Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10273 тіркелді.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 15 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 13 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ________________ В. Школьник

      2015 жылғы 13 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 350 бұйрығымен бекітілген

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылгы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі

      2. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен (бұдан әрі – аумақтық бөлімше), сондай-ақ www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

      3. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін өтініш беруші аумақтық бөлімшеге қағаз тасығышта:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметтерді;

      3) жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орынын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының көшірмесі ұсынылады;

      4) жерасты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орынын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының көшірмесі, сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылады;

      5) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының көшірмесі ұсынылады;

      4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін өтініш беруші портал арқылы:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген электрондық құжат түріндегі мәліметтерді жібереді;

      3) жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының электрондық көшірмесі ұсынылады;

      4) жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының электрондық көшірмесін; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылады;

      5) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының электрондық көшірмесі ұсынылады.

      5. Ұсынылған құжаттарды аумақтық бөлімшенің қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      6. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша аумақтық бөлімше жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздеме:

      1) осы Қағидалардың 3, 4 тармақтарымен көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

      2) толық ұсынылған құжаттар пакетіндегі ақпараттың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.

      Өтініш беруші осы Қағидалардың 3, 4 тармақтарымен көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, аумақтық бөлімше оларды алғаннан бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      8. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында заңды тұлғалар үшін беріледі.

      9. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатта осы жұмыстарға басшылық жасау жүктелген жарылыс жұмыстарының нақты басшысы көрсетіледі. Жарылыс жұмыстарының басшысы ауысқан кезде жарылыс жұмыстарын жүргізуге қайтадан рұқсат алады.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау жүктелген адам уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, сырқаттану) жарылыс жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымның басшысы өз бұйрығымен оның міндеттерін орындауды ұйымның жарылыс жұмыстарына басшылық жасау құқығына ие басқа лауазымды адамына жүктейді.

      Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың қолданылу мерзімі ол берілген күнінен бастап бір жылды құрайды.

      10. Авария туындаған, қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан орын алған жазатайым оқиға болған, жарылыс жұмыстарын жүргізу процесінде жарылғыш материалдар жоғалған (ұрланған) кезде жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат аумақтық бөлімшемен қайтарып алынады.

  Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті

      органның аумақтық бөлімшесінің басшысына

      ______________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге
өтініш

      _________________________________________________ Сізден қарауды және

      (ұйымның атауы)

      __________________________________________________________ мақсатында

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау __________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай

      кітапшасының нөмірі, берілген күні)

      ___________________________________________________________ жүктелді.

      Жарылыс материалдарын сақтау орны ___________________________________

      (атауы, орналасқан жері)

      _____________________________________________________________________

      Салалық тиістілігі бойынша лицензияны беру күні мен нөмірі

      көрсетілсін (бірінші және екінші тармақтарда екі лицензияның болуы да

      міндетті); негізгі қызмет түрі лицензиялануға жатпайтын болса, 3

      тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті:

      1. Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды

      барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық)

      және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай

      құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия,

      лицензияға мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы

      атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түріне қосымшасымен және

      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған

      бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті

      жүзеге асыруға лицензия

      2. Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті

      жүзеге асыруға лицензия, лицензияға пайдалы қазбаларды өндіру үшін

      жару жұмыстарын жүргізу қызметінің кіші түріне қосымшасымен және

      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған

      бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті

      жүзеге асыруға лицензия

      3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып

      жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі

      қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияға жарылғыш және

      пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды

      өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу қызметінің кіші

      түріне қосымшасымен.

      _________________________________ ___________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) қолы)

  Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат

      _____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық

      бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      __________________________________________________________ мақсатында

      кімге _______________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________ берілді.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау __________________________________

      ___________________________________________________________ жүктелді.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай

      кітапшасының нөмірі, берілген күні)

      Жарылғыш материалдарды сақтау орны __________________________________

      (атауы, орналасуы)

      Берілген мерзімі ____________________________________________________

      Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі - берілген күнінен бастап 1 жыл.

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық

      бөлімшесі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)