Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» қаулысының 21-тармақтың 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 207 бұйрығы «Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6183 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 318-Ө бұйрығына
1-қосымша
Үлгі нысаны
Балық аулауға арналған шарт Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
____________ қаласы 20_____ ж.«________»
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
әрі карай «Инспекция» деп аталатын, _________________________________
_____________________________________________________________________
(басшының тегі аты әкесінің аты (болған кезде))
атынан Ереже негізінде әрекет ететін, _______________________________
бір тараптан, және басшы ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
атынан _________________________________________ немесе жеке кәсіпкер
(ұйымның аты)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
конкурстық комиссияның 20_____ жылғы «_____» ______________________ №
__________ шешімімен конкурстың жеңімпазы
танылған, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын ______________________
(ереже, жарғы не басқа)
негізінде әрекет етуші екінші тараптан төмендегілер туралы шарт
жасасты.
1. Шарттың мәні
I. «Инспекция» ұсынды, ал «Пайдаланушы»
__________________________________________________________ мақсатында
(кәсіпшілік аулау (жағалаулық. теңіздік), ғылыми-зерттеу және т.б.)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(су айдынының, учаскесінің және орналасқан ауданының атауы) балық
ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану құқығына ие болды.
2. Тараптардың құқықтары
2. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) жануарлар дүниесі объектілерін, оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
2) ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен оның барысында алынған өнім меншігіне;
3) оған бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау үшін жеке тұлғаларға жолдамалар беруге;
4) жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттар жасауға құқылы.
3. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушы» рұқсат беру құжатының пайдалану мерзімі біткен, балық және басқа су жануарларын аулауға рұқсат берілген көлемнен асып кеткен, шарттық міндеттемелерді орындамаған және балық шаруашылығы саласындағы заңнаманың басқа да бұзушылықтарына жол берген жағдайда балық және басқа су жануарларын аулауды уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға, рұқсаттаманы қайтарып алуға;
2) балық шаруашылығы субъектісімен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаның 25 % ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін игермеген жағдайда, бөлінген квотаның игерілмеген бөлігін қайта бөледі;
3) шарттық міндеттерді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын орындамаған жағдайда біржақты тәртіпте шартты бұзуға;
4) балық және басқа су жануарларын аулау лимитін және (немесе) квотасын игеруге, «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) санитарлық жағдайына, балық және басқа су жануарларын аулау есебі журналын жүргізуге, балық қорын қорғау және өсімін молайту бойынша шарттық талаптарды және балық аулау ережесін, сонымен қатар, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды орындауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын тексеру мақсатында кедергісіз пайдаланушыға бекітіліп берілген су айдынына және (немесе) учаскесіне келуге құқылы.
Шарт «Пайдаланушыға» су айдынының және (немесе) учаскесінің су ресурстарын пайдалану құқығын бермейді.
3. Тараптардың міндеттемелері
4. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) тек осы шартпен рұқсат етілген балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану түрін жүзеге асыруға;
2) балық аулаудың ережесін орындауға;
3) балық аулауды жүзеге асыру барысында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
4) оған бекітіліп берілген су айдынында (учаскесінде) балық және басқа су жануарларын аулауға бөлінген лимитті игеруге және жануарлар дүниесін пайдалануға төленген төлемге сәйкес, балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулаудың рұқсат етілген көлемінен аспауға;
5) жануарлар дүниесін пайдалануға бекітілген ставкаларға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдалануға төлем төлеуді Қазақстан Республикасының Салық кодексімен сәйкес қамтамасыз етуге;
6) балық және басқа су жануарларын аулаудың есебін, әрбір бекітілген су айдынында және (немесе) учаскесінде, бригадада немесе буында белгіленген нысан бойынша балық және басқа су жануарларын аулау есебінің «Инспекция» мөрімен куәландырылған журналын, сондай-ақ тасымалдаушы кемелерде қабылдау және тапсыру есебінің журналын жүргізуді, оның талабы бойынша көрсетуді, «Инспекцияға» балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы өткен айдағы мәліметтерді әр айдың 2-сі күні ұсынылуын қамтамасыз етуге;
7) су айдынының кәсіпшілік бірнеше учаскелерінде балық және басқа су жануарларын аулаған жағдайда «Инспекциямен» берілетін рұқсаттаманы әрбір су айдынында және (немесе) учаскесінде болуын қамтамасыз етуге;
8) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды, оған бекітіліп берілген су айдынында және (немесе) учаскесінде олардың өсімін молайту үшін жағдайды және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, есімін молайту және пайдалану туралы» Заңымен, Балық аулау ережемен және басқа нормативтік құқықтық актілермен белгіленген балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдаланудың басқа да нормаларын және мерзімдерін сақтауға міндетті;
9) бекітілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан жерде, жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша тиісті балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесіне бекітілген лимит негізінде және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
10) қорықшыларды көлікпен, байланыс құралдарымен және қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
11) бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық аулау орындарын және жағалау учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитарлық және экологиялық жағдайда болуына тиісті қамтамасыз етуге;
12) егерде балық ресурстары және басқа да су жануарларына немесе олардың мекендеу ортасына өзінің қызметі салдарынан келген зиянды (залалды) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен келтірген зиянды (залалды)өтейді;
13) балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлері және балық аулау әдістері тізбесімен сондай-ақ Балық аулау ережесімен, әуесқой (спорттық) балық аулауды жүзеге асыруға жолдама алған тұлғаларына таныстыру;
14) өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулайтын жерлерді, жағалау учаскелерін ұстауын және қорғауын жеке қаражаты есебінен жүргізеді.
5. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушыға» балық және басқа су жануарларын аулаудың оған бекітіліп берілген квотасын игеру үшін жануарлар дүниесін пайдалануға бөлінген төлем тәртібінде әр кеме, буынға немесе әр бригадаға төленген нақты қаржыға сәйкес көлемде балық және басқа су жануарларын аулау құқығына рұқсаттама береді;
2) «Пайдаланушыға» бекітілген берілген су айдындарында және (немесе) учаскелеріне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Инспекция орын алып отырған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзімін белгілейді. Егер Пайдаланушы кемшіліктерді көрсетілген мерзімде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шаралар қолданылады.
7. Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Форс-Мажор
8. Егер шарттың қандай да болсын міндеттері еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) әсер етуімен орындалмаса немесе тиісті орындалмаса, онда ешбір тарап орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершілікте болмайды.
9. Еңсерілмейтін күш жағдайларына төтенше және осы шарттар кезінде күтілмеген жағдайлар, мысалға: әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт және о.с.) жатады.
Келтірілген тізім түбегейлі болып табылмайды.
10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары пайда болған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап осы жайлы форс-мажорлық жағдайдың басталған мерзімі және сипаты нақтыланған жазбаша хабарламаны пошта бойынша тапсыру және (немесе) жолдау арқылы тез арада басқа Тарапты хабардар етеді.
11. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада кеңес өткізеді және осы жағдайларды минимумға келтіру үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.
12. Егер осы тарауда көрсетілген жағдайлар құзырлы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен расталған болса, онда олар заңды болып танылады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
13. Осы шарт екі жақтың қолы қойылғаннан кейін заңды күшіне енеді және 20 ____ жылдың «______» дейін қолданылады.
14. Осы шарт бұзыла алады, егер:
1) рұқсат берілген уақыттың өтуі болған жағдайда;
2) «Пайдаланушының» қызметі тоқталған жағдайда;
3) «Пайдаланушымен» «Жануарлар дүниесін қорғау, есімін молайту және пайдалану туралы» Заңының талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайда;
4) жер учаскісін мемлекеттік қажеттілікке алып қойған жағдайда.
7. Қорытынды ережелер
15. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
16. Осы шартқа келтірілетін барлық өзгертулер мен толықтырулардың заңды күші болады және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, олар егер жазбаша түрде жасалып және екі жақтың өкілетті өкілімен қол қойылған болса.
17. Осы шарттан туындаған немесе осыған байланысты, келіссөз арқылы, Тараптар дауды шешуге тырысады, ал егерде тараптар келісе алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы арқылы қаралады.
18. Осы шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.
19. Осы шартта көрсетілмеген барлық сұрақтар бойынша тараптар, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасын басшылыққа алады.
8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен қолтаңбалары
«Инспекция» «Пайдаланушы
_____________________________ _____________________________
(атауы) (атауы)
_____________________________ _____________________________
(пошта, телеграфтың мекен-жайы) (пошта, телеграфтың мекен-жайы)
_____________________________ _____________________________
(банктік деректемелер) (банктік деректемелер)
_____________________________ _____________________________
(қызметі, тегі, аты, әкесінің (қызметі, тегі, аты, әкесінің
аты аты (болған кезде)) (болған кезде))
_____________________________ _____________________________
(қолы, мөр) (қолы, мөр, (бар болған
жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 318-Ө бұйрығына
2-қосымша
Үлгі нысаны
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
______________ 20_____ ж. «_____» ________
(елді мекен)
________________________ облысы әкімдігінің балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20___ «____»
________ № ____ шешіміне (қаулысына) сәйкес Ереженің негізінде әрекет
ететін, бұдан әрі «Инспекция» деп аталатын, _________________________
______________________________________________________________ атынан
(балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
басшы __________________________________________________ бір тараптан
және ________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты-жөні, мекен-жайы)
атынан ______________________________________________________________
(пайдаланушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты лауазымы)
_____________________________________________________________________
екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Инспекция шартқа қоса беріліп отырған төлқұжатта ауданы,
көлемі және басқа көрсеткіштері көрсетілген, ________________________
облысы ______________________________________________________________
ауданында орналасқан Пайдаланушыға бекітіліп берілген балық
шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық
шаруашылығын жүргізу құқығын береді.
2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе)
учаскелерінің тізімі және/немесе олардың нөмірлері __________________
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Пайдаланушы:
1) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізуге;
2) көл-тауарлы, тоғандық шаруашылықтар құру үшін бекітіліп берілген су айдындарында заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпшілік және спорттық-әуесқойлық балық аулау тәртібін, мерзімін және тәсілін белгілеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жолдамалар беруге;
4) берілген рұқсатқа сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану түрлерін жүзеге асыруға;
5) ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және бұл жағдайда алынған өнімнің меншігіне;
6) балық ресурстары мен басқа су жануарларын (бұдан әрі - балық ресурстары) пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді уақытылы енгізуге;
3) балық шаруашылығын жайластыруды жүргізуге;
4) жануарлардың тіршілік ету ортасының нашарлауына жол бермеуге;
5) балық ресурстарын халық және қоршаған орта үшін қауіпсіз, табиғи қоғамдастықтардың тұтастығын бұзуға және жануарларға қатал қарауға жол бермейтін тәсілдермен пайдалануға;
6) сервитутты:
бақылаулық аулауды жүргізу үшін - уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу аулауды жүргізу үшін - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін - жеке тұлғаларға береді;
7) уәкілетті органның келісімімен биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық және басқа су жануарларының қорын бағалауын жүргізуге;
8) аншлагтар және белгілермен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекарасын белгілеуге;
9) әр балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пункттерде, бригада немесе буындарда балық және басқа да жануарларын аулауды есепке aлу журналын жүргізіп, уәкілетті органның лауазымдық тұлғаларының талабы бойынша оны ұсынуға;
10) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану үшін жасасқан барлық шарттарды уәкілетті орган бекіткен тәртібімен және мерзімдерінде уәкілетті органда тіркеу, оларды бұзу туралы аппарат беруге;
11) уәкілетті органмен белгіленген нысандарға сәйкес балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметті уәкілетті органмен белгіленген мерзімде және тәртіппен оған ұсынуға;
12) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын қорғауын қамтамасыз етуге;
13) «Инспекция» өкілінің қатысуымен ғылыми ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес балық ресурстарының, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуге;
14) балық ресурстарын қорғау режимі туралы ақпарат беретін аншлагтарды _______ (дана), плакаттарды ______ (дана) орнатуға;
15) _______(адамнан) тұратын қорықшылық қызметін құруға;
16) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге;
17) «______» 20____ жылға дейін балық шаруашылығын жайғастыруын және оның орындалуын жүргізуді қамтамасыз етуге;
18) Ағымдағы жылғы балық шаруашылығының даму жоспары шеңберінде міндеттерді орындау туралы мәліметтерді дәлелдейтін құжаттарды қосымшаларымен есепті кезеңнен кейін әр тоқсанның 2-не инспекцияға ұсынуды қамтамасыз етуге;
19) бекітілген су айдындарында (учаскелерінде) балық шаруашылығы даму жоспарының уақытында және толық орындалуын қамтамасыз етуге;
20) егерде балық ресурстары және басқа да су жануарларына немесе олардың мекендеу ортасына өзінің қызметі салдарынан келген зиянды (залалды) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен келтірген зиянды (залалды) өтеуге;
21) балық және басқа да су жануарларының тиімді көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын және шоғырлану орындарынмен су аЙдындарының өнімділігін сақтауға міндетті.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Инспекция өз құзыретінің шегінде:
1) Пайдаланушыға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелеріне) кедергісіз келуге;
2) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
3) құзыреті шегінде ұйғарым және қаулы енгізуге құқылы.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Пайдаланушының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын орындауын және осы шарттың талаптарын сақтауын бақылауға;
2) Пайдаланушы берген өтінімдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға арналған квоталарды бөлуге және рұқсаттамаларды беруге;
3) бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) төлқұжатын «Пайдаланушыға» ресімдеуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Тараптардың жауапкершілігі
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Инспекция орын алып отырған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзімін белгілейді. Егер Пайдаланушы кемшіліктерді көрсетілген мерзімде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.
8. Егерде Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Шарттың қолдану мерзімі
9. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі және ____ жыл мерзімге жасалды.
10. Балық шаруашылығын жүргізу шартының қолданылуы:
1) балық ресурстарын пайдаланудың өз еркімен бас тартқан;
2) балық ресурстарын пайдаланудың мерзімі аяқталған;
3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жүргізілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынған;
6) балық ресурстарын арнайы пайдалануға рұқсаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.
5. Қорытынды ережелер
11. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде тараптар осы шарттың талаптарын, балық шаруашылығын жайғастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
12. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
13. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
14. Осы шарттың қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген балық шаруашылығы (кәсіпшілік балық аулау) су айдынының және (немесе) учаскесінің төлқұжаты шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
15. Осы шартқа келтірілетін барлық өзгертулер мен толықтырулардың заңды күші болады және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, олар егер жазбаша түрде жасалып және екі жақтың өкілетті өкілімен қол қойылған болса.
16. Осы шарттан туындаған немесе осыған байланысты, келіссөз арқылы, Тараптар дауды шешуге тырысады, ал егерде тараптар келісе алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы арқылы қаралады.
6. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен қолтанбалары
«Инспекция» «Пайдаланушы
______________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
(толық атауы, заңды мекен-жайы (толық атауы, заңдар мекен-жайы
жайы және деректемелері) және деректемелері)
Мөрдің орны Мөрдің орны
Балық шаруашылығын жүргізуге
арналған үлгі шартқа
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті Балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің) төлқұжаты
_______________________________________________________________
(су айдынының (учаскесінің) атауы)
1. Географиялық орналасуы
Әкімшілік облысы ____________________________________________________
Әкімшілік ауданы ____________________________________________________
Су айдынының орналасқан жер _________________________________________
(жақын маңдағы елді мекеннің атауы.
_____________________________________________________________________
су айдыны орналасқан жердің бағыты, қашықтығы шақырымда)
Учаскенің
шекаралары __________________________________________________________
(шекаралардың сипаттамасы, координаторы)
2. Физикалық сипаттамасы
Ұзындығы, шақырым ___________________________________________________
Ені, шақырым ________________________________________________________
Ауданы, га __________________________________________________________
Максималды тереңдігі, м _____________________________________________
Орташа тереңдігі, м _________________________________________________
3. Биологиялық сипаттамасы
Су айдынының: ___________________________________ су үсті өсімдігімен
(қатты, орташа, әлсіз)
_____________________________________ су асты өсімдігімен қаптап кету
деңгейі (қатты, орташа, әлсіз)
Фитопланктонның даму деңгейі (судың гүлденуі) _______________________
(қатты, орташа, әлсіз)
Су айдынының фаунасының түрлік құрамы;
ихтиофауна: _________________________________________________________
суқоректілер: _______________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары: ___________________________________________
Су айдынының кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна: _________________________________________________________
суқоректілер: _______________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары: ___________________________________________
Су айдынының балық өнімділігі, кг/га:
ихтиофауна: _________________________________________________________
суқоректілер: _______________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары: ___________________________________________
4. Шаруашылық сипаттамасы
Су айдынының және (немесе) учаскесінің ______________________________
(өнеркәсіптік кәсіпорынның лас сумен,
____________________________________________________________ ластануы
өндірістің басқа да қалдықтарымен)
Су тартқыш __________________________________________________________
(су тарту құрылғыларының түрі, қуаттылығы,
_____________________________________________________________________
ведомстволық тиістілігі)
Тартымдардың, жүзетін, тұрақтайтын, су айдынының (учаскесінің) балық
ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басқа мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы төлқұжат екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге
арналған шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Осы төлқұжатты рәсімдеген уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің
атауы _______________________________________________________________
Мөрдің орны Басшы _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
«___» ______________________ 20 ____ жылы.