"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 қазанда № 9795 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 Қаулысының 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Төрағасы С.Қ. Есімхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашада қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7) және 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика Министрі                        В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік
мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ережесіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 15-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства Энергетики Республики Казахстан».
      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Мiндеттерi:
      1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
      2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      14. Функциялары:
      1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
      3) ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оларды министрліктердің актілерінде бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      4) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      5) ведомствоның өкілеттіктеріне жатқызылатын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      7) рұқсат бақылауды жүзеге асырады;
      8) атом энергиясын пайдалану саласындағы өз өкілеттіктерін пайдалануға байланысты инспекцияларды жүргізеді;
      9) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      10) ядролық қондырғылардың, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерінің физикалық қорғанысының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
      11) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      13) ядролық материалдарды және иондаушы сәулелердің басқа да көздерінің экспортына, импортына, орын ауыстыруына, транзиті мен орналасуына бақылауды жүзеге асырады;
      14) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипаттағы беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
      15) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
      16) иондаушы сәуле көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
      17) өз құзыреті шеңберінде иондаушы сәуле көздерінің, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің және ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын тауарлардың импортын, экспорты мен транзитін келісуді жүзеге асырады;
      18) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды, және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялардың қолданылу шарттарының орындалуын тексеруді жүзеге асырады;
      19) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      21) мыналарды:
      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарт талаптарының сақталуын;
      өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуын;
      электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
      22) энергия өндіруші ұйымдардың заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасу, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      23) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      24) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      25) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      26) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      27) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      28) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
      29) белгіленген үлгідегі нұсқаманы береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін электр энергетикасы объектілерінің басшыларына акт жасайды;
      30) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
      31) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Біртұтас электр жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 6-тармағында көзделген технологиялық бұзушылықтарға тексеруді ұйымдастырады;
      32) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
      33) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтың қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
      34) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
      35) электр станциялары, электр және жылу желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
      36) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындайды;
      37) бақылауға алынған энергетикалық жабдықтарды тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешендi тексеру және электр станцияларының және электр жүйелерiнiң энергетикалық жабдықтарының жұмысында техникалық бұзушылықтарға тексеру жүргiзу кезiнде сарапшыларды тартады;
      38) тиiстi мемлекеттiк органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепшi және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты адамдарды тәртiптiк жазаға тарту туралы ұйымдардың иелерiне ұсыныстар енгiзедi немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жiбередi;
      39) энергия өндіруші ұйымдардың Инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы келісімді орындауы туралы жылдық есепті ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытындыларды береді;
      40) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      41) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
      42) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
      43) электрлік зертханаларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
      44) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсаттарды береді;
      45) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді (оның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);
      46) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық актілерін, электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы нұқсаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
      47) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
      48) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      15. Құқықтары мен міндеттері:
      1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар үшін ұсыныстар енгізеді;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
      3) құжат жобаларын, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      4) Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы ақпаратты Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.
      19. Төрағанның өкілеттіктері:
      1) аумақтық департаменттер актілерінің қолданылуын және шешімдерін толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
      2) Комитетке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға қол қояды;
      3) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шар  аларды қабылдайды және оған дербес жауаптылықта болады;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
      20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің жүргізуіндегі аумақтық органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;
      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;
      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;
      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;
      10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;
      11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;
      12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;
      13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
      14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
      15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті;
      16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті аумақтық органдары бар.

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы
– тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық
департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.
      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк және орыс тiлінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
      8. Департаменттің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан по соответствующей области, городов Астаны, Алматы».
      9. Департаменттің заңды мекенжайы:__________________________
      10. Департамент құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Департаменттің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереже және осы Ереже болып табылады.
      11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
      13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      14. Мiндеттерi:
      1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
      2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) мыналарды:
      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарт талаптарының сақталуын;
      өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуын;
      электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
      4) энергия өндіруші ұйымдардың заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасу, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      6) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      7) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      9) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Біртұтас электр жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 6-тармағында көзделген технологиялық бұзушылықтарға тексеруді ұйымдастырады;
      12) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
      13) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтың қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
      14) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
      15) электр станциялары, электр және жылу желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның қызметіне қатысады.
      16) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуға рұқсат береді;
      17) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;
      18) электрлік зертханаларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
      19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      20) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
      21) атом энергиясын пайдалану саласындағы өз өкілеттіктерін пайдалануға байланысты инспекцияларды жүргізеді;
      22) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      23) ядролық қондырғылардың, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерінің физикалық қорғанысының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
      24) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      25) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      26) ядролық материалдарды және иондаушы сәулелердің басқа да көздерінің экспортына, импортына, орын ауыстыруына, транзиті мен орналасуына бақылауды жүзеге асырады;
      27) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипаттағы беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
      28) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
      29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Департамент қызметiн ұйымдастыру

      17. Департамент басшылығын Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Департамент басшысы және оның орынбасары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      19. Департамент басшысы Комитет төрағасының келісімі бойынша штаттық қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
      20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
      1) өз орынбасарының өкілеттіктерін айқындайды;
      2) аумақтық департамент актілерінің, шешімдерінің қолданылуын толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
      3) Департаментке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға қол қояды;
      4) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды дербес жауаптылықта болады.
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Департамент Төрағасы болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.