтырылған мәліметтер нысаны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылдың 9 желтоқсанындағы № 843 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) (бұдан әрі - біліктілік талаптары);

      2) лицензияға қосымша алу үшін:

      осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      біліктілік талаптарына толтырылған мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта ресімдеу үшін:

      осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      біліктілік талаптарына мәліметтердің толтырылған нысаны.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі келесіні құрайды:

      1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде - 10 (он) жұмыс күні;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:

      2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді;

      ұсынылған құжаттар толық және сенімді болған жағдайда, сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне портал арқылы сұрау салу жібереді;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде алдын алу бақылау арқылы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын бақылау субъектісіне (объектісіне) баруымен жүзеге асырады, оның нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық пиротехникалық заттарды қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.

      2) қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:

      2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді;

      ұсынылған құжаттардың мәліметтері толық және шынайы болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді.

      3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде беру осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіздер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 және 34-баптарында айқындалған.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 5-қосымшада көрсетілген.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      11. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      16. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен оларды
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның

ӨТІНІШІ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Сізден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді сұраймын _______________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(-лері)інің толық атауы көрсетiлсiн)

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шоты ______________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.

      Осымен мен ұсынатын (толтырған) ақпараттың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.

  ___________________________
Басшы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
  қоспағанда) заттар мен оларды
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның ӨТІНІШІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Сізден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді сұраймын

      __________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы _______________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шоты ______________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.

  ___________________________
Жеке тұлға
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен оларды
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның ӨТІНІШІ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(-лері)інің толық атауы көрсетiлсiн)

      20__ жылғы "____" ______ № ___ берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіз (дер) бойынша: __________________________________________

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес:

      бірігу _________________________________________________________________

      қайта құру _____________________________________________________________

      қосылу ________________________________________________________________

      бөліп шығару___________________________________________________________

      бөліну ___________________________________ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі__________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ______________________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі

      _______________________________________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ______________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ______________________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ___________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шоты ______________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ______________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.

  ___________________________
Басшы
______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен оларды
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның ӨТІНІШІ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(-лері)інің толық атауы көрсетiлсiн)

      20__ жылғы "____" ______ № ___ берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіз (дер) бойынша: __________________________________________

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

      1) жеке тұлға-лицензиаттың аты, тегі, әкесінің атының (бар болған жағдайда) өзгеруі

      __________________________________________________________________________

      2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының өзгеруі

      __________________________________________________________________________

      3) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайының өзгеруі

      _________________________________________________________________________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____________________________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ______________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _____________________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ______________________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ______________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ______________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шоты _____________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.

  ___________________________
Жеке тұлға
___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не болмаса "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 22 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% (пайызын) құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мәліметтер нысаны;
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
4) лицензиялық алым енгізілмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
6) көрсетілетін қызметті беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның келісуші аумақтық бөлімшесінен көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес еместігі туралы жауап алды;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
8) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда тоқтатылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8 800 080 7777.

  Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті көрсету
қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

ЛИЦЕНЗИЯ

Берiлген күнi: […] жыл

Лицензияның нөмiрі: […]

Берілді

[…]
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес – сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

Айналысуға

[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

Ерекше шарттары

[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

Ескерту

[…]
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

Лицензиар

[…]
(лицензиардың толық атауы)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

[…]
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Алғашқы берілген күні

[…]

Лицензияның қолданылу кезеңі

[…]

Берілген жер

Нұр-Сұлтан қаласы

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті көрсету
қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША

Лицензияның нөмiрі: […]

Лицензияның берiлген күнi: […] жыл

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші қызметтері:

[…]

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы")

Лицензиат

[…]
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өндiрiстік база

[…]
(орналасқан жерi)

Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары

[…]
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

Лицензиар

[…]
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

[…]
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қосымшаның нөмірі

[…]

Қолданылу мерзiмi

[…]

Қосымшаның берілген күні

[…]

Берілген орны

Нұр-Сұлтан қаласы

  "Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен оларды
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
8-қосымша
  нысан

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[Мемлекеттік органның атауы]

[Наименование государственного органа]

[Мемлекеттік органның деректемелері]

[Реквизиты государственного органа]

Күні: [Берілген күні]

[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]

Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]

[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234
бұйрығына 2-қосымша

"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.

      4. "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) рұқсат - лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;

      3) жарылғыш зат - конденсацияланған химиялық зат немесе сыртқы әсерлердің әсерінен белгілі бір жағдайларда жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті осындай заттардың қоспасы;

      4) жарылғыш заттың негізіндегі бұйым - қабықшаға немесе онсыз жасалған, өздігінен немесе басқа да жарылғыш заттармен бірге дайындалған күйінде пайдалануға арналған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы келесі құжаттарды жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;

      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсатты не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      15. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  [Мемлекеттік органның атауы]
басшысына

      Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

  Өтініш күні: [Күні]

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беруге арналған ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беруді сұрайды:_____________________________________________________________

      (жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың атауы)

      Техникалық шарттардың (стандарттың) нөмірі __________________________________

      Әзірлеуші _________________________________________________________________

      Дайындаушы (дайындаушылар) ______________________________________________

      Оны (оларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік _________________________________

      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды __________________________________________________________________________

      Көлік қауіптілігінің класы ___________________________________________________

      Көлік қауіптілігінің ішкі класы _______________________________________________

      Үйлесімділік тобы __________________________________________________________

      Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірі ____________________________________

      Жедел шаралар коды ________________________________________________________

      Тағайындауы, аясы және қолдану шарттары ____________________________________

      Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

  ____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру не болмаса "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.
Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кеден одағының "Жарылғыш заттар және олар негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 техникалық регламентімен, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8 800 080 7777.

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысының мазмұны

      1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған, оның ішінде бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктері, сәйкестендіруге қажетті шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігін көрсете отырып, торылғыш заттар және бұйымдар туралы мәліметтерді;

      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;

      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      9) жүргізілген сараптама, жүргізілген сынау, оның ішінде жарылғыш заттардың оларды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздігін бағалауға қажетті көрсеткіштер бойынша нәтижелерін;

      10) негізделген қорытындыларын, техникалық шешімдер мен шаралар бойынша ұсыныстарды, жарылыс заттарының және оның негізіндегі бұйымдардың атауын, жарылыс затын немесе оның негізіндегі бұйымды әзірлеуші мен жасаушы туралы мәліметтерді, олардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік нөмірі, берілген күні, куәлік берген органның атауы), жарылыс затының немесе оның негізіндегі бұйымның техникалық шарттарының (стандартының) нөмірлерін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодын, көлік қауіптілігінің санаты мен шағын санатын, сәйкестілік тобын, Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірін, шұғыл шаралар кодын, жарылыс заттарын немесе бұйымдарының белгіленуін, қолдану саласы мен шарттарын, қосымша талаптарды (қажет болған жағдайда);

      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілерді, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген бақылау және қабылдау сынақтардың актілерін, бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктерін қамтитын қосымшаларды;

      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді.

      2. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптамалық қорытындыға жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[Мемлекеттік органның атауы]

[Наименование государственного органа]

[Мемлекеттік органның деректемелері]

[Реквизиты государственного органа]

Нөмірі: [Құжат нөмірі]

[Заңды тұлғаның атауы]

Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

Берілген күні: [Күні]

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға
РҰҚСАТ
Жарылғыш заттың немесе бұйымның атауы ______________________
Техникалық шарттардың (стандарттың) нөмірі_____________________
Әзірлеуші:___________________________________________________
Дайындаушы (дайындаушылар):________________________________
Оны (оларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ___________________
(№ және берілген күні, куәлік берген органның атауы)
КО СЭҚ ТН коды______________________________________________
Рұқсат беру үшін негіздеме ____________________________________

Көлік қауіптілігінің сыныбы

Көлік қауіптілігінің ішкі сыныбы

Үйлесімділік тобы

БҰҰ сериялық нөмірі

Жедел шаралар коды (ЖШК)

[…]

[…]

[…]

[…]

[…]

Қолдану мақсаты, саласы және шарттары _____________________
Қосымша талаптар _________________________________________

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[Мемлекеттік органның атауы]

[Наименование государственного органа]

[Мемлекеттік органның деректемелері]

[Реквизиты государственного органа]

Күні: [Берілген күні]

[Заңды тұлғаның атауы]

Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]

[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және [Сараптамалық қорытындының күні] жылғы № [Сараптамалық қорытындының нөмірі] [Сараптамалық қорытындыны берген ұйымның атауы] сараптамалық қорытындысын қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234
бұйрығына 3-қосымша

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың қолданысы қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.

      4. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) рұқсат - лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;

      3) жарылғыш зат - белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;

      4) жарылғыш зат негізіндегі бұйым - өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы массасы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) келесі құжаттарды жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;

      3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:

      жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;

      жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.

      Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылық ететін уәкілетті органның аймақтық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісімен - ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Заңды (жеке) тұлғаның
деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің
аумақтық (облыстар,
республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың)
департамент басшысына
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған өтініш

      ________________________________________________________ Сізден қарауды және

      (ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________ мақсатында

      _____________ жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)

      _________________________________________________________________ жүктелді.

      Жарылыс материалдарын сақтау орны_________________________________________

      (атауы, орналасқан жері)

      Осымен:

      1) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      2) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

  ___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

"Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не болмаса "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз қашықтықтарды, соққы ауа толқынының әсерін, жарылыс кезінде улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерді нақтылайтын есептеулері көрсетілген мәліметтері бар электрондық құжат;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат ұсынылады;
жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орны көрсетілген тау-кен жұмыстарының жоспары, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер бар электрондық құжат ұсынылады.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің - www.mііd.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.
Егер негізгі қызмет түрі лицензиялауға жатпайтын болса, онда жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.
1. Мұнай; газ; газ конденсаты және айдау ұңғымаларында атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түрінің лицензиясына қосымша ұсыну - мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, көмірсутектер саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия; жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу - қызметтің кіші түріне арналған лицензияға қоса берілген тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса берілген жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
3. Қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса беріле отырып, жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың] бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности [областей, городов республиканского значения и столицы]"

Нөмірі: [...]

ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ
РҰҚСАТ

Берілген:

[...]
(өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

Кімге:

[…]
(ұйымның атауы)

[…]
(жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

Мақсатында

[…]

Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау жүктелді

[…]
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)

Жарылғыш материалдарды сақтау орны

[…]
(атауы, орналасуы)

Берілген күні:

[…] жыл

Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі - берілген күнінен бастап 1 жыл.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың] бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности [областей, городов республиканского значения и столицы]"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

Нөмірі: […]

Берілген күні: […] жыл

[Мекеме атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың] бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Күні] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] хатыңызды қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының ТАӘ]