Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобал

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы N 95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6354 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.02.22 N 65 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Сайрам ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2008 жылғы 7 тамыздағы № 9-111/ІV «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-10-100 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 26 қыркүйектегі «Мәртөбе» газетінің № 49 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы                            С.Абдуллаев
      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т.Төлендиев