РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 Қаулысының 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Төрағасы С.Қ. Есімхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашада қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7) және 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика Министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік
мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ережесіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 15-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства Энергетики Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Мiндеттерi:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3) ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оларды министрліктердің актілерінде бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
4) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
5) ведомствоның өкілеттіктеріне жатқызылатын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) рұқсат бақылауды жүзеге асырады;
8) атом энергиясы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты инспекцияларды жүргізеді;
9) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензия шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
11) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) ядролық материалдарды және иондандырушы сәулеленудің басқа да көздерінің экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзиті мен орналасуын бақылауды жүзеге асырады;
13) атом энергиясын пайдалану саласында экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
14) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
15) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
16) экспорттық бақылау саласында ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықты, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, жабдықты және тиісті тауарлар мен екі ұдай пайдаланылатын (мақсаттағы) технологияларды, оларды өндіруге байланысты жұмыстарды, қызметтерді экспорттау мен импорттауға мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын беруді келіседі;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде лицензиялауды және рұқсат рәсімдерін жүзеге асырады;
18) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
19) сарапшы ұйым ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептер әдістемесін келіседі;
20) көліктік қаптама жиынтықтарының конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттардың қолданылуын таратады;
21) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтарды мониторингілеу жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
22) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
23) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәнін белгілейді;
24) иондандырушы сәулелену көздерінің болуы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратқа талдауды және салыстырып-тексеруді жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
25) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізеді;
26) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді;
27) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
28) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
29) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
30) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзеге асырады;
31) мыналарды:
электр энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтіқ құқықтық актілердің сақталуын;
электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
электр станцияларының, электр желілерінің күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
32) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
33) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
34) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
35) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
36) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
37) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр немесе жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосуды бақылауды жүзеге асырады;
38) белгіленген үлгідегі нұсқамаларды береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтары туралы акт жасайды;
39) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
40) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасын бұзу бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
41) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
42) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілері мен жабдығының күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
43) электр станциялары, электр желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады;
44) электр станциялары, электр желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
45) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
46) энергетикалық жабдыққа тексеру жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру және электр станцияларының және электр желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
47) аварияларға, жазатайым оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын өзге өрескел бұзушылықтарына жол берген адамдарды тәртiптiк жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың иелерiне ұсыныстар енгiзедi немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға материалдар жiбередi;
48) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
49) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді жүзеге асырады;
50) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ интернет-ресурста энергетикалық сараптаманы санатқа сәйкес жүргізу бойынша сарапшы ұйымдардың тізілімін жүргізеді, орналастырады және жаңартады;
51) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірулер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруді жүзеге асырады, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда, әзірлік паспортын беруден бас тартады;
52) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді (соның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);
53) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық актілерін, электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы нұқсаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
54) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
55) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
56) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
57) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.
58) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
59) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.12.2015 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді); 11.10.2016 № 440 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар үшін ұсыныстар енгізеді;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) құжат жобаларын, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы ақпаратты Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
17. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Төраға басшылық етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
18. Төраға Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауда және өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
19. Төрағанның өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) Министрліктің Жауапты хатшысына лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Төраға орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін;
Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін;
техникалық қызметті жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
6) Министрліктің Жауапты хатшысына іссапарға жіберу туралы, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру туралы, Комитет Төрағасының орынбасарларына, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына марапаттау, үстеме ақы және сыйақы төлеу туралы ұсыныстарды енгізеді;
7) Төраға орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін;
Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын қоспағанда, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің орынбасарларын;
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, үстеме ақы, сыйақы төлеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
8) аумақтық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға материалдық көмек көрсету, марапаттау, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
9) Комитеттің ведомствоға қарасты бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және олардың құрамын қалыптастырады;
11) Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады;
12) бюджеттік процестің қажетті рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
13) Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
14) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
15) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуын толығымен немесе бір бөлігінде тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
16) ескертулер болмаған жағдайда, Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
17) өз құзыреті шегінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
18) заңнамаға сәйкес Комитетті мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
19) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
20) Комитет Төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.
21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
20-1. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
2) Комитет Төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады;
3) Комитет Төрағасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің жүргізуіндегі аумақтық органдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;
10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;
11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;
12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;
13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті;
16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті аумақтық органдары бар.
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы
– тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық
департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
4. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан по соответствующей области, городов Астаны, Алматы».
9. Департаменттің заңды мекенжайы:__________________________
10. Департамент құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Департаменттің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереже және осы Ереже болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері
14. Мiндеттерi:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
2) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
3) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзеге асырады;
4) мыналарды:
электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтіқ құқықтық актілердің сақталуын;
электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын мемлекеттік энергетикалық бықылауды жүзеге асырады;
5) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр немесе жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосуды бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
12) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
13) электр станцияларының, электр желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады;
14) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;
15) белгіленген үлгідегі нұсқамаларды береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтары туралы акт жасайды;
16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
17) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;
18) энергетикалық жабдыққа тексеру жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру және электр станцияларының және электр желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
19) аварияларға, жазатайым оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын өзге өрескел бұзушылықтарына жол берген адамдарды тәртiптiк жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың иелерiне ұсыныстар енгiзедi немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға материалдар жiбередi;
20) білімге біліктілік тексеруден өткен және электр қауіпсіздігі бойынша төрттен кем болмайтын тобы бар энергетикалық ұйым мамандарынан білімге біліктілік тексеруді жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады;
21) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
22) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
23) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
24) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
25) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.12.2015 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Департамент қызметiн ұйымдастыру
17. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
18. Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басшылық етеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
19. Басшы Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауда және өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауаптылықта болады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) Департамент басшысының Комитеттің штаттық кестесінде көзделген жағдайларда Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар;
2) өз орынбасарының өкілеттіктерін анықтайды, болуы кезінде;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайды және босатады, сондай-ақ Департамент қызметкерлеріне және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға демалыс беру, іссапарға жіберу, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
4) Комитеттің Төрағасына Департамент қызметкерлеріне және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға материалдық көмек көрсету, марапаттау, үстеме ақы және сыйақы беру туралы ұсынысты енгізеді;
5) Комитет Төрағасына Департамент қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарау туралы ұсынысты енгізеді;
6) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
7) Комитет Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүддесін білдіреді;
8) ескертулер болмаған жағдайда, Департаменттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
4. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.