"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазанда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 179 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже";

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 15-кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты";

      Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесінде:

      15 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже";

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады";

      8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті" мемлекеттік мекемесі";

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по соответствующей области, городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент".".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментін хабарлауды;

      3) осы бұйрықты оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев