РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Ескерту. Преамбуласы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 19.10.2020 № 359 бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2018 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ); 16.05.2019 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Төрағасы С.Қ. Есімхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашада қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7) және 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика Министрі | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік
мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ережесіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар..
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 15-кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.05.2019 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства Энергетики Республики Казахстан".
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Мiндеттерi:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
2-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
3-1) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын әзірлейді;
3-2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді;
3-3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді;
3-4) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді беру тәртібін әзірлейді;
3-5) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
3-6) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;
3-7) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді;
3-8) Электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді;
4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
5) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
9) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
11) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;
12) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
13) электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
15) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
16) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады;
17) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
18) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;
19) мерзімдер мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;
20) мыналарды:
электр энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуына;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына;
электр энергиясын тұтыну, тарату өндіру тәртібін оңтайландыруды, ұтымды және үнемді пайдалануды;
электр станцияларының, электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы, атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
22) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;
22-1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады;
23) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
24) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
26) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
26-1) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;
27) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
28) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
29) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 03.07.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
31) ядролық материалдарды және иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
32) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
33) ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, жабдықтардың, қондырғылары, технологиялары, екіұдай (мақсаттағы) пайдаланылатын жабдық және оларды шығаруға байланысты жұмыстардың тиісті тауарлар мен технологиялардың, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензия беруін келіседі;
34) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 03.07.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың Қазақстан Республикасының аумағында әрекетін қолданады;
36) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
37) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
38) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;
39) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
40) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
41) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
41-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
42) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;
43) санкциясыз қол жеткізуге, санкциясыз алып қоюға немесе диверсия жасауға байланысты немесе олар іс жүзінде жасалған оқиға болған жағдайда, оқиға себептері, олардың жай-күйі және салдары, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы пайдаланушы ұйымның есебін қарайды;
44) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;
45) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
46) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
47) Министрліктің интернет-ресурсында ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін орналастырады;
48) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімі туралы дерекқорда қамтылған мәліметтерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ұсынады;
49) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;
50) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері туралы, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түріне лицензияның бар-жоғы, экспортқа немесе импортқа лицензияның бар-жоғы туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпаратты тексереді;
51) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін тестілеу сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
52) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізетін комиссияны құрады;
53) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;
54) радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүзеге асырады;
54-1) радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн талдайды және бекiтедi;
55) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі;
56) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;
57) техникалық регламент талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шығарылған елінде бекітілген талаптарына сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері және элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;
58) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды береді;
59) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;
60) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;
61) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді, сондай-ақ тіркеуден алуды жүзеге асырады;
62) ядролық қондырғыларды пайдалану жобалау құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;
63) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттерді жүргізу әдістемесін келіседі;
64) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
65) ядролық қондырғының әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
66) пайдаланушы ұйым әзірлеген белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;
67) бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуларды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалары мен жүйелерінің өзгерістерін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгерістерін келіседі;
68) арнайы қабылдап алуға тиісті жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;
69) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттың және өзге де куәліктердің нысанын келіседі;
70) қолданыстағы жабдық пен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуді келіседі;
71) атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келіседі;
72) жабдықты және құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және атом станциясының жүйелерін жұмыс параметрлері кезінде пайдалануға рұқсаттар береді;
73) атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;
74) отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;
75) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;
76) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 03.07.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.77) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
78) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;
79) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;
80) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;
81) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
82) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
83) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
84) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
85) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді;
86) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
87) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
88) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
89) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
90) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптаманы жүргізу қағидаларын әзірлейді;
91) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді;
92) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
93) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;
94) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін әзірлейді;
95) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
96) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын әзірлейді;
97) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 23.04.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.98) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
99) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
100) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
101) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді (соның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);
102) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
103) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.
104) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
105) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда- ҚР Энергетика министрінің 24.01.2019 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 23.04.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.10.2020 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.15. Құқықтары мен міндеттері:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар үшін ұсыныстар енгізеді;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) құжат жобаларын, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы ақпаратты Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
6) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізеді.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.01.2019 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Төрағанның өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Төрағаның орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;
6) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, марапаттау, үстемақы және сыйақы төлеу туралы ұсынымдар енгізеді;
7) Төрағаның орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
7-1) Төрағаның орынбасарларын, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
8) Комитеттің аумақтық органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық органының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитеттің аумақтық органдарында жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру туралы мәселелерді шешеді;
9) Комитеттің ведомствоға қарасты бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және олардың құрамын қалыптастырады;
11) Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады;
12) бюджеттік процестің қажетті рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
13) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады;
14) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
15) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуында толығымен немесе бір бөлігінде тоқтатады немесе тоқтата тұрады
16) ескертулер болмаған жағдайда, Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
17) өз құзыреті шегінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
18) заңнамаға сәйкес Комитетті мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
19) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
20) Комитет Төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.
21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.03.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
20-1. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
2) Комитет Төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады;
3) Комитет Төрағасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2018 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;
10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;
11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;
12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;
13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті;
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2018 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) бұйрығымен.15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.05.2019 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) бұйрығымен16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2018 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) бұйрығымен.17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.
Ескерту. Тізбе 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2018 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.05.2019 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.05.2019 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.4. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.03.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті" мемлекеттік мекемесі";
орыс тілінде – Государственное учреждение "Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по соответствующей области, городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент".
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.05.2019 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Департаменттің заңды мекенжайы : __________________________
10. Департамент құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Департаменттің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереже және осы Ереже болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері
14. Мiндеттерi:
1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
2) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
3) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзеге асырады;
4) мыналарды:
электр энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын;
электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
электр станцияларының, электр желілерінің күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын мемлекеттік энергетикалық бықылауды жүзеге асырады;;
5) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосуды бақылауды жүзеге асырады;
11) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi";
12) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
13) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 01.03.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
15) мерзiмдер мен орындалуына жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;
16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
17) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;
17-1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;
18) энергетикалық жабдыққа тексеру жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру және электр станцияларының және электр желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
19) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
22) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
23) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
26) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 15-жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді); өзгерістер енгізілді - 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді); 01.03.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді); ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.16. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізеді;
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 370-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ;24.01.2019 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Департамент қызметiн ұйымдастыру
17. Департамент басшылығын Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Департамент басшысының штаттық кестеде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары болады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) өз орынбасарының өкілеттіктерін анықтайды, болуы кезінде;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, еңбек демалысын беру, іссапарға жіберу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді, сондай-ақ еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;
4) Комитет төрағасына:
Департамент қызметкерлеріне;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;
еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;
5) Комитет Төрағасына Департамент қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарау туралы ұсынысты енгізеді;
6) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
7) Комитет Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүддесін білдіреді;
8) ескертулер болмаған жағдайда, Департаменттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен..4. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.