Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 қазанда № 9795 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Төрағасы С.Қ. Есімхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашада қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7) және 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика Министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомствосы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ережесіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 3в т.е.б.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мақсаттары:

      1) электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен ; өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      сотқа жүгіну;

      мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту;

      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;

      орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;

      реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

      заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      4) ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

      6) Мыналарға:

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;

      энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;

      электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне;

      техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;

      энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

      7) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдарды және жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

      10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде мыналарға:

      Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;

      жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;

      жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігіне;

      техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;

      жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында жылу энергетикасы объектілерін, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      12) электр станцияларының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;

      14) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      15) электр энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге объектілер мен жабдықтардың дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      16) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілерінің және олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      17) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және жаңартады;

      18) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда ескертусіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

      19) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуін біліктілік тексеруді жүзеге асырады;

      20) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген персоналды мерзімдері мен орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып, сондай-ақ жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;

      21) негізгі жабдықтың тоқтауына, өрттерге, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

      22) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

      23) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;

      24) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдықтарының тозу мониторингін жүзеге асырады;

      25) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасына өзгерістерді бекітеді және енгізеді;

      26) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды жібереді;

      27) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей белгіленген тәртіппен табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өзінің қорытындысын жібереді;

      28) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;

      29) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;

      30) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарауды, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеруді және электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;

      31) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      32) өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

      33) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, келіседі;

      34) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды әзірлейді;

      35) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді;

      36) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      37) электр энергетикасы және Жылу энергетикасы салаларында жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      38) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын әзірлейді;

      39) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді;

      40) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді;

      41) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;

      42) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;

      43) электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      44) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      45) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін және тексерулер жүргізу кестелерін әзірлейді;

      46) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      47) шаң тәрізді отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;

      48) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылысжайларының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      49) электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді;

      50) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді;

      51) қашықтықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын әзірлейді;

      52) жылдық тексерулер тізімінің нысанын және тексерулер тізімінің нысанын әзірлейді;

      53) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын әзірлейді;

      54) жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын әзірлейді;

      55) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын әзірлейді;

      56) өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді;

      57) технологиялық бұзушылықтардың жіктеуішін әзірлейді;

      58) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      59) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      60) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      61) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

      62) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығын мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

      63) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      64) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге (оның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді;

      65) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

      66) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Операциялық жоспары мен даму жоспарына стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;

      67) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      68) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      69) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      70) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

      71) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      72) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері;

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Төрағанның өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарларын Министрліктің Аппарат басшысының келісуі бойынша лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;

      еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;

      6) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      7) Комитет төрағасының орынбасарларын және аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      Комитеттің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды;

      Комитетте еңбек шартының негізінде қызметін жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7-1) Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      Комитеттің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды;

      Комитетте еңбек шартының негізінде қызметін жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      8) Комитеттің аумақтық органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық органының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;

      еңбек шартының негізінде қызметін Комитеттің аумақтық органдарында жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру туралы мәселелерді шешеді;

      9) Комитеттің ведомствоға қарасты бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      10) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және олардың құрамын қалыптастырады;

      11) Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      12) бюджеттік процестің қажетті рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      13) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады;

      14) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      15) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуында толығымен немесе бір бөлігінде тоқтатады немесе тоқтата тұрады

      16) ескертулер болмаған жағдайда, Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;

      17) өз құзыреті шегінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

      18) заңнамаға сәйкес Комитетті мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;

      19) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;

      20) Комитет Төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

      21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.03.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); ; 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

      20-1. Комитет Төрағасының орынбасарлары:

      1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет Төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады;

      3) Комитет Төрағасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы өзгертілетін мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органдары

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне;

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдықдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментіне;

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне;

      20. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментіне.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.03.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: ______________________.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мiндеттерi:

      1) электр энергетикасын және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Функциялары:

      1) іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде Комитеттің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      2) электр станцияларының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

      3) Мыналарға:

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;

      энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;

      электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне;

      техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;

      энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

      4) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдарды және жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) негізгі жабдықтың тоқтауына, өрттерге, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

      9) электр энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге объектілер мен жабдықтардың дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      10) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда ескертусіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

      11) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген персоналды мерзімдері мен орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып, сондай-ақ жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;

      12) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде мыналарға:

      Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;

      жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;

      жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігіне;

      техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;

      жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      13) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында жылу энергетикасы объектілерін, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      14) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

      15) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілерінің және олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      16) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;

      17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      18) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      19) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;

      20) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;

      21) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарауды, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеруді және электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;

      22) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

      23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      24) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      25) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің басшыларын, өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамды біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде тағайындауды және босатуды келіседі;

      26) Комитетке табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді;

      27) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауды қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын Комитетке жібереді;

      28) құжаттаманы басқаруды және архивтік құжаттарды ретке келтіруді жүзеге асырады;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.08.2025 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      3) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізеді;

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ;24.01.2019 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Департамент басшылығын Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Департамент басшысының штаттық кестеде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Департамент басшысының өкілеттіктері:

      1) Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) өз орынбасарының өкілеттіктерін анықтайды, болуы кезінде;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;

      еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, еңбек демалысын беру, іссапарға жіберу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді, сондай-ақ еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;

      4) Комитет төрағасына:

      Департамент қызметкерлеріне;

      техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;

      еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;

      5) Комитет Төрағасына Департамент қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарау туралы ұсынысты енгізеді;

      6) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;

      7) Комитет Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүддесін білдіреді;

      8) ескертулер болмаған жағдайда, Департаменттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;

      9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен..

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.