"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазанда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 281 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысы 2-тармағының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      1-тарауда:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, А блогы";

      2-тарауда:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мақсаттары:

      1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;

      2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.";

      14-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-9), 3-10), 3-11), 3-12), 3-13), 3-14), 3-15), 3-16) және 3-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-9) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін және тексерулер жүргізудің графиктерін әзірлейді;

      3-10) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      3-11) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;

      3-12) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      3-13) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді;

      3-14) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді;

      3-15) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және өзгерістер енгізеді;

      3-16) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді;

      3-17) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      30) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "30) атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30-1) құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      30-2) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;";

      33) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "33) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтардың және тиісті тауарлар мен технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына лицензия беруін келіседі;";

      41) тармақша алып тасталсын;

      103) және 104) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "103) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмаларына актілер мен жауаптардың жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

      104) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;";

      3-тарауда:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері;";

      19-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарларын Министрліктің Аппарат басшысының келісуі бойынша лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;";

      6), 7) және 7-1) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      7) Комитет төрағасының орынбасарларын және аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      Комитеттің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды;

      Комитетте еңбек шартының негізінде қызметін жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7-1) Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;

      Комитеттің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды;

      Комитетте еңбек шартының негізінде қызметін жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;";

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Комитеттің мүлкі";

      5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату";

      Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ережеде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже;

      1-тарауда:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по соответствующей области, городам Астане, Алматы и Шымкенту".

      2-тарауда:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Департаменттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді;

      28) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс шараларын орындауды қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын Комитетке жібереді.";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері";

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Департаменттің мүлкі";

      5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны ресми жариялауды және оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беруді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      4) Комитеттің аумақтық департаменттерінің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін осы бұйрықтың 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
А. Сәтқалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2024 жылғы 9 тамыздағы
№ 281 бұйрығына
қосымша

Комитеттің аумақтық органдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті;

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;

      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;

      10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті;

      11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;

      12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;

      13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;

      14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;

      15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;

      16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті.

      19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      20. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.