Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10273 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 15 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 13 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ________________ В. Школьник

      2015 жылғы 13 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 350 бұйрығымен бекітілген

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылгы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі"

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметтерді қамтатын электрондық құжат;

      3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:

      жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарын қамтатын электрондық құжат ұсынылады;

      жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспары; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтатын электрондық құжат ұсынылады;

      4) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларын қамтатын электрондық құжат ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Аумақтық бөлімшенің ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша аумақтық бөлімше жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту үшін:

      1) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) оның еместігі айқындалса;

      2) өтініш берушінің және (немесе) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағида (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

      Өтініш беруші осы Қағидалардың 4- тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, аумақтық бөлімше оларды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында заңды тұлғалар үшін беріледі.

      9. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатта осы жұмыстарға басшылық жасау жүктелген жарылыс жұмыстарының нақты басшысы көрсетіледі. Жарылыс жұмыстарының басшысы ауысқан кезде жарылыс жұмыстарын жүргізуге қайтадан рұқсат алады.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау жүктелген адам уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, сырқаттану) жарылыс жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымның басшысы өз бұйрығымен оның міндеттерін орындауды ұйымның жарылыс жұмыстарына басшылық жасау құқығына ие басқа лауазымды адамына жүктейді.

      Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың қолданылу мерзімі ол берілген күнінен бастап бір жылды құрайды.

      10. Авария туындаған, қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан орын алған жазатайым оқиға болған, жарылыс жұмыстарын жүргізу процесінде жарылғыш материалдар жоғалған (ұрланған) кезде жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат аумақтық бөлімшемен қайтарып алынады.

  Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Заңды (жеке) тұлғаның
деректемелері (мекенжайы,
ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің
аумақтық (облыстар,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың)
департамент басшысына
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге
Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________ Сізден қарауды және

                        (ұйымның атауы)

      __________________________________________________________мақсатында

      ____________________________________________________________________

                        (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының

      нөмірі, берілген күні)

      ____________________________________________________________ жүктелді.

      Жарылыс материалдарын сақтау орны______________________________

                                          (атауы, орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________

      Салалық тиістілігі бойынша лицензияны беру күні мен нөмірі көрсетілсін (бірінші және екінші тармақтарда екі лицензияның болуы да міндетті).

      Негізгі қызмет түрі лицензиялануға жатпайтын болса, 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.

      1. Көмірсутек саласында, тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия, лицензияға мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен:

      1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

      2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

      2. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияға пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен:

      1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

      2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

      3. Лицензияға қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы:

      1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

      2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      ___________________________

      (ұйым басшысының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) ұйым басшысының
электрондық цифрлық қолтаңба

  Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат

      _____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық

      бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      __________________________________________________________ мақсатында

      кімге _______________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________ берілді.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау __________________________________

      ___________________________________________________________ жүктелді.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай

      кітапшасының нөмірі, берілген күні)

      Жарылғыш материалдарды сақтау орны __________________________________

      (атауы, орналасуы)

      Берілген мерзімі ____________________________________________________

      Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі - берілген күнінен бастап 1 жыл.

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық

      бөлімшесі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)