"Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда № 14501 болып тіркелді

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) және 7-5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарда:

      28, 29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізудің мақсаты концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде талдау және концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін қамтамасыз ету мен тәуекелдерді басқару бойынша Комиссияға және өзге де мүдделі адамдарға ұсынымдар әзірлеу және шарттың тараптары үшін ұсынымдар әзірлеумен тараптардың тәуекелдерін бағалау болып табылады.

      29. Концессия шарттары жобаларын сараптаудың қорытындысы мыналарды:

      1) ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттаманың және концессиялық жоба мен концессия шартының талаптарын нақтылау жөніндегі хаттаманың ережелерін ескере отырып, конкурс шарттарына, әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімінің бастапқы параметрлеріне сәйкес шарт жобасын талдауды;

      2) концессия шарты жобасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін талдауды;

      3) сыртқы жағдайлардың өзгеруінің концессиялық жобаны іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, концедент пен концессионердің тәуекелдерін талдауды;

      4) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен ұсыну шарттарын, сондай-ақ концессионердің шығындарды өтеуі мен кірістерді алуын талдауды;

      5) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;

      6) тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

      30. Концессия шарттарының жобаларын концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сараптау қорытындысы мыналарды:

      1) ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттаманың және концессиялық жоба мен концессия шартының талаптарын нақтылау жөніндегі хаттаманың ережелерін ескере отырып, конкурс шарттарына, әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімінің бастапқы параметрлеріне сәйкес концессия шартының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талдауды қамтиды.

      2008 жылға дейін жасалған концессия шарттары бойынша концессия шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың конкурстық құжаттамада және конкурстық өтінімде айқындалған шарттарға сәйкестігіне талдау жүргізу талап етілмейді;

      2) алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша концессионердің қаржылық жай-күйін талдауды;

      3) концессия шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін талдауды;

      4) сыртқы жағдайлардың өзгеруінің концессиялық жобаны іске асыруға әсерін қоса алғанда, концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концедент пен концессионердің тәуекелдерін талдауды;

      5) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары, көлемі мен ұсыну шарттары бойынша сәйкестігін, сондай-ақ концесссия шарттарында көрсетілген концессионердің шығындарды өтеуі мен кірістерді алуын талдауды;

      6) концессия шарттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың концессиялық жобаны іске асыру барысына әсерін талдауды;

      7) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;

      8) тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

      31. Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаудың нәтижесі осы Қағидалардың 28, 29 және 30-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келетін оң қорытынды не пысықтауға арналған қорытынды болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электронды түрде жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

__________ Б. Сұлтанов

9 қараша 2016 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 467 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің 2014 жылғы
22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына 2-қосымша

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) негізінде өткізіледі.

      3. Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын концессиялар жөнiндегi комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

      Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.

      Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

      Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.

      4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау, Заңға және Қағидаларға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.

      5. Конкурсты ұйымдастырушы концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Заңның 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган Заңның 13-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды тартады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық өтінімдердің, концессия шарттары жобаларының өтуі, сондай-ақ жасалған концессия шарттары туралы хабарлайды.

2-тарау. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу

      7. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурс өткізілуі туралы хабарландыруы;

      2) Қағидалардың 13, 14-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай тұлғалар туралы мәліметтерді концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;

      3) Қағидалардың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының көшірмесін алған тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;

      4) Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына өздерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы (конкурстық өтінімдер ұсынылғанға дейін әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізілген жағдайда).

      Конкурсты ұйымдастырушы құжаттарды дайындауға және концессиялық жобаның өту мерзімін қысқартуға арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерді ұсынғанға дейін қойылған біліктілік талаптарына өздерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімін (конкурс жарияланғаннан кейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн көздей алады.

      Әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына өздерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер тізбесі қалыптастырылады және тиісті хаттаманы ресімдеу жүргізіледі.

      Аталған хаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді;

      5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді әзірлеуі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуы, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу кезінде конкурстық өтінімді әзірлеу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер оларды жүргізілген бағалау қорытындылары туралы конкурсты ұйымдастырушы хабардар еткеннен кейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын мерзімде жүзеге асырады;

      6) Қағидалардың 26) тармақшасына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;

      7) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеу;

      8) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;

      9) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабымен қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін конкурстық өтінімдерді қарау.

      Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізген кезде қайта бағалау жүзеге асырылмайды;

      10) конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті концессионерлердің тізбесін қалыптастыру және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеу;

      11) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі;

      12) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының расталған көшірмесін қоса, оларға сараптама жасау үшін біліктілік талаптарына сай келетін конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;

      13) Комиссияның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікті, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық өтінімдерді қарауы;

      14) Комиссияның концессиялық өтінімі концессиялық жобаны нақтылау және концессия шартының талаптары мен концессия шарты жобасының түпкілікті нұсқасын қалыптастыру бойынша үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуі;

      15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;

      16) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түрінде үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;

      17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;

      18) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концендент әзірлейді және конкурс жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында немесе мәслихат шешімінің жобасында әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпарат қамтылады;

      19) осы тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;

      20) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шарты жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;

      21) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

3-тарау. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік
рәсімдерді пайдалана отырып өткізу

      8. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс Заңның 20-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өткізіледі.

      9. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің бірінші кезеңі:

      1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруын;

      2) конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы беруін, сондай-ақ осындай тұлғалар туралы мәліметтерді концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуді;

      3) конкурсты ұйымдастырушының Қағидалардың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда көшірмесін алған тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруін;

      4) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға конкурстық құжаттамада көзделген құжаттарды ұсынуын;

      5) Комиссияның әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді жүргізуін көздейді.

      Біліктілік іріктеуді Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырады;

      6) конкурсты ұйымдастырушының біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауын, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімін белгілеуін көздейді.

      Талқылау қорытындылары бойынша, қажет болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

      Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардан қайтадан өтеді.

      Әзірленген жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, үлгілік жобалау шешімдері болған кезде, конкурсты ұйымдастырушы оларды концессиялық жобаны іске асыру және оңтайлы нұсқасын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге конкурстық құжаттама құрамында ұсына алады.

      Концессионерді таңдау бойынша конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізген кезде, конкурсты ұйымдастырушы жобаны әзірлеушіден іздестіру қызметінің және (немесе) жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензияның болуы немесе болмауын қосымша анықтайды.

      7) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуін көздейді.

      10. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңі:

      1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін көздейді.

      Егер болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.

      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдердің қабылданғаны туралы қосымша кепілхат береді.

      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдердің қабылданғаны туралы қосымша кепілхат береді;

      2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін қажетті сараптамалардың нәтижелерін қоса, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын көздейді.

      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімдер сараптама жүргізуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерінсіз жолданады;

      3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып қарауын;

      4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін және концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыруын;

      5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын көздейді;

      6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;

      8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;

      9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысын немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;

      10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;

      11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялауды көздейді.

4-тарау. Әлеуетті концессионерлерді конкурсты өткізу туралы хабардар ету

      11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында міндетті түрде жариялайды.

      12. Конкурсты өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтиды.

      Конкурсты өткізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

5-тарау. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну

      13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.

      14. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;

      2) егер конкурс өткізу туралы хабарландыруда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті концессионердің не оның уәкілетті өкілінің мұндай ақы төлегені туралы құжаттық растаудың болуын тексереді;

      3) концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды, қажетті мәліметтерді (реттік нөмірі, алған уақыты мен күні, әлеуетті концессионердің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) тіркеу журналына енгізеді;

      4) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы ұсынады.

6-тарау. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      15. Олар туралы мәліметтер концессиялық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Қайта конкурс өткізу кезінде олар туралы мәліметтер концессиялық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуі тиіс.

      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлайды.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердің сұрау салуына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізе алады. Енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердің осы өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.

      16. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізеді. Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салулар, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін жолдайды.

      17. Егер әлеуетті концессионерлермен конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада белгіленген кездесуді өткізу күні мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша хабардар етеді.

7-тарау. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

      18. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      Үздік концессиялық өтінім деп танылған концессиялық өтінімді нақтылау келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Концессия нысаны, концессия мерзімі және концессия объектісінің техникалық параметрлері конкурстың шарты деп түсініледі.

      Конкурсқа қатысушының атауы, конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысу өтінімінің нысаны, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшері концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамалары деп түсініледі.

      19. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінім мыналарды қамтуы тиіс:

      1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:

      есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;

      бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты, егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай әлеуетті концессионердің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс.

      Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың "Негізгі құралдар" бабының таратылып жазылулары. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

      Бірінші басшының немесе әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күні, не үшін берешек пайда болғанын көрсетумен, сондай-ақ олардың құнсыздануы бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніндегі соңғы қаржы жылындағы дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылулары. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесімен қоса беру қажет. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

      әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны туралы кепіл хаты;

      әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхаты;

      салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің болуы туралы тиісті мемлекеттік кірістер органының анықтамасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар, сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;

      заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариат растаған жарғысының көшірмесін ұсынады. Егер заңды тұлға қызметін жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасына сәйкес бекітілген үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасымен көзделген мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде аудармасы бар заңдастырылған сауда тізілімінен нотариат куәландырған үзінді көшірмені ұсынады;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариат куәландырған үзінді көшірме (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда) не конкурсты жариялаған күннен кейін ғана берілген, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңынына сәйкес қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жұзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырыған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) көрсете отырып, нотариат куәландырған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6793 № тіркелген) қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес екінші деңгейдегі банк немесе банк филиалы алдында әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан аса созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

      Егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе банк филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтама конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдың ішінде берілуі бұрын берілуі тиіс. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

       Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік (консорциум) нысанында қатысқан жағдайда, оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариат куәландырған көшірмесі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

      конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға құқықты қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

      Концессионерде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражатының болуы:

      заңды тұлғалар бойынша, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;

      жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері не жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.

      Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:

      әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;

      жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;

      жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңда және Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.

      Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған 3 (үш) жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.

      Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;

      3) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім мыналарды да қамтуы тиіс:

      Концессия шартының жобасы;

      Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда), 10-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, осы бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды:

      мыналарды:

      тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібін;

      шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыруды;

      тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін;

      инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      пайданы қалыптастыруды;

      негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасын;

      негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізуді;

      объектілерге күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін қамтитын "Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оны түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 10459 болып тіркелген) сәйкес әзірленген инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і.

      Әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, тиісті бөлімнің осы шешімдері концессиялық өтінімнің құрамында ТЭН әзірлеу кезінде пайдаланылады (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда);

      4) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:

      бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының сәйкес талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;

      мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;

      5) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялар тартуды растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдік ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

      6) әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімі үздік деп танылған жағдайда, концессиялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті концессионерге қаржы беру мүмкіндігін қарауға әзірлікті растайтын қаржылық ұйымдар хаттарының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;

      7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;

      8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысын қоспағанда, концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат;

      9) аса маңызды концессиялық жобалар бойынша әлеуетті концессионер осы тұлғаны конкурс жеңімпазы ретінде таныған жағдайда, егер мұндай тұлға концессиялық жобаны іске асыру мақсатында конкурстық өтінімді беру сатысында құрылмаса, осы тұлғаның концессия шартын жасасу мақсаты үшін концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осы жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерді орындауына конкурс жеңімпазының концедентке банктік кепілдік беруі шартымен концессия шартының тарапына айналатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхат түпнұсқасы.

      20. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша талаптарды және осындай құжаттарға қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.

      21. Конкурстық өтінімді әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген және әлеуетті концессионердің қолы әрбір бетіне қойылған және соңғы бетіне оның қолы мен мөрі қойылған (егер мұндай болса жеке тұлғаға) түрінде табыс етіледі.

      22. Конкурстық өтінімде, әлеуетті концессионерге грамматикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірулер мен қосып жазуларға жол берілмейді.

      23. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы конкурстың атауы жазылып жабылған конвертке салынған, сондай-ақ, "(конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС" және "(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" деген мазмұндағы мәтін жазылған конкурстық өтінімді жолдайды.

      24. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті концессионерге қайтарылады.

      25. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.

      26. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) әлеуетті концессионер атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) конкурстық өтінімдері бар конверттерде Қағидалардың 23-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Қағидалардың 23-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:

      әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

      конкурстық өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;

      3) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      5) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.

      27. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:

      1) конкурстың атауы мен өткізу мерзімін;

      2) концендент пен конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, олардың пошталық мекенжайын;

      3) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

      4) әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;

      5) конкурстық өтінімі бар конвертті тіркеу күні мен уақытын;

      6) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімге енгізген өзгерістері және (немесе) толықтырулары туралы ақпаратты көрсетеді.

      Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімін тіркеуден бас тартылған әлеуетті концессионерлерді, мұндай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.

      Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, парақтары нөмірленген және әрбір бетіне Комиссия хатшысының қолы қойылған болуы, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет. Конкурстық өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын барлық конкурстар бойынша бір қаржылық жыл ішінде жүргізуге жол беріледі.

      28. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтініміне енгізу құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерістер енгізу конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалған және мөр басылған түрде ұсынылуы тиіс.

      29. Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті концессионердің қолы қойылған және мөр қойылған (егер болған жағдайда жеке тұлғаға) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.

      30. Егер конкурсты ұйымдастырушы оны конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін қабылдаса, конкурстық өтінімге өзгерістер енгізу немесе конкурстық өтінімді қайтарып алу жарамды болып табылады.

      Өзгерістер конкурстық өтінімге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін енгізілмеуі тиіс.

8-тарау. Конкурсты өткізу

      31. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.

      32. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыс хаттамасын ресімдейді.

      33. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.

      Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабардар етеді.

      34. Комиссия отырысында:

      1) Комиссияның жұмыс органы қатысушыларды:

      Комиссия құрамы;

      конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;

      конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;

      осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;

      2) төрағалық етуші конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашатын адамды айқындайды;

      3) Комиссия хатшысы:

      өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді";

      әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.

      35. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.

      36. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      37. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.

      Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушылар деп тану) рұқсат беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға Комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған жағдайда сараптамалық қорытынды немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін. Бұл ретте ерекше пікірі бар Комиссия мүшесі сараптамалық қорытындының немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірінің, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірінің бар екендігі туралы белгімен хаттамаға қол қояды.

      Хатшы не Комиссияның жұмыс органы ресми тіркелген Конкурсқа қатысушыларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін Комиссияның отырысы көрсетілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

      38. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысын өткізу күні мен уақытын келіседі;

      2) Комиссия мүшелерін Конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;

      3) Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген жағдайда әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растау конкурстың екінші кезеңінде қаралады.

      39. Комиссия отырысын өткізбей, конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      40. Комиссия:

      1) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерін олардың толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      2) құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;

      3) конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша нысанда материалдар мен олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді сұратады;

      4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық Комиссия концессиялық өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және талап етілетін құжаттардың болмауы немесе олардың тиісінше ресімделмеуі бөлігінде (ресімді белгілері) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлерді қажет болған жағдайда жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасай алады.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:

      біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлердің тізбесі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті концессионердің ұсынуы және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестікке келтіруі қажет құжаттар тізбесі.

      Комиссия хатшысы не жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының көшірмесін әлеуетті концессионерлерге қол қойылған күні жолдайды.

      Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған құжаттама қабылданбайды.

      5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және оларды конкурс қатысушылары деп таниды.

      Әлеуетті концессионерлердің банкротқа ұшырау рәсіміне қатысы болмау бөлігіндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында Комиссия банкротқа ұшырау рәсімдерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарайды.

      41. Комиссия енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

      2) Комиссияға:

      конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      оған қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын;

      банктік кепілдеме және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған, конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

      конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      оның пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын білдіретін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген;

      3) белгіленген сомадан аз мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

      42. Әлеуетті концессионер, егер:

      1) мынадай негіздемелер бойынша Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай емес деп айқындалса:

      конкурстық өтінімде әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;

      әлеуетті өнім беруші міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдында үш айдан артық мерзімге созылған мерзімінен кешіктірілген берешегінің болуы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасы түпнұсқасының болуы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

      тиісті мемлекеттік кірістер органының анықтамасында үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

      біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісінің анықталуы;

      оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражаты немесе концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын сомаға банктік кепілдігі жоқ;

      оның банкротқа ұшырау не таратылу рәсіміне жатуы, төлем қабілеттілігінің болмауы, мүлкіне тыйым салынуы, қаржы-шаруашылық қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуы;

      2) егер конкурстық өтінім, мынадай негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп айқындалса:

      конкурстық өтінімді толық ұсынбау;

      конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсыну;

      3) Заңның 18-2-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      43. Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;

      2) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының белгіленген күні мен уақыты туралы хабардар етеді.

      44. Комиссияның көрсетілген отырысында:

      1) Комиссия конкурстық өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісінше ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

      2) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады;

      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

      45. Конкурстық өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін жоғалтпайтын, түзетуге болатын грамматикалық қателері болса, конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.

      46. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну не жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді.

      47. Егер бірде-бір әлеуетті концессионер конкурсқа қатысуға жіберілмесе жағдайда, үздік концессиялық өтінімді айқындау жүргізілмейді.

      48. Конкурстық құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында Комиссия конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау жөніндегі отырыс өткізеді.

      49. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жолдайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жолдайды.

      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді жалпы қарау мерзімі 40 (қырық) жұмыс күнін құрайды.

      50. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      51. Осы бұйрықпен белгіленген үздiк концессиялық өтінімді айқындау үшін жобаларға қойылатын өлшемшарттардың негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

      52. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда олар туындаған кезден 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс.

      53. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.

      Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.

      Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Ерекше маңызы бар жобалар бойынша келіссөздердің әрбір немесе бірнеше кезеңдерінің қорытындысы бойынша шарт жобасына ұсынылатын өзгерістер және (немесе) толықтыруларға сараптама жүргізуге (шарт жобасына сараптама жүргізуге дайындау) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым аралық қорытынды береді.

      54. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінім мен концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсынысы конкурстың шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионер таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.

      55. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін, концессиялық жоба мен концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған Комиссия мен конкурсқа қатысушының арасындағы келіссөздер хаттамаларының көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.

      Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасы түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

      Сараптама концессия шартының жобасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не ескертулерді жою бойынша әзірленген ұсынымдарды қоса бере отырып, конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды, сондай-ақ концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген сараптама нәтижелерін қоса береді.

      Концессия шарттарының, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:

      1) конкурсты ұйымдастырушы концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;

      2) конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;

      3) конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.

      Конкурсты ұйымдастырушы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.

      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, құжаттар пакеті түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.

      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.

      Бұл ретте, сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

      Концессия шарттарының жобалары пысықталған, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымының не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалардың сараптама нәтежелеріне сәйкес оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы келіссөздерді жаңарту туралы шешім қабылдайды.

      Пысықталған концессия шартының жобасы келіссөздер қорытындылары бойынша қайтадан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін қайтадан пысықталған шарттың жобасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабы 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

      56. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      57. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын, оның ішінде концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.

      Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:

      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;

      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;

      3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;

      4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;

      6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;

      7) концессия объектісін пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;

      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

      11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;

      12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

      13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыруды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.

      58.Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессия шартының жобасына концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымының не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалардың сараптамасын ескере отырып, Комиссия шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.

      59. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

      60. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.

      Егер:

      1) конкурс жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;

      2) конкурстық өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар, Комиссия ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімдер мен концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса немесе олардың ұсыныстары конкурс шарттары тарапынан тиімсіз болса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды.

      61. Концессия шартын жасасу мерзімі Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды.

  Концессионерді таңдау
жөніндегі конкурсты өткізу
қағидаларына қосымша
  Нысан

Концессиялық жоба бойынша конкурстық құжаттама алған тұлғаларды тіркеу журналы________________________________

р/с№

Алған күні және уақыты

Әлеуетті концессионердің атауы

Әлеуетті концессионердің мекенжайы (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (бар болған жағдайда)

Конкурстық құжаттаманы алған тұлға (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні, №, ЖСН, өкілеттілігін растайтын құжат, №, күні)

Төлем (қажет болған жағдайда)

Өзге де мәліметтер

Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның қолы

Конкурстық құжаттаманы берген конкурсты ұйымдастырушының, тұлғаның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9