"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазанда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 359 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын әзірлейді;

      3-2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Н. Ноғаев