Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9 және 20–баптарына БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар;
6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;
7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын кретерийлер;
8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері;
9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2014 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 1-қосымша |
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары
Ескерту. Қағиада жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау . Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала есептеулер - жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;
2) республикалық жоба - республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
3) жергілікті жоба - коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба.
4. Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес конкурсты ұйымдастырушы, конкурстық құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын пысықтау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта алады.
Орталық немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер тізбесін қалыптастырады, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
5. Орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру жоспарланып отырған концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарының (оны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда), конкурстық құжаттамалардың өтуі туралы хабарлайды.
2-тарау. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі
7. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының конкурстық құжаттаманы айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік орган конкурстық құжаттама әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.
Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге конкурстық құжаттама әзірлеу болып табылады.
Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;
жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;
2) концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындыны қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті атқарушы органға өтінімді енгізеді;
3) республикалық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
4) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.
Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.
Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында ескере отырып, жүзеге асырылады;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
5) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;
6) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес бекітуі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссияларының тиісті шешімдері шыққан күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
8. Конкурстық құжаттама құрамында әзірленетін концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) жоба паспорты;
2) кіріспе;
3) институционалдық бөлім;
4) маркетингтік бөлім;
5) қаржылық бөлім;
6) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
7) техникалық-технологиялық бөлім;
8) тәуекелдерді бөлу;
9) жоба бойынша тұжырымдар;
10) қосымшалар.
9. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
3) концессиялық жобаның мақсаты;
4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;
5) концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша негіздеме;
6) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);
7) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);
8) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;
9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;
10) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;
11) концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);
12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі.
10. "Кіріспе" деген бөлімде:
1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;
2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;
3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;
4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);
5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;
6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;
7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут);
8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің бар-жоғы туралы ақпарат;
9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;
10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;
11) концессионерді таңдау бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;
12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;
13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда, концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;
14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда, құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;
15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
11. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл жасасу тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл жасасу схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.
12. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтынылатын факторларын ұсынудың қазіргі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюктурасын талдауды қамтиды.
Егер Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемі бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) сұраныстың мөлшерлік параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;
2) тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау, оның ішінде бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдау;
3) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгіленген қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу, оның ішінде концессиялық жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндіктерін талдау;
4) тұтынушылардың санаты бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
5) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
6) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тарту негіздемесі;
7) SWOT-талдау (Strengths (күшті жақтар), Weaknesses (осал жақтар), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қауіптер) – концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау).
Әрбір кіші бөлімде қолданылатын ақпарат көздері және жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.
13. Қаржылық бөлімде:
1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;
2) есептеулермен расталған концессия объектісі құрылысының болжамды құны;
3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;
4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
5) егер:
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;
бухгалтерлік байланысты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;
тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламалардың нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;
мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
6) мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттігі мен мүмкіндігін және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;
7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;
8) алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесімен жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;
9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуының болжамды көздері;
10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын болса, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;
11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер кірістілігінің болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;
12) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың жобаны іске асырудың өзге де ықтимал схемалармен (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және басқалар) салыстыру бойынша жобаны іске асырудың неғұрлым ұтымды схемасы ретінде негіздеу;
13) концессияның тиімді мерзімін айқындау.
Ақпараттық парақта келтірілген ақпаратты растайтын және ашып көрсететін қаржы-экономикалық модельдерді, кестелерді, диаграммаларды, суреттерді, жер картасын қамтитын қосымшалар ақпараттық парақта қоса беріледі.
Жобаның қаржы-экономикалық үлгілері (бұдан әрі – ҚЭҮ) жобаны іске асырудың қаралатын нұсқаларының әрқайсысы бойынша (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және концессия) формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады. Концессия бойынша ҚЭҮ нұсқасы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 5604 болып тіркелген) бекітілген Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесінің негізінде жасалады.
14. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде концессиялық жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жоба ескерілмеген даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
2) концессиялық жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
3) нәтижелерді, салдарын және ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, концессиялық жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын концессиялық жоба бойынша пайда мен шығындарды талдау;
4) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
5) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value - ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return - EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
6) концессиялық жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
7) концессиялық жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
15. Техникалық-технологиялық бөлім мыналарды:
1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;
2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтерді;
3) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, оның ішінде концессиялық жобаның жоспарланған өндірістік қуатын;
4) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты жобаны іске асырудың орналасқан жерінің негіздемесін;
5) концессияға берілуі мүмкін объектiні салудың (реконструкциялау) және пайдаланудың жоспарланған мерзімдерін;
6) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпаратты;
7) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін конкурс таңдалған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.
16. "Тәуекелдерді бөлу" деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде пайда болуы ықтимал тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде жоспарланған іс-шаралар сипатталады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаттамасы мен диапазонын, оларды азайту бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
7) тәуекелдерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;
8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілетін мәндерін айқындау.
Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
17. "Жоба бойынша тұжырымдар" деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.
Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.
3-тарау. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
18. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтиды.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды:
егер жоба республикалық болса, конкурстық құжаттаманы әзірлеу мерзімі аяқталған сәттен бастап;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын енгізген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының салалық қорытындысына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.
19. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізукезінде келісу конкурстық құжаттамаға және концессиялық жобаның ТЭН-іне, конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:
1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен ұлғайтуға немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауға қол жеткізу және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;
3) реттеліп және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
4) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі және реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифінің шекті деңгейі;
5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;
6) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері - пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне пайдалардың ішкі нормалары.
21. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:
1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;
2) конкурстық құжаттаманың концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа тариф қалыптастыру параметрлеріне сәйкес келуі;
3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты құжаттар тізбесін келісу;
4) тариф қалыптастыруға байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;
5) концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.
Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
22. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға не Заңның 13-бабының 3-2) және 3-3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
23. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беруді ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың маңызды шарттарын келіседі.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган конкурстық құжаттама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді, ол осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.
Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға құжаттар топтамасының келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жолдайды.
Әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.
Сұрау салуды жолдаған күннен бастап қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Конкурстық құжаттама пысықталған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.
25. Конкурстық құжаттама әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін көздейді:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8318 тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысымен бекітілген рейтингілік агенттіктер тізбесіне енгізілген халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;
2) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзінді көшірме.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда, әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.
Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес - әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариус куәландырған құжат, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) сертификаты ұсынылады.
26. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
27. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі конкурстық құжаттаманы бекіткен күннен бастап 3 жылды құрайды.
28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген тиісті бюджеттен шығындар тудыратын концессиялық жоба бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау және табыс алу көздерін ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу туралы ұсынымдарды қамтитын Заңның 15-2-бабының 6-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жоба бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Оң қорытынды алған жергілікті концессиялық жобаларды жоспарлау туралы ақпарат | |||||||||||||
п/п | Атауы | Жергілікті атқарушы орган | Экономика саласы | Жоспарлау кезеңі | Іске асыру кезеңі | Жобаның (объектінің) құны | Мемлекеттің концессиялық міндеттемелерінің көлемі | Ағымдағы жағдай | Ескертпе | ||||
Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысы | Конкурстық құжаттама | Конкурстық өтінім | Концессия шарты | Концессионердің шығындарын өтеу | Мемлекеттiк қолдау шаралары | ||||||||
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 2-қосымша |
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.11.2016 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2. Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) негізінде өткізіледі.
3. Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Премьер-Министдің өкімімен құрылған ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.
Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушының функциясын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау, Заңға және Қағидаларға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Конкурсты ұйымдастырушы концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Заңның 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган Заңның 13-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды тартады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық өтінімдердің, концессия шарттары жобаларының өтуі, сондай-ақ жасалған концессия шарттары туралы хабарлайды.
2-тарау. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу
7. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурс өткізілуі туралы хабарландыруы;
2) Қағидалардың 13, 14-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай тұлғалар туралы мәліметтерді концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
3) Қағидалардың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының көшірмесін алған тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
4) Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына өздерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы (конкурстық өтінімдер ұсынылғанға дейін әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізілген жағдайда).
Конкурсты ұйымдастырушы құжаттарды дайындауға және концессиялық жобаның өту мерзімін қысқартуға арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерді ұсынғанға дейін қойылған біліктілік талаптарына өздерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімін (конкурс жарияланғаннан кейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн көздей алады.
Әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына өздерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер тізбесі қалыптастырылады және тиісті хаттаманы ресімдеу жүргізіледі.
Аталған хаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді;
5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді әзірлеуі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуы, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі.
Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу кезінде конкурстық өтінімді әзірлеу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер оларды жүргізілген бағалау қорытындылары туралы конкурсты ұйымдастырушы хабардар еткеннен кейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын мерзімде жүзеге асырады;
6) Қағидалардың 26) тармақшасына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
7) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеу;
8) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;
9) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабымен қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін конкурстық өтінімдерді қарау.
Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізген кезде қайта бағалау жүзеге асырылмайды;
10) конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті концессионерлердің тізбесін қалыптастыру және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеу;
11) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі;
12) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының расталған көшірмесін қоса, оларға сараптама жасау үшін біліктілік талаптарына сай келетін конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;
13) Комиссияның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікті, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық өтінімдерді қарауы;
14) Комиссияның концессиялық өтінімі концессиялық жобаны нақтылау және концессия шартының талаптары мен концессия шарты жобасының түпкілікті нұсқасын қалыптастыру бойынша үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуі;
15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;
16) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түрінде үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын ерекше маңызы бар әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі, өзге де концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
18) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концендент әзірлейді және конкурс жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында немесе мәслихат шешімінің жобасында әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпарат қамтылады;
19) осы тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде, тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша) немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
20) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шарты жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
20-1) концессия шартын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тіркеуі;
21) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізу
8. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс Заңның 20-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өткізіледі.
9. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің бірінші кезеңі:
1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруын;
2) конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы беруін, сондай-ақ осындай тұлғалар туралы мәліметтерді концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуді;
3) конкурсты ұйымдастырушының Қағидалардың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда көшірмесін алған тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруін;
4) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға конкурстық құжаттамада көзделген құжаттарды ұсынуын;
5) Комиссияның әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді жүргізуін көздейді.
Біліктілік іріктеуді Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырады;
6) конкурсты ұйымдастырушының біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауын, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімін белгілеуін көздейді.
Талқылау қорытындылары бойынша, қажет болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардан қайтадан өтеді.
Әзірленген жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, үлгілік жобалау шешімдері болған кезде, конкурсты ұйымдастырушы оларды концессиялық жобаны іске асыру және оңтайлы нұсқасын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге конкурстық құжаттама құрамында ұсына алады.
Концессионерді таңдау бойынша конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізген кезде, конкурсты ұйымдастырушы жобаны әзірлеушіден іздестіру қызметінің және (немесе) жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензияның болуы немесе болмауын қосымша анықтайды.
7) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуін көздейді.
10. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңі:
1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і немесе әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін көздейді.
Егер болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.
Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдердің қабылданғаны туралы қосымша кепілхат береді.
Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдердің қабылданғаны туралы қосымша кепілхат береді;
2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін қажетті сараптамалардың нәтижелерін қоса, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын көздейді.
Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімдер сараптама жүргізуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерінсіз жолданады;
3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып қарауын;
4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін және концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыруын;
5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес орталық немесе жергілікті жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келісуге жолдауын көздейді;
6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын ерекше маңызы бар әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі, өзге де концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде, тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысын (ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша) немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
10-1) концессия шартын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тіркеуі;
11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялауды көздейді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Әлеуетті концессионерлерді конкурсты өткізу туралы хабардар ету
11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында міндетті түрде жариялайды.
12. Конкурсты өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтиды.
Конкурсты өткізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
5-тарау. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну
13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.
14. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;
2) егер конкурс өткізу туралы хабарландыруда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті концессионердің не оның уәкілетті өкілінің мұндай ақы төлегені туралы құжаттық растаудың болуын тексереді;
3) концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды, қажетті мәліметтерді (реттік нөмірі, алған уақыты мен күні, әлеуетті концессионердің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) тіркеу журналына енгізеді;
4) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы ұсынады.
6-тарау. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
15. Олар туралы мәліметтер концессиялық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Қайта конкурс өткізу кезінде олар туралы мәліметтер концессиялық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердің сұрау салуына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізе алады. Енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердің осы өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.
16. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізеді. Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салулар, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін жолдайды.
17. Егер әлеуетті концессионерлермен конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада белгіленген кездесуді өткізу күні мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша хабардар етеді.
7-тарау. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну
18. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Үздік концессиялық өтінім деп танылған концессиялық өтінімді нақтылау келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Концессия нысаны, концессия мерзімі және концессия объектісінің техникалық параметрлері конкурстың шарттары деп түсініледі.
Конкурсқа қатысушының атауы, конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысу өтінімінің нысаны, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшері концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамалары деп түсініледі.
Заңның 20-бабының 4-1-тармағына сәйкес егер ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген болса, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына конкурс өткізу барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
Конкурс талаптарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны және мемлекеттің төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы негізінде жүзеге асырылады және комиссияның шешімдері Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.
Конкурстың шарттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу кезінде, сондай-ақ бастапқы параметрлері мен маңыздылығы ерекше жобалар бойынша 20-баптың 4-1-тармағына сәйкес тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.
Бұл ретте, конкурстық құжаттаманы қосымша келісу және сараптама жүргізу талап етілмейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:
есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты, егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай әлеуетті концессионердің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс.
Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың "Негізгі құралдар" бабының таратылып жазылулары. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
Бірінші басшының немесе әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күні, не үшін берешек пайда болғанын көрсетумен, сондай-ақ олардың құнсыздануы бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніндегі соңғы қаржы жылындағы дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылулары. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесімен қоса беру қажет. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны туралы кепіл хаты;
әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхаты;
салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің болуы туралы тиісті мемлекеттік кірістер органының анықтамасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар, сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;
заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариат растаған жарғысының көшірмесін ұсынады. Егер заңды тұлға қызметін жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасына сәйкес бекітілген үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасымен көзделген мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде аудармасы бар заңдастырылған сауда тізілімінен нотариат куәландырған үзінді көшірмені ұсынады;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариат куәландырған үзінді көшірме (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда) не конкурсты жариялаған күннен кейін ғана берілген, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңынына сәйкес қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жұзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырыған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) көрсете отырып, нотариат куәландырған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6793 № тіркелген) қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес екінші деңгейдегі банк немесе банк филиалы алдында әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан аса созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
Егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе банк филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтама конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдың ішінде берілуі бұрын берілуі тиіс. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік (консорциум) нысанында қатысқан жағдайда, оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:
бірлескен қызмет шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариат куәландырған көшірмесі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға құқықты қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Концессионерде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражатының болуы:
заңды тұлғалар бойынша, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;
жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері не жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.
Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңда және Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.
Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған 3 (үш) жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;
3) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім мыналарды да қамтуы тиіс:
Концессия шартының жобасы;
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда), 10-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, осы бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды:
мыналарды:
тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібін;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыруды;
тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін;
инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
пайданы қалыптастыруды;
негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасын;
негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізуді;
объектілерге күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін қамтитын "Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оны түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 10459 болып тіркелген) сәйкес әзірленген инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і.
Әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, тиісті бөлімнің осы шешімдері концессиялық өтінімнің құрамында ТЭН әзірлеу кезінде пайдаланылады (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда);
4) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:
бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының сәйкес талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;
мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;
5) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялар тартуды растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдік ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
6) әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімі үздік деп танылған жағдайда, концессиялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті концессионерге қаржы беру мүмкіндігін қарауға әзірлікті растайтын қаржылық ұйымдар хаттарының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;
7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысын қоспағанда, концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат;
9) аса маңызды концессиялық жобалар бойынша әлеуетті концессионер осы тұлғаны конкурс жеңімпазы ретінде таныған жағдайда, егер мұндай тұлға концессиялық жобаны іске асыру мақсатында конкурстық өтінімді беру сатысында құрылмаса, осы тұлғаның концессия шартын жасасу мақсаты үшін концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осы жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерді орындауына конкурс жеңімпазының концедентке банктік кепілдік беруі шартымен концессия шартының тарапына айналатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхат түпнұсқасы.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша талаптарды және осындай құжаттарға қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.
21. Конкурстық өтінімді әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген және әлеуетті концессионердің қолы әрбір бетіне қойылған және соңғы бетіне оның қолы мен мөрі қойылған (егер мұндай болса жеке тұлғаға) түрінде табыс етіледі.
22. Конкурстық өтінімде, әлеуетті концессионерге грамматикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірулер мен қосып жазуларға жол берілмейді.
23. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы конкурстың атауы жазылып жабылған конвертке салынған, сондай-ақ, "(конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС" және "(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" деген мазмұндағы мәтін жазылған конкурстық өтінімді жолдайды.
24. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті концессионерге қайтарылады.
25. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.
26. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) әлеуетті концессионер атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
2) конкурстық өтінімдері бар конверттерде Қағидалардың 23-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Қағидалардың 23-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:
әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
конкурстық өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;
3) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
27. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
1) конкурстың атауы мен өткізу мерзімін;
2) концендент пен конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, олардың пошталық мекенжайын;
3) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
4) әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;
5) конкурстық өтінімі бар конвертті тіркеу күні мен уақытын;
6) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімге енгізген өзгерістері және (немесе) толықтырулары туралы ақпаратты көрсетеді.
Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімін тіркеуден бас тартылған әлеуетті концессионерлерді, мұндай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.
Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, парақтары нөмірленген және әрбір бетіне Комиссия хатшысының қолы қойылған болуы, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет. Конкурстық өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын барлық конкурстар бойынша бір қаржылық жыл ішінде жүргізуге жол беріледі.
28. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтініміне енгізу құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерістер енгізу конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалған және мөр басылған түрде ұсынылуы тиіс.
29. Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті концессионердің қолы қойылған және мөр қойылған (егер болған жағдайда жеке тұлғаға) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.
30. Егер конкурсты ұйымдастырушы оны конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін қабылдаса, конкурстық өтінімге өзгерістер енгізу немесе конкурстық өтінімді қайтарып алу жарамды болып табылады.
Өзгерістер конкурстық өтінімге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін енгізілмеуі тиіс.
8-тарау. Конкурсты өткізу
31. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.
32. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыс хаттамасын ресімдейді.
33. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабардар етеді.
34. Комиссия отырысында:
1) Комиссияның жұмыс органы қатысушыларды:
Комиссия құрамы;
конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;
конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;
2) төрағалық етуші конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашатын адамды айқындайды;
3) Комиссия хатшысы:
өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді";
әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.
35. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.
36. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
37. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.
Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушылар деп тану) рұқсат беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға Комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған жағдайда сараптамалық қорытынды немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін. Бұл ретте ерекше пікірі бар Комиссия мүшесі сараптамалық қорытындының немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірінің, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірінің бар екендігі туралы белгімен хаттамаға қол қояды.
Хатшы не Комиссияның жұмыс органы ресми тіркелген Конкурсқа қатысушыларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін Комиссияның отырысы көрсетілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
38. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия хатшысы:
1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысын өткізу күні мен уақытын келіседі;
2) Комиссия мүшелерін Конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
3) Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген жағдайда әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растау конкурстың екінші кезеңінде қаралады.
39. Комиссия отырысын өткізбей, конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
40. Комиссия:
1) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерін олардың толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;
2) құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;
3) конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша нысанда материалдар мен олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді сұратады;
4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық Комиссия концессиялық өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және талап етілетін құжаттардың болмауы немесе олардың тиісінше ресімделмеуі бөлігінде (ресімді белгілері) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлерді қажет болған жағдайда жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасай алады.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:
біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлердің тізбесі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті концессионердің ұсынуы және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестікке келтіруі қажет құжаттар тізбесі.
Комиссия хатшысы не жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының көшірмесін әлеуетті концессионерлерге қол қойылған күні жолдайды.
Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған құжаттама қабылданбайды.
5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және оларды конкурс қатысушылары деп таниды.
Әлеуетті концессионерлердің банкротқа ұшырау рәсіміне қатысы болмау бөлігіндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында Комиссия банкротқа ұшырау рәсімдерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарайды.
41. Комиссия енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
1) банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) Комиссияға:
конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын;
банктік кепілдеме және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған, конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
оның пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын білдіретін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген;
3) белгіленген сомадан аз мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
42. Әлеуетті концессионер, егер:
1) мынадай негіздемелер бойынша Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай емес деп айқындалса:
конкурстық өтінімде әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;
әлеуетті өнім беруші міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдында үш айдан артық мерзімге созылған мерзімінен кешіктірілген берешегінің болуы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасы түпнұсқасының болуы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
тиісті мемлекеттік кірістер органының анықтамасында үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісінің анықталуы;
оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражаты немесе концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын сомаға банктік кепілдігі жоқ;
оның банкротқа ұшырау не таратылу рәсіміне жатуы, төлем қабілеттілігінің болмауы, мүлкіне тыйым салынуы, қаржы-шаруашылық қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуы;
2) егер конкурстық өтінім, мынадай негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп айқындалса:
конкурстық өтінімді толық ұсынбау;
конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсыну;
3) Заңның 18-2-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
43. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
2) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының белгіленген күні мен уақыты туралы хабардар етеді.
44. Комиссияның көрсетілген отырысында:
1) Комиссия конкурстық өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісінше ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
45. Конкурстық өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін жоғалтпайтын, түзетуге болатын грамматикалық қателері болса, конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.
46. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну не жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді.
47. Егер бірде-бір әлеуетті концессионер конкурсқа қатысуға жіберілмесе жағдайда, үздік концессиялық өтінімді айқындау жүргізілмейді.
48. Конкурстық құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында Комиссия конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау жөніндегі отырыс өткізеді.
49. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жолдайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жолдайды.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді жалпы қарау мерзімі 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Егер белгiленген мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтiнiмдер келiп түспесе не барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс өтпеген болып есептеледi.
Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Осы бұйрықпен белгіленген үздiк концессиялық өтінімді айқындау үшін жобаларға қойылатын өлшемшарттардың негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
52. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда олар туындаған кезден 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс.
53. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.
Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамаларына, "Концессиялар туралы" Заңның 20 бабының 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінім мен концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсынысы конкурстың шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионер таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.
55. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін, концессиялық жоба мен концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған Комиссия мен конкурсқа қатысушының арасындағы келіссөздер хаттамаларының көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігін және (немесе) мемлекеттік кепілдікті ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін орталық және жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.
Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессия шартының жобасы түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.
Сараптама концессия шартының жобасы жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Орталық немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не ескертулерді жою бойынша әзірленген ұсынымдарды қоса бере отырып, конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды. Жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген сараптама нәтижелерін қоса береді.
Концессия шарттарының жобасын келісу, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.
Концессия шарттарының, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:
1) конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;
2) конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;
3) конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.
Конкурсты ұйымдастырушы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.
Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, құжаттар пакеті түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Концессия шарттарының жобалары пысықталған, оның ішінде жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалардың сараптама нәтежелеріне сәйкес оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы келіссөздерді жаңарту туралы шешім қабылдайды.
Пысықталған концессия шартының жобасы келіссөздер қорытындылары бойынша қайтадан орталық немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
Жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін қайтадан пысықталған шарттың жобасын Заңның 13-бабы 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.
Орталық және жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия шарттарының жобаларын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде концессия шарты жобасының сәйкестігі не оған енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың МЖӘ-нің және концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының МЖӘ және концессия саласындағы қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуы бөлігінде келiседі.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
57. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын, оның ішінде концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.
Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:
1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;
3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;
4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;
6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;
7) концессия объектісін пайдалану сапасының өлшемшарттарын;
8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;
9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;
10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;
11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;
12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;
13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
60. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
Егер:
1) конкурс жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;
2) конкурстық өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар, Комиссия ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімдер мен концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса немесе олардың ұсыныстары конкурс шарттары тарапынан тиімсіз болса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды.
61. Концессия шартын жасасу мерзімі Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды.
62. Конкурсты ұйымдастырушы (концедент) концессия шартын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тарау 62-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-1. Шарт шеңберінде қабылданған концессионер мен конценденттің міндеттемелерінің мерзімі өткеннен кейін және толық орындалғаннан кейін шарт тоқтатылады.
Ескерту. 8-тарау 62-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-2. Концессионер кредиторлар алдындағы және (немесе) концессия шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кредитормен келісу бойынша концессионерді ауыстыруға жол беріледі, ол концессионердконцессионерді ауыстыру мақсатында концеденттің конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тарау 62-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-3. Концессионерді ауыстыру кезінде инвестициялық ұсыныс әзірленбейді.
1)концессионердің концессия шартының талаптарын бұзуы;
2)концессионердің қаржылық жағдайының нашарлауы;
3)концессионерінің оңалту және банкроттық рәсімдерге бастамашылық жасауы.
Ескерту. 8-тарау 62-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-4. Концессия шарты бойынша концессионерді ауыстыру концеденттің концессионерді ауыстыру мақсатында конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте конкурсқа қойылатын мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) концессия шарты бойынша концессионерді ауыстыру мақсатында өткізілетін конкурстың түрі, конкурстың шарттары мен өлшемшарттары концессия шарты жасалған жобаны іске асыру туралы шешіммен белгіленеді;
2) концессионерді ауыстыру мақсатында конкурстық құжаттама ережесінің негізінде өткізілетін конкурстың ережелері қайталама конкурсты өткізу кезінде концессионердің іс жүзінде орындаған шарт талаптары ескеріле отырып өзгеретін осындай конкурстың ережелерін, оның ішінде өлшемшарт параметрлерін қоспағанда, концессия шарты жасалған алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелеріне сәйкес келуі тиіс;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген конкурс шарттарымен қатар, концессионер кредиторымен келісілген тәртіпте және шарттарда, келісім бойынша концессионерді ауыстыру мақсатында конкурс өткізуге арналған конкурстық құжаттамада көзделген концессионердің концессионер кредиторы алдындағы міндеттемелерді орындауы бойынша конкурс жеңімпазының міндеттемелері концессионерді ауыстыру мақсатында өткізілетін конкурстың шарты болып табылады.
4) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлар алдындағы міндеттемелерін олармен келісілген тәртіпте және шарттарда орындауы жөніндегі талапты қамтуға тиіс.
Концессионерді ауыстырған жағдайда шарттың талаптары концессионердің конкурсты өткізу кезіндегі келісім бойынша міндеттемелерін нақты орындағаны туралы деректері негізінде, сондай-ақ конкурс жеңімпазының концессионерді ауыстыру мақсатында берген және келісім шартымен салыстырғанда неғұрлым жақсы талаптарды қамтитын ұсыныстары ескеріле отырып, өзгереді.
Шартқа енгізілетін және осы шарт талаптарының өзгеруіне байланысты болатын өзгерістер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесінде тіркеуге жататын, концессия шартына концессионерді ауыстыру туралы қосымша шартпен ресімделеді.
Ескерту. 8-тарау 62-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-5. Ауыстыруға жататын концессионердің концессия шарты бойынша құқықтары мен міндеттері шарт бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін, концессия шарты бойынша адамды ауыстыру туралы шарт жасалған сәттен бастап тоқтатылады.
Концессионерді ауыстыру туралы қосымша шарт тіркелген күннен бастап 10 (он) күн ішінде концессия объектісі жаңа концессионерге қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан әрі - Акт) сәйкес беріледі.
Акт ауыстыруға жататын концессионердің концессия объектісіне меншік құқығын тоқтатуға және жаңа концессионердің концессия объектісіне меншік құқығының пайда болуына негіз болып табылады.
Ескерту. 8-тарау 62-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-6. Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер өтетін концессионер концессия саласындағы заңнама мен конкурстық құжаттамада белгіленген концессионерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 8-тарау 62-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62-7. Концессионерді ауыстыру бойынша конкурсты өткізу кезінде және концессионерді ауыстыру туралы қосымша шартқа қол қойылғанға дейін концессия объектісін басқаруды ауыстырылатын концессионер жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тарау 62-7-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасындағы тікелей келісімді жасасу мынадай реттіліктегі кезеңдерден тұрады:
Заңның 26-2-бабына сәйкес концессионер және (немесе) концессионердің кредиторы концедентке тікелей келісімнің жобасын ұсынады;
концедент тікелей келісімнің жобасын қарайды және оны Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын Комиссияның отырысына шығарады;
Комиссия тікелей келісімнің жобасын қарайды және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулығына сәйкес сарапшыларды тартады;
Комиссия тікелей келісім тараптарының келіссөздері қорытындысы бойынша тікелей келісімнің түпкілікті жобасын мақұлдайды;
тікелей келісімде мемлекеттік бюджеттен шығатын шығыстары бар ережелер болса, аталған мәселе Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады;
Концессиялар жөніндегі комиссия және Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде тікелей келісім жасасу.
Ескерту. 8-тарау 63-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.64. Валюталық тәуекелдермен байланысты шығыстарды өтеуді қоспағанда, ерекше маңызы бар жергілікті концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелер жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
Валюталық тәуекелдермен байланысты шығыстар мынадай тәртіппен бөлінеді:
ұлттық валюта бағамының әлсіреуімен байланысты шығыстар концессия шарты күшіне енген күні белгіленген, бірақ 5%-дан аспайтын мөлшерде концессионердің меншікті қаражаты есебінен өтеледі;
ұлттық валюта бағамының әлсіреуімен байланысты шығыстардың қалған бөлігі жалпы төлем сомасынан тең үлестермен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтеледі.
Валюталық тәуекелдер бойынша шығыстарды республикалық бюджеттен өтеу үшін ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияның және республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негіз болып табылады.
Валюталық тәуекелдер бойынша шығыстарды жергілікті бюджеттен өтеу үшін коммуналдық меншікке жататын концессия объектісіне қатысты комиссияның және тиісті бюджет комиссиясының шешімдері негіз болып табылады.
Ескерту. 8-тарау 64-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2019 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Концессионерді таңдау | |
жөніндегі конкурсты өткізу | |
қағидаларына қосымша | |
Нысан |
Концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттама алған тұлғаларды тіркеу журналы________________________________
р/с |
Алған күні және уақыты |
Әлеуетті концессионердің атауы | Әлеуетті концессионердің мекенжайы (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (бар болған жағдайда) |
Конкурстық құжаттаманы алған тұлға (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні, №, ЖСН, өкілеттілігін растайтын құжат, №, күні) |
Төлем (қажет болған жағдайда) |
Өзге де мәліметтер |
Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның қолы |
Конкурстық құжаттаманы берген конкурсты ұйымдастырушының, тұлғаның қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 3-қосымша |
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" Заңның 9-бабының 7-8) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;
2) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.
2-тарау. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі
3. Республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ақпарат жинау және талдау жүйесін білдіреді.
4. Концессия шарттарының мониторингін:
республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
5. Концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы пайдаланбау жағдайларының алдын алу концессия шарттары мониторингінің міндеттері болып табылады.
6. Концессионер мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы мынадай мәмілелер:
1) мемлекеттік мүлікті қосымша жалдау;
2) мемлекеттік мүлікті кепілге беру;
3) үшінші тұлғалардың мемлекеттік мүлікке жақсартулар жүргізуі;
4) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер бойынша есептерді республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынады.
7. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есептер осындай мәміле жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
8. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есеп осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) мәміленің түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару);
2) мәміле деректемелері (шарттың нөмірі мен күні, мәмілені орындау мерзімі, мәміле тараптары, мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі);
3) мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны.
9. Концессионер бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, есепті электронды түрде қалыптастырады, оған ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны бағдарламалық қамтамасыз етудегі есепті жіберуге және тізілімнің құрылымына енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, тізілім арқылы республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе коммуналдық мүлікке қатысты – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жібереді.
10. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарға дейінгі мерзімде концессияға берілген мемлекеттік мүлікті нысаналы пайдалану жөніндегі ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
11. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі орынбасарынан төмен емес тұлғаның қолы қойылған ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.
3-тарау. Коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылау
12. Коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
Концессия шарттарының ережелерін орындаудың толықтығы мен уақтылылығын талдауды жүзеге асыру коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылау болып табылады.
13. Коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылау нәтижелері коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі жөніндегі есеп шеңберінде осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде жіберіледі.
4-тарау. Концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі
14. Концессиялық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, талдау мен жалпылаудың үздіксіз процесі концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді білдіреді.
Концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессия шарты күшіне енген кезден бастап жыл сайын жүзеге асырады.
15. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының бірінші бастығының орынбасарынан төмен емес тұлғаның қолы қойылған, концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізуі үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірілмей, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынылады.
Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы толтырған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат толық ұсынылмаған жағдайда немесе сапасыз ақпарат ұсынылған жағдайда, бұл ақпарат оған ресми хатпен пысықтауға қайтарылады. Бұл ретте осы жобаның іске асырылуын бағалау іске асыруды бағалау туралы келесі есепте көрсетіледі немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпараттың сапасыз (толық емес) берілгені туралы хабарлай отырып, келесі жылға ауыстырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібі
16. Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
Жобалық басқару стандарттарын қолдана отырып мониторингілеу деректері негізінде концессия шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау процесі концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау болып табылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауға арналған ақпарат концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін шарттары жасалған концессиялық жобалар бойынша беріледі.
Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мониторингілеу жөніндегі ақпаратқа мыналар қоса тіркеледі:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия шартын/қосымша келісімін тіркеу туралы куәліктің көшірмесімен бірге концессия шартының және оған қосымша келісімнің (болған жағдайда) көшірмесі;
қаржы-экономикалық модельді, конкурстық құжаттама бойынша экономикалық қорытындылардың көшірмелерін қоса бере отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманың көшірмесі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым табыс ету мерзiмiн көрсете отырып, тиiстi хабарлама жiберу арқылы бағалау жүргізу үшін қажетті жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты өз бетінше сұратады және алады.
Егер концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауға арналған ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді.
Хабарламада тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының Қағидалардың осы тармағының талаптарын орындамағаны туралы, сондай-ақ осы орындамауды Үкіметке енгізуге арналған жиынтық есепте көрсету туралы ұсыным көрсетіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау жобаның қаржылық параметрлерін және қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді көрсете отырып, мониторинг деректерінің негізінде концессия шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау процесі болып табылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Концессиялық жобаларды басқару сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды қамтитын есеп концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижесі болып табылады.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау шеңберінде талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда концессия саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық есеп дайындайды.
Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау есебінің құрылымы мыналардан тұрады:
қорытындылары мен ұсынымдары бар концессиялық жобаларды бағалау жөніндегі жиынтық ақпарат;
көрсеткіштерге қол жеткізуді көрсететін есептің негізгі бөлігі. Негізгі есеп концессиялық жобаның атауын, құнын, мақсатын, іске асыру кезеңін, концессионер мен концеденттің атауын қамтитын әрбір концессиялық жоба бойынша қысқаша ақпаратты қамтиды;
салыстырма кестені қоса бере отырып (қажет болған жағдайда) концессия саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жылына үш рет жібереді:
мыналарды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша 30 мамырға дейін:
1) концессионердің инвестициялық шығындарын өтеуді;
2) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін;
3) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктерді;
4) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды қарастыратын;
мыналарды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша 30 тамызға дейін:
1) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын;
2) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын;
3) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін ақыны;
мыналарды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша 30 қарашаға дейін:
1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидияларды;
3) концессиялық жобаны іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігін;
4) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беруді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беруді;
6) бюджеттен өзге де төлемдерді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның есебі келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мынадай мүдделі тараптарға:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға деректерді тізілімге енгізу үшін;
коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы мәмілелер туралы есеп
Р/с | Мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару) | Мәміле деректемелері | Мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны | |||
шарттың нөмірі мен күні | мәміле тараптары | мәмілені орындау мерзімдері | мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі | |||
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу, республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарын мониторингілеу жөніндегі ақпарат (мерзімі мен мазмұны бойынша)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Атауы | Жоспар | факт | себептері |
Жер учаскесін беру (куәліктің күні) | |||
инженерлік және көліктік коммуникациялармен қамтамасыз ету (құжаттың күні) | |||
Құрылысқа рұқсат және өзге де рұқсаттар беру (құжат күні) | |||
Қаржылық жабу: жобаны қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету (шарт күні) | |||
Жобалау-сметалық құжаттамада бекітілген концессия объектісінің құны | |||
Құрылыстың басталуы (күні) | |||
Құрылыстың аяқталуы (күні) | |||
Объектіні пайдалануға беру (күні) | |||
Объектіні мемлекеттік меншікке қабылдау (күні) | |||
Жеке серіктестікке құқықтарды беру (пайдалану, иелену құқығы), күні) | |||
Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орындары, бірлік | |||
Шарт бойынша концеденттің міндеттемелерді орындауы: (жоспарда шарт бойынша міндеттемелердің тізбесі және міндеттемелердің нақты орындалуы көрсетіледі, мысалы, жабдықтың 160 атауын сатып алу жүргізілді) | |||
Концессионердің шарт бойынша міндеттемелерді орындауы: (жоспарда шарт бойынша міндеттемелердің тізбесі және міндеттемелердің нақты орындалуы көрсетіледі, мысалы, жабдықтың 160 атауын сатып алу жүргізілді ) | |||
Шартқа сәйкес концессионер қызметінің сапа көрсеткіштері (мысалы, тоқсан сайынғы есепке сәйкес концессионер жүргізілетін жұмыс туралы ақпаратты енгізуі тиіс, іс жүзінде концессионер сатып алынатын жабдықты орнату үшін 160 нүкте қосылғанын көрсетті)* | |||
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері | |||
Жобаның мақсаттарына қол жеткізу/сақтау |
* шартта концессионердің есебі көзделген жағдайда, осы есеп осы қосымшаның құрамында ұсынылады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу, республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарын мониторингілеу жөніндегі ақпарат (қаржылық көрсеткіштер бойынша)
Атауы | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | … | n |
Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша Мемлекет кепілгерлігі, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Концессия жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Заттай гранттар, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Концессия жобаларын қоса қаржыландыру, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Концессия жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдіктері, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Инвестициялық шығындарды өтеу, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Операциялық шығындарды өтеу, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Басқару үшін сыйақылар, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Қол жетімділік үшін төлем, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Жалдау ақысы, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Мемлекеттік тапсырыс/тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және бюджеттен төленетін басқа да төлемдер, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Субсидиялар, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Түсетін кірістер тауарларды сату, жұмыстар мен қызметтер, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Концессионердің меншікті қаражаты, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері | ||||||||
Концессионердің қарыз қаражаты, мың теңге | жоспар | |||||||
факт | ||||||||
Ауытқу себептері |
Барлық мәліметтің анық екенін растаймын ___________ жылғы "___" ______________ (лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)* (толтыру күні )
Мөрдің орны
Ескертпе:
* Тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес; жергілікті деңгейде - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 4-қосымша |
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерінен өту тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды.
3. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша беріледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдауды, концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсына отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын Концессиялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін міндетті түрде мемлекеттік меншікке бере отырып, концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылуы тиіс.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
5. Мемлекет кепілгерліктері қазірдің өзінде тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша беріле алмайды.
6. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
7. Әлеуетті концессионер (қарыз алушы) концессиялық жобаларды іріктеу конкурсы шеңберінде мемлекет кепілгерлігін алу үшін осы бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді әзірлейді және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
8. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодекісінің 229-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
3) тиісті саладағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
4) концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
5) концессиялық өтінімді сараптаудың оң қорытындысының болуы;
6) бұрын мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу немесе қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында төлеу мерзімі өткен басқа да берешегінің болмауы;
7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде 20 (жиырма) пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;
8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы.
2. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу тәртібі
9. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлғаның (конкурстық өтінімі үздік деп танылған концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушының) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
10. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімге сараптамасының оң қорытындысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытынды әзірлеп, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша қорытындысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
12. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жоба бойынша ақпарат дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, ол мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады.
13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігін беру бойынша қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың балама көздерін қарау мақсатында келіссөз жүргізу процесін қайта бастайды.
14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің немесе лимитінің көлемін ұлғайту шегінде әрбір концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
17. Мемлекет кепілгерлігі:
1) концессия шартын жасасқаннан;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделгеннен және ұсынылғаннан;
3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлемақысы (алымы) төленгеннен кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда, кепілгерлік шартын жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде беріледі.
Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
Қарыз алушы концессия шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.
3. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту тәртібі
18. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
1) егер ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға конкурсты өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілсе және концессия шартының тараптары осындай өзгерістің немесе толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;
2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісі құрылысының құнына объективті, концессионерге тәуелді емес себептердің (форс-мажорлық мән-жайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 582 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Берілген мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары:
1) жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерліктерінің жалпы лимитінің болуы;
2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жобаның ішкі кірістілігі нормасының сақталуы) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарының (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері) орындалуы;
3) концессионер концессия объектісін салуға/реконструкциялауға салатын меншікті қаражатының мөлшерін концессия объектісі құрылысының ұлғаятын құнының кемінде 20 (жиырма) пайызын құрайтын мөлшерге дейін теңбе-тең ұлғайту;
4) мемлекет кепілгерлігі сақтандыру шарты ұсынылмастан берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
20. Концессионер концессия объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және салалық уәкілетті органға сараптауға және табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) келісуге жібереді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 582 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Салалық уәкілетті органның, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) оң сараптамаларын алғаннан кейін концессионер, мыналарды:
1) салалық уәкілетті органның сараптамасын;
2) жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптау қорытындысын;
3)табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін келісу хатын, және;
4) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың негіздемесі болып табылатын басқа құжаттарды қоса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 582 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін сараптамадан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым сараптаманы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алғаннан кейін концессионер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтуды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігі көлемін ұлғайтудың қаржылық сараптамасының оң қорытындысының негізінде кезекті қаржы жылы лимитінің шеңберінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
25. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекет кепілгерлігін ұлғайту көлемін айқындайды.
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі хаттамасының үзінді көшірмесін және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жібереді.
27. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту мәселесі бойынша шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
28. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде концедент қаржылық және экономикалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын жағдайда, табиғи монополиялар салаларында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін концессия шартына қосымша келісім жасалады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Концессия шартына қосымша келісім жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шартына қосымша келісім жасалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 5-қосымша |
Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасы - жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
2) концессиялық жобаның ТЭН-і - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
3) ТЭН-ді түзету - техникалық шешімдердің өзгеруіне және/немесе қосымша шығыстарға алып келетін бекітілген ТЭН-дегі жобаның техникалық-экономикалық параметрлерінің жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды бекіткенге дейінгі немесе бекітілген ТЭН-де көзделмеген қосымша құрамдауыштарын енгізуге байланысты жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бекітілгеннен кейінгі өзгеруі;
4) концессиялық жобаның жүзеге асатындығы - жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган айқындаған концессионердің ішкі кірістілік нормасының мөлшерлемесі бойынша концессионер пайдасының оң таза келтірілген құны көрсеткіштерінің қолжетімділігі;
5) концессиялық жобаның орындылығы - жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру мерзіміне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі;
6) концессиялық жобаның тиімділігі - жобаның бюджеттік тиімділігінің ең үздік нәтижесінің және концессиялық жобаны іске асыру кезіндегі әлеуметтік-экономикалық әсердің оң нәтижесінің қолжетімділігі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
3. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсаты жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу болып табылады.
4. Кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, концессиялық жобаның ТЭН-ін түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
5. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жобаның ТЭН-ге қойылатын талаптар осы Талаптарда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
6. Әзірлеу немесе түзетудің нәтижелері бойынша концессиялық жобаның ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) жобаның паспорты;
2) кіріспе;
3) институционалдық бөлім;
4) маркетингтік бөлім;
5) техникалық-технологиялық бөлім;
6) қаржылық бөлім;
7) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
8) жобаның мемлекеттік бюджетке әсері;
9) тәуекелдерді бағалау және бөлу;
1) жоба бойынша тұжырымдар;
2) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
7. ТЭН-де жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша бөлімдер мен қосымшаларды қосуға рұқсат етіледі.
8. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
Жобаның паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
1) концессиялық жобаның ТЭН-іне тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
2) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
3) жобаның атауы;
4) жобаны іске асыру орны;
5) жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
6) жобаның ауқымы;
7) жобаның қуаты;
8) жобаны іске асыру кезеңі:
9) объектіні салу кезеңі;
10) концессионердің объектіні пайдалану мерзімі;
11) концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған, жобаның ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
инвестициялық шығындар;
пайдалану шығындары;
өзге шығындар;
12) концессиялық жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
13) мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері;
14) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар.
9. "Кіріспе" деген бөлімде концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланатын саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
10. Институционалдық бөлімде жобаның барлық тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы схемасы, концессиялық жобаның қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
11. Маркетингтік бөлім жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) сұраныстың сандық параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалау;
2) тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
3) жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндігін талдау;
4) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгілі қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу;
5) тұтынушылардың санаттары бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
6) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
7) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесі.
Әрбір кіші бөлімде пайдаланылатын ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері көрсетіледі.
12. Техникалық-технологиялық бөлім концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен құрамдауыштарын айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
2) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктері ескерілген көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
3) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
4) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
5) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), "баға-сапа" оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды пайдалану;
6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
7) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
8) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, концессияға беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
Жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға теріс әсері ең төмен және жобаны іске асырудан барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер беретін шешімдер таңдалады.
13. Концессиялық жобаның ТЭН-інде қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес орындалады.
14. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама схемаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
2) пайдалану шығындарының есебі (өндірістік шығындар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
3) өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (көрсетілетін қызметтер тарифтерінің) есебі;
4) сатудан түсетін кірістердің есебі;
5) ақша қаражаттары ағынының есебі;
6) бөлінбеген және таза пайда есебі;
7) инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасының және тәуекелдер түзетулерінің анықтамасы;
8) ең аз шығындардың талдауы;
9) ең көп пайданың талдауы;
10) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value - NPV), кірістіліктің ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайдалар мен шығындардың, өтемділіктің дисконтталатын мерзімнің қатынасын талдау;
11) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
12) пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
13) жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттілігінің, қаржылық тетігінің, борыштың қамтамасыз етілуінің, капиталдың кірістілігінің есебі;
14) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
Бөлімде формулалар мен қабылданған жорамалдар көрсетіле отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер тиісті түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде беріледі.
Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған қорытындылары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық практиканы ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
15. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жобаны ескермегендегі даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
2) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
3) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
4) концессиялық жобаны іске асырған жағдайдағы саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық перспективаларын талдау, оның ішінде:
5) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
6) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
7) нәтижелердің, салдарлар мен әсер етулердің, көбейтілген пайда мен шығындардың, тұтынушылардың қосымша пайдасының, қалпына келмейтін шығындардың, сыртқы әсерлердің, халықаралық әсерлердің, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындардың талдауы;
8) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсерді есептеу;
9) таза қоғамдық пайданың, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value - ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return - EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
10) жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
11) жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
16. "Жобаның мемлекеттік бюджетке әсері" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
1) концессионер қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемі, олардың есептеулері және негіздемесі;
2) жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктемені есептеу;
3) концессия объектісін пайдалану кезінде мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдер;
4) таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), кірістіліктің бюджеттік ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
5) концессияның тиімді мерзімін айқындау;
6) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың, жобаны тек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырудың салыстырмалы талдауы.
17. "Тәуекелдерді бағалау және бөлу" деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.
Бұл бөлімде мыналар қамтылады:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаты мен диапазонын, оларды төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
7) тәуекелдерді жоба қатысушыларының арасында бөлуді талдау;
8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау.
Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
18. "Жоба бойынша тұжырымдар" деген бөлімде мыналар сипатталады:
1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды төмендету бойынша шаралар.
19. Концессиялық жобаның ТЭН-і концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын кестелерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматындағы электрондық нұсқада ұсынылатын, жобаны іске асырудың қарастырылатын ТЭН-і нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден тұратын қосымшаны қамтиды.
20. Концессиялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын, атап айтқанда:
1) Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу Қағидасы 10 тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда ведомстводан тыс кешенді сараптаманы;
2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
3) "Қазақстан Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптаманы";
4) қажет болған жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы.
Жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобалар бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
1) Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу Қағидасының 10 тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылыс қызметін көздейтіндерге ТЭН-ге салалық, ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге берілген тапсырмаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілер салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есептеулерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке тиісті құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері талап етіледі;
2) инновациялық қызметті көздейтіндерге салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі.
ТЭН-ді түзету кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына мына құжаттар ұсынылады:
1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстарды немесе концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша енгізілетін қосымша құрамдауыштарды көрсете отырып, өтінім беруші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұдан бұрын қарастырылған сараптама қорытындылары мен концессиялық жоба ТЭН-і бойынша құжаттар (бастапқы бекітілген ТЭН бойынша).
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 582 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар
21. ТЭН сараптамасы екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, конкурстық құжаттаманың құрамында не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің құрамында ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін концессиялық жоба ТЭН-нің тиісті оң сараптамалық қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
Концессиялық жобаның ТЭН-інің сараптамасын жүргізген кезде ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа сараптамалар талап етілуі мүмкін.
Егер, конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар ТЭН-інде көзделген техникалық–технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, ТЭН концессиялық өтінімнің құрамында ведомстводан тыс кешенді сараптама өтуді талап етпейді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 582 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. ТЭН сараптамасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының сараптамасы шеңберінде не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің сараптамасы шеңберінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
23. Құрылыс саласындағы концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 582 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 6-қосымша |
Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Конкурстық құжаттамаларға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама жүргізу кезінде осы Талаптардың сақталуы міндетті болып табылады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, мыналарды:
1) конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелер жөніндегі мамандандырылғанұйымды тартады.
4. Осы Талаптарда көзделген негізгі міндеттер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
Заңда белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын сақтау;
жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау;
концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың алдын ала есептеулерін бағалау;
жоба тәуекелдерін бөлуді және басқаруды бағалау;
концессиялық жобаны жоспарлау кезеңінде оны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің негізділігін бағалау болып табылады.
5. Конкурстық құжаттамалардың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасы осы бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген келісулерді, қорытындылар мен сараптамаларды, сондай-ақ концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқаушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген концессиялық жоба бойынша оның алдындағы құжат сараптамасының нәтижелерін (тұжырымдар мен ұсынымдар) ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
2-тарау. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасы
6. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:
1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізілу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ концессиялық жоба туралы жалпы ақпаратты қамтиды;
2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;
3) қорытынды бөлігінде сараптама қорытындылары бойынша әзірленген тұжырымдар мен ұсынымдар жазылады.
Оң қорытынды мүдделі тұлғаларға концессиялық жобаларды басқару сапасын арттыру бойынша, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдармен қоса түсіндірмелерді қамтуы мүмкін.
Теріс қорытынды дайындалған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы пысықтауға және оны қайтара сараптамаға енгізуге құқығы бар.
7. Конкурстық құжаттаманың сараптама қорытындысы мыналарды:
конкурстық құжаттаманың паспортын;
конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі-МЖӘ) және концессия саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;
ақпараттық парақты бағалау, оның ішінде концессионерге ұсыну жоспарланған мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және табыстарды алу көздерін бағалауды;
конкурстық құжаттама шарттарын бағалауды;
концессия шарты жобасын бағалауды;
мыналар бойынша конкурс ұйымдастырушыға, концессия жөніндегі Комиссияға, өзге де мүдделі тұлғаларға:
конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру;
концессиялық жобаны басқару сапасын арттыру;
концессиялық жобаны іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды қамтиды.
8. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жағдайларында (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттаманы сараптау шеңберінде оның құрамындағы концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) бағалау жүргізіледі.
9. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізудің мақсаты ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының коммерциялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін айқындау болып табылады.
10. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау нәтижелері (оң – ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталады, немесе теріс – ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталмайды) конкурстық құжаттаманы сараптау нәтижелеріне әсер етеді.
11. Конкурстық құжаттама құрамында концессия шартының жобасын бағалау мыналарды:
1) концессия шартының жобасын Заңның 21-бабына сәйкестігі тұрғысынан талдауды;
2) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес концессия шартының жобасын талдауды;
3) сыртқы жағдайлардың өзгеруінің концессиялық жобаны іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, концедент пен концессионер тәуекелдерін талдауды;
4) концессионердің қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ концессионер шығындарын өтеу мен кірістерді алу көлемі мен ұсыну шарттарын талдауды;
5) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;
6) конкурстық құжаттама құрамында концессия шартының жобасы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
12. Концессиялық жобаның ТЭН-ін бағалау ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобаның ТЭН-ін жүргізуге қажетті сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының, атап айтқанда:
1) осы бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларының 10-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама;
2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасы;
3) "Қазақстан Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптама;
4) қажет болған жағдайда, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама негізінде жүргізіледі.
13. ТЭН бағалау нәтижелері конкурстық құжаттама қорытындысының құрамындағы концессиялық жоба ТЭН бағалау бөлімінде көрсетіледі және мыналарды:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде жобаны іске асыруды талдауды;
жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;
жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді және концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін айқындауды ескере отырып, жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;
жоба тәуекелдері мен оларды төмендету шараларын талдауды;
тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
3-тарау. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау
14. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің мақсаты әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және конкурстық құжаттамаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау болып табылады.
15. Концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің нәтижелері бойынша әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімдерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.
16. Концессиялық өтінімде (оның ішінде ТЭН, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайларда) ұсынылған шешімдердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жасалатын қорытынды концессиялық өтінімдердің сараптау нәтижесі болып табылады.
17. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамалық қорытындысы мыналарды:
әлеуетті концессионерлердің ТЭН-ін бағалау;
концессия шартының жобасын бағалау.
18. Концессиялық өтінімнің құрамында концессиялық жобаның ТЭН-ін бағалау конкурсқа қатысушының конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысының бар болуы негізінде жүргізіледі.
19. ТЭН бағалау нәтижелері концессиялық өтінім қорытындысының құрамындағы концессиялық жобаның ТЭН бағалау бөлімінде көрсетіледі және мыналарды:
жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;
жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;
жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;
әлеуетті концессионерлер сұратқан мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ олар бар болған жағдайда конкурстық құжаттамада белгіленген шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін талдауды;
жоба тәуекелдерін мен оларды төмендету шараларын талдауды;
тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
4-тарау. Қорытынды ережелер
21. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 7-қосымша |
Ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын критерийлері
1. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемі.
2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу мерзімі.
3. Концессия объектісін құру (реконструкциялау) мерзімі (айлар, жылдар).
4. Жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер.
5. Жаңа технологияларды тарту, оның ішінде энергия үнемдеуге және энергия тиімділігіне бағытталған.
6. Концессиялық жобаға салынатын меншікті ақшалай қаражатының көлемі.
7. Іске асырылған жобалар тәжірибесі.
8. Білікті мамандардың болуы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 8-қосымша |
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концесиялық жобалар санатына жатқызу өлшемшарттары
Ескерту. Өлшемшарттары жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.09.2018 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу жиынтығы өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) концессия объектісінің техникалық күрделілігі*;
2) концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу;
3) концессиялық жобаны республикалық меншікке, облыстық маңызы бар қалада орналасқан коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады немесе осы концессиялық жобаларды іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылады;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.
Ескертпе:
* "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объект құрылысының техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі - жоғарыға жатқызылатын жағдайда
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 9-қосымша |
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері
1. Осы концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді.
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін ақыны төлеуді қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу жүзеге асырылады.
3. Критерийлер - концессиялық жобаның оның қоғамға бағытталғандығын көрсететін белгілері (қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру).
4. Мыналар:
1) мына салалардың:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау;
денсаулық сақтау;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту;
коммуналдық шаруашылық;
көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.
2) мына салалардың:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау объектілерінің;
денсаулық сақтау объектілерінің;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту объектілерінің;
коммуналдық шаруашылық объектілерінің;
көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 10-қосымша |
Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 Бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6354 болып енгізілді).
2. "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына қосымшаның 1-тармақшаның (Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 7438 тіркелді).
3. "Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 55 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9271 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 сәуірде жарияланған).
4. "Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9836 тіркелді.